Инфоурок Другое КонспектыБіз бір елдің азаматтарымыз

Біз бір елдің азаматтарымыз

Скачать материал

Тақырып; Отбасы  жарастығы,

Құндылық; Сүйіспеншілік .

Қасиеттер;  сыйластық,  махаббат ,жағымды  қарым-қатынас.

Сынып  5

Сабақ  мақсаты   Оқушыларға  сыйластық ,махаббат, құндылықтары   туралы   түсініктерін   кеңейту.

Міндеттері ; Оқушыларға  отбасы,отбасы  жарастығы,татулығы  туралы  түсінік  қалыптастыру ,Отбасында  жағымды  қарым-қатынас  жасау  іскерліктерін  дамыту.Өзара  сыйластыққа  тәрбиелеу.

 Ұйымдастыру  кезеңі    

 Тыныштық  сәті . Нұрға  бөлену

Үй  тапсырмасын  тексеру

–Өсиет  әңгіменің  мәні  неде

–Отбасының  татулығын  ұстап тұрған  нендей  қасиеттер  екен.Сенің  отбасың  қандай       Дәйексөз   

«Ұяда  не көрсең,ұшқанда  соны  ілерсің»  Қыздар  3 рет,Ұлдар 3 рет,Барлығы 1 рет оқып,талдайды.

Әңгімелесу.

Мұғалімнің  сыйы

«Жанашырлық» Қ.Толыбаев

-Әңгімеде  кім  туралы айтылған..? –Жанашырлық  дегенді  қалай  түсінесің?

«Жанашырлық» ағыл-тегіл  су  емес, ол адамның  адамға бөлінген  мейірім  шапағаты  арқылы пайда  болатын  ізгілік.Әр  адам   өзі көздеген  мақсатына  жетуге  ұмтылады.Қиындыққа   тап  болса  бі р  мейірімді  кісі  көмектесіп  ,жебеп  жібереді .Ақ  ниетпен  туған   сол  жақсылық  жанашырлық   деп  аталады.

Шығармашылық  жұмыс

Топпен  жұмыс

Төмендегі  мақалдарға  сүйініп ,шағын  әңгіме  жаз.

Ата- асқар  тау

Ана-бауырдағы  бұлақ,

Бала-жағасындағы  құрақ.

Ана- бәйтерек

Бала- жапырақ

Анаңды  Меккеге  үш  арқалап  барсаң  да, Қарызыңнан  құтыла  алмайсың.

Ойын «Айналайын – толғанайын». Өздеріңе  арнап  айтылатын  жылы  сөздерді  естеріңе түсіріңдер.

Топпен  ән  айту.            Әкем- әнім  Сөзі ; О.Сүттібаевтікі. Әні;  Ә.Сүлейменовтікі.

Ұшырдың  баптап  ұядан

Кетпейсің  ойдан қиядан

Арманға  биік  қол созсам

Тұрасың  демеп  жиі алдан.

Қайырмасы; Көңілің  бүгін  алаңды,

Күттің  бе,әке,балаңды

Шаттықпен  жарқын  тойыңда,

Сылаймын  сазды  бұл әнді.

Адалдық  әркез  көксеген,

Үйрендім, әке, тек  сенен.

Ардақтап  өтем  мәңгілік,

Ғұмырда  жалғыз  жетсе  дем.

Қайырмасы;

Жүректі  тербеп  күй  сынды,

Биікке  ұшсам  сүйсіндің.

Мойныңа  көптен  асылмай,

Сағындым, әке, иісіңді.

Үйге  тапсырма  «Сыйластық» өлеңін  жаттап  келу.

Соңғы  тыныштық   сәті. Көзімізді  жұмамыз  бүгінгі  өткен сабақты  ой елегінен  өткізіңдер,бұл сабақ  сендердің  өмірлеріңе  сабақ  болсын. Тек  жақсы қарым-қатынас  жасауда бір-бірімізді,ата-анамызды  жақсы  көре  білейік.Екі  көздеріңді  ашсаңдар да болады.

Сабаққа  рахмет.

Қорытынды;

Адамға  өмірде  ең  қыматты- отбасы.Отбасында  сүйіспеншілік, сыйластық,татулық, бауырмалдық  болғанда  бірлік  болады.Бір-бірін  аялап,кешіре, түсіне  білгенде  отбасы  берік болады.

Тақырып:     «  Біз  бір  елдің  азаматтарымыз

Мақсаты :  Әр  ұлт  өкілдерінің  мәдениетін, әдебиетін, салт-дәстүрін               таныта  отырып  ,мәдени  сауаттылық, құзыреттілікті қалыптастыру.

     Қазақстан  халқы  достық  пен  бірлік  ел  екендігін  көрсете                     отырып, әр  ұлттың  өзіндік  салт-дәстүрін  насихаттау

     .Келешек  ұрпаққа үлгі  ретінде  көрсету ,басқа  ұлт  өкілдері, дінге  деген  түсінушілікті      тудыра отырып, полиэтникалық  тәрбие беру,

Өткізу  формасы : ойын-сайыс

Әдістері:   сұрақ-жауап ,топпен  жұмыс,пікірталас.

Сабақ  барысы:     Кіріспе

    Құрметті  оқушылар ,биылғы  жылы  кең  байтақ  еліміздің  Тәуелсіздігінің  25 жылдығын  атап  өтеді. Қазақстан  алуан  ұлтты  бауырына  басқан ,бейбітшілік  пен  татулықты  әлемге  үлгі  еткен, достық  пен  ынтымақты  ел . Қазақстанда  130-дан  астам  ұлт  өкілдері бір ананың  баласындай,  бір  шаңырақ  астында  еңбек  етіп ,тату-тәтті  өмір  сүріп  жатыр.

    Бұл  халқымыздың  кеңдігін ,бірлігін ,ұйымшылдығын ,ынтымақтығын  білдіреді.Сол  үшін  де  біз   шаттанамыз ,туған  Отанымызды  мақтан  етеміз, болашаққа  нық  қадам  басып, қазақ  екенімізді  мақтан  тұтайық. Адамзат  тарихында  қай  кезеңде  болмасын  ғұламалар ғылым  мен  білім  мәселеріне  ерекше  көңіл  бөлген.

  . Қазіргі  ғаламдық  заманда  50 елдің  қатарына  қосылу  үшін  білімнің  аса  қажет екенін  Елбасы  Н.Назарбаев     жолдауларында  баса  көрсетті. Қ.Р. өркениетті  ел  болу  үшін  ең  бастысы -  білім.  Білім -патриотизм  негізі. Білімді  болу  жүйелі  түрде  үйренудің , оқығанды  зердеге , миға  тоқудың  нәтижесі

-Сайыс  сабағымызды  бастайық.

    Сайысымыздың  ұраны  :« Батырлық-балалық  шақта  шыңдалады»

Әділқазылар  алқасын  сайлау.

Сайыс  кезеңдерімен  таныстыру.:

I      Жалпы  сұрақтар

II        «Азматтық».

III      «Ән  шырқайық  бәріміз.»

IV      «Кім  екенін  біл».

     V       «Менің  туған  өлкем-кең  байтақ  Қазақстан»

    

     I   «Жалпы  сұрақтар»   сұрақ-жауап   I топ

 -  Қазақстандағы  тілдер күні ?         

  - Қара сөздер  авторы?

  -Белгілі  ағартушы,этнограф,педагог,бірінші  мектеп  ашқан  кім?

- Тәуелсіздік  алған  күн?

  - Ғасырдағы  қазақ  халқының  әдет-ғұрпы,құқығы?

  - Шыңғыс  хан  қазақтың  қандай  ежелгі  қаласын  жермен-жексен  етті?

  - Қай  жылы  Алматы  астана  болды?

    -Қазақстанның  жаңа  әнұраны  шыққан  жыл?

   -Алтын  жауынгердің  аты ?  ( Сулей)

   -Қазақтардың  қасиетті  кітабы?

   -Орыс  халқының  ағаштан  жаса,лған  әр түске  боялған  қуыршвғы?

   -Рессейдің  бірінші  президенті?

I I топ

-Қазақстан  халқының  бірлік  күні ?             

    - Көшпенділер  романының  авторы?

- Қазақстанның  ұлттық  валютасының  шыққан  күні?

 -Қазақ  хандығыының негізін  қалаған сұлтандар?  ( Жәнібек пен  Керей)

       -Панфилов  дивизиясы қай қаланы  қорғады?

  «Алтын  адам» қай жерден  табылған? ( Алматы облысы,Иссық ауылы )

  -Қазақ  жастардың қозғалыс  көтерген  жылы?

 Қ.Р .елтаңбасының  төменгі  жағында  қандай  жазу  бар?

 Қ.Р –ның  бірінші ғарышкері?                

Аңыз-әңгімелердің  кейіпкері,барлығын  өз  тапқырлығымен  алдаған?

Ежелгі  ескерткіштер, мәдени  орталықтары  сақталған  рессейдің   сегіз  қаласы? ( Сергеев  Посад ,Переславль, Залесский, Ростов, Ярославль, Кастрома,Иваново, Суздаль,Владимир оларды  қалай атайды  Золотое  кольцо  России)

Рессейден  өтетін  Европаның  ең  ұзын  өзені?  (  Волга)

 II     «Азаматтық»  суреттерді  сөйлету.

 Төлеген  Тоқтаров.        Бауыржан  Момышұлы

  Тоқтар  Әубәкіров          И.В.Панфилов

  Беда  Л.И             Азамат  Тілеуханұлы  Жұмаділов

III «Ән  шырқайық  бәріміз.» ( Өлеңнің  сөздерін  жалғастыру ,үлестірмелі қағазға  өлеңнің  екі  жолы  беріледі,)

Әлия.  Қобда,Нева  суларын  сүйіп  өскен,

             Әсем  гүлін  құшаққа жиып өскен.

          (   Аққу құстың  бейне  бір баласындай,

              Сұлу  сазды  жастықтың  күйін кешкен.)

Желтоқсан  желі.

            Желтоқсан  бірде,

            Ел  тоқсан  түрде

            Келетін  мүлде  жайдарлы,

          (  Сол жылы бірақ,Әдеттен  жырақ.

             Көрінді шын  айбарлы.)

Анашым

            Шет  жүрсем  сағынатын,,

Голубой  вагон

            Медленно  минуты уплывают вдаль,

             Встречи  с  ними  ты  уже  не жди,( )

Улыбка

            От  улыбки  хмурый  день  светлей

            От  улыбки  в небе  радуга  проснется

          (  Поделись  улыбкою  своей,,,)

IV    «Кім  екенін  біл»

(Сипаттама  бойынша  кім  туралы айтылғанын анықтау)

С.А.Назарбаева, Мэлс Елеусізов,Төле  би.

V  «Менің  туған өлкем- кең  байтақ  Қазақстан»

(Аукцион ,суреттер  бойынша  кім  көп  мәлімет  береді,сол  топқа  ұпай  қосылады.)

Домбыра,Балалайка,Матрешка,Самаурын,Бәйтерек,Кремль.

 

Қорытынды        « Қ.Р.Президенті-Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан халқына жолдаған  Жолдауында  Түрлі  әлеуметтік, этникалық және  діни  топтардың  келісімі  мен  татулығы. А заматтық  татулық  пен  ұлтаралық  келісім-біздің  басты  құндылығымыз .Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  мәдениеттер   үндесуінің  бірегей  еуразиялық үлгісі болды» деген  сөзімен  аяқтаймыз.

Жеңіске  жеткен  топ  марапатталады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Біз бір елдің азаматтарымыз"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по тяжелой атлетике

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 606 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.10.2016 1316
    • DOCX 24.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакаева Айслу Бурбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жакаева Айслу Бурбаевна
    Жакаева Айслу Бурбаевна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1884
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой