Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Бір сабаққа рефлексия (Кембридж)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Физика

Бір сабаққа рефлексия (Кембридж)

библиотека
материалов

Ешпанова Замзагүл Сәттіғалиқызы Мұғалім портфолиосы В2 есебі

2 топ

Ақтөбе қаласы 3-деңгей 15.04.15

Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша рефлексивтік есеп.

Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші деңгей бағдарламасы бойынша курсқа келгендегі мақсатым – өз тәжірибемді әрі қарай жетілдіре отырып жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуда тиімді оқыту тәсілдерін пайдалануды, жаңашыл идеяларды қалыптастыра келе толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік жасау. Осы бағдарлама курсындағы бірінші бетпе-бет кезеңінде «Мұғалімге арналған нұсқаулық», таратпа материалдарының көмегімен сындарлы оқытудың орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал әдістер арасында кең тараған тәсіл екеніне көз жеткіздім. Оқыту мен оқуда бағдарламаның негізінде мұғалім қызметіндегі маңызды дүние – жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсіндім. Пажарестің оқыту стилі бойынша «Мұғалім ұстанымы» негізінде оқыту үдерісінде көзқарастарды қалыптастыра отырып, құзырлы мұғалімге тән белгілер Шульман ұсынған «мұғалімнің үш көмекшісі» деп аталатын қасиеттерді қалыптастыра отырып оқытуды жақсартуды үйрендім.

Деңгейлік бағдарламасының мақсаты – оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өз ойларын дәлелді жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни тұрғыдан ойлай алатын, іс - әрекеттерін көрсете білетін оқушы ретінде қалыптастыру. Дайын берілген білім яғни дәстүрлі оқытудан алынған білім – қалай оқу керектігін үйрені үдерісінде салыстырмалы түрде «мұзтаудың су бетіндегі бөлігіндей» ғана білім беріп қояды ал, бағдарлама бойынша оқыту арқасында оқушылар оқу жоспары пәндерінің «өзіндік ландшафттарын» зерттеуге қабілетті болады. Механикалық есте сақталған мәлімет мағынасы терең меңгерілмей, жатталғандықтан оны өмірде тиімді пайдалана алмаймыз. Сындарлы оқыту барысында оқушы пәнді терең түсініп, алған білімдерін кез келген жағдайда өмірмен байланыстыра отырып тиімді пайдалана алады.

Алесандердің «Балалар күннен-күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек» деген сөзінде естен шығармай отырып мектептегі тәжірибемді жоспарлауда ескердім.

Мектептегі тәжірибемді бастамас бұрын өз жоспарларымды бағдарлама міндеттеген құзырлы мұғалім оқушының жан дүниесін жақсы түсінуі тиіс екенін назарға ала отырып құрдым. Тізбектелген сабақтар топтамасында сындарлы оқытуға негізделіп, оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қоюға, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып – білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге бағытталды. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқара отыра, олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалім тарапынан оқушының оқуына мүмкіндік туады, оқу материалы мен және де өзгеде оқу құралдарымен қамтамасыз етіледу, ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыруға ынта білдіреді. Және де өз сабақтарымның сапасы жөнінде өз тұжырымдарымды байыттым.

Сапалы оқыту білім алуға мүмкінді беретін нақты жағдайларды жасаумен қатар, сол жағдайлардың өзімен тығыз байланыста болады. Құзырлы мұғалім оқушыларға, ортаға және ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолданылуы тиімді оқыту элементтерін «реттеп» отырады. Расында оқытудың табысты және сапалы болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің қалыптасып отырған жағдайларғабейімделе алуына тығыз байланысты. Сапалы оқыту – мұғалім бейнесімен табылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асырылады. Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады.

Сапалы оқытудың екі тәсілін және Чиксентмихайдің «өзіндік мақсат», Райан мен Декидің «ішкі уәж» деп аталатын қасиеттерін болуға жағдай жасай отырып өз тәжірибемді алдымен тізбектелген төрт сабақтың орта мерзімді жоспарын жасаудан бастадым. Жоспарда әр сабақтың оқып – үйренудегі негізгі мақсатын, оқытуда қолданылатын әдіс – тәсілдерін және барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмыстарын, бағдарламаның жеті модульдерінің кіріктірілуін, оқып – үйренудің нәтижесін, бағалауды, негізгі дереккөздерді нақты бағыттармен көрсеттім.

Әр сабағымды жеті модулді ықпалдастырып, оқушыларды ынталандыру тренингтерімен бастап сыныпта жағымды ахуал орнатып отыруды дағдыға айналдырдым. 7 сыныпта өткізген «Архимед күші» деп аталатын сабағымда «Сыни тұрғыда ойлауға үйрету»; «Талантты және дарынды балаларды оқыту»; «Оқытуда ақпараттық - коммуникативтік технологияларды пайдалану»; «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер»; «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту»; «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»; «Оқытудағы басқару және көшбасшылық» модульдерін зертеуге бағыттай отырып ықпалдастырдым.

Сонымен қатар, оқытуды жақсартудың бес факторы мен «қара жәшік» ішіндегі жұмысты пайдалана отырып оқушының өзін – өзі бағалауын дамытуды көздедім.

Тақырыпты оқытудағы мақсатым: Таным белсенділігін арттыра отырып, ынталандыру үшін іс – әрекеттерін тиімді ұйымдастыру. Архимед заңын қалай пайдаланатынын, қандай шамаларға тәуелді екенін, қалай әрекет ететінін түсіну.

Танымдық даму – баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Дәлірек айтқанда, танымдық даму – оқуға деген қабілеттік, сондай – ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты. Аталған зияткерлік қабілеттер ойлау үдерістерінің сипаты және жасына қарай олардың өзгеру ықтималдығы туралы маңызды ақпараты бар танымдық даму теориясы шеңберінде сипатталады.

Оқып үйренудің нәтижесінде: Архимед заңын қалай пайдаланатынын, қандай шамаларға тәуелді екенін, қалай әрекет ететінін біледі. Өз беттерімен формулаларды қолданып, есеп шығара алады.

Түсінуді дамытуда Авраам Маслоудың «ынтаның иерархиялық моделі» қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай жасаудан бастап, топтық жұмысты жүзеге асыруда ережелері мен жұмыс істеу принциптерін ұйымдастыру арқылы жалғастырып отырдым.

Сыныпта жұмыс жасауға қолайлы орта орнатуда ынтымақтастыру атмосферасын «Сіз білмейсіз мен...» тренингінің көмегімен қалыптастырдым. Іс-әрекет барысында әр оқушы бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіріп, кейбір ортақ нәрселерді байқады, өздерін жақсы қырынан таныта білді, қызығушылық таныта біліп, қарым-қатынастары одан әрі нығая түсті.

Әрі қарай оқыту мен оқуды жалғастыру үшін оқушыларды топтастырдым. Топтастыру стратегиясын формулалар көмегімен жүзеге асырдым. Карточкаларда екі түрлі заңдылықтың формуласы жазылып оқушылар бір-бірден таңдап алынды. Екі заңдылық бойынша оқушылар топқа біріктірілді. Топта оқушыларға топ ережесін өздері анықтауға мүмкіндік бердім. Соның нәтижесінде оқушылар: өзара сыйласым, бірін-бірі тыңдау, рөлдерді бөлісу, уақытты тиімді пайдалану, белсенділік таныту, жұмыс орнын таза ұстау, бір-біріне көмектесу, сабаққа үнемі дайындықпен келу, сабақта шуламай топ болып бір адамдай ауызбіршілікпен жұмыс атқару деп топтың ережесін бекітті және соны орындауға бір-біріне сөз берді.

Осы топқа бөлуден кейін сыни тұрғыдан ойлау модулін ескере отырып екі топтан қандай формулалар екенін сұрадым. Оқушылар Паскаль заңын білетінін және ол Паскаль заңы екенін айтты. Ал Архимед күшін кітаптан қарап отырып, Архимед заңы екенін білді. Және сонымен біз қандай заңдылықты білуіміз керек? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы сонымен не болады? Деген сұрақтар көмегімен тақырыпты анықтады және осы сабақты оқуда алдымызға қандай мақсаттарды қоямыз және нені жүзеге асырамыз дегенімде оқушылар:

-Архимед күшінің формуласын білу;

- қалай тұжырымдалатынын білу;

- қандай шамаларға тәуелді екенін;

- қалай қолдануды;

- күнделікті өмірде қолданылуын;

- формуланы пайдаланып есеп шығаруды білуіміз керек деген жауаптар алдым.

Әрі қарай сабағымды үй тапсырмасын тексерумен жалғадым. Үй тапсырмасын «Фишпул» әдісімен ал осы әдісте оқыту үшін және оқуды бағалауды түтікшенің көмегіне сүйендім. Осы жерде нұсқаулықтағы 8 тезис: қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болу керек екендігін тілге тиек еттім. Бұл әдісте қатыспаған оқушы қалмады, ортаға қойылған түтікшені бағалау ережесі бойынша үйге берілген тапсырма бойынша өз пікірін ұтымды және дұрыс жеткізген оқушы әр пікірі үшін бір түтікшеден алып отырды. Өткізілген әдістің соңында оқушыларүй тапсырмасына қалай дайындалып келгендігі қолдарындағы түтікшенің санына қарап белгілі болды. Бұл бағалау сабақ барысындағы формативті бағалаудың бір үлгісі ғана болды. Және де әр әдіс – тәсілдеріме осы секілді формативті бағалауды қолданып отырдым. Ал жиынтық бағалауды сабақ соңында жүзеге асырдым.

D:\100NIKON\101NIKON\DSCN0334.JPGD:\100NIKON\101NIKON\DSCN0361.JPG D:\100NIKON\101NIKON\DSCN0342.JPG

Сабағымда А, Б, және С үш оқушыны зерттеу жүргізуге таңдап алдым. Сабағыма А және Б оқушымды зерттеуге бұрын бағдарламаны меңгерген және жаңашылдыққа, өзгеріске қызығушылық білдірген өзге пән мұғалімдерін Жапонияның «Lesson study» әдістемесінің үрдісінде оқушыларды бақылауға шақыру арқылы өрбіттім. Топпен жұмыста «А» және «Б» деген оқушым өте жақсы белсенділік таныта отырса, «С» деген оқушым онша белсенді қатыспағанымен бұрынғы сабақтарға қарағанда ілгерілеулік болды.

Жаңа материалдың таныстырылымын «Жигсо» әдісін қолданып сабақты оқушылар өз беттерімен меңгерді. Бұл әдісті пайдалануда мүлдем күтпеген әсер алдым. Оқушылар топтық ережені қаперлерінен шығармай, бір-бірін тыңдай отырып, мәтіндермен танысып болған соң топта тақылап, содан соң жұп болып және әр топта талқылай отырып бір-біріне мәтіннің мазмұнын түсіндірді. Формативті бағалау «екі жұлдыз бір тілек» айтуда да оқушылар еш кідірместен бір – біріне ұсыныс пікірлерін айтты. Осы әдіс бойынша оқушылардың дағдыларына риза болып, сәтті шыққаны көңілімді бір тойғызып салды. Сабаққа қатысқан бақылаушыларымда бұрын –соңды өткен сабақтан балалар еш кідіріс танытпады осындай сәтті әдістен кейін балалардың да бойында көңіл қуаныштары көрініп, жүздері бал-бұл жайнап тұрды. Сабақ басталғанда бақылаушы мұғалімдерге үрке қараған оқушылар сыныпта емін – еркін сөзбен жеткізе алмайтындай атмосферада жұмыс жасады. Ең бір сәтті сәттерімнің үзіндісі іспетті жадымнан мәңгі орын алды. Оқушылар сыни ойлау тұрғысында оқытудың жаңа тәсілін меңгерумен қоса қалай оқу керектігін үйрену, өзін-өзі реттеу үдерісін сезінумен қатар бірін – бірі бағалап, жас ерекшеліктеріне байланысты оқудағы әлеуметтік – жағдаяттық тәсілді меңгере отырып сабаққа араласты.

Осы әдістен кейін оқушылардың көңілін тағы бір серпілтіп, «Эврика» тестін өткіздім. Тестті берген бойда лезде оқушылардан – «Апай, айтуға болама?» деген сұрақ естідім. Бұл тесттің мазмұны бойынша оқушы «Эврика!» деп орнынан тұрып айқаулауы керек болатын. Бүгінгі өткен тақырыбымыздың да мазмұнында Архимедтің өз жаңалығын тапқандағы сөзі әсер етті ме, оқушылар бұл тестті бірден шешімін тапты. «Болады» деген сөзді айтқанда оқушылар барлығы бірге «Эврика!» деп жауап берді. Осы көтеріңкі көңіл күймен сабағымыздың келесі әдісіне ауыстық. Бұл әдіс «Көшбасшылық ойыны» деп аталатын. Ойынның шарты бойынша оқушылар:

  • Сіз нағыз көшбасшысыз. Сіз әрқашанда дұрыс шешім қабылдай аласыз.

  • Сіз ылғида күмәнданып, бәріне де сенімсіздікпен қарайтын адамсыз.

  • Сіз қандай да бір идеяны жоққа шығаратын сыншылсыз.

  • Сіз еш келісімге келе алмайтын адамдарды татуластыра білетін бітімгерсіз.

  • Сіз қорытындылауды жақсы білетін аналитиксіз – атты сөйлемдерді пайдаланып рөлге бөлінді және тақтада берілген есеп бойынша талдай отырып есеп шығарды. Бүгінгі сабақтағы оқушылардың зейіні ерекше болды ма, әлде сабақтың жоспарлауы сәтті болдыма бұл жоспарда сәтті болып аяқталды. Бұл әдісте бір – бірімен үнемі қарама – қайшы пікір ұстанатын оқушылар үшін өте тиімді әдіс болды. Оқушылар екі жақты ойлап, сыни тұрғыдан ойлаудың мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты бақылау, талдау, қорытынды, интерпретация дағдыларды дамыттым. Сонымен қоса, «мұғалім - дамыту жұмысының көшбасшысы» түсінігін негізге ала отырып сабақтың құрылымы мен мақсатқа жетуді қадағалап отырдым.

«Төрт сөйлем» әдісі әрі қарай оқушылардың түсінік және жұмыс жасау деңгейлерін бағалау үшін орындалды. Оқушылар алдымен бір пікір яғни сабақ теориясы бойынша туындаған өз пікірлерін бір сөйлеммен келтірді. Екінші, келтірілген өзіндік пікірді бір сөйлеммен дәлелдеп шықты. Үшінші өмірмен байланыстыра отырып бір есеп құрастырып, сол есепті шешіп бір сөйлеммен ең соңында қорытынды келтірді.

Есеп құрастыруда «А» деген үздік оқушым тапсырманы өзі меңгере алды. Ал, «Б» оқушым есеп құрастыруда жолдастарының көмегімен, «С» оқушымада Выготскийдің «Жақын арада даму аймағы» арқылы қолдау көрсететін - көпіршелер арқылы орындауға мүмкіндік жасадым.

Оқыту мен оқуды жиынтық бағалау мақсатында «Интервью» парағы арқылы кері байланыс орнаттым. Оқушылар сабақ соңында парақтарды толтырып, сабақ жөніндегі өз пікірлерін қалдырып, өзін-өзі бағалау экранына сабақ соңындағы көңіл – күйлерімен сабақтан алған білім қоржындарының жемісін үш түрлі жасыл, сары, көк алмалар арқылы жеміс ағашына салып отырды.

D:\100NIKON\DSCN0450.JPG D:\100NIKON\101NIKON\DSCN0371.JPG D:\100NIKON\101NIKON\DSCN0372.JPG D:\100NIKON\101NIKON\DSCN0347.JPG

Сабағымның құрылымы бойынша сәтті өткен тұстарым: ең сәтті өткені «Жигсо» әдісі. Оқушылардың іс – әрекеті өте әсерлі болды. Оқушылар тек қана білім алып қана қоймай, білімді түзетін әдістерге қатысу арқылы оқуда балаларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген және оқуы тиімдірек, зияткерлік жетістіктері жоғары бағаланатын зерттеу болды. Тағыда сергіту сәті, тренинг, бағалаудың түрлері сәтті өтті. Сыныпта оқушылар екі жұлдыз, бір тілек айтуды өзге сабақтарда қолдану нәтижесінде сәтті өтсе, көшбасшының бағалауы анық, нақты қолжетімді болды.

Сабағымның сонымен қатар сәтсіз тұсыда болды. Ол уақыттың шектеулі болуы. Әр әдіске уақыт бөліп сол уақытты шекпен қолдану көптеген шығармашылықпен ізденіс жолындағы оқушылардың пікірін қысқартуға, және сабақ соңында оқушыларға үй тапсырмасын беруге уақыттың толық жетпей қалғаны сәтсіз болды. Бірақ оқушылар сандық технология көмегімен ұялы телефондарына интерактивті тақтадағы үй тапсырмасын суретке түсіріп алып, бір – біріне байланыс желілері көмегімен толық қамтамасыз етуін қадағаладым.

Жалпы сабақ құрылымы толық қамтылды. Жоспарымның ішінде орындалмай қалған тұстары болмады.

Болашақта нені дамытамын: келесі сабақтарымда біріншіден уақытты үнемді пайдалануды қатты қадағалаймын. Өйткені сабақ үрдісінің нәтижелі болуы үшін әр секундтың маңызы бар екеніне толық көзім жетті. Әрі қарай сабақтарымда оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерін іздене жүріп бағдарламаның жеті модулін әрі қарай зерделеймін.

Оқушы бойында сыни көзқарас қалыптастыру, сынып жұмысын жүзеге асыру кезінде қолданылатын дағдыларын жүзеге асырамын.

Талантты және дарынды балаларды оқытуда кейс-стади әдістерін терең зерттеймін. Маслоу мен Роджерс негізін қалаған оқытудың гуманистік тәсіліне ерекше назар аударып қана қоймай оқушылардың жеке жұмысын одан әрі дамытып, әр оқушының жеке мүддесін ескере отырып бағалауды оданда ізгілендіруді жолға қоямын.


Пайдаланылған әдебиеттер.


1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2012ж


2.Курс бағдарламасы бойынша мұғалімдерге арналған таратпа материалдар


3.Ғаламтор ресурстары





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 04.09.2015
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров4980
Номер материала ДA-027901
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх