Инфоурок Начальные классы Рабочие программыБірінші сыныпта математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар түрлері

Бірінші сыныпта математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар түрлері

Скачать материал

                                                                                                                                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Павлодар облысының  Білім  басқармасы

                                                                                                                                          Облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру институты

 

 

Бірінші сыныпта математика

сабағында қолданылатын

дидактикалық ойындар түрлері

                                                                                                                                      2011 жыл

                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсінік хат

      Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.
Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», - дейді.
Оқу үрдісінде  ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алады., Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды

Бастауыш мектептің математика курсы бойынша дайындалған  оқу-әдістемелік жиынтықтың құрамды бөлігі болып табылатын бұл жинақ мұғалімге әдістемелік тұрғыда көмек беру мақсатын көздейді.Жинақты құрастыруда бастауыш мектеп математикасының  оқу бағдарламасы, сондай-ақ 1 сыныпқа арналған «Математика» оқулығының жаңа басылымы  басшылыққа алынды.                                                                                                                                                          

     Жинаққа енгізіліп отырған дидактикалық ойындар оқу-әдістемелік желінің негізігі бағыттары бойынша топтастырылған.Алгебра,геометрия элементтеріне,қарапайым түсіктеріне  ұсынылып отырған ойындар өтілген материалды бекіте түсу сипатында берілген.Мүмкіндігінше , «Математикалық телефон», «Балық аулау», «Шаршыны алма»   «Нешінші сан жоқ?» сияқты ойындарды ұйымдастыру  ең  алдымен  ,оқушының қызығушылығын арттыру мақсатында берілген.Тақырып мазмұнына байланысты кейбір ойын түрлері қайталанып отырады.

                             

 

 

 

 

Дидактикалық  ойын түрлері:

                              «Хан талапай»

 

Дидактикалық мақсаты:Санау дағдыларын бекіту.Артық   кем түсініктерін тиянақтау

Қажетті құрал-жабдық:асық (саны 20)

Ойын мазмұны:

       Ойынды сыныппен жарыс түрінде өткізуге болады.Әр қатардан оқушы шақырылады.Ойын басқарушы:

              Талапай-ау,талапай,

               Табылды ойын алақай!

               Асықты алға шашамыз,

               Талапайға басамыз.

-деп өлең шумағын айтып,асықты шашып жібереді.Оқушылар шашылған асықты жинап алады.Әр оқушы өзінің қолындағы асығын сыныппен қосыла хормен санап шығады.Асықтардың саны анықталған соң,салыстыру жұмысы жүргізіледі.Кім асықты көп жинады?Нешеу?Қаншасы артық?Кем? сияқты сұрақтар қоя отырып ,жеңімпаз оқушыны мадақтайды.

             

                                   

 

 

     

                                 

    

                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Байқап қал!»

 

 Мақсаты:Балалардың байқампаздығын ,есте сақтау қабілеттерін ,көз зердесін қалыптастыру

Көрнекі-құрал:

15-20 ұсақ ойыншықтар,геометриялық фигуралар,оқу құралдары,кішкене жануарлардың суреттері т.б заттар қойылады

Ойын мазмұны:

           Кластағы балалар 2 топқа немесе 3 топқа бөлінеді.Ойын басқарушы мен топ басқарушылар ғана заттардың  тізімін жазып алады да,өздері үстел басында,сынып ішінде қалады.Қалған балалар сыныптан шығып кетеді.Балаларға 1 минут қаратқаннан кейін,бетін жабады.Балалар  1 минут қарағанда өз естерінде қалған нәрселердің тізімін жазып әкеліп ойын басқарушыға тапсырады.Ол әр топтыңбасқарушысымен бірлесе отырып,жазып әкеліп берген тізімдерді қарап шығады.Қай топтың балалары дұрыс және түгел жазып келсе,сол топтың балалары жеңеді.Жеңген топтың балалары мадақталады

 

 


    

 

                      «Қосындыны ата,айырманы ата»

                                                                                                               Мақсаты:Тез есптеу дағдыларын бекіту,есте сақтау қабілетін дамыту,байқағыштыққа тәрбиелеу

Көрнекі-құрал:

 Ретсіз  етіп  әр түспен цифрлар  жазылған плакат

Ойын мазмұны:

 

Ойынға барлық балалар қатысады.Тақтаға плакат ілінеді.Сандар жұп құрайтындай етіп,қызыл,көк,қоңыр,жасыл және тағы басқа түстермен  жазылған.Оқушылар сандарды сәйкесетіп,ойша қосады (азайтады)да, нәтижелерін хабарлады.Дұрыс және тез жауабын айтқан оқушы жеңімпаз аталады.Ойын барысында оқушылардың есте сақтау және ойлау қабілеті,тез есептеу дағдысы қалыптасады.

 

 

              

     10            13               15

   18                    20                     5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           

                         «Математикалық телефон»

 

Мақсаты:Ауызша қосуға ,азайтуға жаттықтыру.

Кажетті құрал-жабдық:

Ойыншық телефон (мұғалім үшін),қағаздан жасалған оқушылардың телефон құлағы.

Ойын мазмұны:Бұл ойынды оқушылардың білім деңгейіне байланысты әр түрлі ұйымдастыруға болады.Білім деңгейі әр түрлі балаларға лайықты есептер беріледі. Мұғалім телефон құлағын көтеріп,бірінші қатардағы екінші партаның оқушыларымен байланысқа шығады. Мұғалім  мысалды айтады,оқушы телефон құлағынан өзінің толық жауабын айтып беруі керек.Қалған оқушылар жауаптың дұрыстығын тексеріп отырады.Ойынды әрі қарай жалғастырады.

 

 

 

 

 

     

                     «Балық аулау»

    Мақсаты:Санды  санмен салыстыру,өрнекті санмен салыстыру,атаулы сандарды салыстыруға байланысты тапсырмаларға амалдар қолданып жазбаша есептеуге берілген

Қажетті құрал-жабдық:

   Таңбалар жиынтығы салынған хатқалта (артық,кем, тең,қосу,азайту таңбалары балықтың суретіне  салынады),ойыншық қармақ

Ойын мазмұны:   Ойынға сыныптағы балалар толық қатысады немесе 2 топқа бөліп ойнатуға болады.Салыстыруға берілетін тапсырмаларды мұғалім алдын ала тақатаға жазады немесе плакатқа үлкейтіліп жазып,тақтаға ілінеді.Ал 2 топқа жеке-жеке ішіне салынған таңбалар хатқалта береді.Екі хатқалтаның ойыншықтары берілген сандарды алдымен есептеп шығарып алады.Соңынан салыстырылып,қай санның артық,қай санның кем екенін анықтап алып,хатқалтадағы бірнеше таңбалардың  ішінен тиістісін тауып,қармақпен іліп алыпрөз орнына қояды.Қалған топ тез,әрі дұрыс орындайды,сол топ жеңімпаз болып табылады.

 

             

                  +    -

 

 

 

«Ақ серек,көк серек»

Мақсаты:Ауызша есептеу тез есептеуге жаттығу

Көрнекі құрал-жабдық:Бірнеше түрлі есептер жазылған карточкалар

Ойын мазмұны:

      Сынып екі топқа бөлінеді.Бір-біріне қарама-қарсы 5-6 метр қашықтықтатұрады.Ойын басталғаннанда бір топтың балалары екінші топқа қарап «Ақ серек,көк серек,бізден саған кім керек?!»-деп дауыстап айтады.Сонда екінші топтың балалары  өздері қалаған аттарын айтады. Аты аталған бала шақырған жаққа барады. Қарсылас топтың басшысы оған ішінде  тапсырмасы бар хатқалта немесе карточка береді.Бұл хатқалтадағы тапсырмаларды орындаса,бір баланы өз тобына алып кетеді.Егер орындай алмаса өзі осы топта қалып қояды.Ойын осылайша кезектесіп жалғаса береді.Ойын соңында қай топтың бала саны көп болса,сол топ жеңеді.

 

 

Надпись: 2+2=
Надпись: 9-6=
Надпись: 2+7=
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


«Үшбұрышты  алма!»

Мақсаты.Геометриялық фигураларды ажырата және тани білу дағдыларын дамыта түсу.

Көрнекі құрал-жабдық :магнитті тақта,геометриялық фигуралардың модельдері,тақта

Ойын мазмұны:Магнитті тақтаға шаршы,төртбұрыш,дөңгелек, бесбұрыш,тіктөртбұрыш,үшбұрыш модельдері  орналастырады.Әр командадан шыққан екі бала кезектесіп ,1 немесе 2 фигурадан алады.Фигураларды алу реті тақтаға алдын ала жазылып қойылады.Мәселен,ол мына ретте болуы мүмкін:

    1)шаршылар

     2)тіктөртбұрыштар

     3)дөңгелектер

    4)бесбұрыштар

   Ескерту:Үшбұрыш саны біреу ғана ,ал қалған геометриялық фигуралар екі-екіден болғаны жөн.Ойынды басқаша түрлендіріп өткзуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


   

 

                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Нешінші сан жоқ?»

    Мақсаты:Сандар қатарының қасиеті жайындағы білімді пысықтай түсу

  Көрнекі құрал-жабдық:10-20 дейінгі сандар дейінгі кейбір сандар жазылған карточкалар.

Ойын мазмұны:

       Үстелде карточкалар шашырап жатады,бірнеше оқушыға оларды алу ұсынылады. «Сап түзеңдер!» бұйрығын естігенде,оқушылар ретімен  тұруй керек.Сандар ретін тексере отырып,жоқ сандарды сыныптың қалған оқушылары табуы керек.Мұнан  соң мұғалім үстел үстіне сол сандар жазылған карточкаларды алып қояды да,бірнеше оқушыға жоқ сандарды тауып,қатарға  тұруды  ұсынады.

 

Надпись:   9
Надпись: 17
Надпись: 15
 

 

 

 

 

 


        

 

Надпись:   4
Надпись: 2
 

 

 

 

 

 

 


«Орамал тастамақ»

Мақсаты:Оқушылардыңғ ауызша есептеу дағдыларын дамыту.

Көрнекі құрал-жабдық:Орамал,ыңғайлылық үшін кішкентай қол орамал алған жөн

Ойын мазмұны:

        Ойын ұжыммен ойналады.Мұғалім ойынның шартын түсіндіреді. Ойынды бастаған оқушы кез келген өрнекті дауыстап айтып, орамалды бір оқушының   алдына қояды.Орамалды алған оқушы сол өрнектің мәнін табады да,өзінше өрнек айтып, орамалды басқа оқушының алдына қояды.Ойын осындай тәртіппен жалғаса береді.

 

«Қашқын сандар»

Мақсаты:Қосудың ауыстырымдылық қасиеті туралы білімдерін бекіту

Көрнекі құрал-жабдық:Цифр немесе  амалдар таңбасы жазылған карточкалар

Ойын мазмұны:

      Балалар 3 топқа бөлінеді.Әр топтан 5 оқушы шығады .Оларға  бір карточкадан таратады (Цифр немесе  амалдар  таңбасы жазылған).Белгі берілгеннен кейін әр бестіктің балалары қосуға мысалдар құрастырады.Мысалы:2+8=10,7+1=8,5+4=9

     Жүргізуші басқа мысалдарға өзгеретіндей сандардың «қашып кетуін»ұсынады:8+2=10,1+7=8,4+5=9.Әр топтың бір мүшесі құрастырылған мысалдарды тақтаға жазады.Мысалдар жұбын салыстыра отырып,оқушылар қосудың ауыстырымдылық қасиетін қайталайды.

 

 

 

                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Дыбыс қай жақтан шығады?»

 

  Мақсаты: кеңістікте бағыт көрсете алу дағдыларын бекіту;сөйлеу тілінде «оң жақта,сол жақта,алдында , артында»сөздерін қолдана білу

Көрнекі құрал-жабдық:Орамал,қоңырау

Ойын мазмұны:

          Ойынға бүкіл сынып қатысады.Бір оқушының көзі орамалмен байланады.Екіншісі бөлме ішінде жүріп,қоңырауды сыңғырлатады(үстелді тықылдатады, қол шапалақтайды,т.б)Бірінші оқушы дыбыстың шыққан  орнын айтады: «Менің оң жағымда шылдырлады» т.с.с Ешқандай  қателеспеген оқушы қоңырауды алып,жүргізуші қызметін атқарады.

       Дыбыстың бағытын жақсы айыра алатын оқушылар үшін тапсырманы күрделендіруге болады.Бір уақытта бірнеше дыбыстың бағытын айту тапсырылады: «Бірінші рет дыбыс алдымнан ,екінші рет оң жақтан,үшінші рет сол жақтан шықты».

 

 

               

 

                                   «Өз жұбынды тап»

Мақсаты:Заттарды қалыңдығы бойынша ажырата білу дағдыларын бекіту (қалың,жұқа,қалыңырақ, жұқарақ,бірдей)

 Көрнекі құрал-жабдық:қалыңдығы бойынша  ажыратылатын заттардың суреті бейнеленген карточкалар

Ойын мазмұны:

     Қалыңдығы бойынша  ажыратылатын заттардың суреті бейнеленген карточкалар жұбы ұсынылады.Мұғалім балаларға карточкаларда бірдей,бірақ қалыңдығы әртүрлі заттар бейнеленгенін айтады.Мысалы,екі жуан және екі жіңішке ағаш,т.с.с.Содан соң ойыншылар дөңгеленіп тұрады да,карточка таратуға бір оқушыны шығарады.Бір-біріндегі карточкаға қарап,әрқайсысы өз жұбын табады(қалыңдығы бірдей екі зат).Содан соң жұптасқан балалар «ғажайып қақпадан» өтеді,яғни мұғалім мен оқушы қолдарымен ұстасып,дұрыс жұптасқаноқушыларды  ғана өткізеді.Тексеріп болған оқушылар жан-жаққа тарайды да,карточкалардың суреті бар бетін төмен қаратып ұстап,бір-бірімен ауыстырады.Ары қарай ойын қайталанады. 

 

 

                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрастырған:

Пограничник орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі :А.К.Данкина

 

 

Рецензент:

Білім мазмұны және сапасын бағалау

Кабинет әдіскері :Б.С.Барамбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл жинақта 1 сыныпқа  математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар түрлері берілген

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

 1)Математика оқулығы 1 сынып       Ә.Б.Ақпаева,Л.А.Лебедева,Л.А.Буровова  2009ж

2) Математика әдістемелік құрал  1 сынып       Ә.Б.Ақпаева,Л.А.Лебедева,Л.А.Буровова  2008ж

3)  Крупская Н.К. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. Алматы. 1973.

4) Педагогикалық ізденіс. Алматы.1976.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бірінші сыныпта математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар түрлері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Маркетолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Әдістемелік жиынтықтың құрамды бөлігі болып табылатын бұл жинақ мұғалімге әдістемелік тұрғыда көмек беру мақсатын көздейді.Жинақты құрастыруда бастауыш мектеп математикасының оқу бағдарламасы, сондай-ақ 1 сыныпқа арналған «Математика» оқулығының жаңа басылымы басшылыққа алынды.

Жинаққа енгізіліп отырған дидактикалық ойындар оқу-әдістемелік желінің негізігі бағыттары бойынша топтастырылған.Алгебра,геометрия элементтеріне,қарапайым түсіктеріне ұсынылып отырған ойындар өтілген материалды бекіте түсу сипатында берілген.Мүмкіндігінше , «Математикалық телефон», «Балық аулау», «Шаршыны алма» «Нешінші сан жоқ?» сияқты ойындарды ұйымдастыру ең алдымен ,оқушының қызығушылығын арттыру мақсатында берілген.Тақырып мазмұнына байланысты кейбір ойын түрлері қайталанып отырады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 855 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.05.2015 2337
    • DOCX 99.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Данкина Алмира Канатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Данкина Алмира Канатовна
    Данкина Алмира Канатовна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 32770
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 569 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 472 человека

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 492 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации на уроках по продуктивно-творческой деятельности у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 134 человека

Мини-курс

Налогообложение и компенсация потерь: предотвращение ошибок и снижение рисков

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная работа с Wildberries: от создания личного кабинета до выбора продукта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 18 регионов

Мини-курс

ЕГЭ по биологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе