Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / 2-3 біріктірілген сыныптарда қазақ тілінен сабақ жоспар.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

2-3 біріктірілген сыныптарда қазақ тілінен сабақ жоспар.

библиотека
материалов

Алтынсарин ауданы әкімшілігі білім беру бөлімінің Б-Чураков орта мектебі КММ бастауыш сынып мұғалімі Қасымова Н.Қ.

Түсінік хат

Пәні: қазақ тілі 2-3 сыныптар.

Тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер 2 сынып. Негізгі және туынды етістіктер 3 сынып. 2 сыныпта 3 оқушы, 3 сыныпта 4 оқушы бар. Оқушылар сабаққа белсене қатысады. Өз ойларын еркін жеткізе алады. Өткізілген сабақ бойынша әр кезеңде

қызығушылықтары мен белсенділіктері көрінді. Етістік туралы алған білімдерін көрсетті. Біріктірілген сыныптардағы ұйымдастырылған сабақтың құрылымы 3 бөлімнен, 3 кезеңнен тұрады. І.Кіріктірілген бөлім. Бағдарлау-мотивациялық кезең (өткенді қайталау,,сабақ мақсатымен таныстыру, байланыстыру, жағдаят туғызу)

ІІ.Сараланған бөлім Операциялық-орындаушылық кезең (проблемалық жағдаятты шешу жолдарын іздеу, оқушылар өздік жұмыстар орындау арқылы оқулықпен және қосымша материалдармен жұмыс істеу) ІІІ.Кіріктірілген бөлім. Рефлексиялық бағалау кезеңі (тапсырмалар арқылы тақырыпты бекіту, қорыту , өзін-өзі бағалау, үй тапсырмасы ) Сабақта қолданылған әдістер: сұрақ- жауап, әңгімелеу, талдау, көрнекілік, рефлексия,жинақтау. Көрнекіліктер: кестелер, бағалау парағы, таратпа материалдары, оқулық, суреттер (слайдтан),Сабақты ұйымдастыруда дамыта оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, ойын,ақпаратты-коммуникативтік (ғаламтордан көрсету) технологияларының әдіс- тәсілдері енгізілді. Сабақтың түрі: саяхат сабақ Сабақ нәтижесі бойынша 2 сынып 1оқушы «5», 2оқушы «4», 3сынып 2 оқушы «5», 1 оқушы»4», 1 оқушы «3»бағаларына бағаланды.


Сабақ жоспары:

Мақсаты: 1.Дара және күрделі етістіктер негізгі және туынды етістіктер туралы білімдерін пысықтау туралы алған білімдерін пысықтау

2. Оқушылардың ой-өрісін, қызығушылықтарын, танымдылық,шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өз бетінше жұмыс жасауға баулу.

3. Әдептілікке, шымыр болуға, денсаулқты күте білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І. Кіріктірілген бөлім

Бағдарлау-мотивациялық кезең.

1.Ұйымдастыру кезең.

Қош келдіңдер балалар!

Оқуға құмар даралар

Сабағымызды бастайық,

Маған назар салыңдар!

2.Психологиялық даярлық

Мұғалім:»Шынайы сыпайылық адамдарға тілектестікпен қараудан тұрады»Бәріміз ортаға шығып бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуы арқылы бір-бірімізге жылы лебіз тілейік.Оқушылар:

1.Еліміздің тыныштығын тілеймін

2. Күніміз жарық болсын!

3.Деніміз сау болсын!

4.Аспанымыз ашық болсын!

5.Алатын бағаларымыз тегіс бестік болсын!

6.Білімді азамат болайық.

7.Келе жатқан мерекелер құтты болсын!

Мұғалім: құрметті оқушылар! Әрқашанда жортқанда жолымыз болсын!-деп орны- мызға отырып,сабағымызды жалғастырайық.

Ата –бабамыз «мал-жан аман болсын-деп амандық сұрасып,тілек тілеп» отырады. Ерте заманнан бастап , төрт түлікті қадір тұтқан. Біз төрт түлік еліне саяхатқа шығамыз.Әр ауылдың сендерге дайындаған тапсырмалары бар.Сол тапсырманы мүдірмей орындап, алдарыңдағы бағалау парақтарына ұпай сандарын қойып отырамыз.

Слайд.Суретте нені көріп отырсыңдар? (жылқылар).

-Бұл қандай ауыл? («Қамбар ата» ауылы)

-Жылқы туралы не білесіңдер? (Жылқының пайдасы өте көп. Мінсе –көлік, жесе-тамақ,ішсе-сусын болады.т.б оқушылар өз ойларын айтады)

3. Өткенді қайталау. Слайд «Қамбар ата» ауылының 1-тапсырмасы: Қандай ұлттық спорт ойындарын білесіңдер? (Көкпар, күрес, тоғызқұмалақ, бәйге ат спорттары т.б)

Қызығушылықты ояту: «Бәйге » ойыны Ойын шарты кім сұраққа дұрыс,тез жауап берсе сол бәйгені алады.

1Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы.Мысал келтір.

2.Етістіктің сұрақтарын айт. Мысал келтір

3.Құрамына қарай қалай бөлінеді:Мысал келтір

4.Тұлғасына қарай қалай бөлінеді? Мысал келтір

5.Бір сөзден тұратын етістік түрін ата.Мысал келтір

6. Түбір сөзден жасалатын етістік қалай аталады? Мысал келтір

7. Екі немесе оданда көп етістіктен құралатын етістік түрін ата. Мысал келтір

8. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалатын етістікті ата. Мысал келтір.

Мұғалім:бағалау парағына ұпайларыңды қойыңдар.

4.Сабақтың тақырыбын ашу.»Қамбар ата» ауылының тапсырмасында қандай сұрақ -тар туралы қойылған (етістік ережесі, сұрақтары, дара, күрделі, негізгі, туынды етістіктер жайында ) Олай болса, бүгін сабағымызда осы етістіктің түрлері туралы алған білімді пысықтаймыз

2-тапсырма Жұппен жұмыс. Жұмысты орындап,көрші оқушылар бір- бірін тексеру

2 сынып Суреттегі зат атауларын олардың қимылын білдіретін сөздермен қосып айт

hello_html_m2b42fc2e.jpgботалайды hello_html_6e70e0d8.jpg ырылдайды hello_html_32fc76a9.gif волк кісінейді үредіhello_html_m46ac1669.jpg мөңірейді


3 сынып Суреттегі зат атауларын беріл-

жұрнақтарды сызықша арқылы қос және айт

  • D:\разное\өзін-өзі тану\Е.Бота\2011\Офис\NWAGE948.JPGJ010529469құлып

-ле, -та ,-те, -ла,–да, -де.

ІІ.Сараланған бөлім

Операциялық-орындаушылық кезең Слайд

Енді келесі ауылға жолға шығамыз.Суретте нені көріп отырсыңдар? (түйе). Біз қай ауылға келдік? («Ойсылқара» ауылына келдік). Түйе туралы не білесіңдер?(Түйе Қазақстанның Оңтүстігінде, Оңтүстік батыста өсіріледі.Шөл кемесі,көлік,сүтінен емдік қасиеті бар сусын- шұбат жасалады.) «Ойсылқара»ауылының тапсырмасына зер салайық

3- тапсырма.Оқулықпен жұмыс.142бет,

395 жаттығу.Мұғалім басшылығымен

1.Мәтінді түсініп оқу( 1 оқушы оқиды)

2.Талдау, мәтінді өз сөздерімен жалғастыру, етістіктерді табу

3. Кестені толтыру (өз беттерімен)

Дара етістік

Күрделі етістік

. . .

. . .


3-тапсырма Өз беттерінше. Оқулықтың 173 беті 25-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқу, ат қою,кестені толтыру

негізгі етістік

туынды етістік

. . .

. . .

Мұғалім басшылығымен тексеру.

оқушылар оқып, тапсырмаларды талдау.

4- тапсырма Өздік жұмыс

Дара етістіктерді күрделі етістікке айнал- дырып жаз.2 сөйлем құрып дәптерге

жазу.

жүгірді- . . . , құйды- . . . ,

төлдеді - . . . , көрді- . . . ,

ойнады - . . .

Мұғалім басшылығымен тексеріледі.


4-тапсырма.Оқулық 172 бет 23-жаттығу

1Туынды етістіктерді теріп жаз. ,

2.Мұғалім басшылығымен үлгі бойынша ауызша талдату. Үлгі: ақта-туынды етістік, өйткені түбірі ақ ,»Ақ» сөзі сын есім,ал оған жалғанған -та жұрнағы жал-

ғанғанда қимылды білдіріп тұр.Сондық -тан ол туынды етістік,әр оқушыға бір сөзден талдату, қалғанын өз бетінше орындату

Слайд Оқушылар суретте нені көріп отырсыңдар?(сиырды) Онда біз қай ауылға кел-

дік?-деп ойлайсыңдар (Зеңгі баба). Сиыр күнде көріп, жақсы білетін төрт түлігіміз. Сиыр туралы не білесіңдер?(Сиырдың сүтінен айран, қаймақ, май, ірімшік, құрт,т.б ұлттық тағамдар жасалады. Етін жейміз.) Енді осы «Зеңгі баба» ауылының тапсырмасын қарайық.

Сергіту сәті . Оқушыларды «Қара жорға »биін билетіп демалдырып алу..

5- тапсырма Өздік жұмыс. 2,3 сыныптарға ортақ тапсырма.Дәптермен жұмыс.

«Менің сүйікті - спортым» тақырыбында шағын шығарма жаз Етістіктерді тауып, дара (негізгі) етістікті бір сызықпен, күрделі (туынды) етістікті екі сызықпен сыз

Оқушылар жұмыстары ауызша талдау арқылы тексеріліп , ең үздік деген шығарма-

ны оқушыларға тапқызу.

ІІІ.Кіріктірілген бөлім

Рефлексиялық бағалау кезеңі

-Балалар ,саяхатымызды одан ары жалғастырамыз. Суретке қараңдар, нені көріп отырсыңдар?(қойды) Біз қай ауылға жеттік?(«Шопан ата» ауылына келіп жеттік) Қойдың қандай пайдасы бар екен? ( Қой көп тараған -ұсақ мал. Бұныңда етін, терісін, жүнін пайдаланамыз) «Шопан ата» ауылының тапсырмасын қарайық.

Тапсырма «Кел, ойнайық» ойын түрінде берілген.»Қазақстан жеңімпаздары» ойыны. Ойын шарты бойынша: берілген тапсырманы дұрыс,әрі бірінші болып орындаған сынып жеңіске жетеді. Екі сынып жарысамыз.Жеңген сынып «Қазақстан жеңімпаздары» аталады.(тапсырма екі сыныпқа да таратпа қағазбен беріліп, жауап слайдтан көрсетіледі, жеңіске жеткен сынып анықталады)

6-тапсырма

2 сынып тапсырмасы. Берілген сурет бойынша ұлттық ойын түрлерінің атын тұстарына жазу.

hello_html_65d055d2.pnghello_html_m42f44ca8.pnghello_html_26ffb831.pnghello_html_m7888d1af.png


hello_html_11b48e20.pnghello_html_mcf2939a.pnghello_html_6fdbcb8b.png

6-тапсырма

3 сынып тапсырмасы: берілген спортшылардың суретінің тұсына спорттың қай түрінен жеңіске жеткенін

жазу.

hello_html_m5f37310d.jpghello_html_m2b753a77.pnghello_html_55bc2dfc.pnghello_html_m473228fa.png


hello_html_557b9bf4.pnghello_html_m3c0da90c.pnghello_html_m42b4bd23.png


«Қысқы олимпиада» туралы екі топтан білетіндерін сұрап өту.

7- тапсырма Тест тапсырмасы, өздік жұмыс. Өзін-өзі тексереді, уақыт есептеледі. Жауап слайдтан көрсетіледі.

2 сынып

1. Етістік құрамына қарай қалай бөлінеді?

а) жалқы және жалпы

ә) жекеше және көпше

б) дара және күрделі

2. Дара етістікті тап

а) билеп жүр

ә) жүр

б) бара жатыр

3. Күрделі етістікті тап

а) келді

ә) арқанда

б) оқып отыр

5. Күрделі етістік дегеніміз не?

а) бір сөзден болған етістікті айтамыз

ә) екі немесе үш сөзден құралған етістік

3 сынып

1. Етістік тұлғасына қарай қалай бөлінеді?

а) ашық,тұйық , бітеу

ә) жекеше және көпше

б) негізгі және туынды

2. Негізгі етістікті тап

а) биле

ә) жүр

б) ақта

3. Туынды етістікті тап

а) күт

ә) арқанда

б) бар

4. Аяғың ауырса, ...

а) сусын ішіңіз

ә) бәрін білесің

б) көп жүрме

5. Негізгі етістік дегеніміз не?

а) түбір сөзден болған етістікті айтамыз

ә) түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жа-

салатын етістік

Келесі қандай ауылға барамыз деп ойлайсыңдар? («Сексек ата» ауылына) Неге ? (Өйткені, төрт түліктің соңғы түлігі ешкі малы ) -Дұрыс, ешкі туралы не білесіңдер?

( оқушылар пікірі тыңдалады) «Сексек ата» ауылынада келіп жеттік.Бұл ауылда демаламыз.Жолда тапсырмаларда мүдірмей орындадыңдар. Бәріңнің де дендерің сау болсын! Білімді болып, өсіңдер! Бүгінгі жұмыстарыңды бағалау парағы бойынша ұпайларыңды есептеп бағалайық.

«Қамбар ата» ауылы

«Ойсылқара» ауылы

«Зеңгі баба»

«Шопан ата» ауылы

«Сексек ата» ауылы

1 тап

2 тап

3 тап

4 тап

5 тап

6 тап

7 тап

ұпай сан

баға










5ұпай қатесіз жұмысқа, 4 ұпай 1 қате кеткен жұмысқа,3 ұпай 2 қате кеткен жұмысқа,2 ұпай 3 қате кеткен жұмысқа,1 ұпай 4 немесе оданда көп қатеге, 0 ұпай орындалмаған жұмысқа.«5» баға 31-35 ұпай жинаған, «4» баға 27-30 ұпай жинаған, «3»баға 18-26 ұпай жинаған оқушыға қойылады.

Үйге тапсырма: төрт түлік туралы өлең, мақал құрастыр.Етістік тақырыбын қайталау.

Пайдаланған әдебиеттер.:

1.Қазақ тілі . Әдістемелік құрал.Астана 2013

2.Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты 2013ж

3.Қазақ тілі оқулығы 2-3 сыныптар. «Атамұра» баспасы

4.Интернет желісінен (ойын және спортшылар суреттері, педагогикалық технологиялардың әдіс-тәсілдерін оқып, өз білімімді жетілдіру ) материалдар қаралды, алынды.

Автор
Дата добавления 05.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров410
Номер материала ДВ-505535
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх