Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / «Бірінші сыныпқа арнау» мерекесі. Посвящение в 1 класс

«Бірінші сыныпқа арнау» мерекесі. Посвящение в 1 класс


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

«Бірінші сыныпқа арнау» мерекесінің жоспары



Мұғалім:

Армысыздар, ұстаздар!
Армысыздар, ата-аналар, балалар!

Даяна:
Құрметті қонақтар армысыздар,
Бәріңізге есен-аман бармысыздар?
Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Кешімізді ән-жырмен бастайық.


Мұғалім:
Аралап көркін жерлердің
Жаз бойы тынығып дем алдық.
Білімге шақырып келді күз,
Мектепке көңілді оралдық.

Құтты болсын қарағым,
Білімге қадам басқаның,
Сөмке артып арқаңа
Мектеп есігін ашқаның.

- Бүлдіршіндер, білім майданына алғаш аттаған қадамдарың құтты болсын!
Еліміздің көк байрағын аспандататын, келешекке нық қадам баса алатын білімді де саналы азаматтары бола біліңдер.
-Балалар жыл бойы алған білімдерін, білгендерін ортаға салып, өз өнерлерін көрсетпек.

(Оқушыларға сөз)
1. Мен талапты баламын
Мектепке енді барамын
Үйреткенін үйреніп
Ұстаздан көп аларым

2. Мен тәртіпті баламын
Түгел қағаз, қаламым 
Бір күн қалмай сабақтан
Кілең «бестік» аламын. 

3. Мен намысшыл баламын
Тек үлгілі боламын
Білім іздеп жалықпай
Кең дүниені шоламын

Хормен:

Биыл алты жастамыз,
Кітапты оқи бастадық.
Әріптерді танып біз
Енді жаза аламыз


«Біріншіге барамын» әні 1а


Мұғалім: 
Қаламсап алып қолыңа, 
Достасарсың әріппен 
Шуағын себер жолыңа, 
Жан серігің - әліппең – дей келе, бүгінгі мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып оқушыларына сәтті қадам, таудай талап тілейміз.

Ойын 1: Күн шуағы
-Балалар мынау қандай пішін?
-Түсі қандай?
 Осы дөңгелекті шуақты күнге айналдыруымыз керек. Күннің нұрын менің қойған сұрақтарыма жауап беру арқылы жапсырып отырамыз. Сендердің өте зерек, алғыр, тапқыр екендеріңді ата-анамызға және ұстаздарымызға көрсетейік.
1.Тік төртбұрыштың қабырғалары нешеу? 4
2.Бір аптада неше күн бар?7
3.Машинаның дөңгелектері нешеу? 4
4.Екі қоянның аяқтары нешеу?8
5.Бағдаршамда неше көз бар?3
6.Бір жылда неше ай бар? 12 ай бар
-Балалар, ненің суреті шықты? Күннің суреті.
-Жарайсыңдар балалар!
-Сонымен қоймай, ағылшын мен орыс тілінен сөйлеумен қоса, санауды да үйрендік.
Ағылшын, орыс тілінде 1-10-ға дейін санайды.

Ойын 2: «Мен және менің достарым»
«Менің достарым және мен» атты ойын ойнаймыз. Қазір мен сендерге бірнеше сұрақ қоямын, сендер қолдарыңды шапалақтап, сұрақтың жауабына орай, «Мен және менің достарым» немесе «Мен емес және менің достарым емес» деп жауап бересіңдер.

---Әрқашанда мектепке келеміз біз көңілді.
---Анау, бала! Қолын қара,
Кір қожалақ, қап-қара!
---Көліктерде үлкендерге,

Ұсынады орынды. 

---Бүгін бізге арнайы,
Ән мен жырды әкелді
---Әрқашан жақсы оқиды,
Ұқыпты да тәртіпті.


Ойын 3: Затты танисың ба?
- Ал қазір, балалар оқу құралдарын білетіндерін тексереміз.
Үстелдің үстінде әр түрлі оқу құралдары жатады. Жұмбақтың жауабы болған затты тез алу керек.

  1. Жұқа тақтай бөлшегі 

Ұзындықтың өлшемі (Сызғыш)

  1. Сандығым бар өзгеше,

Қолыма алып жүремін.
Ішін ашып, ақтарып
Өмір сырын білемін (Кітап)

  1. Басын қырқамын,

Тілін жарамын.
Су беремін
Сонан соң өзі сөйлейді (Қылқалам)

  1. Ұшымен қазық

Тор көздi жазық.

Үстiне өттiм,

Асыл сөз жазып.   (Дәптер)

  1. Оқушыға күнде ерiп,

Жүретiн не?   (Күнделiк)


Мұғалім: 

Шығыңдар білім шыңына,
Батамыз осы сендерге
Болыңдар үздік тағыда,
Оқуда да еңбекте

Ал қазір балалар бірінші сынып оқушысының антын береді.

1.
Денсаулықты сақтауға

Мектептен де қалмауға
Ант етеміз! 

  1. Оқуды көп ойлауға

Қызығына тоймауға
Әріптерді үйреніп
Сауат ашып, ойлауды

Ант етеміз!

  1. Кітаптарды бағалауға

Әділ баға алуға
Кішілерге көмек беріп
Үлкендерді сыйлауға

Ант етеміз!

  1. Мектепте тәртіп сақтауға

Ұстаздарды тыңдауға
Ант етеміз!


Мұғалім: 
Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген, 
Шәкіттерін сүйген таза көңілден. 
Тағлым беріп жас ұрпаққа қашанда, 
Өз соқпағын тапқан мынау өмірден- дей келе құттықтау сөзін мектеп директорына беріледі. 

(Құттықтаудан кейін)


Зарина:

Талай-талай баспалдақты аттармыз
Ата-ананың үмітін де ақтармыз
Даяна:

Ұстазымыз - сізден алған ақылды
Есімізде өмір бақи сақтаймыз.


Диас:

Жақсылыққа құштармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс.


Мұғалім:

Бір ата, бір ананың тірегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
Бірлік барда, тірлік бар деген бабам
Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз!-дей отырып құттықтау сөз ата-аналарға беріледі.

«Мектебім» әні


Мұғалім: 

Күтіп тұр алда сан қызық
Асулар асқар, неше сын
Кеудеңе үміт жанғызып
Азамат болып өсесің
Үміттің отын жандырған
Қызырдан болсын қолдаушың
Хош келіпсің, балдырған
Қадамыңа нұр жаусын!
Ұшталған үміт арманнан
Таудай болсын талабың.



(Оқушылар сыныптан шығады)


Автор
Дата добавления 05.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров215
Номер материала ДВ-231872
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх