Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Бірінші мұғалімді қадірлеу керек

Бірінші мұғалімді қадірлеу керек



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Бірінші мұғалімді қадірлеу керек

«Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім-мектептің жүрегі». Бұл қанатты сөзді қазақ әліпбиінің негізін қалаған Ыбырай Алтынсарин айтқан екен. Заман қанша өзгерсе де, осы дана сөз өз мәнін жоймаға н деп ойлаймын. Оның айғағы бүгінгі күні ұлағатты ісімен, бай тәжірибесімен мектеп қабырғасында еңбек етіп жүрген мұғалімдер баршылық. Бүгінгі жас ұрпақ – елдің ертеңгі тізгінін ұстар иесі. Сондықтан да мектеп табалдырығын аттаған әрбір балғын жасқа сапалы білім, саналы тәрбие беруге біз мүдделіміз.

Менің бұл жолды таңдауыма себепкер болған ҚР Білім беру үздігі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі марқұм әкем – Саркен Аяпбергенұлы болатын. Әкемнің салған ұстаздық сара жолын отбасымызда осы күнге дейін жалғастырушымын. Қазіргі Есіл ауданы Бұлақ ауылында дүниеге келдім. Сегізжылдық мектепті үздік бітіріп,1983 жылы Петропавл қаласындағы педагогикалық училищеге түстім. Арнайы орта мекемеде орысша білім алдым. «Оқу шіркін, қазақша болса ғой»- деп армандайтынмын. 1987 жылы оқуды аяқтап, еңбек жолын Бұлақ ауылында бастадым. Еңбек етіп жүріп, сырттай Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің бастауыш сыныпта әдістемелік оқыту фак ультетіне түсіп, ойдағыдай тәмамдадым. Он бір жылдай Бұлақ орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек еттім. Сол кездегі оқытқан шәкірттерімнің алды еліміздің әр түкпірінде қызмет атқарып жатыр. Алғашқы түлектерім: Әнуар Тоқпанов, Сәрсен Құлмағанбетов,Зәуреш Тәттібаева, Құсни Таймуллина, Гүлсара Жазитова, Гүлнар Шұнғулшина, Айғаным Кемеңгерова сынды оқушыларымды мақтан тұтамын.Кейінгі жылдардағы шәкірттерімді тізе берсем, бұл тізім әлдеқайда ұзақ болар еді.Түлеп ұшқан шәкірттерім арасында менің жолымды қуып ұстаздық мамандықты да таңдағандары бар.
Отбасы жағдайымен Петропавл қаласына 2001 жылдары көшіп келіп, әл-Фараби мектеп-лицейінде бастауыш сыныпта еңбек еттім. 2003-2007 жылдары аралығында Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжде студенттерге педагогикадан бердім, аталмыш педагогикалық колледж жанындағы лицейде бастауыш сыныпта жұмыс істедім. Дәріс кезде студенттеріме айтатынмын: «Мұғалім болып мектепке бардың ба, алдыңдағы әр баланың жүрегіне кілт таба біл, өзіңнің жеке проблемаларыңды үйде қалтыр»-деп. Себебі, сабақты қандай көңіл-күймен берсең, алдыңдағы бүлдіршін оқушылар солай қабылдайды.Бастауыш сынып оқушысы мұғалімнің қасы мен қабағына қарайды. Осы кезде «Бала таза ақ парақ іспеттес, жазуды қалай жазасаң, ол сондай болады. Байқа, шимайлап алма»-деген сөздер еріксіз еске түседі.Тәжірибемде қаншалықты жеке басымда қиыншылық кездер болған кездесе шыдамдылықпен, ақылмен өзімді ұстауға тырысамын. 2007 жылдан бастап қазақ мектеп-гимназиясында алты жыл директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқардым, қазіргі уақытта бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеймін. 2013 жылы Кембридж оқыту жобасы аясында бірінші ілгері деңгейді тәмәмдадым. Биылғы жылы бірінші сынып алдым. Менің ұстанатын қағидам: «Оқушының бойына шынайы білім – білік дағдыларын дарытып, зерделеріне ғылым негіздерін тоқып, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету» . Жұмысымдағы проблемем: топтық жұмыстар арқылы ынтымақтастықта сөйлеу әрекетін қалыптастыру.
Топпен жұмыстың әсері болар, әр сабақта оқушылардың әрқайсысы қатысуға тырысады,оқушылар өзара достық қатынаста болады,бір-бірінен сұрай отырып білімдерін жетілдіреді,өзгелерге ойын жеткізу үшін өз шешімін дәлелдеп үйренеді,менен сұрап қалады-ау деп қорықпайды,топ болып жауап береді. оқушылардың мектепке деген көзқарасы өзгереді,уақыттары қызықты әрі тиімді өтеді.

Қалалық мектептерде мұғалімге қиындық туғызатыны баланың тілді жетік білмеуі. Сондықтан сабақ барысына оқушы түсінбей қиналады. Барынша балаға бар ықыласымды бөліп тілді үйретемін. Осы кезде менде балаға білім береміз бе, тілді үйретеміз бе? – деген сұрақ туындайды. Сондықтан тілге құрмет отбасынан бала бойына сіңірілуі керек. Балаларды ана тілінде әдемі сөйлету, олардың ой-сезімдерін анық, еркін, көркем жеткізе алуға баулу, танымдық қабілеттерін дамыту –  ұстаздың  мақсаттарының бірі. Оның барлығы, әрине, заман талабына сай, бірақ ең бастысы – адамгершілік, инабаттылық тәрбие – тәрбиенің бастамасы екендігін ұмытпағанымыз жөн.

Ұстаздық етіп келе жатқан 29 жылда ұжымның құрметіне, ата-аналардың ықыласына бөленіп келемін. Бұл еңбегімнің бағасы деп білемін.

 Мұғалімнің  жұмысы күрделі де, қызықты да. Кейде жұмыстан соң үйге келгенде, қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ, сол өткізген күнді талдай отырып, оқушыларымның маған ұмтылған үміт толы көздерін, осы бір «Балалар әлемінің» теңізіне бір бойласаң, ешқашан басқа жаққа кете алмайсың деп ойлаймын. Өйткені, бала – тап-таза. Мөлдір бұлақтың бастауын, көзін ашып, тұнығына қану үшін қаншама қиын да, қызықты еңбек пен тер төгу керек десеңіз! Ұстаз еңбегі- оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде.

«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен,тарихтағы ең ұлы істің бірі».-деп ұлы орыс педагогы К.Ушинский айтқан екен. Шынында да қиыншылығы мен қызығы қатар жүретін мұғалімдік мамандық-адамнаң ең басты балаға деген сүйіспеншілік,сабырлықты, шыдамдылықты талап етеді.

Қазақ мектеп-гимназиясы

Теңдік Құлмағанбетова

Бастауыш сынып мұғалімі




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 07.10.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров164
Номер материала ДВ-039874
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх