Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Бірінші сәбилер тобына арналған "Кел,Жаңа жыл" ертеңгілігі

Бірінші сәбилер тобына арналған "Кел,Жаңа жыл" ертеңгілігі



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

«Кел, Жаңа жыл!» ертеңгілігі


Зал іші мерекеге сай безендірілген.Ортада жасыл шырша, әдемі, әсем ойыншықтар тағылған. Балалар музыка әуенімен залға кіреді.

Тәрбиеші:

Келді, міне, сағындырып даламызға,

Келді, міне Жаңа жыл бақшамызға,

Армысың, аманбысың Жаңа жылым

Жаңа жылым, О менің Жаңа жырым

Мешін жылы келгенде сыйғып тартып

Ақтарайық, ән менен көңіл сырын.

Құрметті қонақтар,ұжымдастар, бүлдіршіндер Жаңа жыл мерекесі құтты болсын. Жаңа жыл әрбір үйге құт – береке әкелсін. Еліміз тыныш болсын. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің жүзінен күлкі кетпесін! Баршаңызға денсаулық, мол бақыт, табыс тілеймін!

Енді, «Құлыншақ» тобының «Кел, Жаңа Жыл!» ертеңгілігін тамашалаңыздар!!!

Тәрбиеші:

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:

  • Қыс мезгілі

Тәрбиеші:

  • Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?

Балалар:

  • Күн суық, аяз болады, қар жауады.

Тәрбиеші:

  • Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз?

Балалар:

  • Қар лақтыру, аққала жасаймыз, шанамен сырғанаймыз, шаңғы тебеміз.

Тәрбиеші:

  • Бүгін қандай мерекені тойлап жатырмыз?

Балалар:

  • Жаңа жыл

Тәрбиеші:

  • жарайсыңдар!

Ортада әдемі шырша, бірақ шамдары неге жанбай тұр екен?Бәріміз бірге: үф – үф – үф деп үрлейікші. Шыршаның шамдары жанбайды.(музыка әуенімен сиқыршы келеді)

Сиқыршы:

Сәлеметсіздер ме, балалар! Жаңа жылдарың құтты болсын! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қалыппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!

Қуант бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат! (шыршаның шамдары жанады)

Тәрбиеші:

Рақмет, сиқыршы. Төрлетіңіз. Балалардың өнерлерін тамашалаңыз.

Хор: «Шырша» әні

Балалар, енді тақпақтарымызды айтайық.

Әсел:

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.


Нұрәли:

Жаңа жыл, жаңа жыл

Тамаша тойымыз.

Алақай, алақай

Өседі, бойымыз.


Ақниет:

Ән салайық жаңаша

Жаңа жылым тамаша


Малика:

Шыршамыз, шыршамыз

Көңілдіміз баршамыз

Ән салуға, би билеуге

Біз дайынбыз бәріміз.


Музыка әуенімен күлдірген келеді.

Ойын: «Шар жару»

Би: «Күлдіргендер»

Тақпақ:

Кәусар:

Өлең де әзір, ән әзір,

Ойында әзір, бәрі әзір.

Кел, жаңа жылбіздерге,

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!


Сымбат:

Келді тағы Жаңа жыл

Қуантумен біздерді

Құтты болсын қуаныш

Құттықтаймыз сіздерді.


Тәрбиеші: Жарайсындар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Соны шешесіңдер ме? Балалар:

  • Иә.

Тәрбиеші:

Жұмбақ:

Ақсақалды шал жылына

Бip-ақ рет келіп кетеді

Қызы мен ұлына

Сыйлық алып келеді. /Аяз Ата/

Тәрбиеші:

Балалар, енді жаңа жылдьқ мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.

Балалар:

Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.

(аяз ата, ақшақар, аққала келеді)

Би: «Ақшақар»

Тақпақ:

Тоғжан:

Аяз ата, Аяз та

Сені күтіп жүрдік біз

Арқалатып, томпаң қағып

Келеріңе сандік біз.


Алдияр:

Бар баланың қонағы

Төрлет ата жоғары

Жұрттың бәрі атадай

Қашан қамқор болады.


Ақбаян:

Шыршаға бардық

Әсем ән салдық

Аяз атадан

Сыйлықтар алдық


Әмина:

Тамаша, тамаша

Қандай қызық қараса

Аяз ата ортада

Би билеп жүр балаша.


Нұртілеу:

Көрдік Аяз атаны,

Аппақ екен сақалы,

Аппақ екен мұртыда

Аппақ екен шапаны.


Жайна:

Қуантып елді,

Жаңа жыл келді.

Өсетін болдым,

Бір жасқа енді.


Айкөркем:

Борандатып, арқарлатып

Аяз ата келеді.

Ақ көңілмен пәк көңілмен

Бізге сәлем береді.


Ән: «Тамаша»

Ойын: «Қар лақтыру», «Аяз атаның қолғабы»

Би: «Қояндар»

Қой жылы кетеді.

Есік қағылып Жаңа жыл Мешін кіреді.


Тәрбиеші:

Келді міне Жаңа жыл аппақ болып,

Ән болып, жұмбақ болып, тақпақ болып,

Ауламыздың тұсына қонып жатыр

Аяз болып, мұз болып, қатқақ болып

Жүздерінен қуаныш нұрын төккен

Балбұл жанған беттерін аяз өпкен

Айналайын балалар қарсы алыңдар

Жаңа жылды асыға көптен күткен. 

Балалар, енді жаңа жылға арнап тақпақ айтайық.


Сезім:

Келді, міне Жаңа жыл,

Қарсы алайық бәріміз.

Күліп ойнап, би билеп,

Ән салайық бәріміз.


Ақтілек:

Жаңадан тақпақ

Аламыз жаттап

Жаңа жыл келді,

Жаңға жыл аппақ.


Әнуарбек:

Жаңа жыл, жаңа жыл

Құтты болсын, жаңа жыл.


Жоламан:

Әрқайсымыз жаңа жылмыз,

Әрқайсымыз ғасырмыз.

Өмір таңын жарқыратқан,

Бізде сендей жасылмыз.


Мыңбай:

Жаңа жыл, Жаңа жыл,

Жаңа жылда, жаңа нұр.


Тәрбиеші:

Аяз ата, біздің балалардың өнерлерін тамашаладыңыз. Енді балаларға әкелген тәтті сыйлықтарыңыз қайда?


Аяз ата:

«Балаларға арналған сыйлықтарымды қайда қойдым екен», – деп Аяз ата сыйлықтарды сиқырлы таяғымен іздей бастайды.

Музыка әуенімен сиқырқы шананы сүйреп залға кіреді.


Сиқыршы:

Уф – уф – уф шаршадым. Сыйлыққа толы шананы әрең сүйреп әкелдім.Аяз атаның сыйлығы далада қалып қойған екен.


Аяз ата:

Рақмет,сиқыршы. Мен іздеп таппай жатыр едім. Аяз ата балаларға сыйлықтарды таратып береді. Аяз ата балалармен қоштасып шығып кетеді.








57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 12.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров215
Номер материала ДВ-332014
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх