Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Конспекты / 'Біз батырлар ұрпағымыз' 9 сынып

'Біз батырлар ұрпағымыз' 9 сынып

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Директору, завучу

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Біз батырлар ұрпағымыз

Мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін, туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту.
Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, өзін - өзі басқаруға, еркін сөйлеуге ерік беру.

Жеңіс күні - адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен - 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болды. Халық үшін бұл ауыр кезең болды.
Құрметті осы кештің қонақтары, ұстаздар, оқушылар! Біз бүгін Ұлы Жеңістің 67 жылдығына арналған 9 мамыр мерекесі барлығымыз үшін ең бір қымбат тарихи күн екені күмәнсіз. Біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің қандай бағамен келгенін ешқашан ұмытпаймыз. Біз Отанымыздың бейбітшілігі мен тәуелсіздігі үшін өз өмірлерін қиған аяулы жандарды мәңгілік естен шығармақ емеспіз.

Кешегі неміс - фашист басқыншыларымен болған қырғын соғыстағы жеңіс оңайлықпен келмеді. Талай ардақты азамат елі, жері үшін жанын қиды.: Бұл мереке әрқайсысымыз үшін жақын да қымбат мереке.
Жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын.
Өкінішке орай, уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарларымыздан алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де, ештеңе ұмытылмауы тиіс! Себебі, бұл – біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!
1941 жылы маусымның 22 – сінде Гитлерлік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан опасыздықпен шабуыл жасағаны баршамызға аян.
Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.
Ұлы Отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы зор болды. 1945 жылы 8 - мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылы мамырдың 9-ында бұрын – соңды болмаған мың зеңбірек 30 дүркін салют атылды. Міне, жеңіс күні осылай келген еді.
Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті. Биыл Ұлы Жеңістің 67 жылдығын атап өтеміз.
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы
Ұлы Отаным болсын иіп бір минут
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
- Құрметті ұстаздар, оқушылар сол ағаларымыздың рухына бас иіп 1 минут еске алайық.
1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайлап келе жатқан кезде фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.
Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталды.

Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қару шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5, 5 миллион адамға жетті.
Адам баласы үшін соғыстан асқан кесапат жоқ. Соғыс! Жалғыз ауыз сөз. Бірақ қандай қорқынышты?! Соғыс дегеніміз – қайғы – қасірет, қантөгіс, өлім – жетім. Соғыс дегеніміз – күн сайын туған – туыстан, жақын – жорадан, қарулас досыңнан айырылу.
Жүргенімде қуанышпен қамданып,
Керек – жарақ заттарымды қолға алып,
Жиырма екінші сағатында қырық бірдің
Батыстан дауыл соқты долданып.
Таң алдында сағат бесті соққанда
Жынды неміс сылтау тапты жоқтан да,
Тұтқиылдан тыныш жатқан самарқау
Шекараға келіп салды ойранды.
Еске алып туған жер, ана жарын
Биік ұстап абырой, намыс, арын.
Отан үшін аянбай соғысты олар
Кеудесінен ұрса да отты жалын.

Қан кешкенде майданда бабаларым
«Қан көрмесін ұрпағым, бабаларым»
Тілек еткен ұрысқа түсіп алмай
Тауып алып қан - жаса жараларын.

Батырлықтың қашанда тұрағы – елі
Жүрегінде батырдың тұрады елі.
Өшпес ерлік, өнеге, тағылымның
Біз боламыз әркезде мұрагері.

Иә, Отан – ана өзінің 27 миллион ұлдары мен қыздарынан айырылды. Олар дала төсінің ерлері, инженерлер мен ғалымдар, қысқасы адамдардың зор бақытын жасаушылары бола алатын еді. Өмір мен өлім арасында отты майдандарда қазақстандықтар, солардың ішінде өзіміздің осы Кеңес ауылының өрімдей азаматтары қыршын кетті.
Фашистік Германия Кеңес Одағының астанасы – Мәскеуді бірнеше апта ішінде басып аламыз деп жоспарлады. Бірақ Мәскеу түбіндегі шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан фашист басқыншыларын тоқтатып, өздері қарсы шабуылға шықты. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі зор болды

Қазақстаннан Ұлы Отан соғысына 12 атқыштар дивизиясы, 7 атқыштар дивизиясы, 4 атты әскер дивизиясы, 50 жеке полк батальондары қатысты. Соның ішінде
Жамбыл облысынан - 100 мыңнан аса жауынгер ұл мен қыз қолына қару алды.
Меркі ауданы бойынша - 14 мың адам майданға аттанды.
Ән «Қайдасыңдар қаһармандар»
Жиырма сегіз, жиырма сегіз – бір ғалам,
Анау жаудың танктері лаулаған.
Ресей кең, Отан кең, артымызда Москва.
Шегінуге хақымыз жоқ, хақымыз жоқ бір қадам.

Орыс, қазақ, қырғыздан,
Құрылған бұл шағын топ.
Жауға үрей туғызған
Жайпап түсер жалын боп.

Отаным еркелеймін енді кімге,
Өзіңмен нені болса көрем бірге.
Қалайша қабырғама батпас менің,
Басыңа қатер бұлты төнген күнде.
Бәрі:
Барлығы майдан үшін,
Барлығы жеңіс үшін.

Зұлым жауға қарсы күреске 1 миллион 200 мың қазақстандықтар қатысты. Олардың 200 мыңнан астамы ордендермен және медальдармен наградталды. Ал, 500 - і Кеңестер Одағының Батырлары атағына ие болды.
Фашистік Германия Кеңес Одағының астанасы – Мәскеуді бірнеше апта ішінде басып аламыз деп жоспарлады. Бірақ Мәскеу түбіндегі шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан фашист басқыншыларын тоқтатып, өздері қарсы шабуылға шықты. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі зор болды
Б. Момышұлы – Біржан
«Атақты қызыл офицер» - Аяужан
Т. Тоқтаров – Талайбек
М. Ғабдуллин
«Қан сасыған ұрыста» - Айсұлу

Гитлердің басқыншылары 1941 жылдың қыркүйегінде Ленинградқа жетті, қаланы толық қоршауға алды. Ленинград үшін ауыр блокада күндері басталды. 900 күн мен түн басқыншылар Ленинградты әуеден, ауыр зеңбіректермен оқ жаудырды. Ленинградты азат етуде қазақ сарбаздары да ат салысты.

Жерден, көлден, аспаннан,
Соқты жауды ел күнде.
Берлинде алғаш басталған,
Бітті соғыс Берлинде.
ІІ жүргізуші: 1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды, Фашизмнің ордасы Рейхстагқа қазақ жігіті, лейтенант Рахымжан Қошқарбаев Қызыл ту тікті!
Сүйінші, халқым, сүйінші!
Беліңді бекем буыншы,
Жеңдік жауды күйрете,
Жасалған той мереке!
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Көрдік, сіздерді жайдық құшақ,
Елестетіп жанын қиған құрбандарға.
Қарсы аламыз үлгі тұтып,
Майданды көрген, бізге өмір берген аталарды!
оқушылардың орындауында хор «День Победы» әні

Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді далама.
Жеңіс келді әке боп
Жеңіс келді ән болып.
Жеңіс келді алақай
Тоя жейтін нан болып.
Жеңіс, жеңіс!
Бабамыздың –
Қызыл қаны төгілген.
Кеше туған және біздің
Бағымыз боп көрінген.
Лазат, Аяужан, Толғанай, Ағыбай, Нұрлан
Ия, бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлік көрсеткен Қасым Қайсенов, Нұркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сияқты есімдері аңызға айналған аталарымыз бен апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті.
Кетпес олар естен мәңгі,
Кектері тұр кеудемізде,-
Ерлік даңқы - жеңіс таңы
Жарқыратып келді бізге.
оқушылардың орындауында хор «Ақ көгершін» әнін қабыл алыңыздар.
1945 жылдың 9 мамыры. Герман фашизмінің күйрей жеңілген күні. Жеңіс! Ұлы Жеңіс!
Жеңістің туы жалтылдап,
Жығылмай мәңгі тұрады.
Сол тумен өскен аршындап,
Ерлердің бізбіз ұланы!




Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 26.10.2015
Раздел Директору, завучу
Подраздел Конспекты
Просмотров260
Номер материала ДВ-097515
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх