Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / Біз неге өзгеруіміз керек?

Біз неге өзгеруіміз керек?

  • Директору, завучу

Поделитесь материалом с коллегами:

ӨЗГЕРІС НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Кез-келген дамыған мемлекеттерде білім беру жүйесін реформалау экономикасын көтеру барысында жүреді. Бұл үдеріске ең бастысы мына себептер түрткі болады:

  1. экономикалық

  2. біздің балаларымыз әлемдік қоғамдастықта лайықты орнын таба алама деген сұраққа жауап беру үшін

  3. мәдени

Жиырма жылдық тарихы бар біздің жас мемлекетімізде де бұл актуалды проблема болып отыр. Қалай біз балаларымызды ХХІ ғасырда өмір сүруге дайындаймыз, экономикада 10 жылдан кейін не болатынын айта алмасақ. Оны 2008 дүниежүзілік дағдарыс көрсетті. Екініші мәселе мәдени, барлық мемлекеттер жалпы дүниежүзілік білім жүйесінен шықпай өзінің ұлттық мәдениетін сақтап қалғысы келеді. Ол терең тарихы бар қазақ халқы үшін де өте маңызды. Біздің білім беру жүйеміз ІХ ғасырда құрылған, сол оқыту бойынша біз балаларға айтамыз: жақсы оқы, диплом аласын, жақсы жұмысқа орналасасын. Біздің балаларымыз біздің айтқанымызға сенбейді. Әрине, дипломның болғаны жақсы, бірақ диплом жақсы өмір сүретініңе, жақсы жұмыс табатыныңа баланың кепілдік бермейді. ІХ ғасырда құрылған білім жүйесі басқа заманда құрылған, басқа жағдайға бейімделген: барлығына міндетті жалпы білім, барлығына тегін – ол шынымен де сол заманда революциялық идея болған. Осындай өзгерістерден барлық дамыған мемлекеттер өтті.

«ХХІ ғасыр идеялар мен инновациялық технологиялардың бәсекелестік ғасырына айналып барады. Егер қоғамда білімді адамдар жеткілікті болса, онда кез келген ноу-хау барлығымыз үшін қолдан келерлік іске айналады. Жаңа идеялар тудыра білу қабілеті – міне, осы ғана қандай да бір елдің ғаламдану жағдайында алатын орнын анықтайтын болады. Сондықтан қазақстандық өскелең ұрпақ бәсекеге қабілетті білімге ие болуы керек», «Үздік халықаралық тәжірибе елдің бәсекеге қабілеттілігінің жоғары деңгейінің негізгі факторларына қолайлы макро-экономикалық саясат, инвестициялық климат(хал-ахуал), тең дәрежедегі бәсекелестік жағдайлары және ең маңыздысы – білім беру және денсаулық сақтау саласының жоғары сапасы жататынын растайды», - деп көрсетті Елбасы. Олай болса білім берудің сапасы - қоғамдағы білім беру үдерісінің күйі мен нәтижелігін анықтайтын әлеуметтік категория. Ал түрлі елдерде білім беру сапасы айтарлықтай дәрежеде әр нұсқалы. Бірқатар «үздік жиырма» мемлекеттерінің қатарына кіретін мемелекеттердің білім беру жүйсін қарастыра отырып, мені Корея мен Сингапур мемлекетердің білім беру жүйесінің тәжірибелерін зерттедім.

Корея мемлекеті Жапонияның білім жүйесін қолданады, олар Жапонияның колониясына кіргеннен  бастап Жапония білім жүйесіне көшкен. Тәуелсіздігін алғаннан кейін де қолдануға оңай деген себеппен осы білім жүйесін жалғастыруда. Корея білім беру жүйесінде мaтемaтикa мен aғылшынғa бaсa көңіл бөлінеді, Сингапурде оқыту ағылшын, қытай, мандарин тілінде жүргізіледі. Сингапур, Корея білім беру жүйелері «әлемдік көшбасшы» танылып отыр. Мен Сингапурдың білім беру жүйесінің сапасын көтеру тәжірибесіндегі үш факторды Қазақстанда шешуші роль ретінде пайдаланар едім:

  1. лайықты адамдар ғана мұғалім болуы керек;

  2. олар оқытушылық қызметтің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін дайындықтан өтуі қажет;

  3. әрбір оқушы сапалы білім алатындай жағдайды қамтамасыз ету қажет;

Бұл елдерден тәжірибесінде қолданатын оқыту сапасын арттыру жолындағы үш ұстанымды мен Қазақстанға алып келер едім:

  1. мұғалімдікке лайық адамдарды тарту(білім беру жүйесінің сапасы сол салада жұмыс істейтін адамдар қабілетінен жоғары болуы мүмкін емес); Яғни, мұғалім мамандығын таңдағандардың коммуникативтік қабілеті, оқуға дайындығы, мұғалім қызметін таңдауға не түрткі болғанын тест арқыла анықтар едім. Осы аталған шаралар мұғалімдердің оқыту сапасына, өз жұмысына жауапкершілікпен қарауына әсерін тигізетіні сөзсіз.

  2. бұл мұғалімдерді шебер педагогтарға айналдыру(оқу нәтижесі – білім сапасын жақсарту);

  3. жүйе жасап әрбір баланың жоғары білікті білім алуға қолы жететіндей дербес қолдау көрсетуді қамтамасыз ету(жоғары деңгейге жетудің бір ғана жолы – әр оқушының деңгейін көтеру);

Сингапур мен Оңтүстік Корея мұғалімдерді іріктеудің анағұрлым тиімді шараларын жүзеге асыратын елдер қатарына кіреді. Сингапурлық мектеп жүйесі отыз жыл бойы кей кездері бағытын өзгертіп, бірақ ешқашан тоқтамай, артқа шегінбей, алға қозғалып, тұрақты жақсару жолымен  жүрді. Сингапурде Білім министрлігі мен Ұлттық білім беру институты бірігіп басқаратын, бірыңғай жалпы ұлттық деңгейдегі орталықтандырылған іріктеу үдерісі ұйымдастырылған. Ал мен салыстырып отырған мемлекеттерді қарасақ, педагогикалық мамандықты дайындайтын оқу орындарына ең жақсы мектеп түлектерін қабылдайды: Оңтүстік Кореяда – 5%-дан, Сингапурде – 30%-дан.

Осы жерде тағы дар айта кететін жайт – ол білім беру сапасының мониторингісі мен анықталған жағдайларды түзету шараларын үйлесімділігі. Жүлдегер елдерде бұл үдеріс арқылы балалар үлгерімі үнемі бақыланады және нақты оқушыларды түзету шараларына қолдау көрсетуге бағытталған. Біз мониторинг нітижесі бойынша не мұғалімге көмек бермейміз, не оқушыны цифрдың артынан көрмейміз. Ендеше, мен мониторинг нәтижесін пән мұғалімдеріне жекелеген оқушының білім сапасын жақсарту мақсатында қолдануды ұсынамын.

Сингапур мен Оңтүстік Кореяда мұғалімдерге қолдау көрсету үшін тәлімгерлік әдісті кеңінен қолданады. Тіпте Сингапурде кандидат іріктеуде бағалау орталығына тест тапсырады екен, ол адам мінез-құлықтарының мектеп басшысына қойылатын негізгі талаптарға сәйкестігін анықтау тапсырмаларын орындайды.Бұл жерде тек лайықты адам таңдап алу емес, ол адам тиімді басшы болуы қажетті дағдыларды дамыту да аса маңызды. Осы мақсатта болашақ басшылардың лидерлік дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін арнайы курсы әзірленген. Мектеп басшылары мұндай модель шеңберінде сынақ мерзімінен жиі өткіліп тұрады. Мектеп көсбасшысы әкімшілік қызметке емес, педагогтармен жұмыс істеуге көп көңіл бөлу керек. Қазақстанда да осыны басшылыққа ала отырып, қолдануды ұсынамын. Өйткені бұл елдердің айтарлықтай жетістіктері осы тәсілдің тиімділігін көрсетеді. Ендеше өз мектебімде тәлімгерлікті ұйымдастырамын, тәлімгер мұғалім қамқорлыққа алған адамға көмек көрсетеді, сабаққа қатысады, бақылайды, мұғаліммен ой бөліседі, жақсы сабақ беру мүмкіндіктерін бірге ойластырады, мұғалімге өз жұмысының кемшіліктері мен артықшылықтарын түсінуге көмектеседі. Осындай жетекші-тәлімгер, мектеп көсбасшысын дайындау моделін Қазақстанда мен алып келемін. Тәлімгерлікті енгізу арқылы, ол тәлімгер болашақта мектеп көсбасшысына айналуды көздей отырып көп уақытымды мұғалімдерді дамыту мен қолдауға бөлемін.

Оңтүстік Кореяда білім сапасының төмендігінің себебін шешу мақсатында бір мектептің педагогикалық ұжымын басқа мектепке ауыстырып отырады. Өйткені білім сапасы тікелей педагогикалық ұжымының білім деңгейімен байланыстырады. Бұл принцип бастауыш мектептен бастап ұстанады. Ендеше, неліктен өз мектебімізде бастауыш мектеп мұғалімдерін орта буынға және жоғары сынып мұғалімдерін бастауыш сыныптарға сабақ беруге ауыстырып отырамасқа? Бұл сабақтастық мәселесін, бастауыш сынып оқушыларының орта буынға бейімделу мәселесін шешуге көмекші кұрал. Егер бастауыш мектеп оқушысына ортаңғы буын талаптарын қолданса, олардың ортаңғы буынға өтуде бейімделу проблемалады азаяр еді.

Укіншіден, әрбір оқушыға сапалы білім алатындай жағдайды қамтамасыз ету.? Оның бір жолы осы Сингапур мен Оңтүстік Корея мектептерінде қолданатын топтық жұмысты ұйымдастырамын және осы жұмысқа барлық мектеп мұғалімдерін тартамын. Сингапурде оқыту үдерісі әлемге ашық, ұжымда жұмыс істей алуға қабілетті көсбасшыларды тәрбиелеуге бағытталған. Сингапур мектептерінде әрбір сыныпта орташа есеппен 40 оқушыдан оқиды, ола 8 адамнан бес топқа бөлінеді. Сабақ үдерісі барысында мұғалім топтармен жіне оқушылардың өзара әрекеттесуіне жағдай жасайды, әрбір топтағы оқушының өз міндеті бар және сабақ соңында олар біріге отырып бір өнім шығарады[5]. Осы топтық жұмысты ұйымдастыру тәсілін Қазақстанға алып келіп, өз мектебімде іске асырамын. Онда бұл жағдайда топтастыру әдістерін, топтық және жұптық жұмысты іске асыру әдістері мен топ ережесін құру мен ұстану сияқты тәсілдерді қолданамын. Өйткені, топта оқушылардың бір-бірімен білім алмасу, бір-бірін толықтыру, ортақ шешім қабалдау сияқты дағлары дамытылады.

Барлы елдер үшін білім беру дәрежесі туралы халықаралық салыстырмалы зерттеулер нәтижесі болады, оның ішінде анағұрлым маңыздылары PISA, TIMSS, PIRLS болып табылады. Осы зерттеулерді ЭЫДҰ жүзеге асырады. Осы зерттеулерге Қазақстан 2009 жылдан бастап қатыстыжәне үшелді салыстырғанда нәтижелері (СЛАЙД 3).

Яғни, қазақстандық оқушылардың оқу сауаттылығы халықаралық стандарттан айтарлықтай төмен болып шықты. Осы зерттеулер қазақстандық оқушылардың маңызды біліктіліктерінің қалыптасуындағы жетіспеушілігін білдірді. Осыдан мен мынадай қорытынды жасаймын: қазақстандық оқушылар өз білімдерін өмірде қолдана алмайды, біздің бүгінгі күндегі мұғалімдердің пайдаланатын әдіс-тәсілдері осындай дағдыларды қалыптастырмайды. Ендеше осы елдердің тәжірибелерін Қазақстанда қолданайық. Ол қолданыста бар, бірақ біздің жұмысымыз әлі де жүйеленген жоқ. Бірінші ілгері деңгейлік курс тыңдаушысы ретінде өз мектебімде осы елдердің озық тәжірибелерін қолдануды көздеймін: тәлімгерлік, коуч, LS, топтық жұмыс.

Мен Өңтүстік Корея мен Сингапур мектептерінде білім беруде жоғары нәтижелерді қамтамасыз ету шарттары мен жұмыс істеу тәжірибелерін талдау олардың табыстылығы мен тиімділігін қамтамасыз ететін төмендегідей негізгі факторлар анықтадым:

  • Азия елдерінің мемлекеттік саясаты, оның ішінде білім беру саясаты, жаңа парагдигмаға өтудегі ұлттық ерекшеліктерді, өздерінің мәдениетін, Шығыстың дәстүрлі ;

  • мектептегі білім беру жүйесінің табыстылығы кәсіби қызметі сапалылығына қол жеткізуді көздейтін мұғалім мамандарына негізделеді;

  • мұғалім еңбегіне қолдау көрсету және ынталандыру жүйесі;

  • бастауыш мектепте оқыту сапасына ерекше көңіл бөлемін, себебі ол мектеп оқушыларының болашақтағы білім жетістігін анықтайды.

Жоғарыда қолданамын деп аталып кеткен барлық тиімді әдістердің енгізу нәтижесінде мен мынадай жетістіктерге қол жеткіземін:

  1. жекелеген мұғалімге өз жұмысының кемшілігін түсінуге ықпал етемін;

  2. әрбір мұғалім әлемдік озат тәжірибелерді біледі, түсінеді және қолданады;

  3. әрбір мұғалімде өз жұмысын жетілдіруге мүмкіндік алады;

  4. мұғалімдердің өздері оқытып жүрген балалардың білімін жақсартуға ортақ мүмкіншілігі бар екендігіне сенім тұдырамын;

  5. оқушылардың нәтижелерін бақылау арқылы оқыту үдерісін жоспарлаймын;

  6. сыныптарды зерттеу арқылы жекелеген проблемалардың шешімін табамын;

  7. мұғалімдердің әрекетін талдау арқылы тәжірибелерін айтарлықтай жоғарлатамын;

Мен жүйелі түрде осы өзгерістерді бір өзімнің мектеп көлемінде қолданумен қатар жүйелік қоғамдастық жұмысын дамытамын, сол арқылы жақын маңайдағы мектеп мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуына ықпалымды тигіземін. Әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, коучинг, LS әдістерді пайдалану арқылы жаңа қарым – қатынасқа өту қажеттілікті туындатамын. Өйткені бұл әдістерді қолданған кезде мен ұжымдық жұмысты іске асырамын, ұжымдық пікірге сүйене отырып сабақ үдерісіне және қолданатын әдістерді өзгертемін. Инновациялық әдіс–тәсілдерді оқу процесіне енгізу барысынды белгілі деңгейде көздеген белсендікке қол жеткіземін. Инновациялық процестердің жүзеге асуын арнайы топ немесе ұжым жұмысын қажет етеді, бұл тарап инновациялық көзқарастары ұқсас, өзіндік қызығушылықтары сәйкес келетін адамдардың біріктіремін. Ұжымдық психология аса күрделі, егер ол ұжымды бір мақсатқа жұмылдыра білсем, оның нәтижесі айтарлықтай болады. Дегенмен топты болаттай мықты, құрыштай қайратты мінез-құлыққа ие, идея генераторы басқару қажет. Ол инновациялық процестерді алғашқы қадамынан бастап аяғына дейін міндетті түрде үздіксіз бақылаймын, бағыт сілтеймін. Ендеше, курс оқу барысында үйренген әдістерім көмекші құрал болады. Мектепті дамыту жоспарына осы әдістерді қадамдап енгізуді жоспалаймын және мектептегі деңгейлік курстан өткен мұғалімдерді осы жұмысқа белсенді араласуға тартамын. Ал мектептегі тәжірибелік кезеңінде орындаған бірінші қадамым – сауалнама арқылы өз мектебімнің проблемасын анықтау жіне осы шыққан проблемаға қарай оқу үдерісіне өзгеріс енгізу.

Казіргі таңда мен жұмыс істейтін мектебімде осы үдерістің бейімделу мүмкіншілігі бар деп ойлаймын. Өйткені, оған менің мектебімнің оқыту жетістіктері мен мұғалімдердің сапалық құрамы дәйектеме болып отыр және осы деңгейлік курстың Қазастанда жүргізіліуінен бастап 7 мұғалім даярлықтан өтті, 4 мұғалім курстан өтіп жатыр. Яғни, осы мұғалімдерге сүйене отырып мен өз мектебімдегі өзгерістерді енгізу мүмкіндігі бар деген қорытындыға келдім.

СОҢҒЫ 3 ЖЫЛДАҒЫ МЕКТЕП КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ТОҚСТАЛСАҚ:

  • мұғалімдердің сапалық құрамы:


  • білім сапасы:


  • ҰБТ


Отандық білім беру жүйсінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін әлемдік озат тәжірибені және білім беру саласындағы көсбасшы-елдер тәжірибесін ескере отырып, оны табысты жүзеге асыруға арналған барлық шараларды қабылдап, оны өз мектеп шеңберінде іске асырамын. Әрбір мектептегі дағдарысты жеңу жолдарын көрнекті америкалық білім қайраткері және зерттеуші Ф.Г.Кумбс нақтылап айтты: «Дағдарыспен күресу үшін әрбір білім жүйесіне ақшаға сатып алуға болмайтын көптеген нәрселер – идеялар, батылдық, табандылық, ізденіс пен өзгерістерге ұмтылуда сыни тұрғыдан өзін-өзі бағалауға қабілеттілік қажет».





6


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 01.09.2015
Раздел Директору, завучу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров445
Номер материала ДA-025339
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх