Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Технология / Презентации / Бисерден сакура ағашын жасау
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Технология

Бисерден сакура ағашын жасау

библиотека
материалов

Сабақтық тақырыбы: Бисерден Сакура ағашын жасау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға бисер туралы толық мағлұмат беру;
Дамытушылық: оқушылардың жұмысты орындағандағы еріктілігін дамыту, алған білімдерін өз бетінше қолдана білуін қадағалау, эстетикалық талғамын қалыптастыру;
Тәрбиелік: оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Сабақтық көрнекілігі: үлгілер, ескертпелер, дайын бисерден жасалған сакура ағашының бұтағы
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері, математика, тарих

Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен сәлемдесемін;
• Оқушыларды түгендеймін;
• Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;
• Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.

Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.

Жаңа сабақ
Оқушылар бүгін біз бисерден бұйым жасауды үйренеміз. Бүгін біз сакура ағашының бұтағын жасаймыз. Сакура – ағашы – Жапон халқының символы болып саналады. Сакура мамыр қарсаңында гүлдеп шыға келді. Жапон елінде де сакура гүлдегенде тіпті үкімет үйіндегілер де орталық бақтарына барып, халықпен бірге жаңадан жапырақ жайған гүлдерді сүйсіне тамашалайды екен. Ол “ханами” деген дәстүрге айналыпты. Бұл сөздің мағынасы мынадай екен «хана»- гүлге, ми – қарау. Арнайы мереке ретінде аталып өтілетін бұл іс - шараға құрметті қонақ ретінде шетел дипломаттары мен журналистер де шақырылады - мыс. Өйткені, сакураның гүлдеуі – жапондар үшін жаңарудың туы мен ұраны іспетті. Бізде жаңару айы Наурыз саналса, жапондарда ол сәуір айына тұспа - тұс келеді. Сондықтан жапондықтардың барлығы, мейлі ол мемлекеттік қызметші болсын, мейлі кәсіпкер болсын, мейлі қарапайым жұмысшы отбасы болсын осы аймен бірге табалдырықтарынан бақыттың аттауын тілейді.

Сакура туралы мынандай аңыз да бар деседі. Сакура атты қария Хотта деген байдың қаталдығы туралы Сегун өлкесінің басшысына шағым айтып келеді. Бірақ басшы жалаң сөзге сенбейді. Сол кезде Сакура балаларын шақыртып, әлгі байдың ұрдажықтары дырау қамшымен тіліп - тіліп тастаған арқасын көрсетеді. Сегун болса қатыгез Хоттаның сазайын береді, бірақ ыза - кегін ішіне бүгіп қалған ол кейін Сакураны балаларымен бірге қолына түсіріп, шие ағашының діңгегіне байлап, таяқтың астына алады. Қашан көз жұмғанша... Міне, содан бері, дейді жапон аңызы, Сакура мен бейкүнә балалардың қаны бойына сіңіп қалған шие ағаштары қызғылтым түсті бояуға малынып гүлдей бастайды. Бисердің шығу тарихына тоқталсақ бисер деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік. Ұсақ, домалақ сопақша, әр түрлі – хрусталь, шыны, керамикалық материалдардан жасалған моншақтарды бисер деп атайды екенбіз.

Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал. әйнектің қашан пайда болғанынан әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда Финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқталады. Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс - аяқтар біздің заманымызға дейін УІ ғасырдың ескерткіштерінен табылған.

Керекті құрал – жабдықтар:
• Бисер түрлері;
• Диаметрі 3 мм болатын сым;
• Сызғыш, қайшы;
• Қалың сым;
• Мулине жіп;
• Гипс немесе алебастр;
• ПВА желімі;
• Қоңыр, ақ, жасыл түсті гуашь;
• Изолент.

Сарамандық жұмыс
1. Қауіпсіздік ережесін үнемі есте сақтау керек;
2. Жұмыс киімін кию;
3. Құралдарды тексеру;
4. Шұңғылдау бір ыдысқа керекті бисерлерді қосып араластырып аламыз;
5. 60 - 70 см ұзындықтағы жұқа сымды аламыз;
6 Сымның бір шетінен 10 см қалдырып ораймыз (төменде көрсетілген суретке қарап отырып жасаймыз)
7. Сымның бір шетін түйіндеп, екінші шетінен бисер өткіземіз де, сымның шетін түйіндеп қоямыз;
8. Дайын сымның екінші шетіне 5 дана бисерді енгіземіз де сымды біртіндеп оруды бастаймыз; Бір гүл үшін осындай бисердің 5 данасы қажет;
9. Дайын бұтақтардың бір - біріне біріктіріп жіппен орап, изолентпен ораймыз да гүлдің бір бұтағын дайындаймыз;
10. Дайын болған гүлдерді қалың сымға біріктіріп, тал бұтағына ұқсастырып сымды майыстырамыз да изолентпен ораймыз;
11. Дайын ағашты арнайы ыдысқа саламыз, ол үшін бізге гипспен ПВА желімге кішкене су қосып араластырып ыдысқа құямыз да, үстіне ағашты саламыз;
12. Осы ағашымыз 2 тәулік бойы тұру керек;
13. Гипс кепкеннен соң гуашпен бояймыз;
14. Эстетикалық талғаммен ағашымызды түрлендіреміз.

Қорытынды сұрақтар
● Сакура ағашының отаны қай ел?
● Сакура ағашы қай кезде гүлдейді?
● Сакура ағашы туралы қандай аңыз әңгіме білесіңдер?
● Бисер дегеніміз не?
● Бисердің отаны қай ел?

Оқушы жұмысын бағалау.
• Жасалған бұйымдарды қабылдап, оқушылардың еңбегін бағалау;
• Жіберілген қателіктерді қайта түсіндіріп, оны іс жүзінде көрсету;
• Жақсы жасалған жұмыстарды атап көрсету.
Үй тапсырмасы: жұмысты үйден аяқтап келу.

.

Краткое описание документа:

Автор
Дата добавления 17.02.2015
Раздел Технология
Подраздел Презентации
Просмотров433
Номер материала 393026
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх