Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Бір сабақ бойынша рефлесивтік есеп"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

"Бір сабақ бойынша рефлесивтік есеп"

библиотека
материалов


Бір сабақ бойынша рефлективтік есеп

Егеменді еліміздің келешек ұрпағы қазіргі заманның сұранысына лайықты ой-өрісі кең, өзіндік көзқарасы орныққан, жеке ерекшеліктерімен дараланып тұратын тұлға тәрбиелеу – бүгінгі мектептің басты міндеті болып табылады. Алаштың ардақты ұлы Ахмет Байтұрсынов «Бала білімді, тәрбиені өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі - балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт - бағдар беріп отыру», - деп жазды. Бүгінгі таңда құзырлы оқытудың маңызды факторы - оқушы тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруі, түсінуі және бағалай алуы болып табылады. Педагог қызметкерлердің қосымша білім мен дағдылар көлемін алудағы білімділік қажеттіліктерін қанағаттандыру, Қазақстандық мұғалімдерге қарқынды өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуға көмектесу. Ғылыми зерттеулер кешеніне негізделген бағдарламаны егжей-тегжейлі оқи отырып, осы бағдарламада қамтылған жеті модуль бойынша білімімді жетілдірдім және өз іс - тәжірибемде қолдана алдым. Жылдар бойы ұстаздық етіп, қолданылып келген дәстүрлі әдісіміз өзгермейтін сабақ үлгісіндей болып көрініп еді. Жеті модульді жеке - жеке саралап талдаған кезде менде мүлдем өзге пікір қалаптасты.Бағдарламаның жеті модулі мектеп тәжірибесінде табысты қолдануға ықпал ететін әдістемелік сипаттағы бірқатар жалпы ұсыныстардан тұрады:

оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;

сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;

талантты және дарынды балаларды оқыту;

оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқыту және оқу;

оқытудағы басқару және көшбасшылық»

Бұл бағдарламаның басым бөлігі оқытудың түрлі негіздерін қамтыған. Дайын білім беруге негізделген оқыту тәсілдері қазіргідей ақпараттары көп ұрпаққа тиімсіз. Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» әдіс оқушылардың өзге білімдерімен сіңісіп кете алмайды деген пікір өте дұрыс пікір. Сабақты оқушы жаттап айтады немесе түсінбей айтады да ол кішкенеден соң ұмытылып қалады. Яғни оқушы оны санасында қалдыра алмайды. Оқыту - оқушының терең түсіну қабілетін дамыту және оны өмірде қолдана алу. Әрбір мұғалім өзінің сабақтарын оқушы оңай жұмыс жасай алатындай етіп және оқушы өзінің идеясын көрсете алатындай , оның үстіне білімін дамытуға ықпал ететіндей етіп құра білу керек. Олар өз пікірлерін нақтылап, түсінбейтін сұрақтарын ортаға сала алатындай жағдайға келтіріліп құрылады. Мұғалім жекелеген оқушыларды зерттей отырып, олардың түсінігін жетілдіруге немесе оларға ой саларлықтай бағытта, тіпті кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы тәсілмен меңгеретіндей етіп жұмыс жасауына ықпал етуі керек. Бағдарлама сабақтарда пайдаланылатын жеті модульге сараланған. Бұлар оқыту барысында аралас түрде пайдаланылуға ұсынылады. Білім беру мен білім алу - педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені. Мұғалімнің ең алдымен білім берудің негізін түсіну керектігі, шығармашылық таланттарын барынша пайдалану жолдарын зерттеуі және оны анықтауы, сандық технологиялар саласындағы жоғары құзіреттілігі, ойлануға жүйелі білім беруі, ойлау қабілетінің болуы тағы басқа тетіктер арқылы оқушыларды қалай білім алуға үйрете алатыны қарастырылады. Сыныптағы оқу үдерісі олардың түсінуі, нені оқу керектігін білуі, құрылымдау туралы ұғымның қалыптасуы, оқу нәтижелілігін бағалау мүмкіндігі болып табылады. Білім алуды үйретудің қозғаушы күші «метатану» білім алуды үйрету. Сонымен бірге балалардың қалай оқитынын басты назарда ұстау керек. Олар бір-біріне сұрақ қояды, өздері сұрақ құрастырады және эксперимент жасайды, талдайды. Бұл бағдарламадағы мұғалім мен оқушы арасындағы, оқушы мен оқушы арасындағы диалогтік әңгіменің рөлі жоғары екеніне сабақ барысында көзім жетті. Бұл арқылы оқушылар пікір алмасады. Әңгімелесу арқылы олар өз шешімдерін айта алады, бәсекелестік,келіспеушілік пайда болады. Ресурстарды біріктіруге талпыныс жасайды. Топтық әңгіме барысында да, зерттеушілік әңгіме барысында да оқушылар бірін - бірі тыңдап өз жауаптарын талдайды. Сыныпта сұрақ қоюдың да маңызы зор. Бастапқыда қойылатын сұрақтармен қатар олардың жауаптарымен танысқаннан кейінгі қойылатын сұрақтардың да маңызы зор. Оқушыға жауап берерде уақыт берудің де пайдасы бар. Сонымен бірге оқушыларды мадақтау мен жазалау жүйесін өзгерту туралы да бұл бағдарлама өте жақсы мәселе көтеріп отыр. Оқушылармен білім беру мәселесі туралы пікірлесу олардың өздерін-өздері реттеуіне ықпал етеді.Ана тілі пәнінен өткізген сабағымның тақырыбы:Т.Жұртбай «Бала Мұхтар мен Абай» әңгімесі. Сабағымның мақсаты: Мұхтар Әуезовтың балалық шағымен таныстыра отырып,жазушының ұлылығын, кеменгерлігін дәріптеу. Мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру. Cабағымды бастамас бұрын сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Мен күнмін»тренингін өткіздім.Бұл тренингті алғандағы мақсатым:Күн шапағына оқушылар өздерінің бойындағы жақсы қасиеттерін өз есімдерімен байланыстырып сын есім теңеуімен жазады.Осындай психологиллық дайындықтан кейін оқушылардың көңіл-көтеріңкі болып сабаққа ынтасы артады. Тренингтен кейін мен түстер арқылы топқа бөлдім және сол түстер арқылы адам бойындағы жағымды қасиеттерінде айтып өттім. Сабақ барысында бір-біріңді, өз-өздеріңді бағалап отырасындар деп алдарына бағалау парағын бердім.

Бағалау парағы.



Өткен сабақты қорытындылау мақсатында «Қарлы кесек» әдісін пайдаландым. Мұнда әр топ өтілген тақырып бойынша бір-біріне сұрақтар жазып , қойылған сұрақ бойынша оқушылар толық жауап беру арқылы үй тапсырмасын бекіттім.Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында сөзжұмбақ шешуді тапсырдым. Бұл жұмысты оқушылар сұраққа жауап беру арқылы орындады. «Әлемді шарлау» стратегиясын пайдалана отырып ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдана отырып әңгіме авторының өмір жолымен таныстырып өттім. Оқушыларға өзім бағыт -бағдар беріп, бүгінгі тараудың тақырыбын аштық. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында түрткі сұрақтар бердім және осы әдісте оқушылардың бастапқы білімімен байланыстыра отырып берген сұрақтарым оқушылардың жаңа материалды игеруі үшін тиімді болып табылатынын білдім. Осы әдіс мұғалім мен оқушының білім игеруде бастау нүктесі болып, өзара үйлесім тапты.

Одан соң оқулықпен жұмыс жүргіздім.Мәтін мазмұнымен іштей оку және тізбектей оку арқылы танысып шықты және өз топтарында бірлесіп талқылады.Осыдан кейін «Талдау» стратегиясы бойынша әр топқа мәтін бойынша тапсырмалар берілді.

1-топ Абай бала Мұхтарды қалай бейнелегенін мәтіннен тауып оқып, әңгімеле.

2-топ Абай ауылына келген Мұхтарды не қызықтырғаны жөнінде әңгімеле.

3-топ Суретке сүйене отырып Абай мен Мұхтар арасындағы әңгімені баяндау.Топтық жұмыс кезінде оқушылардың бір-бірімен ақпарат алмасуы, пікірлесуі диалогтік әдіс арқылы жүзеге асып жатты. «Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істеді. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады, оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап айтады; болжамдар ұсынып, талқылайды» [2,40 бет] деген Мерсер(2000) мен Барнстың(1976) зерттеулері оқушылардың топпен тәжірибе жасау кезінде іске асып жатқанына көз жеткіздім. Мен оқушыларыма көңілді күлегештерді беру арқылы оларды сабаққа ынталандырып отырдым. Сергіту мақсатында «Бағдаршам» әдісін пайдаланып сергіт сәтінде ұйымдастырдым. Жасыл-қол алысу, сары –сипау, қызыл-құшақтау Сабақ барысында «Көктем» тақырыбына шағын эссе жазу шығармашылық жұмыс тапсырылды. Тапсырма барысында әр оқушы сыни ойлана отырып өз ойларын қағаз бетіне түсірді. Сабақты қорытындылау мақсатында «Серпілген сауал» әдісін пайдаландым. Оқушылар қойылған сұрақтарға жекелей де топ болып ақылдасыпта жауап берді. Топпен жұмыс жасау кезінде оқушыларымның бұрынғыдай емес тапсырманы орындауда құлшыныстары арта түскендерін байқадым.Бұл әдіс арқылы оқушылардың бүгінгі сабақты қалай түсінгендерін, меңгергендерін анықтадым.Талқылау кезінде бұрын сабаққа селқос қатысатын оқушыларымның өзі де қызығушылықпен қатысқанын байқадым. Сабағымды бағалау үшін оқушыларға стикер таратып, сабақтан алған әсерлері туралы ойларын жаздыртып кері байланыс жасадым. Сабақтын қатты ұнағанын, бүгінгі сабақты түсінгенін, әсерлі, қызықты болғанын, кейбір оқушылар маған алғысын білдіріп те жазыпты. Әрбір тапсырма аяқталғаннан кейін оқушылар бір-бірін бақылау парақшалары арқылы және қол соғу,көңілді смайликтер беру арқылы формативті бағаланып отырды. Сабақ аяқталғаннан кейін әр оқушы бағалау өлшемдеріне сүйеніп, өз-өздерін бағалады.Бірақ бұл сабақта жеткен жетістігім. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары арты сабаққа түгел қатысып отырды. Өздерінің алған білімдерін өмірмен байланыстыра алды. Бағалау өлшемдері арқылы бір-бірін, өз-өздерін бағалауға үйренді. Сонымен қатар жеті модульді өзінің сабақ беру үрдісіне енгізген әр мұғалім табысты нәтижеге жететіндігіне тәжірибе барысында куә болдым. Мұғалім түсіндірген сабақтан гөрі өзі меңгерген сабақ оқушыларға неғұрлым тиімді екендігіне көзім жетті. Әр модульді сабақ үрдісіне енгізудің пайдасы зор. Өйткені жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқушыны сыни ойлатуға жұмыстандым. Сыни ойлай білген әр шәкіртпен сұрақ-жауап негізінде әңгімелестім. Осы жобамен жұмыс істей отырып мен мынадай қорытындыға келдім:

- оқушыны сыни ойлатуда шығармашылық, уақыт, шыдам,сабыр керек.

-оқушыға ойлануға ойын ашық айтуға,еркін ойлауға мүмкіндік беру керек.

-әр түрлі идеялар мен пікірлерді тыңдай білудің маңыздылығы.

Мен осы мүмкіндікті жасағанда ғана төмендегі нәтижеге қолым жеткізетінімді білдім.

-сеніммен жұмыс істеу,

-оқуға деген ынтаның артуы:

-өз пікірін ашық айтуы;

-пікірді тыңдап құрметтеуі;

Әр уақытта нәтижелі өнім алу үшін жоспарлауды тиімді ойластыра отырып,әдіс-тәсілдерді өз орнында,оқушыны жалықтырмайтындай, қызықтыра білуге егжей-тегжейлі ойластырып, бағдарламадағы түйінді идеяларды өз тәжірибеме пайдаланамын. Сабақта жеті модульді тиімді пайдалана білсек сыни ойлай алатын, құзырлы, когнетивті (танымы)қалыптасқан, интерпритация жасай алатын тұлға қалыптастыра алатыным сөзсіз сенемін.







Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-084729

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"