Инфоурок Музыка Другие методич. материалы"Біріңғай " Жас Ұлан"балалармен жасөспіріьдер.

"Біріңғай " Жас Ұлан"балалармен жасөспіріьдер.

Скачать материал

  Әуезов кәдімгі қазақтың «Сегіз қырлы, бір сырлы» дейтін кісілікті Кісісі, Ұлы тұлғасы. Ол- ұстаз ғана емес , жазушы әрі ғалым және осы үш қырының   үшеуін де айта қалғандай айқындап, айшықтап алған, үш мамандығының  үшеуін де жете меңгерген, үшеуінде де иненің жасуындай  осалдық танытпаған , үшеуінде де алып күшті. Әуезов феноменінің ерекшелігі де осы арада жатыр ,- деп М. Әуезовтің  ізбасар шәкірті З. Қабдолов өзінің «Менің Әуезовім» роман- эссесінде айтқандай ұстаздықты жете меңгерген М. Әуезовтің мектеп оқулықтарында берілген.

5- сыныптағы  «Әдебиет »оқулығындағы «Ақын қонақтар»  тақырыбындағы «Абай» романынан үзіндісі, 6-сыныптағы «Біржан сал Абай ауылында» әңгімесі,  7- сыныптағы өз өмірі туралы «Менің өмірбаяным» автобиографиялық әңгімесі, «Көксерек» әңгімесі , 8-сыныптың «Қазақ әдебиетіндегі» «Қараш- Қараш оқиғасы», 11-сыныпта берілген өмірі мен шығармашылығы оқушы қауымына жол тартып,  білім нәрімен сусындатар өшпес мұра.   Ұстаздарға ұстаз болып, ұстаздықтың биік шыңына шыққан Мұхтар ағаның әр шығармасын бала жүрегіне жеткізуде , түсіндіріп, айта білуде қолданған қазіргі жаңа технологияның  ақпараттандыру заманындағы  әдіс –тәсілдері ерекше.  Сол әдіс –тәсілдерді қолдана отырып баланың психологиялық ерекшеліктерінің дамуына , жақсы қасиеттерге баулуға, жан- жақтылыққа тәрбиелеп, халқымыздың өшпес мол қазынасына қызыға қарауына жол салар ұстаздар екені даусыз. Ұстаздардың ерен еңбегінің арқасында талай шәкірт қияға қанат қақты, өмірге жолдама алды. Сол өмірлік  жолдарына ұстаздың берген әр сабағының да тигізер пайдасы шексіз. Соның ішінде адамның ой- өрісінің  дамуына, өзіндік ойлау қабілетінің өрістеуіне  қазақ әдебиеті пәнінің сабақ тақырыбынан бастап балаларға берер үлесі мол. Сондықтан мен өз сабақтарымды бастамас бұрын  тақырыбынан бастап назар аударып,  мәтін түйінінен бастап нені білдіретінін, оқушының ол туралы не білетінін сұраудан бастаймын.

ADVERTISEMENT

   Мен өзім сабақ беретін 5- сыныпта берілген «Ақын қонақтар» әңгімесінің тақырыбына айналған  «ақын, қонақ » деген сөздерді оқушылардан қалай  түсінетінін сұрап , содан соң әрі қарай қазақ халқын кең әлемге танытқан «Абай » романындағы  бала болса да даналармен, үлкендермен тізе қосып, олардың өнеге алар тұстарын көңіліне тоқыған бала Абайдың  мінезімен қазіргі   ақпараттандыру  заманында , жан-жақты дамыған әр нәрседен хабардар  балалармен  салыстыру мақсатында , әрі бала көкірегіне сәл де болса ой салар деген үмітпен мынадай салыстыру кестелерін жасатып жұмыс жасаттым.

                           Салыстыру кестесі

РІс

М. Әуезов көзімен

 Оқушыға сұрақ

1.

Абайдың әжесі мен Барлас, Байкөкшеден тыңдаған жыр-дастандары

 Қазіргі бала әжесі ертегі жыр айтса  не жыраулар жыр жырласа тыңдай ма?

2.

«Апа, екеуіне де жақсы қып тұрып сый  беріп аттандырыңызшы»,- деген Абай сөзі

Сендер ата-аналарыңмен Абай сияқты сөйлесіп, өз ойларыңды жеткізе аласыңдар ма?

3.

Абайдың зеректігіне  Барлас ақын тақпақтап бата беріп,  Абайға домбыра  ұсынады.

Туған күніңе әкең бата беріп, саған домбыра сыйласа қуанар ма едің?

 

 

   Осы кестеден шығатын сөз  , сайып келгенде ,қазақ әдебиетінің  қорына жазылған «Еділ-Жайық», «Құламерген» ертегілерін әжесінен  тыңдап өскен бала мен қазіргі әжесі компьютер мен қалталы телефонға айналған , кез-келген деректі кітаптан емес, ғаламтордан іздеуге  үйренген  ұрпақ өкілдерінің пікірін салыстыра алмайсың.  Сонда да болса әр мұғалімнің шеберлігімен осы жырлар оқушыға жетсе  нұр үстіне нұр болар еді.   Өнер мен өмірді астастырған , халықтың мұрасына айналған  6-сыныпта берілген «Біржан сал Абай ауылында» әңгімесінде  негізгі тақырыбы- өнерді, өнерпазды қадірлеу. Жетекші ой -өмірге, өнерге  деген махаббат.  Сол махаббатты мұғалім сұрақтары арқылы дәлелдеп,  Абайдың ән өнерін беріле сүйетінін,  әнді қадірлеп жоғары бағалайтынын  айқындай түседі. Жас өнерпаздарға Абайды үлгі етеді.    Қазіргі таңдағы  күні-түні даңғаза , шулы жеңіл- желпі билеуге арналған әуенді құлағына қыстырып алып, не айқайлата әуен қойып тыңдауды үйреніп келе жатқан жеткіншекке халқымыздың бірегей тұлғасы, Арқаға аты шыққан Біржан салды таныстырып, халық өнерінің бір парағын ашқызып,  бар ынтасымен ән мен өлең сөзді  өнерлінің өзін қосып  бір бітім біртұтас тұлғадай қиял суретімен елестететіп,көріп отырған Абайдың көзін  көз алдыңа әкеліп, төгілген ән арқылы  Сарыарқа мен Көкшені елестетесің . Біржанның шырқаған әндерінің өзінен  сол уақыттағы  мұң мен зар араласқан әуен екенін оқушыға ұғындыра отырып,  оқушыларға мынадай болжау сұрақтарын қою арқылы  олардың өнерге деген сүйіспеншілігін білуге болады. 

                                          Болжау сұрақтары:

  1. Біржан сал дәл осы сәтте ортада ән салып тұрса тыңдар ма едің?
  2.  Өзің жақсы көретін шет ел  әндерінің жинағы мен  қазақтың әндер жинағын берсе қайсысын таңдар едің?
  3. Дәл сол кездегі менменсіген Жанбота Азынабайлар есімі ел ішінде сақтала ма, әлде Біржан салдың әндері жақсы сақтала ма?

       Мұхтар Әуезовтің тағы бір төл  туындысы    7- сыныпта    берілген «Көксерек »әңгімесі. Жас Мұхтардың көксерекке сонша елжіреп, жанының бар мейірін, жылуын төгуі, іші-бауыры жабыса мейірілденіп, сүйіп жазған себебі де сол бас бір параметрлермен келетін астарлы мағынасынан еді. Өйткені, адам алдымен өзін таниды. Сөйтіп дүниеге қарайды. Сөйтіп құдайын мойындайды.»Жақсылықты өзіңе қыл, өзіңнен асса досыңа қыл»,- деген мақал осы әңгіменің мазмұнын аша түскендей.

  Адам — бөлтірік – орта.Бөлтіріктің өсуін бейнелегенде, автор натуралистік, зоологиялық өзгерістерді жіпке тізіп жатпай, мінез ерекшеліктеріне сыртқы ықпал әсерінен болған жәйттерге назар аударады. Көксеректің үлкен иттерден, қатын-қалаштан көрген жәбір жарасы ішіне шемен болып қатып, жалғыз Құрмаш қамқорлығы жүректегі мұзды жібіте алмаған. Қайта шапқан қасқырлар артынан еріп Көксеректің дөң асуы оның табиғатына шәркез қылық еместі. Адасып қалып, жырылып кетіп тепкіден бетер еріксіздік торына түскен қырдың дүлей перзентінің  бостандыққа ұмтылуы, ата-бабалары жортқан иен далаға тартуы, ұяластарын іздеуі жаратылыс заңы еді. Бірақ кәсібі бір болғанмен өзге ортада өскен Көксеректі қасқырлар оп-оңай тобына қосып алмасы түсінікті. Бұл әңгімені оқыта отырып бала  бойына адамгершілікті, аяушылық сезімді, бауырмал болуға оқушыларды тәрбиелейміз.  Осындай жұмыстармен бірге әр шығарманың құрылысына да талдау жасау,  ол шығармада кездесетін бейнелеу, кейіпкерлер келбеттері арқылы  мінездеме беру оқушыларды одан әрі қызықтырады. Шығармадағы әр кейіпкердің іс — әрекетіне қарай отырып, өз өмірлеріне керекті жақсы нәрселерді алып,  жаман қасиеттерден аулақ болуға жетелейді.

   Қорыта айтқанда, Абай қазақ халқының рухани шыңдалуын мұрат тұтса, ұлы Әуезов сол үлгілі құндылықтарды адамзат мәдениетінің асқаралы шыңдарымен жалғастырған алтын көпір болып тарихта мәңгі қалды. Олай болса, Әуезовті тану – ұлтты тану деген ұлы ұғыммен ұштасады. Ал ұлтты тану – ұлттық дамудың негізгі шарты.Ұлы тұлғаны уақыт аласарта алмайды. Келер ғасырда да кемелдене беретін кемеңгер М.Әуезов – тек сіз бен бізді ғана емес, әлі дүниеге келмеген жаңа ұрпақтардың да сарқылмас игілігі, өлшеусіз бақыты. Өйткені, М.Әуезов құдіреті оның елге деген шексіз махаббаты мен сенімінде жатыр. Осы бір ақиқатты сезіну мына біздерге, бүгінгі тәуелсіз мемлекеттің іргесін нығайтып жатқан ұрпаққа қажымас қайрат, жасымас жігер қосады.

   Бұл – ұлы Әуезов қашанда бізбен бірге деген сөз. Ұлы қаламгердің рухына көрсетер ең биік құрметіміз – елдігімізді нығайту жолындағы ерен еңбегіміз бен жігерлі күресіміз болмақшы.

      Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.    Әуезов М. “Көксерек”

 2.  «Әдебиетті тереңдетіп оқыту» Қ. Бітібаева

3. «Қазақ әдебиеті» оқулығы 5-сынып  «Атамұра» баспасы

4. «Қазақ әдебиеті» оқулығы 7-сынып « Атамұра» баспасы

5. «Қазақ әдебиеті» оқулығы 6-сынып «Атамұра» баспасы

4.    Кемелбаева А. “Әуезов және шығармасы” (Эссе)

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Біріңғай " Жас Ұлан"балалармен жасөспіріьдер."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по продажам

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 218 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.04.2016 562
    • DOCX 46 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Адебаева Эльмира Жумагалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Адебаева Эльмира Жумагалиевна
    Адебаева Эльмира Жумагалиевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16539
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания музыки в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 182 человека из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 905 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания по классу фортепиано: начальный уровень подготовки (практический курс)

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 225 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания музыкальной литературы в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 70 человек

Мини-курс

Занимательное обучение русскому языку: основы орфоэпии и тайны русской орфографии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Интегративные технологии в коррекции учебно-поведенческих нарушений

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек