Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБірінші сыныпқа әдістемелік құрал

Бірінші сыныпқа әдістемелік құрал

Скачать материал

 

 

Бірінші сыныпқа

қазақ тілін үйрету

(Әдістемелік құрал)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  Дайындаған: Ақтау қаласындағы

№16 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі

Бекибаева Райхан

 

 

 

Бірінші сыныпқа қазақ тілін үйрету

 

Әрбір жеті жасқа шыққан бала мектеп есігін қуанышпен ашады. Оны мұғалім жылы жүзбен қарсы алып, партаға отырғызады. Таныс емес сырға толы ғылым дүниесінің кілтін қолына ұстатады. Ол кілт – «Әліппе» Оны оқымай өскен адам жоқ. Мейлі ол дәрігер, мұғалім, инженер, құрылысшы, тіпті көкті кезген космонавт – бәрі әліппеден әріп үйренген соң,үлкен өмірге құлаш сермеген. Міне, сол «Әліппе» әркімді-ақ ғылым бағына шығарып салған. Сөйтіп, әр баланың еңбек жолы - әріп үйренуден басталады. Сондықтан әліппені дұрыс жазу дағдыларын кезінде ойдағыдай дұрыс дамыту қажет. Бірінші күнді әр бала асыға күтеді. Мектеп есігін тұңғыш ашқан жеті жасар баланың оқуға құмарлануы көбіне бірінші күнгі мектептен алған әсеріне байланысты. Сондықтан бірінші күнгі сабаққа әрбір мұғалім мұқият әзірлену қажет.

Мектепке барып тек сөйлеу емес,жазуды да үйрену – бала өміріндегі ең ерекше кезеңнің бірі. Мектепке дейін бала сөйлеуді тек қарым-қатынас ретінде қолданса, енді сөйлеу осыған қоса білім алатын негізгі құрал ретінде қолданылады. Мектеп қабырғасында енді бала тілі мұғалімнің тікелей басшылығымен жоспарлы дами бастайды. Оқып және жазып, үйрену балаға оңайға түспейді.

 Мектеп табалдырығын алғаш аттап, тұрған жас сәбидің жан-жақты сапалы білім,сапалы тәрбие алуының баспалдағы сауат ашу кезеңінде қалыптасады. Оқушыларды ана тілінде сауаттандырып шығару - әрі қиын, әрі жауапты міндеттің бірі. Дұрыс жазуға үйрету жұмысы оқуға үйретумен қатар жүргізіледі. Оқушының неғұрлым сөздік қоры көп болып,ойлау қабілеті жақсы жетілсе, білімді терең де тез меңгереді. Тіл дамыту жұмысы ауызша, жазбаша екі бағытта жүргізіледі. Өйткені мұғалім оқушылардың материалды дұрыс түсініп, мазмұнын анық, әрі көркем баяндап,сөйлемді дұрыс құрып, ойын жақсы өткізуін талап етеді.

Оқушыларды мауатты жазуға тәрбиелеу мақсатында мазмұндама мен шығарма жазғызып үйретуде бастауыш мектептің орны ерекше. Жоспар бойынша мазмұндама мен шығарма, шағын мақала жаздыру мұғалімнің көмегімен сыныпта жүргізіледі. 1-сыныпта оқушылардың тілін жетілдіру үшін әліппе дәуірінің алғашқы кезеңдерінде-ақ ауызша мазмұндамасын үйрете бастаймыз. Суреттерге байланысты сөйлемдер құрастырады. Осылайша ауызша тиянақты жаттықтырылғаннан кейін,бірнеше сөйлем дәптерге сұрақ-жауап түрінде жазылады. Оқушыларды сауатты, қатесіз жазуға үйрету үшін, олардың тіл байлығын дамыту қажет.

Тіл байлығын дамытуда сурет бойынша әңгіме маңызды орын алады. Сурет бойынша әңгімелер бірінші сыныпта дайындық кезеңінде көбірек қолданылуы қажет. Мұның оқушылардың тіл байлығын дамытуға үлкен әсері болады. Көрнекі құралдарды пайдалана отырып, мен төмендегідей әңгімелер өткіздім.

Тақтаға алмалар суреті салынған плакатты іліп, сол сурет бойынша әңгімелер өткіздім.

-                     Мынау нелердің суреті?

-               Бұлар – алмалар

-               Алмалардың түсі қандай?

-               Түсі қызыл

-               Алма қайда өседі?

-               Алма бақта өседі.

-               Қай уақытта піседі?

-               Алма күзде піседі.

-               Сендердің үйлеріңнің қасында алма ағашы бар ма?

-               Бар

-               Жоқ

Осылайша алма туралы әңгімелер өткізіп, сөйлемдер құраттым. Тақтаға №7 сурет ілініп,сол сурет бойынша сөйлемдер құратамын.

-                Бұлар кімдер?

-                Бұлар оқушылар

-                Оқушы екенін қайдан білдіңдер?

-                Қолдарында сумкалары бар,мойындарында галстугы бар.

-                Оқушылар қайда бара жатыр?

-                Оқушылар мектепке бара жатыр.

-                Оқушылар нешеу?

-                Оқушылар төртеу

№2 суретті тақтаға іліп, сол суретке байланысты оқушылардың табиғатқа байланысты көз қарастарын байқаймын.

-                Мынау кім?

-                Бұл бала

-                Бұл балаға ат қоюға болама?

-                Болады. Есбол,Талғат,Досай т.б.

-                Есбол не жасап отыр?

-                Ұя жасап отыр

-                Не затқа ұя жасап отыр?

-                Торғайға,қардығашқа

-                Торғайлардың пайдасы бар ма?

-                Торғайлар егіннің жауы: құрттарды жейді, құртады.

-                Есбол ұяны неден жасады?

-                Есбол ұяны ағаштан жасады.

-                Есболдың ұя жасап, құстарға қамқорлық жасауы дұрыс па екен?

-                Дұрыс

-                Сендер құстарды ұрып,өлтіріп жүрген балаларды көрдіңдер ме?

-                Көрдік

-                Ол балалардың құсты өлтіруі дұрыс па ?

-                Дұрыс емес

-                Олай болса балалар,құс адамның досы екенін естен шығармай, құстарға ұя жасап, алдына су қойып, жем шашып,оларға қамқорлық жасауымыз керек деп табиғатты қорғауға баулаймыз. №8 суретті тақтаға іліп, сол сурет бойынша әңгіме өткіземін. Бұл суретті пайдаланғандағы мақсат баланы жасынан еңбекке баулу.

-                Бұл суреттен кімдерді көріп тұрмыз?

-                Мамасы және қызы.

-                Олар не істеп отыр?

-                Тамақтанған соң ыдыстарын жуып отыр.

-                Қызының мамасына көмектесіп отырғанын дұрыс деп ойлайсыңдар ма?

-                Дұрыс

-                Ал сендер мамаларыңа көмектесесіңдер ме?

-                Көмектесеміз

№11 суретті тақтаға іліп,сол сурет бойынша әңгіме,құрастыру арқылы оқушылардың жыл мезгілдерін қалай ажырататындарын байқау.

-                Бұл қай мезгіл?

-                Қыс мезгілі

-                Қыс екенін қайдан білдіңдер?

-                Балалар қыс киімдерін киген

-                Олар шанамен сырғанап жүр.

-                Шанамен жазда сырғанауға бола ма?

-                Жоқ, жазда қар болмайды, мұз болмайды,сондықтан жазда шанамен ойнамаймыз.

Осылайша бірнеше суреттерді көрсете отырып, сол суреттерге байланысты сұрақ-жауап арқылы пікір алысқан соң №6,4 суреттерден бұрын бірнеше суреттер бойынша сөйлемдер құрастырып,сұраққа жауап беріп жаттықты.

Сауат ашу кезінде оқуға үйретуді жазуға үйретуден бөліп алуға болмайды.   Сондықтан әліппе кезінде оқуға үйрету мен жазуға үйрету бір әдіспен, бір материалдарға негізделіп жүргізіледі. Сауат ашу кезеңіндегі жазуға үйретудің екі жағы бар.

1.     Әріпті дұрыс салып таза, әдемі, анық жазуға үйрету. Істің бұл жағы жазудың гигиеналық талаптарын мүлтіксіз орындауды және керекті дағды беруді керек етеді.

2.     Сауатты және ойын жеткізіп дұрыс жазуға үйрету.Бұл жүйелі түнде жургізілген жаттығу жұмыстарына байланысты болады.

Жазуға қойылатын гигиеналық талаптары:

Ең алдымен баланың жазу жазатын орны (парта,үстел) оның бойына шақ болуы шарт. Партаға отырғанда оқушы еңкеймей, қисаймай, түзу отырсын. Аяқтары партаның кедергісінде түзу жатсын. Екі шынтағы партаның бетінде еркін жатып, кеудесі партаның шетінен екі саусақтың жалпақтығындай қашықтықта болсын. Ал баланың көзі мен дәптер бетінің қашықтығы 30-35 см  шамасындай болуы керек

Жаттығу жұмыстары:

Сауат ашудың алғашқы сабақтарында екі әріптен құралған сөзді,екі-үш сөзден құралған сөйлемді көшіріп жаздыру жеткілікті. Бұл кездегі оқушылардың көшіріп жазатын сөздері мен сөйлемдерді өтілген әріптерге қарай іріктеледі.

Әріп тастамай, сөз ішіндегі дыбыс пен әріп санын саналы түрде меңгеріп жазғызу мақсатымен көшіріп жазған сөздерінің ішінде неше дыбыс, неше әріп бар екенін немесе неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар екенін айтқыза отырып жаздырғанның пайдасы зор. Мұндай жаттығу түрлері оқушылардың білетін әріптері мен буындарының саны өскен сайын күрделене түседі.

Оқушыларға тор сызықтары бар үлестірме карточкалар тартып беріп, әріп саны тор сызықтардың санына тура келетін сөз ойлатып, оны карточкаларға толтыру да тиімді әдістің бірі. Жаттығудың бұл түрі оқушыларды әрбір сөзді іштей дыбысқа талдап алып, әріп тастамай ұқыптылықпен қағазға түсіруге төселдіреді. Карточкалар тексеріліп болған соң, ондағы сөздерді дәптерлеріне көшруге болады. Сабақта жазуға үйрету мақсатымен әріп, буын, сөз лотосын пайдаланған тиімді..Бұл әдіс, жазып үйренуге тиісті сөздеріді суретпен берілгендіктен, оқушылардың зейінін аударып қызықтыруға  түседі. Қызығып отырған жұмысқа оқушылар  шаршамайды, әрі лотодағы сурет аттарын кеспе әріптер мен кеспе буындардан құрастыра отырып, әр сөздің ріп саны мен буын санын меңгеріп қатесіз жазуға төселеді.

Әліппе кезеңінде оқушыларды естіп жазуға төселдірудің де ерекше маңызы бар. Егер оқушыларды біркелкі көшіріп жазу түрлеріне ғана дағдыландырып, Естіп жазуға үйретпесек, олардың дыбыстарды есту қабілетін дамыта алмаймыз. Жұмыстың бұл түрі жеңілден басталып әліппенің кезеңдеріне байланысты күрделеніп отырады. Алғашқы сабақтарда дыбыс саны көптеу сөздерді естіп  жазуға төслдіруге болады. Мұның өзі бірте – бірте сөз, сөйлем, диктант жаздыруға ауысады.

Әліппе кезеңіндегі жазу жұмыстарының түрлері сан алуан.Әліппе кезеңіндегі жазу жұмыстарын жүргізгендегі негізгі мақсат оқушыларды әліппенің әр  кезеңінде  әріп ауыстырмай, әріп тастамай дұрыс жаза білуге дағдыландыру.Жазуға берілетін сөздер мағынасы түсінікті, әріп саны аз, құрамындағы әріптердің барлығыда бұрыннан оқушыларға таныс болу керек. Әліппе кезеңіндегі жүргізілетін жазу жұмыстарының кейбір түрлері мыналар:

1.     Әріптік диктант. Күнбе – күн өтілген әріптерді ұмытпас үшін жүргізіледі.Өтілген әріптерді мұғалім айтып отырады, оқушылар жазады. Мысалы: Аа, Шш, Сс, Лл. т.б.

2.     Сурет астына сол суреттің атын жазу. Мысалы: Алма, аю, түлкі суреттері.

3.     Қалдырылып кеткен буындарды толықтыру арқылы суреттің атын жазу. Мысалы: Балға, күрек, кітап суреттері. Бұл сөзддердегі дауысты, дауыссыз дыбыс тарды ажыраттыру.

4.     Берілген  буындардан сөз құрап жазу.  (ма,ша,ал,на,ра,та).

5.     Жеңіл сөздерден сөйлем  құрап  жазу. (алма, сара, ал)

6.     Сөзді буынға бөліп арасына сазықша қойып  жазу. (Балапан)

7.     Берілген сөздерді буын санына  қарай іріктеп жазу (ала, су,дала,аш, қалада).

Оқушыларды әбден дағдыландырын, өздігінен жұмыс істеуге қалыптасқаннан кейін, бірден дәптерлеріне жаздыруға  болады. Міне осындай жұмыстарды  толық  жүргізсек, оқушылар әліппе алған да  әрі  оқуға, әрі сауатты жазуға үйренеді.

         Дыбыс тану әліппе оқуда, ал әріп  жазу сабағында  меңгертіледі. Әуелі әрбір  әріптердің элементтердің бөлек-бөлек жазып көрсетілуі қажет. Оқушылардан бұл элементтерді дұрыс, әдемі, сұлу, таза, қатесіз жазу талап етіледі. Екі дыбысты танығанан кейін-ақ оқушылар буын , сөз құрауды үйрене бастайды. Бұның бәрі әліппенің бірінші сатысында болады. Әліппенің бірінші сатысында жазу сабақтары төмендегідей жұмыстарды қамтиды.

1.                                         Жазуға кіріспес бұрын шәкірттерді дұрыс отырғызып, дәптерлерін қойғызып қаламды талапқа сай ұстатып жазуға  әзірлейді.

2.                                         Оқу сабағында жүргізілген әдіспен белгілі бір сөзді алып,одан тұңғыш жазғалы отырған әріптің дыбысын оқушыларға бөлдіру.

3.                                         Жазбаша тұрін тақтаға жазып көрсетеді. Оқушыларға ішінде сол әріптің дыбысы  бар сөздерді ойлатқызып, тапқызып, дауыстатып айтқызу.

4.                                         Әріптің элементтерін түсіндіріп, олардың әрқайсысын жеке-жеке жаздыру.

5.                                         Осыдан кейін әріптің элементтерін қостырып, тұтас әріп күйінде келтіріп жаздыру.

6.                                         Жаңа әріпті сөз ішінен таптыру. Оқушыларға дәптерлеріне жазған сөздерін  буынға бөлгізіп оқыту.

 

         Әліппенің екінші кезеңінде оқушыларға жазу жұмыстары бұған қарағанда  едәуір күрделенілді. Өтілген әріптерден құралған  сөйлемдерді, сөйлемнің бастапқы сөзін, кісі атын бас әріппен жаздыру сияқты бірсыпыра бас әріптердің жазылуын меңгереді. №13 суретті тақтаға  іліп, сол сурет бойынша оқушыларға сөйлемдер ойлатып балаларға ат қойдырсақ , олар төмендегідей сөйлемдер ойлар еді.

Қар қалың жауды. Асқар мен Айжан қардан кісі жасады. Осы ойлаған  сөйлемдерден дәптерлеріне жаздыратын болсақ,сөйлемнің бірінші сөзінің және сөйлемде кездесетін кісі аттарын бас әріппен бастап жазары сөзсіз. Сөйлем аяқталған соң, нүкте қою керек екенін практикалық жағынан біліп  сөйлем соңынан  нүкте қойып көшірудағдысымен шұғылданады. Бұл кездегі жазу сабақтарында шәкірттер күрделі тапсырмаларды орындауға көшеді. Осы кезде оқушылар жекелеген сөздермен бірге 3-4 сөзден құралған шағын сөйлемдерді  де жазып үйренеді. Сөйлемдерді дәптерлеріне жазар алдында ауызша талдап, жазуға жаттықтырылады. Сөйлем тақтаға барлық талаптарға сай әдемі етіліп жазылып, тақтадан оқылып сөйлем  сөзгк, сөз суынға , буын дыбысқа ажыратылып талданады. Тақтадан дәптерге көшіру үстінде, мұғалім шәкірттерінің назарын кейбір әріптедің жазылуының қиындығына, дұрыс таңбалану керектігіне аударады.  Мұғалім  әр сөйлемді тақтаға  жазғанда  сөйлемнің  бас әріппен басталып, сөйлем  соңында  нүкте қойылатынын естіріне салады. Бұл жазылған сөйлемдерді жеке оқушыға оқытуға болады немесе хормен оқытуға да болады, оқып болған соң әр оқушы өзінің жағанын тақтадан немесе жазу үлгісіне қарап салыстырады. Мұғалім бұл кезде парта аралап, оқушылардың емлелік, каллиграфиялық жіберген қателерін байқап түзетілуіне көмектеседі. Жазу жұмыстарының түрлері бірте-бірте кеңейтіледі. Әліппенің екінші кезеңіндегі жүргізілетін жазу жұмыстарының негізінде шәкірттер практикаылқ жағынан жазудың біраз ережелерін меңгереді. Олар: әрбір сөзді  жеке-жеке өз алдына бөлек жазу керек екендігі сөзден әріп қалдырып кетпей тұтас дұрыс жазу: жеңіл  ма-ма, ке-се, ша-ра, са-ры сияқты сөздерді  буын жігімен тасымалдап жазу: сөйлемнің соңынан нүкте қою: кісі аттары мен әріппен жазу.

         Жазу сабағында  оқу сабағында пайдалынылған  талдау-жинақтау әдістері қолданылады. Бұл әдіс былай жүргізіледі.  Оқушылар сөздер мен сөйлемдерді  естілінуінше жазады. Ол үшін әуелі жазылатын сөзге фонетикалық талдау жасап, сол сөз ішіндегі дыбыстарды, оның орналасу тәртібі түсіндіріледі. Жазылатын сөздер талқыланып, оны буын жігімен айтып көшіріліп кейін тексіріледі. Балаларға таныс, өтілген әріптерден тұратын заттардың суреті салынып, оның астына әріптері не буындары қалдырылып кеткен сөздері  толықтырып жазады.  Осындай сөйлем түрлеріне байланысты балалар бірсыпыра  әріптердің бас әрпінің жазылуын үйренеді. Бас әріптері кіші әріптеріне ұқсастарды  (м,  о,  ө,  с,  ж,  л,  и)  ұқсас келмейтіндермен қатар  (н,  і,  қ,  п,  т,  ы)  жазып үйренеді.

         Сөйтіп, жазу  сабағында оқушылар әрбір дыбыстардың таңбалануын ғана біліп қоймай, ол дыбыстан сөз, сөзден сөйлем құрап, сауаттылыққа , дұрыс жаза білуге жатттығады. Әрбір дыбыс пен әріпті өтуге орта  есеппен екі күннен келеді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде оқушылар әліппенің екінші кезеңінде өтілген  әріптерді , ол әріптер келген сөздерді дұрыс  жаза білуге үйренеді.

әліппенің үшінші сатысының соңғы кезінде әріптердің  барлығын  өтіп болады. Сондықтан олардың көпшілігін енгізе пысықтаған қолайлы. Ол үшін  көбіне тұтас сөйлемдер алынады. , бас әріптердің  де болуы көзделеді. Сөйтіп оқушылар  жазуға ауырға қарай  бірте-бірте үйренеді. әліппе кезеңдерінде оқушыларға түсіндірмелі жазу да қолданылады. Бұл оқушыларды қатесіз, әріп қалдырмай , буындап жатқа жазуға жаттықырады. Төменде бұған мысал келтірелік. Жазу сабағының тақырыбы:  М  әрпінің жазба түрін таныстыру және сөз , сөйлемдер жазу.

Сабақтың мақсаты:       М әрпін жазып үйрену

Сабақтың көрнекілігі: 

Машина, алма, моншақ, мысық, мата суреттері. Қазақ                                алфавиті. М әрпінің қолдан жазылған  баспа , жазба түрі.         

                                 Кеспе буындар  (ма,мо,му)

Сабақтың тәрбиелік мәні: Оқушыларды күзгі табиғат көріністерімен таныстырып, бақта пісетін жемістерді түсіндіру. Алма, алмұрт туралы   әңгімелеу.

Сабақтың  барысы:  Ұйымдастыру.

Оқушылардың  дәптерлері үлестірмелік  жақсы, нашар жазғандары айтылады.  Оқушыларды жазу  сабағына  дайындау. Мұғалім шәкірттерін  дәптер, қалам көрсеткіш дайындауға  қосады. Оқушылар өткен сабақта қандай әріппен таныстық?

-         М дыбысы мен әрпін оқып үйрендік.

-         Дұрыс , қазір сол  М әрпін жазып үйреніміз.,

-         Кеспе әріптерден кім  М әрпінің баспа түрін көрсетеді деп, бір оқушыға 

 М әрпін көрсеттіремін. Басқа оқушылар тақтаға шыққан  оқушының  М әрпін дұрыс тапқанын тексеріп отырады. Тақтаға  М әрпін  баспа және  жазба  түрі жазылған корточканы ілемін. Баспа түрі қызылмен жазылған, жазба түрі қарамен жазылған.

-  Оқушылар мынау қызылмен жазылған қандай әріп?

М әрпінің баспа  түрі деп жауап береді.

- Ал қарамен жазылған ше?

-  Ол  М әрпінің жазба  түрі деп жауап береді.

- Оқушылар , енді менің жазған әрпіме мұқият қарап отырыңдар деп М әрпінің жазылуын  тақтаға жазып көрсетіп  қалай жазу керек  екендігін  түсіндіремін.

- Оқушылар  М әрпі  неше бөліктен тұрады?

М әрпі  төрт бөліктен тұрады. М әрпін жазу  үшін  қаламды дәптерден айырмай, үзбей жазып шығуға болатындығын  ескерте отырып тағы бір рет  бормен  тақтаға  жазып көрсетемін. Енді дәптерге жазуға  дайындық  жасаңдар:  дұрыс отырыңдар, еңкеймеңдер, кеуделерің партаға тимесін. Дәптерге

  аса жақын үңілмеңдер. Қаламды  ұстағанда оның  жоғары  ұшы оң жақ иыққа тура қарайды деп жазу ережесін естеріне салған жөн.   М   әрпін екі рет ауада, екі рет дәптерлеріңе тигізбей үлгіде көрсетілген әріптің үстімен жазып  қолдарыңды жаттықтырыңдар деп тапсырма беріледі. Оқушылар қолдарын жаттықтырып болған соң тақтадағы және өздерінің дәптерлеріндегі үлгіге сүйене отырып , М   әрпін дәптерлеріне жазады. Мұғалім шәкірттерінің жазғанын байқап,  дұрыс бағыт сілтеп жүреді. Балалар өздерінің жазған әрпін  тақтадағы  мұғалімнің үлгісімен салыстыруы керек. Қаламдарын орындарына қойып жазғандарын тексереді. Мұғалім парта аралап оқушылардың жазғандарын тексеріп шығып тақтаға бір жолға М    әрпінің үлкенін, екінші жолға   М    әрпінің кішісін жазып, жазылуын тағы да түсіндірген жөн. Оқушыларға бір-бір жолдан дәптерлеріне жазу тапсырылады. Жазар алдында отырыстарыңызды, дәптерлеріңнің дұрыс жатқанын, қалам ұстауларыңды тексеріңдер деп ескерту жасап дене шынықтыру минутын өткізу керек.

 

 

 

Оқушылар мұғаліммен бірге  хормен:

-         Бір ,екі,үш,

Дем алайық жинап күш.

Қолға қалам алайық

         Көркем етіп  жазайық – деп, айтып болған соң қаламдарын алып жаза бастайды. Жаза  алмай отырғандарға көмектеседі, дұрыс әдемі жазғандарды мадақтайды. Мұғалім оқушыларының назарын тақтаға  ілінген  №8 суретке аударып кім деуге болатынын сұрайды. Бұл суретке мамасы мен қызы, анасы мен  қызы, анасы мен қызы деп әр оқушы әр түрлі өздерінің ойларын айтады. Мұғалім оқушылардың  жауаптарынан  мама, ана сөздерін іріктеп алып, оған талдау жасатады.  Мамасөзін буынға бөлу (ма-ма) буындағы дыбыстарды  атату (м,а)  анасөзін  буынға бөлу  (а-на)  алма сөзін буынға бөлу (ал-ма). Мұғалім тақтаға  ал, на, ма  буындарын жазады. Тақтаға жазылған буындарды жеке оқушыларға оқытып, содан соң   дәптерлеріне жазу тапсырылады. Мұғалім жаза алмай отқандарға көмектеседі. Барлығы  жазып болған соң  қалай жазғандарын тексеріп  шығады. Мұғалім тақтаға  апа сөзін жазады. Буын мен буынның, әріп пен әріптің қалай жалғасатынын айтып оқушыларының  назарын тақтаға аударады. Бірінші 

абуынын  екінші на буынымен  жалғастыру  үшін  а әріпінен сызықша тартып, оны н әріпінің басындағы таяқшаға қосамыз. Мұғалімнің тапсыруы  бойынша оқушылар ана сөзін дәптерлеріне жазады.

Мұғалім:

-         Біз бұл сабақта  (ма,на,ал) буындарын  М    әрпін, алма,мама,апа , ана  сөздерін жазып үйрендік, үйден дәптерлеріңе көрсетілген буындарды жазып келесіңдер деп тапсырма беріп сабақты қорытындылайды.

Дұрыс жазуға үйрету жұмысы  (жазуға)  оқуға үйретумен  қатар дыбыстарының әрпін жазуға үйреніп қана қоймайды, сол әріптерден сөз  сөйлем  құрап  жазуға жаттығады. Мұғалім  жазуға үйрету кезінде әрбір әріптің дыбыстық қасиетін танытады. Тақтаға жазылған  әрбір әріп, буын, сөз,сөйлем  оқытылады да, оны анықтап көріп, әріптерінен оқи отырып жазу тапсырылады. Кейбір оқушылар әріпке –әріп  көшіруді әдет етіп алады да, жазуда көп қате жібереді. Көбінесе әріп  тастап кетеді, сөзді толық жазбай соңғы әріптерін қалдырып қояды. Сондықтан сөзді буын жігімен оқып отырып жазуға  немесе жазған сөзін, сөйлемін оқушының өзі тексеруін дағдыға айналдыру керек. Мұғалім оқушылардың жазуын бақылағанда, олардың жазу түріне каллиграфиясына ғана көңіл бөліп қоймай, жазып отырған сөздерін 

я  сөйлемін  оқып беруді де талап ету қажет. Сол сияқты жазу көшіріліп болған соң , бірінші оқушыларға жазғандарын дәптерлерінен оқытып, кейбір қате жазған сөздерінің емлесін талдауға болады.  1- сыныпта грамматика мен емлені тануға байланысты жүргізілетін жазудың басын көпшілігі – көшіріп жазу. Тақтада , кестеде жазылған сөйлемдерді  көшіру, жазу үлгісінен баспа әріппен берілген тексті көшіру.

         Оқушыларды жатқа жазуға үйрету жұмысы да әліппе кезеңінен  басталып, бірте-бірте дамытыла жүргізіледі. Алдымен жеке дыбыстар мен буындарды, бір буынды сөздерді , екі-үш сөздерден құралған сөйлемдерді жатқа  жазуға  болады. 1-сыныпта  жатқа  жазғызатын  текстің көлемі  8-10 сөзден  артпайды. Оқушылар ол сөздерді мұғалімнің  нұсқауы бойынша жазуға жаттығады. Жатқа  жазылатын сөйлемді алдымен мұғалім оқиды. Оқушылар іштерінен қайталайды. Кейде екі-үш оқушыға дауыстатып қайталатуға да болады. Содан  кейін  барып жазуға  кіріседі. Мұғалім оқушылардың  жазуды  бірдей бастап,  біркелкі  аяқтауын   қадағалап  отырады. Тексті оқығанда  ерсілі –қарсылы жүрмей, бор орында тұрып оқу керек. Сонда  мұғалімнің даусы сыныптағы барлық оқушыларға  анық естіледі, әрі оқушылардың  қалай  жазып жатқанын байқап  тұруға болады. Жатқа жазғызатын тексті сынып жұмысын жазатын  дәптерлеріне жазғызады  да,  жазып  болған  соң  қатесі  класта  тексіріледі.  Жатқа   жазатын  тексті  үйден дайындап  әкеліп  оны  тақтаға  жазып  (үзіліс  кезінде) бетін  қағазбен  жауып  қояды. Оқушылар  тексті  жазып,  өздері  қатесін  тексеріп  болған  соң,  тақтадағы жазудың  беті ашылады да, жазуармен  салыстырып  қатесі болса,  түзету  ескертіледі.  Егер  жатқа жазуға жаттығу материалы  алынатын  болса,  онда қатені оқулықтағы  жазумен  салыстыра отырып,  оқушылардың  өздеріне  түзеткізу  крек.  Жатқа  жазу  оқушылардың  грамматикалық  ережелерінде , дұрыс  меңгергенін,  есту қабілетінің,  жазуға жасалу дағдысының қаншалықты  қалыптасқанын  байқатады. Төменде жатқа  жазуға  бір –екі  мысал  келтірейік.

1.     Құм ,  Құман ,  Құмыра. Марат менің інім. Ол бүгін беске толды.

2.     Солдат елін қорғайды. Менің ағам сақшы. Мен ұшқыш боламын.

Осылайша жатқа жазу жұмыстарын жиі пайдаланып тұру  диктант түрлерін жазуға дайындық  болады.

         Бірінші класс оқушыларын   диктант   жазуға төселдіру  ісі  жеңіл  деп басталып, біріншіден күрделенеді. Мысалы: Буын және сөз  диктантынан  кейін  үйрету диктантын өткізіп, содан соң күрделілеу етіп сөйлем диктантын жүргізген сайын сөйлемнің неше  сөзден құралғанын , бірінші сөздің бас  әріппен басталып, сөйлемге енген әрбір сөздің бір –бірінен бөлек, соңынан нүкте қойылып жазылатынын ауызша  талдатып  алған соң  жаздырған  түсінікті  болады. Ал, көру диктанты  оқушылардың  зат  тану  қабілетін дамытады. Өздік диктантта өздері жаттаған  өлең, жұмбақ , мақал-мәтелдерді естеріне түсіріп ойланып жазады.

Мысалы:     Мен  шиемін , шиемін,

Күннің   көзін  сүйемін.

Мен  өрікпін,  өрікпін

Бау  бақшаға  көрікпін

Бұл  өлең  әліппе  кезеңінде  жатталған.   Өздік  диктантты жазған  кезде  оқушылардың  естеріне  бұл  өлеңнің  шумағы түспесе  шие  суретін  тақтаға  іліп  қоюға  да  болады.  Ал  терме  диктантын  кез-келген  ережеге  байланысты  жүргізуге  болады.  Диктантың бұл  түрлерін  өткізуге арнаулы сағат бөлмей мұғалім күнделікті сабақ жоспарын жасағанда,  жоғарыдағы  диктанттың  бор түріне текст дайындап келіп ,  сабақтың тиімді бір кезеңінде (10-15 минут) жазғызуға болады. Бұл диктантты  күнделікті жаттығу жазатын дәптерлеріне,  ал бақылау диктантын арнаулы дәптерге жазады.  Ол дәптер мұғалімде сақталады.

         Бақылау диктанты әр тоқсанда  2-3 рет қана  жүргізіледі  де,  әр диктантқа  екі сабақ  бөлінеді. (Жазу және қатемен жұмыс). Бір бақылау диктантының үлгісін жазып көрелік.   №13  суретті тақтаға  іліп,  сол  сурет бойынша  әңгіме  құрастырып  жазайын  деп отырған диктантымыздың  мазмұнын түсініп алған соң , диктант берілісін бір оқып беріп , содан соң  жазуға  кірісеміз.

 

Қыс .

         Қыс мезгілі. Қар қалың  жауды. Бірақ  күн жылы болды. Балалар қардан қуыршақ   жасады.  Қуыршақ  әдемі  болып  шықты.  Балалар  қатты қуанды.          (21 сөз)

         Әсем   жазу  да  - өнер. Ол  тек  мектеп  қабырғасында  қалыптасады.  Әсіресе, оқушы  каллиграфиясының  жақсы  бағытқа  түсуінде  бастауыш  сыныптардың , соның  ішінде  бірінші  сыныптың алатын  орны  ерекше.  Таза  да  көркем  жазуға  үйрету  1-сыныпта  әліппеге  дейінгі  кезеңде  басталғанмен , әріп  үйретудің алғашқы  кезеңінен  бастап  маңызды  орын алады.  Бұл  кезде  әріп  үйретудің  тиімді  әдістеріне көп көңіл  бөлінеді. 

          Сауат  ашу  кезінде  оқушылар әріптердің  баспа  және  жазба  түрі  мен сөздерді, сөйлемдерді  дұрыс қарап  жазуға   үйретіледі. Әріптерді  тастамай оларды  бірінің  орнына  бірін  алмастырмай  жазудың   алғашқы  дағдыланы қалыптастырылады.  1- сынып оқушылары  3-3,5 айдың ішінде әріптерді дұрыс оқып, дұрыс жаза білуге  дағдыланады.  Жоспарлық  талаптарға  сәйкес  бұл  кезеңде оқушылар мыналарды үйренеді.

а) партада отыру, дәптер мен қаламды , қарындашты дұрыс  ұстап, дәптердің  сызықтарын және ақ  жолды пайдалана білу;

ә) Қазақ  тілі алфавитіндегі  барлық әріптердің  баспа  және жазба  түрлерін жазуға , кіші және бас әріптерді сөз  ішінде, сөйлем  ішінде бір-бірімен қосып , баспа  тексті  жазба текске көшіртін дағдыландыру;

б) Жеке сөздерді және  үш-төрт  сөзден  құралған  сөйлемдерді  жазуға  мұғалімнің  көмегімен немесе  өз  бетімен  дыбыстың,  әріптік  талдауға  жаттықтыру;

в) жазған жазуын  өз  беттерінше  тексеруге  дағдыландыру,  көшірмесін  алғашқы  үлгісімен  салыстыра  тексеру;

г) Өз  ойымен  ауызша  құрастырған  әңгімелерінен  сөйлемдерді  теріп  жазу  т.б.

жазуға үйрету  дегеніміз оқушының  жазу, сызу дағдысын бірте-бірте  қалыптастыру  болып  табылады.  Дұрыс , көркем  жазуға  балаларды   1-сыныптан  бастап  үйрету  керек. Егер  оқушыларды  дұрыс  жазуға  қалыптастыру  ісіне  бастауыш  кластарда  көңіл  бөлінбесе ,  жоғары  класттарда  үйрету  қиынға  соғады.

Дәптерді  дұрыс  ұстау  баланы  ұқыптылыққа  үйретеді.  Олар  ақ  жол  қалдыруға , сызықтың  бойымен  жазуға  әріптердің  ерекше  анық  көрсетуге , дәптер  бетін  толық  пайдалануға  дағдыланады.  Оқушы  екі дәптер  жүргізеді. Оның  біреуіне күнделікті   жазу  жұмыстары  орындалса ,  ал  екіншісі  мұғалімнің  тексеруіне  беріліп  ауыстырылып  тұрады.  Қаралған  дәптерді  оқушының  қолына  бермес бұрын  әңгіме етілетін дәптерлер сұрыпталады.  Сабақтың  ыңғайына  қарай  дәптерлер  әр түрлі  мезгілде  таратылады,  бірақ  қай кезде  берілсе де,  арнайы  уақыт  бөліп, дәптер ұстаудағы , жазу  әсемдігіндегі  кемшіліктер  мен  жетістіктер  салыстырылады.  Алғашқы  кезде  бұған  көп  мезгіл  бөлінуі  мүмкін ,  бірақ мұғалім табанды  жұмыс жасап отырса, біршама уақыттан кейін оқушылардың жазуы дұрыстала бастайды да,әңгімеге кететін мезгілде сақталады. Жақсыны көріп мақтау, кемшілікті көрсетіп, көркем жазуға үгіттеу жүйелі жүргізілсе, оқушылар қатесіз, таза, әдемі жазуға дағдыланады. Дәптер ұстауда оқушыларға таратып беру, жинау кезінде де ұқыптылыққа, жинақылықққа, жауапкершілікке үйреткен жөн.

Мұғалім әр оқушының дәптеріне әріп үлгілерін көрсетіп, қателерін түзетіп, қосымша жаттығулар беріп отырады. Жұмыс осы бағытта жүйелі жүріп жүріп отырса, оқушылардың каллиграфиясы да жақсарып, сауатты жазуына септігін тигізеді.

Оқушыларға бас әріптің жазылуын меңгертуді алдымен бас әріптен басталып жазылатын шағын сөйлемдерді оқытып үйретуден басталған жөн. Өйткені оқушылыр бас әріптен жазылатын сөздерді бірден меңгере алмайды. Оны бірте-бірте түрлі дағдыландыру жұмыстарын жүргізу арқылы игереді. Себебі бас әріптің басқа таңбаларын кіші әріптерден айырып таныту қиындыққа соқса, ал енді сөйлем басында, өлең шумақтарының бірінші сөзінде, түрлі-түрлі жалқы есімдерде жазылатын бас әріптің ережелері басқа-басқа болып келеді. Сондықтан да тақырыпты тек жаттығу жұмыстарын орындата отырып меңгерту жөн.  Мысалы:

1.      Сатушы келеді.

2.      Дүкен ашылды.

3.       Кітаптан көп білім алуға болады.

Осындағы әрбір сөйлемнен кейін нүкте қойылған, яғни жазуда сөйлемдер бір-бірінен нүкте, сұрау және леп белгілерінің бірімен ажыратылады. Бұл сөйлемдердің бірінші сөздері бас әріппен жазылып тұр, яғни әр сөйлем бас әріптен басталып жазылады да, сөйлем аяқталған соң нүкте қойылады. Нүктеден кейінгі сөйлем бас әріппен басталып жазылады. Тке қана сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен жазылып қоймай, сол сөйлемде кездесетін кісі аттары да бас әріппен жазылатынын түсіндіру мақсатында мұғалім «Достар» деген текстегі сөйлемдерді жеке оқушыларға дұрыстатып оқытады.

Демалыс күні Мәлік Болаттың үйіне келді. Болат есеп шығарып отыр еді. Мәлік те кітаптарын ала келіпті. Екеуі сабақтарын қайталауға кірісті. Түстен кейін олар шахмат ойнады. Мәлік шахмат ойнауды білмейтін. Садыр да сабағын жақсы оқиды. Мәлік,Болат, Садыр үшеуі кітапханаға келді. Олар үйге бірге қайтты. Үшеуі жақсы дос.

Бұл тексте он сөйлем бар. Әр сөйлемнен кейін нүкте қойылған. Нүктеден кейінгі бірінші сөздер бас әріппен жазылған. Текстің әрбір сөйлемі бас әріппен басталады. Осымен бірге сөйлем ішінде Мәлік, Болат, Садыр сияқты кісі аттары бас әріптен басталып жазылған. Демек, кісі аттары бас әріппен жазылуын тиянақты да терең меңгеру қажет.

№7 суретті тақтаға іліп балаларға  ат қойдыру, сөйлем ойлату. Сөйлем ішіндегі адам аттарының жазылуын ескерте отырып сөйлемдерді оқушыларға жазу тапсырылады.

 

Жазу сауатында көрнекіліктің рөлі ерекше зор.

Оқытуда көрнекі құралдардың орны ерекше. Ол 1 – ші сыныптың ең алғашқы күнінен, алғашқы сабағынан бастап қолданылып, одан әрі жалғастырыла береді. Егер мұғалім оқулықтардағы суреттер мен сызбаларды жеке зерттеп, түрлі әдістермен іске қосса, оның көрнекілік пайдалануда сәтті қадам жасағаны. Көрнекіліктің пайдасы жөнінде К.Д.Ушинский: «Бала табиғаты көрнекілікті ашық талап етеді», - деген болатын. Көрнекілік – оқушыларға баянды білім беруде ұстаздың белді көмекшісі. Көрнекіліктің әрқайсысына сабақ сайын мән бере білу керек. Өтілетін жаңа әріпті оқушылардың барлығына жете түсіндіру үшін, естерінде сақтап жаза білу үшін сол өтілетін әріпке байланысты көрнекілік байланысты сөз, сөйлем құрап, дұрыс оқуға үйрету .

Сабақтың тәрбиелік мәні: Оқклықтағы суреттердің  мысалы, «нан» деген сөздің мәні – оның пайда болуындағы еңбек түрлері туралы айту.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріп, нанның суреті, бірнеше карточка, қырман көрнісін бейнелейтін суреттер, магнитофон.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезең.

2.      а)Үйге берілген тапсырма М әрпін оқушыларға оқыту.

     б) Кеспе әріптерден  (өтілген әріптерден) сөз құрату.

     в) 5-6 балаға баға қою.

3. Өтілген материалдарға қорытынды жасау:                                                                                                   

     а) Карточкалармен жұмыс;

     ә) өтілген әріптерді қайталау арқылы оқушылардың сол әріптерді қаншалықты меңгергендіктерін байқау;

    б) «Қай әріпті жоғалттым» атты ойынын ойнату.

4. Жаңа сабақ:  Н әрпін түсіндіру, оның жазылу үлгісін көрсету. Оның  қандай дыбыс екенін айтып балаларға сөз құрату (нан, шана, сан).

 Оқулықтағы сурет бойынша жұмыс жасап,сөйлемдер ойлату. Суреттегі нан калай пайда болғанын түсіндіріп «Нан болса,ән де болады»нанды құрметтеу тастамау сияқты тәрбиелік мәніне тоқталып әңгімелеу.

5.Бейнетаспадан егін жинау кезін бейнелейтін суретті көрсетіп тұрып ,магнитофоннан «Нан дастарқанға қалай келеді» атты шағын әңгімені оқушыларға тыңдату.

6.Тақтамен жұмыс жасау. Н н әріпінің жазылуын тақтаға жазып көрсету, түсіндіру (н әріпі 3 бөлімнен тұрады 1-ші, ші, 3ші бөлімдерінің бірімен бірінің байланысуларын тақтаға жаза отырып түсіндіру)

Және оқушыларға тақтаға н әріпін,нан,ана сөздерін жаздырту.

7.Оқушыларды жалықтырмау үшін дене шынықтыру минутын өткізу.

Ә)Ойнайықшы қуармаш,

Қасыма кел,балақан

Кәне,кәне қолыңды аш

Кір емеспе алақан?

Қуыр- қуар қуырмаш

Тауықтарға бидай шаш

Жалқау қиқар баладан

Ат –тоныңды ала қаш.

а) Бір, екі, үш

Дем алайық жинап күш

Қолға қалам алайық

Көркем етіп жазайық деген сияқты физминуткалардың біреуін оқушыларға қимылдарын келтіре отырып хоромен айтқызу.

8. Дәптермен жұмыс.

Таратылған дәптерлеріндегі жаңа әріпті  жаздырту. Жазу жазар алдында дәптерлері бұрын айтылып жүрген ережелерге сай қойылған ба, қаламды қалай ұстау керек еді бәрін өздеріне тексерту керек. Ауаға екі-үш рет жазып барып н әрпін дәптерлеріне жаздырту.

9. Сабаққа қорытынды жасап бірнеше балаға баға қою.

Үйге тапсырма жазу үлгісінен беріледі.

Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану және оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру, сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану  дағдыларын қалыптастыру үшін сабақтарда ойын элементтерін пайдаланудың орны ерекше. Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері- мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады.  Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне  байланысты ондай ойынға өте ынталы келеді.

Балалар тез серігіп, тапсырманы жылдам, дәл орындайтын болады.

« Қай әріпте жоғалттым ? »

« Қай буынды жоғалттым  ? »

« Көмекші сурет  » сурет ойыны

«Бұл қай әріп ? »

« Керісінше ойыны »

«Бос торды толтыр »

«Қай әріпті жоғалттым» ойынын әліппені өткен уақытта, қазақ тілінен дыбыс пен әріп дауысты, дауыссыз, жуан, жіңішке дауысты дыбыстарын өткен кезде қолданылады. Ойынға сөз ішінде әріп қалдырылып кеткен бірнеше карточкалар жасалып, қолданылады.

Карточкалардағы суреттердің аттары толықтырылып жазылуы керек.

«Қай буынын жоғалттым» ойыны да осы тәртәппен жүреді , мұнда бір буын қалдырылады. Суреттің атын буынға бөле отырып оқушылар қалған буынды ойлап табады. Соның бәрі – керісінше ойыны. Бұл ойын оқушылардың үйренген әріптерін қатесіз дұрыс жазуға төселдіреді. Бұл ойынның тәртібі  а)  мұғалім стол үстінде беті жабулы жатқан әріптер жазылған карточкалардың біреуін алып көрсетеді. Егер карточкадағы әріп  бас әріп болса, оқушы оның керісінше кішісін жазуға тиіс. Ал кішісі болса, оның бас әрпін жазады.

Б) Муғалім әріп жазылған карточкаларды балаларға бір-бірлеп таратып береді. Әр оқушы өз карточкаларындағы әріптерді жоғарыдағыдай етіп керісінше жазып шығады.

«Бос торды толтыр» ойыны да оқушылардың сабаққа белсенділігін арттырады. Торкөздердің ішіне керекті әріптерді қойып, сөздер құрау ойыны оқушыларды тапқырлыққа ,ойлай білуге, өзбеттерімен жұмыс жасай алуға баулиды.

Осындай ойындар ойнатудың әліппе кезеңіндегі жазутілін дамытудағы атқаратын орны ерекше зор. Сабақ үстінде ойын элементін қолдану оқушылардың оқып отырған сабағына қызығушылығын арттырады, оған белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуіне мүмкіндік туғызады. Ойын элементтері пайдаланылған сабақ оқушылардың есінде жақсы сақталады.

Оқушылардың өз ойын ауызша және жазбаша тиянақты айтып, жазып беруге үйрету – бастауыш мектеп программасының басты талабы.

Таза әрі дұрыс сөйлем жаза білу үйретуге байланысты. Оқушы өз ойын тігісін жатқыза, терең, шебер, толғанаайтып, жазып бере алмаса, онда біздің ана тілінен берген біліміздің біржақты болғаны. Ана тілі сабағы оқушылардың логикалық ойын, ойлау қабілетін, білімін жетілдірудің, сезімталдығын арттырудың басты құралы. Сондықтан бұл пәннің білімдік, тәрбиелік мүмкіндіктерін сарқа пайдалануымыз керек .

Оқушыларға мазмұндама жазуды үйретудегі басты мақсат-білетін сөздерін қаншалықты дұрыс қолдана алатындығын анықтап, ойын жүйелі жазуға үйрету. Мазмұндама жазуға әуелі оқыған текстің мазмұнын оқушы ауызша айтып төселеді. Әуелі мұғалім тексті оқып, мазмұнын қысқаша түсіндіреді де, кейін тағы оқушыларға оқытады. Егер тексте оқушыларға таныс емес сөздер кездессе, оған түсінік беріледі.Мұғалім сұрақ–жауап арқылы түсініктерін байқайды.

Тексті ауызша мазмұндауға жаттыққан соң ғана жазбаша мазмұндауға ауысамыз. Мұғалім тексті оқып ауызша түсіндіреді немесе оқушылардың өздеріне қайта оқытып, айтқызып мазмұнын толық түсіндіргеннен кейін тиісті сұраулар мен текстегі түсініксіз және жазылуы қиын сөздер тақтаға жазылады. Оқушылар тақтадағы жоспардың ретімен текстің мазмұнын жаза бастайды. Бір мазмұндама үлгісін мысал ретінде қарастыралық.

Мазмұндама тақырыбы «Қоян мен көжек »

Көрнекі құрал .  Сәбіз жеп отырған қоян суреті. № 1 сурет тақтаға ілініп қоянның сәбіз жейтіні туралы әңгімеленеді. Қоянның қандай пайдасы бар екендігі және сәбіздің қайда өсетіндігі туралы қысқаша әңгімеленеді. Сурет бойынша әңгіме біткенс оң, тексті бір рет оқылады да ,түсіндіріледі.

Бір күні қоян жолдан сәбіз тауып алды. Ол сәбізді сүйреп келе жатты .Жолда оған көжек  тап болды. Қоян көжекті көмекке шақырды. Көжек жол бойы сәбізді жей берді. Сәбізді жеп болған соң, көжек қашып кетті.Қоян артына қараса, сәбіз де жоқ, көжек те жоқ. Ол сәбіздің тұқылын арқалап жүре беріпті.Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың түсініктері байқалады. Әңгімеге қорытынды жасалады. Көжек ісінің дұрыс еместігі және оның неліктен дұрыс еместігі және оның неліктен дұрыс еместігі талқыланады. Содан соң асықпай, ойларын тиянақтап жинақтай отырып мазмұндаманы жазу тапсырылады.

 Қазақ тілі материалдарын меңгеруге дайындық жұмыстары әліппе кезеңінен басталады.

1.     Оқушылар қазақтіліндегі дыбыстардың оқылуын, дыбыстарын таңбаларын (әріптерін) оның жазылуын біледі.

2.     Үйренген дыбыстардан сөз, сөзден сөйлеген құрауға және жазуға жаттығады.

3.     Жеке дыбыстардың өзіндік қасиеті, ерекшелігі және дыбыс жасайтын мүшелерінің түсінік алады.

4.     Қазақ тіліндегі дыбыстардың дауысты, дауыссыз болып бөлінетіні, дауысты дыбыстардың буын жасай алатын ерекшелігімен танысады.

1- кластағы қазақ тілі программасы «Дыбыстар және әріптер», «Сөз бен сөйлем», «Заттың атын білдіретін», «Заттың сынып білдіретін сөздер», «Заттың қимылын білдіретін сөздер», деген бірнеше тарауларға бөлінеді. Әр тарауға жеке тоқталық.

 

Дыбыс пен әріп.

Бұл тақырыпты өтудегі негізгі мақсат –сөздің дыбыстардан құралатыны, жазуда дыбыстардың әріппен таңбаланылатыны жайлы ережені жаттықтыру. Балаларды оқулықпен таныстыру. Мұғалім балаларды, бүгін бастап оқылайын деп отырған жаңа оқулық «Қазақ тілі » оқулығымен таныстырып, бұл кітап сендерге қатесіз, дұрыс жазуды, дұрыс сөйлеуді, дұрыс оқуды үйретеді деп жаңа оқулық туралы қысқаша түсінік берген жөн.

Дыбыс пен әріп тақырыбын түсіндіруді №13 суретті тақтаға іліп сурет бойынша әңгімелеуден бастаймыз

Мұғалім:

-                                 Балалар суретте жылдың қай мезгілі көрсетілген?

-                                 Қыс .

-                                 Қыс екенін қайдан білдіңдер?

-                                 Жерде қар бар.

-                                 Балалар қыс киімдерін киген

-                                 Ағаштың  жапырақтары жоқ.

-                                 Қардан кісі жасаған.

-                                 Енді оқушылар кім осы суретке байланысты әңгіме құрастырады.

Қыс мезгілі. Қар көп жауған. Күн ашық. Балалар жылы киінген. Олар қардан кісі жасады. Оқушылардың ойлаған сөйлемдерін жеке оқушыға тапқтаға жазғызып, қалған оқушыларға дәптерлеріне жазуға тапсырылады. Бұл сөйлемдердің ішінен көп, кісі, қар деген сөздерді  бөліп алвп, ол сөздерде неше дыбыс бар, әр сөзде неше әріп бар екенін айтқызып талдау жасаттым.

 

Заттың атын білдіретін сөздер.

Бұл тақырыпты өткендегі мақсат –зат, оның аты деген ұғыммен таныстыру.

Мұғалім:

-    Балалар орындарыңнан  тұрып, кластағы бар затқа көңіл бөліңдерші, қандай заттарды байқар екенсіңдер, содан соң байқағандарыңды айтатын болыңдар. Балалар қол көтеріп: тақта, есік, терезе, парта, шкаф, суреттер дегенді айта бастайды.

Мұғалім:

-               Ал енді терезе жаққа, далаға көз жіберіп қараңдар, қандай заттар көрінер екен?

-               «Үйлер, көше, кісілер, машиналар  көрінеді» деп жауап береді оқушылар.

-               Өте дұрыс айттыңдар.

-               Балалар, бұрын көрмеген, таныс емес бір затты көре қалсаңдар «Бұл не?» «Бұл кім» деп сұрақ қоясыңдар. Себебі ол заттың атын білмейсіңдер. Біреу есікті тақылдатып қағатын болса, «Бұл кім» деп сұраймыз. «Анау затты алып берші» десек те, «Қай затты»  деп сұраймыз. Жаңа өздерің көптеген заттардың атын атадыңдар, сол заттар сияқты адамдардың да аттары болады.

Мысалы: Соңғы партадағы отырған кімдер? Десе «Сәуле, Сара» деп оқушының атын атайсыздар. Олай болса әр заттың аты болады екен деп қорытындылап, мұғалім ай, доп, шана суреттерін көрсетіп, бір оқушыны тақтаға шығарып сол көрсетілген суреттердің аттарын тақтаға жаздыртады. Қате жазылған сөздер болса қатесін басқа оқушыларға түзеттірген жөн.

-                    Балалар тақтаға неше сөз жазылды, ол сөздер нені білдіреді?

  -     Тақтаға үш сөз жазылды, ол сөздер заттың атын білдіреді деп жауап береді.

№6 суретті тақтаға іліп, сұрақ –жауап арқылы сол суретте бейнеленген зат туралы оқушылардың түсініктерін байқап, ойлаған сөйлемдерін дәптеріне жаздырту.

№7 сурет бойынша да сөйлемдер ойлата отырып екі суреттегі заттарды салыстыру. Бірінші суретте торғай бейнеленген болса екінші суретте мектепке кетіп бара жатқан бірнеше оқушылар бейнеленген. Осы екі суреттегі салыстыра отырып, ерекшелігін түсіндіре отырып заттың атын білдіретін сөздерге қойылатын сұрақтар туралы да түсінік беру қажет.

 

Заттың сынын білдіретін сөздер .

Бұл тақырыпты өткенде заттың өзіне тән түр- түсі, белгісі, қасиеті болатынын түсіндіру. Сөйлемдер ішінен заттың сынын білдіретін сөздерді таба білу. Тақтаға шарлар суреті салынған №12 суретті іліп шарлар туралы сөйлемдер ойлату.

Мұғалім:

-         Оқушылар бұл суреттен нелерді көріп тұрмыз.

-         Шарлар

-         Мынау қандай шар? Деп мұғалім шарларды жеке-жеке көрсетеді.

-         Көк шар.

-         Үлкен шар.

-         Қызыл шар.

-         Кішкентай шар.

-         Мынаның түсі қандай?

-         Көк

-         Мынау ше?

-         Қызыл

-         Бұл шарларды бірінен бірін қалай ажыратамыз?

-         Бұл шарларды түсіне қарай ажыратамыз

-         Тағы қалай ажыратуға болады?

-         Үлкен, кішілігіне қарай ажыратуға болады.

-         Сонымен балалар қызыл, көк, үлкен, кіші деген сөздер нені білдіреді екен?

-         Қызыл, көк деген сөздер заттың түсін, ал үлкен, кіші деген сөздер заттың көлемін білдіреді,- деп қорытады оқушылар.

Оқушылар дәптерлеріне:

Тәтті су. Көк шар. Қызыл шар. Үлкен шар. Кіші шар. Ащы балық. Тәтті алма. Ақ көйлек . Қызыл жұлдыз деген сөйлемдерді жаздырып заттың сынын білдіретін сөздерді тауып, ол сөздерге сұрақ қою тапсырылады.

Заттың санын білдіретін сөздерді оқығандағы негізгі мақсат оқушыларға заттың санын білдіретін  сөздерді тауып,ол сөздерге сұрақ қою тапсырылады.

       Заттың санын білдіретін  сөздерді оқығандағы негізгі мақсат оқушыларға заттың санын білдіретін сөздер жөнінде түсінік беру.

       Тақтаға № 3 суретті іліп сол сурет бойынша әңгіме құрастырамыз.

-         Оқушылар бұл суреттен нелерді көріп тұрмыз?

-         Үйректерді көріп тұрмыз.

-         Үйректер қайда жүр?

-         Үйректер суда жүзіп жүр.

-         Осы суреттен біз күн жел деп  ойлаймыз ба ?

-         Жел жоқ, себебі су толқынданбай тұнық күйінде

-         Суда неше үйрек жүзіп жүр ?

-         Үш үйрек .

-         Сұр үйрек нешінші болып жүзіп келеді ?

-         Сұр үйрек екінші жүзіп келеді. Сурет бойынша ойластырған сөйлемдерін  дәптерлеріне  жаздыртып, сол жазған сөйлемдерінің ішінен заттың санын, сандық ретін білдіретін үш, екінші сөздерінің астын сыздыртып заттың санын білдіретін  сөздерге  түсінік беру.

Заттың қимылын білдіретін  сөздерді өткендегі  негізгі мақсат оқушыларды заттың қимылы;қозғалысы деген ұғыммен таныстыру. Тақтаға №1 суретті іліп оқушылардың назарын суретке аудардым.

-Мынау кім ?

- Ол бала

-Бұл балаға ат қоюға бола ма?

-Марат,Есбол, Ерлан т.б

-Мараттың көйлегі көк.

-Марат қайда отыр.

-Марат орындықта отыр

-Мараттың жазу үстелі қандай?

-Жазу үстелі қоңыр .

-Мараттың дәптері нешеу ?

 

Осылайша заттың атын,сынын , санын білдіретін  сөздер туралы сұрақ қойылып біраз пысықтау жұмысы жүргізілген соң заттың қимылы жайында ұғымды білдіру үшін әрекеттенеді.

-         Марат не істеп отыр  ?

-         Марат сурет салып отыр.

Осылайша жаттыққан соң дәптерлеріне сөйлемдер жаздырып сол сөйлем ішінен қимылды білдіретін сөздерді таба білуге  дағдыландырған жөн.

Мал жайылып жүр. Қоңырау  соғылды. Бұлбұл сайрады. Самолет ұшты. Балалар өзенге шомылды. Бұл сөйлемдерден қимылды білдіретін сөздерді тауып және сол сөздерге сұрақ қойдыру.

№ 9 Суретте гүлге су құйып жүрген екі қыз бала бейнеленген. Осы суретті тақтаға іліп оқушыларға сурет бойынша әңгіме  құрастыру тапсырылады да, ойлаған сөйлемдерінен қимылды білдіретін сөздерді таптырып сұрақ қойдыру.

№ 4 суретті көрсете отырып осы сурет бойынша сөйлем  ойлау керек  десек  оқушылардың біреуі, Бұл тоқылдақ . Тоқылдақ ағаштардың құртын жейді  деген  сияқты сөйлемдерді ойлауы  мүмкін.

Оқушыларға осы сөйлемдерде заттың қимылын білдіретін  сөздер болса тауып,астын екі сызыңдар деп  тапсырма беріп отырсақ  оқушылар басқа сөздерден заттың қимылын білдіретін сөздерді ажырата алар еді.

 Жылдың қайталау ретінде

№ 5 суретті тақтаға іліп сол сурет бойынша сөйлемдер ойлатып дәптер- леріне жаздыру. Ойлаған сөйлемдерінен заттың атын, сынып санын, қимылын білдіретін создерді тауып сұрақ қойдырып оқушылардың жыл бойғы қазақ тілінен алған білімдерінен байқап жазу сауаттылығын байқаған жөн.

       Торғайлар бұтаққа қонды.

-      Торғайлар заттың атын білдіріп тұр. Тор-ғай-лар дан буынға бөлуге болады.

-      Екі торғай ағаштың құртын шұқып отыр.

-      Екі заттың санын білдіретін сөз.

-      Торғайлар қандай.

-      Сұр – заттың сынын білдіретін сөз.

-      Торғайлар бұтаққа қонды.

-       Қонды  қимылды білдіретін  сөз.

Мұндай көрнекті құралдарды пайдалана отырып әңгімелер жаздыру әдісі оқушыдарды біріншіден, сөйлем құрай білуге, екіншіден, өзі ойлаған сөзде немесе сөйлемді дұрыс жаза білуге, үшіншіден, тілін жаттықтырып, жақсы сөйлеуге үйретеді. Мұндай жұмыстар  үнемі қолданылып отырса, оқушы өз ойын кеңірек айта білуге және  Оқыған әңгімелерін жаза білуге, сұраққа толық жауап қайтара алатын болып жаттығады.

Жазу мен оқуды байланыстыра оқушылармен жүргізілетін творчествалық  өзбеттерінше жумыстарды түрлендіруін көрнекілікпен өткізсек, сабақ сапалы болып, оқушылар қатесіз жазуға, мәнерлеп оқуға, дұрыс сөйлеуге, сауаттылыққа үйреніп, олардың тіл байлығы молайып, дүние танымының кеңеюі сөзсіз.

Сайын келгенде, мұның бәрі оқушылардың жаңа бағдарламаның талабына сай білім алуына, онда көрсетілген дағдылар мен шеберліктерді ойдағыдай меңгеруіне толық жағдай жасайды. Бағдарлама талабына сай оқытуда, сыныпта қанша шәкірт болса да, бәрін қалдырмай сабақ процессіне белсендіре тарту, қалысын озаттар қатарына жеткізу-басты шарт.

Сондықтан 1-класс оқушыларына терең де тиянақты білім беру, толық үлгерімге жету,еңбекке, патриотизм рухына, биік адамгершілікке тәрбиелеу-әрбір мұғалімнің отан алдындағы абыройлы міндеті.

Міне, жоғарыда арнайы тоқталған жайлар жазу сабағына ұқыпты қарау керек екенін, оны әр түрлі және творчестволықпен тиімді өткізудің қажеттілігін байқатады.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.     Қазақ тілінен дидактикалық материалдар.

     М.Жұбанова

2 Бастауыш сыныптар үшін грамматикалық ойындар.

     М.Жазыбаев, Ә.Нағашыбаев.

3. 1-сынып ана тілі оқулығына методикалық нұсқау.

А.Асқарбаева, А.Бәкірова.

4.Қазақ тілінен жаттығулар жинағы.

 

 

 

Қосымша

1-сурет                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 


2-сурет

 

 

 

 

 


 

http://t2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQNwuPJGnHDBQSprI13i2RSRf_zngrfYP2jM1UUCTeXcEmh7JsKRcmJlGg3-сурет

 

http://t2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQLRPIMpNkcuTtnVUBp47znCXX347PZGE0P5dBuE1fIz2Sy8IhCZHvTqNghttp://t1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTvZqmn-C0dU-w0Hw7aIutla8Hp-nhR0cCAspXcNUd96GSnLa5qxcZVQhEhttp://t2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQLRPIMpNkcuTtnVUBp47znCXX347PZGE0P5dBuE1fIz2Sy8IhCZHvTqNg5-сурет

 

 

 

http://t2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQZhAhXcrcUGOaypnO6CMy4sPgy6NPU-HFL7CxCwnAAiJPF6bJT4-сурет

 

 

 

 

 

 

 

                       7-сурет

 

 

 

 

                                         11-сурет

 

http://ts4.mm.bing.net/th?id=H.4800958349183507&pid=1.913-сурет

http://t2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRpuOA6HGRxEVvrY__mjCBa4ypXVLAY6WKa23pH1fDTlipHq709T2IKEeM

 

 http://shar-a.com.ua/images/Balloons.jpg http://shar-a.com.ua/images/Balloons.jpg

 

http://ts1.mm.bing.net/th?id=H.4925937565499400&pid=1.9

 

 

 

 

 

                                                                                                           9-сурет

http://t1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQSuEomxlr_lKDXC9C1MmV4RyvRKeTXSxuxssTn7DblTYFT1u_cGtFaLw

http://t1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTsimcGHLdbcnjbtqnQKELA2dXLZ9gPSlTVuCzkyA3LBfCzVRyq7JM95A

13-сурет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бірінші сыныпқа әдістемелік құрал"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Тьютор

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 971 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.02.2016 2311
    • DOCX 1.1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Танбаева Жанар Орынгалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Танбаева Жанар Орынгалиевна
    Танбаева Жанар Орынгалиевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7510
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 351 человек

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 71 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной образовательной программы начального общего образования

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 290 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 096 человек

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Готовимся к ЕГЭ по литературе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансы и управление в медиакоммуникациях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе