Инфоурок Другое Другие методич. материалыБіз бақытты баламыз (концерттік бағдарлама)

Біз бақытты баламыз (концерттік бағдарлама)

Скачать материал

Тақырыбы:                               Біз бақытты баламыз

Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіріп айтуға үйрету. Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.

Түрі:  концерттік бағдарлама

 

1-жүргізуші:

Өздеріңмен  өлшеусіз нарқым менің,

Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.

Абай орта мектебіне ақ  ниетпен,

Қош келдің, айналайын, халқым менің.

 

2-жүргізуші:

Өлшеулі ар-намыс пен нарқымыздың,

Қорғаны адамдық пен салтымыздың.

Армысыздар аяулы ұстаздарым,

Сенері сіздерсіздер халқымыздың.

 

1-жүргізуші:

Армысыздар, еліміздің асылдары,

Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән мен жыр, өлең мен күй,

Сіздер   үшін өнердің шашулары.

 

2-жүргізуші:

Тасқындаған табысымды айтамын,

Өнердің біз өшірмейміз май шамын.

Әнші де бар жез таңдай, биш де бар,

Әнші Айгерім бұлбұлдайын сайрасын-деп, мектебіміздің жезтаңдай әншісі, Абидолда Айгерімнің орындауында «Саржайлау» әні.

1-жүргізуші:  

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегінде таныстым, мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

 «Алға, қазақ жігіттері» әнімен 6-сыныптың «Жігіттер» тобын

ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші

Бақыт келер әрқашанда күреспен,

Бақыт үшін қарт бабалар күрескен.

Бақыт үшін арпалысты әкелер,

Тек бақытқа қол созумен ұл өскен-дегендей,

7-сынып оқушыларының«Атаның сөзі-ақылдың көзі» атты көрінісін тамашалайық.

1-жүргізуші:

Өнерді жанымменен түйсінемін,

Қашанда өнерлі жас сүйсінерім.

«Қазақ биін» билесін мың бұралып,

Биіменен шашу шашып, бишілерім-деп,

Ортаға 5-сыныптың оқушыларының

орындауында «Қара жорға» биін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: 

Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,

Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.

Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,

Қандай жүрек қалады қанат қақпай-дей отырып,

7-сынып оқушысы Төлеғазы Гүлдананың орындауында «Шалқыма» әні.

1-жүргізуші:

Мектеміздің КТК   «Жас қыран КЗ» тобын қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші:

6-сынып оқушысы Сайн Жәмиланың орындауында халық  әні «Ақбақай».

1-жүргізуші:

Ән мен күйің бұзылмас мақамынан,

Артық пейіл табылмас Отанымнан.

Олжалап орын алу мақсатым бар,

Алдыңғы елу елдің қатарынан- дей келе 

10-сынып оқушысы

Сейтқали Мейірімнің орындауында «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар. 

2-жүргізуші:

Көп ұлттың құт дарыған мекеніміз,

Достық күйін мақтаныш етеміз біз.

Бейбітшілік бүгінгі ұранымыз,

Аңсаған мұраттарға жетеміз біз.

6-сынып оқушылары Дәулеткелді Нұртас пен Тұрлығожа Шұғыла «Өзбек биін» қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

5-6-7-сынып оқушыларының орындауында «Асыл айым» бишілер тобын қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші:

Келеді жыр сыйлағым, гүл сыйлағым,

Жанымның жайып салып, тылсымдарын.

Махаббат боп маздаған мына ғалам,

Бақытты мектебімнің білсін бәрін-дей келе, 6-сынып оқушысы Төлеғазы Алуаның «Ертегілер» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Ұстазға керек үлкен жүректілік,

Ала алмас беделді ешкім тілеп тұрып.

Шын бедел, ел таңдауы, халық сыйы,

Оны ешкім бере алмайды үлестіріп- демекші, «Ұстазым» әнімен Сағынай Саян.

2-жүргізуші:

Хор:    Оқушылардың орындауында

               «Қазақ елі»

 (Мектеп директоры Исаев Даулен Нұрғалиұлына сөз кезегі беріледі.)

 1-жүргізуші:

Қазекем қонақ десе көсіледі,

Мұндайда жан түйіні шешіледі.

Ақ тілеулі, ырыс қой қонақ деген,

Өзімен ала келер несібені.   (Қонақтарға сөз)

2-жүргізуші:  

Осымен «Біз бақытты баламыз» атты концерттік бағдарламамыз аяқталды.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Біз бақытты баламыз (концерттік бағдарлама)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный бухгалтер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 501 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.02.2016 4586
    • DOCX 21.5 кбайт
    • 74 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байтурбай Орынбасар . Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Байтурбай Орынбасар
    Байтурбай Орынбасар
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 5
    • Всего просмотров: 31177
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой