Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Статьи / Бірінші Lesson Study сабағы туралы Рефлексивтік есеп
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Бірінші Lesson Study сабағы туралы Рефлексивтік есеп

библиотека
материалов

Қандыағаш қалалық №4 орта мектептің «Өрлеу» фокустық тобының жетекшісі І (ілгері) деңгей бойынша сертификатталған орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.А.Абдешованың 5 «Б» класындағы

іс-әрекетті зерттеу Бірінші Lesson Study сабағы туралы

Рефлексивтік есебі

Тақырыбы; «Особенности произношения специфических русских сочетаний букв(-ого-, его-, ци-,жи,ши, чт,чн»

Мектепте енгізіліп отырған өзгерістердің тиімділігіне көз жеткізу мақсатында Lesson Study тәсілін жүзеге асыруды жоспарладым. Lesson Study-ды жүргізу үшін мектепте жаңа кәсіби оқыту, енгізу ұнайтын бір топ мұғалімдер іріктеліп алынды. Бұл мұғалімдерді Lesson Study тәсілінің ерекшеліктерімен таныстырдым. Бұл тәсілдің тиімділігі сол мұғалімдерге: әдеттегіге қарағанда балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге: мұғалімнің пікірі бойынша балаларды оқыту барысында ие болуға тиіс, ал шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты көруге: оқыту нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп қайта жоспарлау керектігін түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар біз осы Lesson Study –де «оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытуды топтық жұмысты пайдалану» деген тақырыптағы әдістемені жетілдіруді мақсат етіп алдық. Бұл әдістемені алған мақсатымыз оқушылардың топтық жұмыстағы іс-әрекеттерін зерттеу және сол арқылы сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.

2) Lesson Study тәсілінің ережесі бойынша 5 «Б» сыныбынан бақылау жүргізуге үш оқушы іріктеп алдық. Олардың деңгейлері әртүрлі: Қалқаман Салтанат - оқу үлгерімінің деңгейі жоғары

А В С

hello_html_m16e675b0.jpghello_html_m2e7b2bdb.jpghello_html_9a46082.jpg



Махмут Бибінұр- оқу үлгерімінің деңгейі орта, Наурызов Қуанышек - оқу үлгерімінің деңгейі төмен оқушылар.Сонымен қатар біз осы Lesson Study-де Жобаның мақсаты: Математика, ағылшын тілі, орыс тілі , информатика сабағында оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту:

Зерттеу тақырыбы: «Оқу үрдісінде оқушылардың оқу- танымдық құзреттілігін қалыптастыру үшін СТО әдістерін қолдану»

Зерттеу гипотезасы:

Оқу үрдісінде СТО әдістерін қолдану сабақ мақсатына жетуге көмегін тигізеді

Зерттеу сұрағы:

«Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытуда СТО әдістерін қалай қолдануға болады?

«Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытуда топтық жұмысты қалай ппай» деген тақырыптағы әдістемені жетілдіруді мақсат етіп алдық. Бұл әдістемені алған мақсатымыз оқушылардың топтық жұмыстағы іс-әрекеттерін зерттеу және сол арқылы сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.

Бірінші Lesson Study-ды талқылау

Бірінші Lesson Study-ды талқылау барысында озат оқушы Қалқаман Салтанат, күткен үмітіміз ақталды. Оқушы сабақ материалын толық көлемде меңгеріп, өзін көшбасшы ретінде таныта білді. Орта деңгейдегі оқушы Махмут Бибінұрдың сөздік қоры аздау, бірақ тапсырмаларды толық көлемде меңгереді деп күткен едік, үмітіміз артығымен орындалды. Топтық жұмыс бұл оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығының артуына алып келді. Постер жасауда ерекше белсенділік танытты. Төмен деңгейдегі оқушы Наурызов Қуанышбек сабақ барысында аздап қысылып отырды. Осыған қарап дәстүрлі сабақтарда бұл оқушылардың назардан тыс қалып, оған жете көңіл бөлінбей келгендігі анықталды. Топпен бірлесе қимылдап, топ мүшелерінің бір-бірін жетектеп, қолдауының арқасында оқушы сабаққа өз үлесін қоса білді. Мысалы, топтардағы тестке жауап берер кезінде Қуанышбекпен бір топтағы Салтанаттың, «Сұрақтың жауабын Қуанышбек айтады» деп оқушыға қолдау білдіруі оның ынталануына ықпал етті. Жете көңіл бөлінген жағдайда оқушының сабаққа белсенді қатысуға мүмкіндігі бар екендігі анықталды.Ауызша айтылған айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойлау тапсырмаларын орындауда топпен ақылдасу тапсырманы шешуде ерекше маңызға ие болды.Бұл кезеңде Оқушылардың нәтижесін жақсарту үшін Lesson Study –де шығармашылық жұмысқа көбірек көңіл бөлу, оқушылардың өзіне айтқызу, кез-келген ситуациядан өздігінен шығу, сабақта проблемалық сұрақтарды өмірмен байланыстыра отырып қою, топтар арасында бәсекелестікті арттыратын тапсырмалар беру, тапсырмаларды сын тұрғысынан ойлауға бағыттап беру деген мәселелер ескерілсін деген пікірлер айтылды. Бұл пікірлер екінші Lesson Study-де өткізілетін сабақ жоспарына енгізілді.

3 - cын

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

А

Cабақта белсенді жұмыс істейді. Өз ойын толық жеткізе біледі. Балалармен қарым-қатынасы жақсы. Лидерлік қабілеті жоғары. Мәтінмен жұмыс істегенде, негізгісін сұрыптай алады, жаңа тақырыпты түсіндіруде белсенділік көрсетеді. Тапсырманы түгелдей дұрыс орындайды.

Басқа оқушыларға топта ойын айтуға мүмкіндік бермеді, лидерлік қабілеті жоғары.

В

Cабақта белсенділігі орташа. Басқалардың ойын қабылдайды. Бірақ өзінің білімімен бөліскісі келмейді. Өзін қызықтырған сұрақтарға жауап табуда ізденеді.


Сұрақтарға бір сөзбен ғана жауап береді. Толық жауап жоқ. Көп ойланады.

С

Сабақта өз ойын айтуға ұмтылды. Дәптердегі тапсырманы орындады.

Бірақ тапсырманы толық орындап үлгермеді. Мұғалім қойған сұраққа толық жауап бере алмады. Сабаққа белсенділігі төмен

Ұсыныс: А,В,С оқушыларын бақылаған мұғалімдер осы шығармашылық тапсырмаларды балалар аса белсенділікпен орындағанын байқады. Сондықтан осындай тапсырмаларды көбірек дайындауды ұсынды. Сабақ төмендегі сұрақтар бойынша талданды.

Сұрақтар

1

Сабақты жоспарлағанда оқушылардың қандай ерекшеліктері ескерілді?

2

Сабақтың түрі қандай? Өткен сабақпен байланысы бар ма?

3

Сабақта қандай міндеттер алға қойылды?

А) білімділік

Ә) дамытушылық

Б) тәрбиелік; бұлардың арасында байланыс болды ма? Бұл міндеттерде сыныптың, жеке оқушылардың ерекшеліктері қалай алынды?

4

Аталған міндеттерді шешуде сабақтың бұл түрі неге тиімді болды?

5

Сабақ кезеңдерінің арасында байланыс

болды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма?

6

Жаңа тақырыпты ашуда оқытудың әдіс – тәсілдерінде қандай үйлесім болды? Әдіс – тәсілдерді таңдау себептерін түсіндіру.

7

Оқушымен жеке жұмыс болды ма? Ол қалай ұйымдастырылды? Неліктен?

8

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары байқалды ма? (себебін түсіндіру)

9

Сынып бөлмесінде қандай оқу құрал - жабдықтары пайдаланылды? Неліктен?

10

Сабақ барысында оқушылардың арасындағы дұрыс психологиялық қарым – қатынас жасауына мұғалімнің тәрбиелік әсері қалай жүзеге асты.

11

Үй тапсырмасын беру

12

Қандай да бір жағдайда артық әдіс – тәсіліңіз бар ма?

13


Мұғалім көздеген мақсатына жетті ме?

Ұсыныс: А,В,С оқушыларын бақылаған мұғалімдер осы шығармашылық тапсырмаларды балалар аса белсенділікпен орындағанын байқады. Сондықтан осындай тапсырмаларды көбірек дайындауды ұсынды.

Сабақтан кейін бақылаудағы оқушыларға қоюға ұсынылатын сұрақтарға оқушылардың берген жауаптары

(1-сабақ)

Сұрақтар

А оқушы

В оқушы

С оқушы

Саған сабақта бәрінен де не ұнады?


Барлығы ұнады әсіресе бейнефильм, қызықты тапсырмалар

бейнефильм, қызықты тапсырмалар, топпен жұмыс

бейнефильм, сурет салу

Сен нені үйрендің? Бұрын істей алмағандарыңнан қазір нені істей аласың? Нені жақсырақ істей аласың? Қаншалықты жақсы? т.б.


Мен топпен жұмыс істегенді ұнатамын, жұмысты қорғау ұнайды.

Маған тақтаға шықанда сұрақтарға жауап бергенім ұнады. Мұғалім маған жарайсын деді.

Дәптерге тапсырмаларды орындадым, мәтінді оқыдым

Оқытудың қай бөлігі сен үшін барынша тиімді болды?


Тапсырмалардың барлығын орындап үлгердім

сурет салу

сурет салу, тапсырмалар орындадым, мәтінді түсіндім

Егер дәл осы сабақ басқа топта өткізілетін болса, нені өзгертер едің? Неліктен бұл бөлігін өзгертер едің?

Мен ол топта суретті өзім салатын едім, себебі, Аружан суретті жаман салды

Мен бағаны өзім қоятын едім. Мен жақсы жұмыс ісстедім. Бірақ маған топ 5 емес, 4 қойды

Мен мәтіннің мазмұнын айтып беретін едім


















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 16.09.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров1018
Номер материала ДБ-197487
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх