Инфоурок Начальные классы Рабочие программы"Бисерден білезік тоқу" атты ашық сабақ. Еңбекке баулу. (4 сынып)

"Бисерден білезік тоқу" атты ашық сабақ. Еңбекке баулу. (4 сынып)

Скачать материал

Бекітемін:

Мектеп директоры:

Еңбекке баулу

Кабинет:

Уақыты:

Мұғалім:Байсадыкова А.Б.

Сабақтың тақырыбы

Ұсақ моншақтардан жасалған білезік

Күтілетін нәтиже

- бисермен жұмыс жасау техникасын меңгереді
- сұрақтарға жауап бере алады
- бисердің шығу тарихын біледі
- білезіктің жасалу технологиясын үйренеді
- байқағыштық қабілеттері артады.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың бисер тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс істеуге, ынта – ықыласын, шығармашылық қиялын дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Топтық жұмыс. Шығармашылық жұмыс

Көрнекіліктер

Акт. Слайд. Бисерден тоқылған дайын бұйымдар, суреттер, бисерлер, моншақтар, жұмсақ сым

Сабақтың барысы


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпқа ену, оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, сәлемдесу «Ыстық ықылас» тренингі арқылы жылы лебіздерін білдіру іс әрекетін ұйымдастыру.

Сәлемдеседі, жылы қабақты сезеді. Топпен жүректен шыққан жылы тілектерін білдіреді.




Топқа бөлу

Адасқан әріптерді орнына қою арқылы топқа бөлінеді.

АҚЛА, ІЗЖҮК, АРҒЫС, ІБЛІКЗЕ

  1. Алқа тобы

  2. Жүзік тобы

  3. Сырға тобы

  4. Білезік тобы

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақ бойынша жіптен алқа жасауды аяқтап келу

?

Қызығушылық ты ояту

Бұл бұйымдарды қалай атауға болады (Әшекей бұйымдар.) Әшекей бұйымдарды кім жасайды.(Зергер) Зергер туралы оқушылар өз ойларын айтады.

Зергер – асыл тастан, алтыннан, күмістен, сәнді бұйымдар жасайтын үлкен өнер иесі, шебер адам.

Жаңа материалмен жұмыс.

Мұғалімнің түсіндірмесі:

- Біз бүгінгі сабақта бисердің шығудың тарихы және түрлері жайында, ал сарамандық жұмыста білезік тоқуды үйренеміз.(ассоцация құру).
- Бисер дегеніміз не?
- Бисер деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік. Ұсақ домалақ, сопақ, әр түрлі хрусталь, шыны, металл, керамикалы материалдардан жасалады.
Әйелдердің, қыз - келіншектердің киімдерінің алдын, өңірін, жеңін, жағасын және көзәйнектің қабын, сөмке, әмиян, қамзол, сәукеле, жейде, аяқкиімдерді сәндеуге қолданады.
Бисермен тоқу өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты, фантазия, мен шеберлікті талап етеді. Ал, схемамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді айыра білу керек. Барлық қолөнер сияқты бисер тарихы бар. Бисер қай кезден бастап пайда болды?

1. Бисер - ол кішкентай ортасында тесігі бар шариктер. Түстері әртүрлі. Құрамына қарай бисер шыныдан және металдан жасалған болып бөлінеді.
2. Стеклярус - шыны түтікше ( 5 - 10) қырлы немесе цилиндр пішінді.
3. Бисерді ең көп шығаратын жер, Жапония.
5. Бисердің отаны Ежелгі Египет, бұл жерде түрлі түсті шыныдан үлкен моншақтарда жасаған.
6. «Бисер» сөзі арабтың «буера» сөзінен шыққан. Ол «ортасы тесік моншақ» деген мағына береді.
7. Бисердің түрлері: қарапайым жай бисер, стеклярус, рубка, богем бисері, Шорлот деп бөледі.

Оқушылардың ізденіс мәліметтерін тыңдау.
Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі - түсті жұмыстар жасауға, әшекейлеп тоқуға болады. Қолдан жасалған бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады.
Қазақ зергерлері көбінесе қыз – келіншектердің ажарын ашатын, сұлу етіп көрсететін зергерлік бұйымдар жасаған. Сол зергерлік бұйымдардың сәнін келтіруге моншақтарды кеңінен қолданған.

Халық әшекейлері - тәрбие тәртіпке, әдет - ғұрыпқа, салт - дәстүрге сәндіктерге көшпелі, мейірімділік, әділеттілік деген ұғымдарды жастарға осы әшекейлер арқылы жеткізіп түсіндіріп отырған.

Жаңа сөздер:
Бисер - ұсақ моншақтарға берілетін жалпы түсінік.
Стекулярус - ұзындығы 3мм түтікше тәріздес сумоншақтың түрі.
Фурнитура - қосымша көмекші материалдар (түйме, ілгек, жіптер, композиция)
Композиция - бірнеше заттың көркем жиынтығы және құрастыру





Көрмемен таныстыру

Бисерден жасалған бұйымдарды көрсету. Бисерден кез- келген әшекей бұйымдар және заттарды жасауға болады. Әйелдердің, қыз - келіншектердің киімдерінің алдын, өңірін кестелеуге, киімдерге, әртүрлі бұйымдар жасауға қолданады. Бисермен кестелеу ұзақ уақытты, шыдамдылықты талап етеді.

Қазіргі кезде бисерден тоқылған бұйымдар, жастар мен орта жастағы әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер, аяқ киімдерді, сөмкелер жиі кездестіруге болады. «Өмір жасы» ұзақ болу үшін мықты болып келетін жібек жіппен лескімен орындалады. Бисермен қазақтың ою-өрнектерін тұмарша, өңіржиек, бойтұмар, сондай-ақ алқа, шашпау тағы басқа өте сәнді әшекейлер: сырғалар, мойынға тағатын алқалар тоқу өте сәнді көрінеді.


Сергіту сәті:


Сарамандық жұмыс.


Қауіпсіздік ережелері:
1. Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме
2. Қайшыны арнаулы қобдишаға сақтау керек.
3. Инені жұмыс істегенде оймақ киген дұрыс
4. Инені киімге қыстыруға болмайды.
5. Инені тістеп ауызға салуға болмайды.
6. Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.
7. Моншақтар шашылып кетпес үшін оларды бөлек жайпақ ыдыстарда немесе қорапшаларда ұстаған жөн.
8. Бисермен бұйым тоқу кезінде бисерлер домалап шашылып кетпес үшін, бисерді түкті матаның үстіне төккен дұрыс.


Қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу. Қауіпсіздік ережесі мен жеке бас гигиенасы, қайшымен жұмыс істеу ережелерін еске түсіру.
Құрал - жабдықтарымызды парта бетіне реттеп қойып аламыз.Олар жұмысқа кедергі жасамауы керек.Әрқайсысы өзінің алдындағы дайындаған материалдарымен жұмыс істейді.
Көрсетілген үлгілердің элементтерін пайдалану арқылы немесе өз қиялдарыңа ерік беріп, шеберліктеріңді көрсетіңдер.Жұмысты бастамас бұрын нені қалай жасауға болатынын жақсылап ойланып алыңдар.

hello_html_m9657cff.png

Жұмыстың орындалу реті:

  1. Жасалатын білезіктің ұзындығына қарай екі қабатталған жіп аламыз.

  2. Жіптің екі ұшын да жіңішке иненің көзінен өткізіп, иненің біреуінен ұсақ моншақтарды тіземіз. Жіптің екінші ұшындағы инені тізілген моншақтарға кері қарай өткізіп, оны таратамыз.

  3. Осы тізбекті қажетті өлшемге дейін қайталаймыз.

әркім өз қалауымен моншақ түрін таңдап алады.
Олай болса, іске сәт, балалар!

hello_html_6d6da437.png


hello_html_m61dbd0c9.png

Қосымша тапсырма

Жұмбақтар шешу

1. Тап – тап, тап жорға,
Табаны жоқ боз жорға.
Желіп кетсе жеткізбес,
Жерге түссе таптырмас (ине, игла)
2. Басы екеу, аяғыда екеу (қайшы, ножница)
3. Ине өткен жерден -......... өтер (жіп, нитка)
4. Әйнектен, інжу - маржаннан жасалатын түрлі түсті ұсақ моншақты қалай атайды? (сумоншақ, бисер)
5. Әшекейлі күбіні
Июлі тұрған шөмеле,
Кигіздім биік төбеге (сәукеле)
6. Әжеме өң берген,
Жиегін көмкерген
Етегі желкендей
Киім еді ол нендей. (Кимешек)

Қорытынды бөлім

Бисер дегеніміз не? (Пластмассадан, әйнектен, інжу - маржаннан жасалған түрлі – түсті ұсақ моншақтарды бисер деп атайды.)

Графикалық диктант. (Сұраққа жауап ия – немесе жоқ деп белгіленеді, жеке жұмыс)
1) Стеклярус домалақ ұсақ моншақтар
2) Бисер деген сөз ұсақ моншақтарға берілетін жалпы түсінік
3) Бисерді темірден жасайды
4) Моншақпен кестелеуге болады.
5) Кергіш киім тігу үшін керек.
6) Бисердің отаны Ежелгі Египет.
7) Бисерді ең көп шығаратын жер Жапония.
жауабы:

Үйге тапсырма

Бисерден алқа жасау.

Бағалау

Жасалған бұйымдарды қабылдап, оқушылардың еңбегін бағалау;
• Жіберілген қателіктерді қайта түсіндіріп, оны іс жүзінде көрсету;
• Жақсы жасалған жұмыстарды атап көрсету.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBAC:\Users\1\Downloads\загруженное (2).jpg



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Бисерден білезік тоқу" атты ашық сабақ. Еңбекке баулу. (4 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по связям с общественностью

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 773 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.02.2016 13713
    • DOCX 904 кбайт
    • 69 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байсадыкова Анаргуль Болатбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18240
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 34 регионов

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 135 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания литературного чтения в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 28 регионов

Мини-курс

Психические защиты и психоаналитический взгляд на личное развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 14 регионов

Мини-курс

Современные подходы к духовно-нравственному воспитанию дошкольников

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Создание контента и заработок в онлайн среде: регулирование, продвижение и монетизация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 151 человек из 51 региона