Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Презентации / Біржан сал Қожағұлұлы. Әншілік дәстүрі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Біржан сал Қожағұлұлы. Әншілік дәстүрі

библиотека
материалов
Сабақтың тақырыбы: Біржан сал Қожағұлұлы. Әншілік дәстүрі. Сабақтың мақсаты:...
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдісі: СТО, фишбоун, топтастыру, РАФТ, Саб...
Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен ө...
Сұрақтар 1. Әнші-ақындар деп кімдерді айтамыз? Басты ерекшеліктері қандай? 2....
Кино идеясының авторы, әрі режиссері, сондай­ақ басты рөлді сомдаушы Досқан...
 Біржан сал Қожағұлұлы. Әншілік дәстүрі Сабақтың тақырыбы:
(Фильмнен үзінді көру)
Біржан сал неліктен өзін мизамкөкке теңеді?
«Өнерпаз» тобы «Баласы Қожағұлдың Біржан салмын...» «Ақын» тобы «Үш жүзге ат...
Әніне сай суреттің тақырыбын ата
«Өнерпаз» тобы «Біржан Абай аулында» «Ақын» тобы “Теміртас” өлеңін мәнерлеп...
Ерлан Рысқали Айгүл Қосанова Сәуле Жанпейісова Біржан мектебі Рамазан Стамғаз...
Ой толғаныс Біржан Талант иесі Дарынды сазгер импровизатор Әйгілі ақын Батыл
Біржан аманаты – өнері (Фильмнен үзінді)
Өнерпазға хат
Үйге тапсырма Біржан салдың ұнаған өлеңін жаттап келу Бағалау Бөлімдер Топба...
Күтілетін нәтиже Біржан сал Қожағұлұлы өмірі мен шығармашылығын танып, әншілі...
23 1

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Сабақтың тақырыбы: Біржан сал Қожағұлұлы. Әншілік дәстүрі. Сабақтың мақсаты:
Описание слайда:

Сабақтың тақырыбы: Біржан сал Қожағұлұлы. Әншілік дәстүрі. Сабақтың мақсаты: Біржан сал Қожағұлұлы өмірі мен шығармашылығын таныту. Әншілік дәстүрі туралы мәлімет беру. Білімділік: Біржан сал өлеңдерінің тақырыбын ашу. Әншілік дәстүрінің қыр-сырын талқылай отырып, ұлттық болмысымызды дәріптеу. Дамытушылық: Оқушылардың ауызша, жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру. Тәрбиелік: Өз елінің өткенін қастерлеп, өлеңге, әнге деген сүйіспеншілігін арттыру.

№ слайда 2 Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдісі: СТО, фишбоун, топтастыру, РАФТ, Саб
Описание слайда:

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдісі: СТО, фишбоун, топтастыру, РАФТ, Сабақтың көрнекілігі: АҚТ, постер, түрлі-түсті бояу қарындаштар, карта

№ слайда 3 Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен ө
Описание слайда:

Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен өз елінің әдебиетін, өнерін сүюі шарт. Сол сүюді білім беретін жоғары мектепке ауысқанда да асыл қасиетіндей сақтауы керек. М.Әуезов

№ слайда 4 Сұрақтар 1. Әнші-ақындар деп кімдерді айтамыз? Басты ерекшеліктері қандай? 2.
Описание слайда:

Сұрақтар 1. Әнші-ақындар деп кімдерді айтамыз? Басты ерекшеліктері қандай? 2. Қандай әнші-ақындарды білеміз? 3. Әнші-ақындар, әнші-сазгерлер деп сал-серілерді атаймыз ба? 4. Сал-серілерден кімдерді білесіңдер? 5. Сал мен серінің айырмашылығы қандай? (Салдарды күтіп алу) видео

№ слайда 5 Кино идеясының авторы, әрі режиссері, сондай­ақ басты рөлді сомдаушы Досқан
Описание слайда:

Кино идеясының авторы, әрі режиссері, сондай­ақ басты рөлді сомдаушы Досқан Жолжақсынов. Сценарийін белгілі жазушы, сыншы Таласбек Әсемқұлов жазса, жүрек тербетер бұл фильмнің сазгері – Төлеген Мұхамеджанов. Идеясынан бастап соңғы нүктесіне дейін кәсіби мамандардың қолынан шыққан бұл туынды несімен ерекше? Ерекшелігі, фильмге арқау болған кейіпкердің өзі – қазақтың кесек тұлғаларының бірі, серілігімен есімі дүйім елге белгілі болған – «Біржан сал».

№ слайда 6  Біржан сал Қожағұлұлы. Әншілік дәстүрі Сабақтың тақырыбы:
Описание слайда:

Біржан сал Қожағұлұлы. Әншілік дәстүрі Сабақтың тақырыбы:

№ слайда 7 (Фильмнен үзінді көру)
Описание слайда:

(Фильмнен үзінді көру)

№ слайда 8 Біржан сал неліктен өзін мизамкөкке теңеді?
Описание слайда:

Біржан сал неліктен өзін мизамкөкке теңеді?

№ слайда 9 «Өнерпаз» тобы «Баласы Қожағұлдың Біржан салмын...» «Ақын» тобы «Үш жүзге ат
Описание слайда:

«Өнерпаз» тобы «Баласы Қожағұлдың Біржан салмын...» «Ақын» тобы «Үш жүзге аты мәшһүр дара тұлға» «Сазгер» тобы «Әндерге тұғыр болған өлеңдерінің тарихы»

№ слайда 10
Описание слайда:

№ слайда 11
Описание слайда:

№ слайда 12 Әніне сай суреттің тақырыбын ата
Описание слайда:

Әніне сай суреттің тақырыбын ата

№ слайда 13 «Өнерпаз» тобы «Біржан Абай аулында» «Ақын» тобы “Теміртас” өлеңін мәнерлеп
Описание слайда:

«Өнерпаз» тобы «Біржан Абай аулында» «Ақын» тобы “Теміртас” өлеңін мәнерлеп оқу «Сазгер» тобы «Біржан – Сара айтысы»

№ слайда 14
Описание слайда:

№ слайда 15
Описание слайда:

№ слайда 16
Описание слайда:

№ слайда 17 Ерлан Рысқали Айгүл Қосанова Сәуле Жанпейісова Біржан мектебі Рамазан Стамғаз
Описание слайда:

Ерлан Рысқали Айгүл Қосанова Сәуле Жанпейісова Біржан мектебі Рамазан Стамғазиев Жүсіпбек Елебеков

№ слайда 18 Ой толғаныс Біржан Талант иесі Дарынды сазгер импровизатор Әйгілі ақын Батыл
Описание слайда:

Ой толғаныс Біржан Талант иесі Дарынды сазгер импровизатор Әйгілі ақын Батыл

№ слайда 19 Біржан аманаты – өнері (Фильмнен үзінді)
Описание слайда:

Біржан аманаты – өнері (Фильмнен үзінді)

№ слайда 20 Өнерпазға хат
Описание слайда:

Өнерпазға хат

№ слайда 21
Описание слайда:

№ слайда 22 Үйге тапсырма Біржан салдың ұнаған өлеңін жаттап келу Бағалау Бөлімдер Топба
Описание слайда:

Үйге тапсырма Біржан салдың ұнаған өлеңін жаттап келу Бағалау Бөлімдер Топбасшы бағасы Үй тапсырмасы Қызығушылығынояту Мағынаны тану Ой толғаныс

№ слайда 23 Күтілетін нәтиже Біржан сал Қожағұлұлы өмірі мен шығармашылығын танып, әншілі
Описание слайда:

Күтілетін нәтиже Біржан сал Қожағұлұлы өмірі мен шығармашылығын танып, әншілік дәстүрі туралы мәліметке қанығады. Оқушылардың ауызша, жазбаша тіл мәдениеті қалыптасады Өз елінің өткенін қастерлеп, өлеңге, әнге деген сүйіспеншілігін артып, ұлттық өнерді дәріптей біледі.

Краткое описание документа:

№42 орта мектеп

Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту

Дайындаған: қазақ тілі мен әдебеті пәнінің мұғалімі С.Б.Кабылова

2015 оқу жылы

Жоспар:

1. Кіріспе

Қазақ тілін оқыту жүйесіндегі ақпараттық технология .

2. Негізгі бөлім

Қазақ тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту

“Ақпараттық технология” бойынша профессор ғалымдардың ой – пікірлері

3. Қорытынды

4. Әдебиеттер тізімі

Зерттеу мақсаты:

Тұлғаның коммуникативтік біліктілігін, яғни, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту, жетілдіру. Белсенділік және ізденімпаздық қабілетіне тәрбиелеу.

Зерттеудің негізгі міндеті:

Қажеттілікке байланысты қазақ тілін оқыту жүйесіне ақпараттық технологияны енгізу

Әдістердің

қолданылуы:

Түсіндіру, зерттеу, жобалау

Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр пән мұғалімдерінің өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі - сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі,мақсатты, айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Сабақ барысында жеке адамды қалыптастырып дамыту және оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген білім беру технологиялары ұсынылуда: дамыта оқыту технологиясы, саралап оқыту технологиясы. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру, оқушылардың белсенділігін арттыру барысында проблемалық сұрақтарды пайдалану, проблемалық ситуациялар туғызу. Тиімді оқытудың негізгі бір шарты – білімнің мазмұнын дәл, тиянақты анықтау. Негізгі ұғымдар мен мәселелерді, теория мен фактілерді қажеттілігі мен тиімділігіне сай іріктей білу, өз бетімен оқи білуге, білім алуға үйрету.

Қазақ тілін оқытудағы жалпы мақсат - оқушыларға ана тіліміздің ғасырлар бойы сұрыпталып келген көркемдігі мен әсем өрнегін, лексикалық байлығын таныту, қазақ тілінің қуатын, құдіретін, шешендігін жас ұрпақ бойына дарыту, ана тілімізді қуатты әдеби тіл қатарынан түсірмеу. Сондықтан да қазақ тілі сабағын компьютерлендіру оқушылардың оқуға деген қызығушылығына ықпалы болады. Қазақ тілі сабағында әдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асып келеді. Қолданылатын көрнекіліктер, яғни ақпараттық көрнекіліктер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал жасайды. Оқушылардың білім сапасының көп жағдайларда төмен болуы, осындай түрлі ойлау әрекеттеріне бейімделмеуден, дағды бермеуден деп айтуға болады.

Білім беру саласына түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану – басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе тұлғаны нәтижеге бағыттай білімдендіруде. Көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін – Ақпараттық – коммуникациялық технологияның бір өзі атқара алады.

Ал енді «ақпарат» дегеніміз не? Бағзы заманда «ақпарат» бір адамның екінші адамға ауызша берген мағлұматы немесе оқу арқылы алған білім деп айтуға болатын. Ал бүгінгі күні «ақпарат» ұғымы кең, себебі ақпараттық база, тіпті орта бар. Сол арқылы ақпараттық алмасу үдерісі ұдайы жүріп жатады. Философиялық тұрғыда «ақпарат» - материяның бір бөлігі. Адам ақпараттық кеңістікте өмір сүреді, яғни, тұлға ретінде қалыптасады, дамиды, толығады.

Қоғамда болып жатқан өзгерістер ұстаздардың өз еңбегіне жаңаша қарауын талап етеді. Өркениетті даму дәуіріне бет бұру кезеңінде жаңа қоғамға лайықты саналы, бірнеше тілді меңгерген жеке тұлғаны қалыптастыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияны меңгеру, үздіксіз білім алу – басты талап. Осы міндетті шешу жолдарының бірі – мұғалімдердің білімі мен біліктілігін арттыру болғандықтан, олар арнайы курстар мен семинарлардан өтуде, себебі оқытуды жүйелендіру, ізгілендіру, ақпараттандыру - өмір талабы.

Қазақ тілі сабағында әдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асып келеді

Интерактивті тақтаның келуіне байланысты оқытудың жаңаша әдісі пайда болды. Мұғалімдер өз сабақтарында мейлінше интерактивті тақтаны пайдалана отырып, жан-жақты ізденіп, сабақтарын қызықты, әрі тартымды, нәтижелі өткізуге тырысуда. Интерактивті тақтаның мүмкіншілігі шексіз.

Оқушылардың жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып, коммуникативтік шығармашылық құзіретін дамыту. Оқушының тілдік қорын дамыту, іс жүзінде ауызша сөйлей білуге үйрету.

1. Қазақ тілін оқыту әдістемесін әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне көтерудің тиімді жолы – білім беру саласын толықтай ақпараттандыру.

2. Мемлекеттік тілді оқытуда– ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оңтайлы пайдалану. Өзім қызмет жасайтын мектепте жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Қазақ тілі кабинетінде интерактивті тақта орнатылған. Сондықтан, бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын, себебі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушыларды жаңа заман технологиясымен жұмыс жасауға үйретеміз.

"Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік. стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет" деп, ел Президенті атап көрсеткендей, электронды оқыту әдіс-тәсілдерін мектепке енгізу — жаңа білім берудің бірден-бір шарты.

Ұрпақ мүддесі үшін оқу үрдісін жетілдіру күн тәртібінен түспейді, ал қазіргі кезенде ең өзекті мәселе ретінде қайта жалғасын тауып, дамуы тиіс. Мектепте жекелеген пәндерді оқыту кезінде компьютерді пайдаланудың жеке ұстанымдарын анықтауға мүмкіндік туып отыр. Қазіргі ақпараттық технологиялар заманында өркениет көшінен қалмау үшін қандай болмасын мүмкіндіктерді қарастыру - күттірмейтін нәрсе. Осындай мәселелердің бірі – қазақ тілі мен әдебиетін оқыту үрдісін компьютерлендіру. Бүгінгі таңда электрондық оқулықтар білімді акпараттандырудың негізгі факторлары болып табылады. Барлық сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін компьютерлендіріп, компьютерлік бағдарламаларын пайдаланып, соның нәтижесінде окушының пәнге қызығушылығын арттыруға күш салу керек. Қазіргі уақытта білім берудің озық технологияларын меңгермейінше, сауатты да жан-жақты болу мүмкін емес.

Бұл жүйе оқытуды жаңаша ұйымдастырудың негізгі міндеттерін жүзеге асырады. Ұжымдық іс-әрекет білім игеруде ортақ қарым-қатынас құралына айналады. Білім алу мұғалім көмегімен оқушылардың білім деңгейіне қарап сараланады.

Технология дегеніміз не?

Е.Жұматаева топтастырған кейбір технология анықтамаларын қарайық:

-Технология – амал - әдістердің жиыны, іс – қимыл, қызмет пен әрекеттегі адамның шеберлігі, өнері.

-Педагогикалық технология – оқу үрдісін жүзеге асырудың техникасы.

-Технологиялық оқу – дидкатика жүйісіндегі үрдістің бір бөлігі.

Бүгінгі күні ақпараттық ресурстар арқылы затты, көріністі т.б. көріп қана қоймай, дыбыс пен әуенді тыңдауға, өз даусын жазып, содан соң диктордың сөзімен салыстыруға, жаттығуға, бірнеше рет қайталауға, қайта айналып келуге , түзетуге, тағы да толып жатқан операцияларды істеуге болады.

Оқушының тұлға ретінде қалыптасып, өркендеуіне ықпал ететін – ұстаз, ендеше тұлғаның білімдену барысында өз мүмкіндігін анықтап, дамуына мультимедиа ресурстарының тигізер әсері мол. Мультимедиа ресурстарына нелерді жатқызуға болады?

Отандық ғалым Ахмади Есжанов мультимедиа ресурстарына

«Электорнды мультимедиа : ресурстары мен құралдары» атты ғылыми мақаласында мыналарды жатқызады:

электрондық мультимедиа оқулықтары;

ақпараттық – іздестіру мен анықтамалық мультимедиа жүйелері;

қолданбалы мультимедиа энциклопедиалары;

білім деңгейлерін тексеру мен өлшеуге арналған мультимедиа құралдары;

парасаттылық үйретуші жүйелер;

Сондай – ақ әр ресурстың қызметі мен оған қойылатын талаптар анық әрі қысқа түрде тұжырымдалған.

Компьютер көрнекілікті қамтамасыз ететін мультимедиа құралы ғана емес, оның мүмкіншілігі мен ауқымы кең. Мысалы: «Оқушыларды білімдендіруге пайдаланылатын мультимедиа ресурстары вербальді әдістен өзгерек, себебі ол компьютер экранында өтіп жатқан оқиғаға қатысуды, материалды оқып білу жолын таңдауды ұсына алады.»

Интерактивті тақтаны кез-келген елде, кез -келген білім беру саласында кез-келген пәнді оқыту үшін қолдануға болады.

Интерактивті тақтаны қолданудың негізгі әдістері:

(Ұлыбритания педагогтарының ұсынысы бойынша)

- Экранда көрсетілетін сурет туралы ақпаратты жоғары жаққа жазу;

- Интернеттен алынатын ақпаратты тікелей оқушылармен бірге іздеу;

- Топпен тығыз жұмыс жасау;

- Конференциялар өткізу үшін басқа мектептермен байланыс орнату;

- Интерактивті тақтаны компьютердің көмегінсіз басқару;

- Қолданылған материалды кейін пайдалану үшін файл түрінде сақтап отыру;

- Видеороликтер көрсету, электронды оқулықтар пайдалану;

- Сабақ кезінде сақталған файлды оқушыларға беру.

Интерактивті тақта:

1. Оқушыларға жаңа материалды (иллюстрациялар, фотографиялар, бейнелік, дидактикалық материалдар) көрнекі түрде көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан материалды дайындауды және оны қолдану процесінде жеңілдетеді. Алдын ала жүргізілген тәжірибелі презентацияларды пайдалану балалардың оқуға деген ынталығын арттырып, сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін ең бастысы мұғалімнің уақытын қысқартады.

2. Компьютерлік сауатты болуды талап етеді. Өйткені сабаққа қажетті оқу материалдарын алдын ала мұғалімнің өзі дайындап қояды.

3. Интернет желісінен ақпарат іздеп, оны жүктеп алу жұмыстарын жасауды үйренеді.

4. СD, DVD және электронды оқулықтарды пайдалана білуінің арқасында, мұғалім жан-жақты біліммен қаруланады. Білімін шыңдайды, шығармашылығы артады. Ақпараттық технологияны еркін меңгереді, бәсекеге қабілетті оқушы тәрбиелейді.

Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы «Активті экран» кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивті жүйе болып табылады.

Білім берудің кез-келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың өз бетінше жұмысын және олардың жоғары танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Сапалы электронды оқулық қашықтықтан оқытуға, тіл үйренушінің өздігінен оқып үйренуіне мүмкіндік береді.

Қазақ тілінің қоғамдық қызметін кеңейтіп, оның маңызын, қажеттілігін табиғи түрде арттыру, жан-жақты дамытудың бірден-бір жолы – тілді үйретудің сапасына қатаң талап қою, тіл үйренушілердің өздігінен білім алуын ұйымдастырумен бірге оның нәтижелеріне тұрақты бақылау жасау. Бақылау жасау – адамның өзінің алдына қойған мақсатына қарай жүзеге асырылатын әрекетінің дұрыстығын қадағалау, тексеру. Компьютер тіл үйренушінің жауабын бағалайды, келесі кезекте қандай материал ұсынылуы қажет екенін анықтайды. Оқу үдерісінде компьютер оқытушы, электронды интерактивті тренажер, эксперт, іс-әрекет серіктесі, құралы, үйретуші, тексеруші, бағалаушы қызметтерін атқарады.

Қазақ тілін оқытуда қолданылатын бақылау, бағалау тапсырмаларын, аралық, қорытынды сынақтарды компьютерлік жолмен автоматтандыру кезінде тексеруге кететін уақыт мөлшерін бірнеше есеге үнемдеуге, бақылау мен тексеруде объективтілікке қол жеткізіледі. Компьютердің мультимедиалық ерекшелігі тест тапсырмаларын алуан түрлі етіп, сөйлесу әрекетінің барлық түрін қамти отырып, қатысым әрекетіне негіздей құруға мүмкіндік береді. Қазақ тілін ғаламтор арқылы оқыту жүйесінде қолданылып жүрген онлайн-тестілеу жүйесінің диагностикалық мақсаты – бақылау, тексеру, бағалау, статистикалық мәліметтерді талдау, қорытынды жасау арқылы тіл үйрету үдерісінің нәтижесін, тіл үйренушінің қатысымдық құзіреттілігінің деңгейін анықтау болып табылады, ол өз кезегінде кемшіліктер мен жетістіктердің себептерін айқындауға, тіл үйрету үдерісінің әрі қарай даму болжамдарын жасауға ықпал етеді.

Сабақтың тиімді жағының бірі – ол заман талабына сай сабақты электронды оқу құралдарын, интерактивті тақтаны пайдалана отырып жүргізу. Тіл үйренушіге мәтінді электронды оқу құралдарынан компьютер көмегімен тыңдап, сұрақтарға жауап беріп, мәтін негізінде бірнеше грамматикалық тапсырмалар орындауға мүмкіндік берілген. Ең бастысы – тапсырмалар күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға негізделіп берілген, яғни бұл тіл үйренушінің тілді жеңіл түсініп, тез меңгеруіне көмектеседі. Ұсынылған сабақ жоспары тиімді, кезеңдері байланыстырыла, түрлі тапсырмалармен толық түрде ұсынылған. Егер әр сабақты мұғалім аталған сабақтай жоспарлап, мүмкіншіліктерді, жаңа технологияларды толық пайдаланып жүргізсе, мемлекеттік тілді меңгерген азаматтар санының өсері сөзсіз.

Қазақ тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың сөздік қорын тексеру.

Оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану – біздің қазіргі заманымыздағы маңызы зор мүмкіндік.

ХХІ ғасыр – ақпараттандырылған ғасыр. Ол қазақ тілінің де дәстүрлі сабақтарына өзгертулер енгізетіні сөзсіз.

Ал біз мектептегі білім беру үрдісінде сол, қазіргі ақпараттық технологияларды дұрыс әрі тиімді қолдана білуді үйренуіміз керек.

Компьютер көптеген қиындаған қызметтерді атқара алады. Сондықтан да, оны ой - өрісінің өнері деп те атауға болады. Адам іскерлігінің әр түрлі салаларында жаңа компьютер техникаларын және ақпаратты жеткізу құралдарын енгізу осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Бұл тәсілдер компьютерлік техниканың тамаша мүмкіндіктерін кеңінен қолдануға, ақпараттың сақталуы мен берілуіне негізделген. Бұлардың барлығы ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ұғымына сыйдыруға болады. Сонымен, оқуда интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың білімі нанымы болады. Сонымен қатар интерактивті тақтамен орындалатын жаттығулар оқушылардың білімді меңгеруін жеңілдетеді, деректерді есте сақтауға ықпал жасайды.

Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5% және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.

Интерактивті тақтада орындалатын тапсырмалар бір мақсатқа бағытталған, өзара байланысты әрекеттердің тұтастығын көрсетеді. Ол әрекеттер тілдік және ой операциясының күрделенуіне байланысты болады.

Оқу тапсырмаларының негізінен, жазба түрде орындалуын қажет ететін логикалық тілдік жаттығулардың арқалайтын «жүгі» салмақты, өйткені бұл жаттығулар арқылы оқушы қазақ тілі тақырыптарын грамматикалық ерекшелігін танудың нық әрі сенімді баспалдағын қалайды және оқушы үшін маңызды болып табылатын жазу, орфография ережелерін меңгереді.

Білім берудегі интерактивті тақтаны қолданудың үш кілттік бағытының артықшылығын қарастырайық.

1. Презентациялар, демонстрациялар, модельдеуді сабақтарда қолдану

Интерактивті тақта – визуалды ресурс. Сабаққа қажетті кез келген суреттер, сызбалар, кесте, диаграммаларды қолдануға мүмкіндік береді. Интернет желісіне қосылып ақпарат алуға, оқу материалын қозғалмалы күйге келтіру, абстрактілі ойлау мен түсінуді моделдеуге , обьектілерді ойлау мен түсінуді моделдеуге, обьектілер арсындағы байланыс орнатуға болады.

2. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігінің артуы

Интерактивті тақтамен жаңа сабақ өткізу кезінде тиімді қолдануға болады. Әр пәннің өз ерекшелігімен қатар, өзіндік күрделігі де болады. Сондықтан ұстаздың міндеті осы күрделікті дұрыс құрастырып, сабақтың әр сағатын тиімді өткізу. Жалпы интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімін жетілдіру барысында іскерлігін дамыту, тапсырмаларды орындау барысында теориялық білімдерін тиімді пайдалана білу.белсенділік танытып тапсырмаларды ұқыпты орындаған оқушылардың ой-өрісін жан-жақты жетілдіруіне, шығармашылық қабілетін арттыруына, белсенділігін дамытуына ықпалы зор.

3. .Уақыт ұтымдығы

Егер сізде интерактивті тақта болса, сізге күтуге тура келмейді. Мысалы, жаңа тақырыпты, үй тапсырмасын жазып уақыт алмаймыз. Алдын ала дайындалған материалдарды қолдау арқылы тіпті қиын тақырыпты оқушыларға меңгеруге оңай болады. Қолданылған материалдарды сақтап қоюға болады.

Қазақ тілін оқытңу үрдісінде оқушылардың танымдық іскерлігін белсендіру – мұғалімнің басты міндеті.

Бір назар аударатын жай, компьютерді қолдану мұғалімнің арнайы дайындығын қажет етеді. Мұғалім компьютерлік сауаттылықтың ғылыми негіздерін білуі шарт.

Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі – мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, ақпараттық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Мұғалім тек өз пәнін терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.

Компьютерді мұғалім қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдала алады. Мұғалім ақпараттанушы емес, оқушының жекетұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.

Компьютерлік оқулықтар және компьютермен түрлі жұмыстар жүргізу арқылы оқушының біліктілігі мен белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыру жүзеге асырылады. Сондықтан да окушы компьютерде жұмыс істеуге қажетті біліктілерді меңгеру қажет.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін компьютермен оқытудың мақсаты - оқу жұмысының жоғары дәрежелі болуына жағдай жасайды, оқушының қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша біліктілігі мен белсенділігін арттырады, жеке тұлғаныңәлеуметтенуіне әсер етеді, өзін-өзі реттеуді дамытады, оқушының мақсатты қызметін ынталандырады. Қазақ тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен информацияларды білуге жол ашады.

Қазақ тілі сабақтарында оқытылатын компьютерлік бағдарламамен жұмыс істеу түрлері:

Ақпараттық құралдармен жұмыс жасау дағдысы: маңызды ақпараттарды анықтау, талдау. Оны тәжірибеде қолдану қазіргі заманда кез келген орта үшін қажет. Бұл дағдылықтың негізі мектепте қалануы тиіс. Сондықтан, қай пәнді болмасын, оқыту үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі мол.

2.3 “Ақпараттық технология” бойынша профессор ғалымдардың ой – пікірлері .

Қазақ тілін ақпараттық технология арқылы оқушылардыңсөздік қорын дамытуда, ерекше көңіл бөліп жүрген профессор ғалымдар да жеткілікті.

Солардың бірі,филология ғалымдарының докторы, профессор ғалым

Н.Оралбаева : «Көрнекілік оқушылардың матералды тез және саналы түрде түсінуімен бірге, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі», - дейді.

М.Жұмабаев айтқандай:: “Ақпараттық технологияны” – заман талабына ғана емес, жаңа сөзбен, жаңа ұғыммен таныстырып, оны пайдаланып, қолданысқа түсіруде ең тиімді құрал .

Бүгінгі бала – ертеңгі ел иесі, ендеше біз оны мектеп қабырғасында өздігінен білімденуге бейімдеуіміз керек. Е.Жұматаева : «Бұрынғы түсінігімізде білім беру үрдісі тек оқытушының үлесі деп қарайтын едік. Бүгінгі нарықтық қоғам талабымен бағамдасақ, білім беру де, оны меңгеру тұтас жүйесімен кез – келген субъектінің харекеті болып отыр» дегендей, заман іскер адамдардікі.

Отандық ғалым Ахмади Есжанов мультимедиа ресурстарына «Электорнды мультимедиа: ресурстары мен құралдары» атты ғылыми мақаласында мыналарды жатқызады:

электрондық мультимедиа оқулықтары;

ақпараттық – іздестіру мен анықтамалық мультимедиа жүйелері;

қолданбалы мультимедиа энциклопедиалары;

білім деңгейлерін тексеру мен өлшеуге арналған мультимедиа құралдары;

электорндық тренажерлар;

алыстан қатынас жасау зертханалары мен виртуальдық зертханалардың мультимедиа құралдары;

автоматтандырылған үйретуші жүйелер;

сараптамалық үйретуші жүйелер;

парасаттылық үйретуші жүйелер;

Қорыта айтқанда, «Адам мақсатына өзін - өзі жетілдіру арқылы жетеді», - деп Әбу Насыр әл Фараби айтқандай, ақпараттық технологияны игеру үшін ізденуге, білімденуге ұмтылу – басты мұрат.

Компьютерді пайдалану сабақ сапасын көтерумен қатар окушылардың ынғасын, белсенділігін арттыруда ерекше орын алады. Оқушының назарын пән мазмұнына аударады, өз бетінше практикалық жұмыстарды орындауға қызықтырады. Оқытушы көбінесе оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолданған жөн. Көбінесе, проблемалық оқытту, ойын арқылы оқыту, инновациялық оқыту, саралап оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, компьютерлік оқыту және жаңа технологиялар бойынша оқыту, электронды оқыту т.б. Компьютерлік технологияларды оқу процесінде тиімді қолдану үшін, ең алдымен, өтетін пәнге талдау жасау керек.

Өткен ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді тану құралы болып табылады. Олай болса, барлық пәнді, соның ішінде, қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтарын компьютердің қуаттауымен жүргізуді үйрену - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.

Оқыту процесінде шәкірт пен ұстаз арасындағы қарым-қатынастың атқаратын рөлі ерекше. Осы талапты жақсы түсінген ұстаз ғана өз оқушыларының жүрегіне жол тауып, олардың компьютерге деген қызығушылығын, пәнді үйренуге деген ынта жігерін, құштарлығын арттырады. Дүниежүзілік өркениетке жету үшін ұрпағымыз білімді, парасатты, бүкіл ғаламдық мәдени құндылықтарға ие болу үшін жан-жақты болып өсуі шарт.

4. Әдебиеттер тізімі :

  • 1.Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқының әл – ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халқына Жолдауы. – Астана. «Ерорда», 2008.

2.Рысбаева Г.Қ., Ерназарова З.Ш., Есеналиева Ж.Ж. «Қазақ тілі» пәні бойынша электрондық оқулық.. Алматы 2004 ж.

3. Қалым Г.М.. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Педагогикалық альманах, 2011.

4.Жұматаева Е. Жоғары мектеп дидактикасы. – Павлодар, 2006.

5.Түсіпова А. Компьютер-оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы. – Қазақстан мектебі, 2004. – №7.

6. Өтемұратова Б.С. Білім беруде ақпараттандырудағы мәдениеттанымдық аспектілер // Қазақстан кәсіпкері. – 2009. – №11.

Автор
Дата добавления 11.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров554
Номер материала 274367
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх