Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Презентации / "Біз өнерлі өренбіз" Тәрбие сағаты

"Біз өнерлі өренбіз" Тәрбие сағаты

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Мұғалім: - Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата-аналар! Сәлеметсіздерме балалар. Ал балалар, бүгін қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл.

Жүргізуші: Жаңа жылдық ертеңгілігімізді ашуға құттықтау сөз

мектебіміздің директоры: Бөбетай Қанзия апайға беріледі.

Жүргізуші: Балалар, бугін біз жаңа жылды қарсы алуға жиналдық.

Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.

Хор: Аппақ- аппақ жапалақтап.

Арафат: Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа жыл кешімізге,

Жаңа табыс тілейін ісімізге.

Келе жатқан жаңа жаңа жыл құт әкелсін,

Мына отырған барша жан бәрімізге.

Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?

Балалар : Шырша.

Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі,

Ойыншықтары неткен көп.

Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпағын кім айтып берер екен?

Наурыз: Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басыңда әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Жүргізуші: Ал, балалар, балалар,

Ескі жылдай аға бар.

Оны ортаға алайық,

Қош айтысып қалайық.

(ұлу жылы қол бұлғап, шығып кетеді).

Арафат: Ұлу жылы қоштасуға қимастық,

Болашаққа сеніммен қадам бастық

Көгеріңдер балалар, өніп-өсіп,

Көңілдерге толсын тек мол қуаныш.

  • Ендеше балалар келе жатқан 2013 жылы жаңа жылды қарсы алайық. Келесі жылымыздың атауы қалай аталады? (жылан жылы).

Исатай: Мен келдім арқалап үміттерді,

Сыйлаймын ізгі ниет тілектерді.

Лаулатып арман тілектерді,

Толтырам байлық молшылықты.

Жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт.

Келіп міне, жатырмыз, қауқылдасып.

Олай болса, жаңа жылдың әнімен сәні бугінгі тойымыздың, мерекеміздің қонағы Аяз ата мен Ақшақарды сағындық.

Жүргізуші: Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

(Аяз атаны, Ақшақарды шақыратын уақыт келді, бәріміз дауыстап шақырайық Ау – Аяз ата, Ау – Аяз ата.)

Ал Аяз ата алыстан шаршап келген боларсыз. Сәл демалыңыз. Ал ата арнаулы сынып оқушылары өз өнерлерін ұсынбақшы. Ризашылықпен қабыл алыңыздар.

Хор: Шырша әні.

Жеңіс: Алыс-алыс жерден келдің,

Отыра ғой, деміңді ал.

Өңкей бала төңірегің

Бізбен бірге әнге сал

Әлі-ақ күліп мәз боларсың.

Қане, қане, төрле ата!

Сыйлығыңды озған алсын.

Озбағанға берме ата!

Ән: Аяз ата орындайтын Исатай.

Арнас: Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.

Айдос: Жаңа жылда, балалар,

Тек қуаныш көріңдер.

Ауырмаңдар ешқашан,

Мықты болу өзіңнен.

Ән: Атамекен орындайтындар: Арафат, Мирас, Алан.

Мирас: Құтты болсын жаңа жыл барша қауым,

Құтқа орансын кең байтақ елім.

Қазақтың пейіліне тарту енсін,

Табиғат ашық аспан, таң шапағы.

Би: жорға Арнас

Хор: Достық әні

Жеңісбек: Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген.

Қандай әсем шыршамыз,

Ән шырқайық шыршамыз.

Ән: Жас дәуірдің түлегіміз. Арафат, Исатай.

Жасыл желек шашылған,

Асыл моншақ тағылған.

Неткен сұлу шыршамыз,

Ән салайық, баршамыз.

Қуант бізді таңырқат,

Жайдарыңды жарқырат.

Айдос: Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей.

Қызыл ала шапаны,

Сағындым аяз атаны.

Ән: Ұстазым әні Арафат, Исатай.

Наурыз: Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрле, төрле жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын.

Балалар енді біз Аяз ата мен Ақшақарды шығарып салайық.

Шыршаны айналып Аппақ аппақ жапалақтап әнін шырқау, қоштасу.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 21.02.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Презентации
Просмотров113
Номер материала ДВ-475144
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх