Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түрі.

Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түрі.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні: 27.09.2011

Класы: 7 «Ә»

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік: Оқушыларға бірмүше,бірмүшенің коэффициенті, бірмүшенің стандарт түрі, бірмүшенің дәрежесі, ұқсас бірмүшелер ұғымдарымен таныстыру.

ә)Тәрбиелік: Тақырыпқа байланысты есептер шығару арқылы оқушының ой-өрісін белсенді дамыту,ойлау қабілетін жетілдіру.

б)Дамытушылық: Ұқыптылыққа, зерделік ұғымның басым болуына, ұжымдық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, кеспе қағаздары

Сабақтың құрылымы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. Жаңа сабақты меңгерту

  4. Білімді бекіту,тиянақтау

  5. Кеспе қағаздар

  6. Үйге тапсырма беру

  7. Сабақты қорытындылау

  8. Оқушыларды бағалау


Сабақтың барысы:


1.Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылардың сабаққа қатысуын, оқу-құрал жабдықтарын түгендеу.


2. Үй тапсырмасын тексеру. «Миға шабуыл»


Өтілген тақырыптарың бойынша білімдеріңді тексерейік. Ол үшін оқушылардың құрастырып әкелген сұрақтарына жауап берейік.

Нұртілек пен Даражаның құрастырып әкелген сұрағына жауап берейік. Сол арқылы сендердің тақырыптарды меңгергендеріңді көреміз. Осы сұрақтарды дұрыс шешеңдер, біздің бүгінгі өтетін сабағымызға байланысты терминді аламыз.

Б І Р М Ү Ш Е


Б.натурал көрсеткішті дәрежені көбейту мен бөлуде қандай ұқсастық пен айырмашылық бар?

Р. 1-ден үлкен бүтін оң көрсеткішті дәреже неге оның қарама-қарсы көрсеткішпен берілген дәрежесінен әр уақытта үлкен болады?

Ш. Гипербола тармақтарының координата ширектерінде орналасуының себебі неде?

Ү.Санның стандарт түрі дегеніміз?

І. Негіздері бірдей дәрежелерді бөлу үшін негізін өзгеріссіз қалдырып,дәреже көрсеткіштерін азайтамыз,бұл нешінші қасиет?

Е. Дәреже дегеніміз не?

М.Бүгінгі сабаққа дайынбызба?

Сонымен біздің сөзжұмбағымыздағы ерекше тор көзде бірмүше сөзі шықты.


3.Жаңа сабақ: «Мағынаны ашу»

Біз бүгін Бірмүше.Бірмүшенің стандарт түрі тақырыбын өтеміз. Математикалық тұжырымдарды жазғанда, формулалар бойынша есептеулер жүргізгенде, теңдеу құрып есептер шығарғанда әріптер қолданып, олардың көмегімен әр түрлі әріпті өрнектер құрастырылады.

Мысалы, p; a+b+c; 2(m+n ); b+ac-bc ; 2,17у2; х22; 0,3в2 – әріпті өрнектер

«Әріпті өрнектер» термині құрамында бір немесе бірнеше әріптері бар өрнектер туралы айтылғанда қолданылады. Осы кезге дейін қолданылған санды және әріпті өрнектер алгебралық өрнектер деп аталады.

Мысалы, ах2+вх+с; 13а2в; у2+1-алгебралық өрнектер

Әріпті өрнектер, санды өрнектер сияқты белгілі бір ереже бойынша жазылады. Мысалы, көбейтіндідегі сан әріпті көбейткіштің алдына жазылады және олардың арасына көбейту белгісі қойылмайды. А*23 немесе 23*а өрнегінің орнына 23а деп жазылады.

А: Санды және әріпті көбейткіштер мен олардың дәрежелерінің көбейтіндісі бірмүше деп аталады.

Мысалы, авс; 3а2 х3 у; а 5; 3х 2 өрнектері бірмүшелер болып табылады. Кез келген санды

Сол сан мен бір санның көбейтіндісі түрінде жазуға болатындықтан, 5; а; -3; түріндегі өрнектер де бірмүше болып саналады.

Мысалы, 12m2n(0,5)mp (0,1)n бірмүшесінің m=10, n=hello_html_m30f1e7fb.gif, p=16 болғандағы мәнін есептейік.

Шешуі: Әріптердің берілген мәндерін бірмүшеге қойып, көбейтіндінің мәнін табамыз:

12*102*hello_html_4ced3329.gifhello_html_5b25e1b.gif*0,5*10*0,1*hello_html_5b25e1b.gif=5400

Кез келген бірмүшені стандарт түрге келтіруге, яғни бірінші орында тұрған санды көбейткіш пен негіздері әр түрлі дәрежелердің көбейтіндісі түрінде жазуға болады.

Стандарт түрде жазылған бірмүшенің коэффициенті деп аталады.

Мысалы, 5х бірмүшесінде коэффициент 5-ке, а2в бірмүшесінде коэффициент-9-ға тең.

Мысалы, 3а*(2,5а 3)бірмүшесін стандарт түрге келтерейік.

Шешуі: Көбейтудің ауыстырымдылық пен терімділік қасиеттерін және негіздері бірдей дәрежелерді көбейту қасиетін қолданамыз:

3а*(2,5а 3)=(3*2,5)(а*а 3)=7,5а 4

Айнымалылардың барлық дәреже көрсеткіштерінің қосындысы бірмүшенің дәрежесі деп аталады.

Мысалы,3в 2с бірмүшесінің дәрежесі 6-ға тең, өйткені 3+2+1=6;ал 2m2у өрнегі үшінші дәрежелі бірмүше және т.с.Кейбір бірмүшелердің ортақ әріпті бөлігі болады.

А: Ортақ әріпті бөлігі бар және бір-бірінен айырмашылығы тек коэффициентте болатын бірмүшелер ұқсас бірмүшелер деп аталады.


Мысалы,2 в және-3а 2в бірмүшелері ұқсас. -0,02а (х-у)2 және 3/2а(х-у) 2;

-а(х-у) 2 бірмүшелері де ұқсас.

Бірмүшені натурал дәрежеге шығарғанда да бірмүше шығады.Нәтиже стандар түрге келтіріледі.



Бірмүшені дәрежеге шығару үшін сол дәрежеге әрбір( санды және әріпті) көбейткіші шығу керек.

Мысалы, (3в 2)4 =34 *(в2)4=81в8


4. Есептер шығару.

3(-3)а2 сх өрнегін ықшамдайық

2(-3)а 2сх =2(-3)х 3а 2сх =-6а 2сх 3х =-6а 2сх4

-3а 2в 3с; 5а 3вс 2d бірмүшелерін көбейтейік

-3а 2в 3с*5а 3вс 2d (-3*5)(а 2а 3)(сс 2) =-15а 5в 4с 3d


Есептеңдер:

(2*5)4 =2 4*5 4 =16-625=10.000

(2*3)2= 2 2*32= 4*9= 36

(2*100)2 4*200 =800

(7*20)2= 49*40 =1960


Дәрежеге шығарыңдар:

3)3= а9

3)2= в6

3)4: (х2)5= х12 х10: х12-10= х2

Негізі 3-ке тең дәреже түрінде жазыңдар:

95= (95)3= 915

273= (273)3= 279

Санды стандарт түрде жазыңдар:

0.00000003=3*10-8

1390000000м=1.39*109


5. Кеспе қағаздары

1

3(ах)3= 3а 3х 3 =27а 3х 3

2

(4х 2у5z)(5х 2уz2)= (4*5)(х 23)(у 5*у)(z 2*z) 20х 5у 5z3

3

0,4ав*8в2, а =0,5; в =3

0,4*0,5*3*8*3 =43,2

4

(-0,4)(-5)(12) (-0,4(-5)*(-12))()()-24

5

(3а)(-4b2)= (3*(-4))ав2 =-12ав2

6

7m2*5с2= 7*5m 2с3= 35m 2с3

7

aв*9а4в= (9*4)(а*а)(в*в) =36а 2в2

8

-6mm 2= (-6*9)(m*m2= -54m 3 а


6. Үйге тапсырма беру.

М: Үйге есеп жазып алайық. §5.№96(1,2);№98(1-4).


7. Сабақты қорытындылау.

М: Сонымен бүгінгі сабаққа барлығымыз түсіндікпе? Ендеше,бірмүше дегенімізщ не?

О:

М: «Санды өрнек»пен «әріпті өрнек»ұғымдарының арасында қандай ұқсастық және айырмашылық бар?

О:

М: Бірмүшені тек сан мен натурал көрсеткішті дәрежелердің көбейтіндісінен тұратын өрнек түрінде жазуға бола ма?

О:


8. Оқушыларды бағалау.

М: Бүгінгі сабақта оқушыларды текше арқылы бағалаймын.






















Қарашатау орта мектебі













«Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түрі»

(7 «Ә»класс)







Өткізген: Г.Қ. Мұқашева









Құмқұдық ауылы

2011/2012 оқу жылы








Жұмақ дегеніміз-өзің

жарық дүниеге келген жылы

ұяң-ата қонысың, туған жерің,

өскен елің-басқа ештеңе де емес!

Өтебай Канахин


Канахин Өтебай (1923-1991жж) Ырғыз ауданының Тәуіп

жерінде туды. Жастайынан жетім қалғасын 1932 жылы балалар үйінде тәрбиеленді. Қырқыншы жылдары Ақтөбедегі педагогикалық курсты бітірген соң, біршама уақыт туып-өскен ауданында ұстаздық етті. 1941-1947 жылдары Совет Армиясы қатарында қызмет етті.

Өтебай Канахин елуінші жылдары әдебиетке келеді. Ол 1954-1956 жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, жауапты секретардың орынбасары, 1956-1960 жылы «Ара» («Шмель») журналында бөлім меңгерушісі болып істеді. 1960 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің аппаратында жауапты қызметте болды.

1963-1966 ж. «Жазушы» баспасының Бас редакторы 1966-1969 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары, «Жалын» алманағының Бас редакторы, 1975-1983ж. дейін Қазақ ССР Мәдениет министрлігі репертуар-редакциялық коллегиясының бас редакторы қызметін атқарды. Бірнеше романдар мен повестердің авторы.

Оннан астам жауынгерлік және үкіметтік наградаларды иемденген.










Қарашатау орта мектебі













«Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түрі»

(7 «Ә»класс)







Өткізген: Г.Қ. Мұқашева









Құмқұдық ауылы

2011/2012 оқу жылы




«Сіз қандай ата-анасыз?»



  1. Балаңызға айтқанды істете аласыз ба?

а)жоқ ә)иә б)кейде


  1. Балаңыз сіздің айтқандарыңызды қалай орындайды?

а) өз еркімен ә)қорыққаннан б) айтқызбай орындайды


  1. Балаға қатал талап қою бала тәрбиесіне кедергі келтірмейді ме?

а)иә ә) кейде б) жоқ



4. Балаңыз сізді тыңдамаған кезде қолданылатын шараңыз қандай?

а) ұрсасыз ә) ұрасыз б)түсіндіресіз


  1. Балаңызды әділетсіз жазалап кінәлаған болсаңыз, қателігіңізді мойындап кешірім сұрайсыз ба?

а) кейде ә) иә б) жоқ


  1. Балаңызбен пікір алысып, ой бөлісесіз бе?

а)ия ә)кейде б) жоқ


  1. Балаңыз ашуланғанда сіз өзіңізді ұстай аласыз ба?

а)иә ә)кейде б)жоқ



  1. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеу уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

а)ия ә)кейде б) жоқ


  1. Уақытты балаңызбен бірге өткізу сіз үшін қуаныш па?

а)иә ә)кейде б) жоқ


  1. Өзіңіздің алғашқы ойыңыздың қате екенін түсініп,өз шешімімізді өзгерте аласыз ба?

а)ия ә)кейде б) жоқ



Жағдаяттық тапсырмалар

  1. Тоқсандық қорытынды бойынша сіздің балаңыз бір сабақтан үшке кетті делік. Сіздің іс-әрекетіңіз?

  2. Балаңыз мектептен жылап келді. «Мұғалім маған ұрысты» деп.Сіз не істер едіңіз?






Қарашатау орта мектебі














«Бала тәрбиесі -күрделі үдеріс»

/Баяндама/






Дайындаған: Шуренова Г











2011/2012 оқу жылы


Бала тәрбиесі күрделі үдеріс. Жас ұрпақты жан-жақты жетелеген, ақыл-парасыаты, ой-өрісі биік азамат е Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Отбасы-адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы-ата-ана». Ұлымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болуы керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әке-отбасының асыраушысы, қамқоршысы тірегі деп білсек, ана-отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы, жақсы ана отбасына береке әкеліп жанұясын бақытқа бөлейді. Ата-анаға баладан артық ешкім жоқ. «Бала-адамның бауыр еті» деген сөз бар. Сондықтан қай ата-ана болмасын баласының білімді, парасатты, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. «Бала-өмірдің жалғасы, көз қуанышы шаңырақ иесі» деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Жанған отын сөндірмей түтін түтететін артына ұрпақ қалдыруды көздеген.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар! «Отан от басынан басталады» демекші ата-аналар мен ұстаздар қауімі үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүдесіне жарату-кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата-аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ алар асуымыздың биік болары сөзсіз. Қазіргі қоғамда ата-анасын қалай бақытты етпек? Баласын қалай тәрбиелейді? Ата-ананың бақыты неде? Баласы ата-анасын қалай бақытты етпек? Міне, осы тұрғыда сөз қозғалатын «Бала тәрбиесі –күрделі үдеріс...» атты ата-аналар жиналысын бастауға рұқсат етіңіздер!

Міне, осылайша өз баласының болашағына алданып, «Қайтсем де баламды адам етем » деген ата-ананың үміт арманы баласымен бірге орындалады.

«Әрбір баланың мінез-құлқы ата-ананың жағымды іс-әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады». Ата-ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адам, өзін көретін айнасы.

Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бала бойындағы адамгершілік қасиеттердің пайда болуы ата-ана, ұстаз, жақсы құрбысынан екені сөзсіз. Бүгінгі күнде дені сау, рухы таза ұрпақ өсіру ең маңызды да негізгі мәселе екені анық. Қандай жағдай болса да ұрпағын жауын мен жел өтінен, жаман әсерден қорғап, өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін сіңіру ана уызымен бірге ұлттық дәстүр қайнарын қандырып өсіру-әке мен шешенің ұлы борышы.

Сондықтан «Бала тәрбиесі –бір өнер, өнер болғанда ауыр өнерБаланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек» деп алғаш ардақтысы Мағжан Жұмабаев айтқан-бала тәрбиесі барлығымыздың бірлескен жұмысымыздың жемісі,нәтижесі. Бұлардың барлығы қоғамға тәуелді.

Тест

1-нұсқа



1.Алгоритм терминін енгізген ғалым?

а) Әл-Фараби; в)Ибн-Сина; с) Әл-Хорезми; д) Омар-Хайам; е) Ибн-Рушд

2. Алгорифм дегеніміз...

а)берілген есептің шығарылу жолын көрсететін командалар жиыны

в) берілген септің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түрінде келтіру.

с) есептің шартына байланысты айнымалы амалдар жиыны

д) берілген мәселеге байланысты шешімдердің жүйесі

е) шығарылу жолы алдын-ала белгілі командалар

3. Программа дегеніміз...

а) командалар тізбегі; в) айнымалылар тізбегі; с) анықталмаған командалар

д)байланыс құралымен жұмыс жасайтын құрылғылар; е) барлық жауабы дұрыс

4. Алгоритмнің негізгі неше қасиеті бар?

а)4; в)3; с)5;д)2; е)8

5. Алгоритмнің жазылуының неше түрі бар?

а)4; в)3; с)6; д)5; е)7

6.Мына өрнектердің қайсысы дұрыс?

а)а:=а+1; в)а = а+2; с)в= в+а; д)к=к+1; е)к2-1 =0+к2

7. Машиналық тіл дегеніміз не?

а) калькулятор тілі; в) кодтар тілі; с)универсал тіл; д) табиғи тіл; е) табиғи емес тіл

8. Машинаның тілін программалау тіліне немесе керісінше аударатын программалар қалай деп аталады?

а)транслятор; в) интерпретатор; с) компилятор; д) ассемблер; е) деструктор

9. Қазіргі кезде дүние жүзінде қанша алгоритмдік программалау тілі таралған?

а) 500-ге жуық; в) 200-ге жуық; с) 400-ге жуық; д) 300-ге жуық; е) 1000-ға жуық

10. Серия дегеніміз не?

а) бірнеше блоктардың тізбегі

в) бірнеше программалардың тізбегі

с) бірнеше командалардың тізбегі

д) бірнеше тілдердің тізбегі

е) бірнеше кодтардың тізбегі

11. Программадағы қатені тап:

алг квадрат теңдеуді шешу; (нақ а,в,с,х1х2 белгі у)

арг а,в,с

нәт х12,у

басы нақ Д

Д:= в2-4*а*с

егер Д>0

онда у:= «шешім жоқ»

әйтпесе у:= «шешімі бар»

х1= (-в+√Д)/2а; х2:=(-в-√Д)/2а

бітті

соңы

а) егер Д>0; в)Д:= в2-4ас; с)онда у:= «шешімі жоқ»; д)арг а,в,с; е) нәт х1,х2,у




12. Арифметикалық амалдарды орындайтын блоктардың неше ену және неше шығу сызығы болады?

а) 2ену, 3шығу в) 2ену,1шығу; с) 1ену,2шығу; д) 3ену, 2шығу; е) 1ену,1шығу

13.Программалау тілдері дегеніміз не?

а) табиғи тілдер; в) жасанды тілдер; с) қиын тілдер; д)көпмағыналы тілдер; е) қолданбалы тілдер;

14. Паскаль, Делфи, Си тілдерінде қандай тілдің сөздерін қолданады?

а) француз в) герман с) ағылшын; д) орыс; е) португал

15. Программа құруда қолданылатын сөздер?

а) тиісті сөздер; в) тиімді сөздер; с) түйінді сөздер; д) негізгі сөздер; е) қосқалы сөздер

16. Меншіктеу командасының жазылуы:

а) айнымалы: =өрнек; в) өрнек: =айнымалы; с) айнымалы =өрнек

д) айнымалы: =шама; е) шама:= айнымалы

17. Көмекші блоктарға қандай блоктар жатады?

а) түсініктеме беру, басы, соңы

в) түсініктеме беру, басы, сипаттау бөлімі

с) түсініктеме беру, басы, соңы, байланыс сызықтары

д) түсініктеме беру, сипаттау бөлімі, шығару

е) түсініктеме беру, ену сызығы, шығу сызығы

18. Операцияларды геометриялық фигуралармен өрнектеу.... өрнектеу деп аталады.

а) алгоритмдерді жазба түрде

в) алгоритмдерді графиктік түрде

с) табиғи тілде

д) машиналық тілде

е) кодтар арқылы

19. Негізгі блоктарға жатады:

а) өңдеу, шартты тексеру, ену және шығу блоктары

в) өңдеу, түсініктеме беру, басы

с) өңдеу, байланыс сызықтары,басы, соңы

д) өңдеу, шартты тексеру, басы, соңы

е) өңдеу, байланыс сызықтары, соңы

20. Алгоритм командалары есеп шартына байланысты нешеге бөлінеді?

а) 3; в) 4; с) 5; д) 2; е) 6




















Тест

2-нұсқа


1.Алгоритм термині Әл-Хорезми есімінің қай тілде жазылуынан шыққан?

а) араб; в) ағылшын; с) латын; д) француз; е) испан

2.Алгоритмнің біріңғай және дәл жазуға арналған ережелер жүйесі не деп аталады?

а) мәтін; в) алгоритм; с) нұсқау; д) команда е) программа

3. Алгоритмнің бөліктерге бөліну қасиеті қалай деп аталады?

а) үздіксіздігі; в)кризистігі; с) дискреттілігі; д) нәтижелігі; е) ауыспалығы

4. Алгоритмді блок-схема арқылы жазуын қандай түрдегі жазуына жатады?

а) графиктік; в) табиғи; с) жасанды; д) үзікті; е) математикалық;

5. Идентификатор дегеніміз не?

а) атау; в) сандар с) тұрақты; д) айнымалы; е) қызметші сөз

6. Түйінді сөздер дегеніміз не?

а) тұрақты сөздер; в) айнымалы сөздер; с) қызметші сөздер; д) атаулар; е) барлық жауабы дұрыс

7. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм ..... деп аталады.

а) құрылымдық; в) структуралық; с) циклдік; д) сызықтық; е)блок-схемалық

8. егер, онда, әйтпесе қызметші сөздері қандай алгоритмдерді сипаттау кезінде қолданылады?

а) тармақталау; в) циклдік; с) сызықтық; д) структуралық; е) барлық жауабы дұрыс

9.Орындалу тәсіліне байланысты тармақталу командасы неше түрге бөлінеді?

а) 3; в) 4; с) 2; д)5; е) 6

10. High(х) функциясы шаманың қандай мәнін береді?

а) максимум; в) минимум; с) саналатын типті бүтін типке көшіреді; д) нақты санды бүтінге ауыстырады; е) бүтін санды нақтыға ауыстырады.

11. Odd (5) өрнегінің мәні нені береді?

а) true в) false с) с) 0 д) 5 е) -5

12. Өрнектің қатесін тап: 15mod 2=8

а) mod в) 15 с) 2 д) 8 е)=

13. Типтерді өзгетру функцияларын көрсетіңіз

а) sin(х), cos(х), tan(х); в) abs(х), exp(х), ln(х) ; с) int(х) , sqrt(х), pred(х)

д) chr(х), high(х), low (х); е) ord(х), odd(х), frac(х)

14. Келесі түрдегі сипаттау қандай типке жатады?

атау=<алғашқы мән>....<соңғы мән>;

а)диапозондық; в) саналатын; с) символдық; д) логикалық; е) стандартты

15. Негізгі блоктарға жатады?

а) өңдеу, түсініктеме беру,басы

в) өңдеу, шартты тексеру, ену және шығу блоктары

с) өңдеу, байланыс сызықтары, басы, соңы

д) өңдеу, шартты тексеру, басы, соңы

е) өңдеу, байланыс сызықтары, соңы

16. Жай командаларға жататындар?

а) меншіктеу, сұрыптау, нәтиже алу

в) меншіктеу, мәлімет енгізу, нәтиже алу

с) меншіктеу, таңдау, тармақталу

д) меншіктеу, сұрыптау, мәлімет енгізу

е) меншіктеу, мәлемет енгізу,тармақталу


17. Құрама командаларға жататындар?

а) тізбекті, меншіктеу, тармақталу

в) тізбекті, құрылымды, меншіктеу

с) тізбекті, тармақталу, циклдік

д) тізбекті, тармақталу, меншіктеу

е) тізбекті, құрылымды, циклдік

18. Тақ сандар тізбегіндегі (3,5,7..) pred(х) функциясының мәнін табыңыз

=5)

а) 4; в) 6; с) 3; д) 1; е) 2

19. Жұп сандар тізбегіндегі Succ(х) функциясының мәнін табыңыз (2,4,6...)

=16)

а) 20; в) 14; с) 18; д) 22; е) 12

20. Өрнектердің паскаль тілінде дұрыс жазылуын көрсетіңіз:

x2+2cos x+1

а) sqrt(x)+2*cos (x)+1

в) sqrt(x 2) +2 cos (x)+1

с) sqr (x) +2cos(x) +1

д) sqr(x)+2*cos (x)+1

е) sqr(x) +2*cosx +1









































Тест жауаптары


1-нұсқа

2-нұсқа

  1. С

  2. В

  3. А

  4. С

  5. А

  6. А

  7. В

  8. А

  9. Д

  10. С

  11. С

  12. Е

  13. В

  14. С

  15. С

  16. А

  17. С

  18. В

  19. А

  20. Д

  1. С

  2. Е

  3. С

  4. А

  5. А

  6. С

  7. Д

  8. А

  9. С

  10. А

  11. А

  12. Д

  13. Д

  14. А

  15. В

  16. В

  17. С

  18. С

  19. С

  20. Д






















Мектепке жол акциясы бойынша және жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінген

қаржыға 6 «Ә»сыныбындағы тұрмыстық жағдай әр түрлі деңгейдегі

отбасы балаларына көрсетілген көмек туралы есебі




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік: Оқушыларға бірмүше,бірмүшенің коэффициенті, бірмүшенің стандарт түрі, бірмүшенің дәрежесі, ұқсас бірмүшелер ұғымдарымен таныстыру.

ә)Тәрбиелік: Тақырыпқа байланысты есептер шығару арқылы оқушының ой-өрісін белсенді дамыту,ойлау қабілетін жетілдіру.

б)Дамытушылық: Ұқыптылыққа, зерделік ұғымның басым болуына, ұжымдық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, кеспе қағаздары

Сабақтың құрылымы:

1.Ұйымдастыру бөлімі

2.Үй тапсырмасын тексеру

3.Жаңа сабақты меңгерту

4.Білімді бекіту,тиянақтау

5.Кеспе қағаздар

6.Үйге тапсырма беру

7.Сабақты қорытындылау

8.Оқушыларды бағалау

Автор
Дата добавления 28.05.2015
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров641
Номер материала 294173
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх