Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Статьи / Біз сізге мәңгі қарыздармыз, аға ұрпақ!
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Музыка

Біз сізге мәңгі қарыздармыз, аға ұрпақ!

библиотека
материалов

Біз сізге мәңгі қарыздармыз, аға ұрпақ!

Кусмаганбетова Асылғаным Еселқызы

Құрманғазы атындағы саз колледжінің халық

аспаптары бөлімінің меңгерушісі ,

«Қазақстан Республикасының Білім

беру ісінің құрметті қызметкері».

Батыс Қазақстан облысы

1941 жылдың 22-маусым күні қанқұйлы фашизмнің қара бұлттай қаптаған қолы бейбіт отанымызға тажалдай төніп тұтқиылдан тап берді. Бейғам, мажыра жай тірлік кілт үзілді. Отан тағдыры таразыға түсті. Дүниежүзінде жантүршігерлік алапат соғыс басталды. Сан ұлтты, бір тілекті совет халқы атқа қонды, қару алып, қан майданға аттанды.

Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын зерттеушілердің дерегіне сүйенсек, XX ғасырдың қасіреті болған бұл соғысқа әлем халықтарының 80 пайызы қатысып, 110 миллион адам қолына қару алып, 40 мемлекеттің жері соғыс өртіне шалынып, майданға 61 мемлекет тартылған екен.

Ия, ақылға симас, көз көруге, құлақ естуге, жүрек сезуге шыдамас бұл алапат соғыста Кеңес одағының халқы елін, жерін қорғау үшін қасық қаны қалғанша айқасты. Жүздеген совет жазушылары мен журналистері майданның алдыңғы шебінен орын алды. Совет әдебиетінің көш басшылары: Алексей Толстой, Михаил Шолохов, Александр Фадеев, Николай Тихонов, Всеволод Вишневскийлер – әрқайсысы әр майданнан совет Армиясының ерлік күресін жырға қосса, қазақ қаламгерлері мен ақын жазушыларының қуатты үні Москва үшін алысқан аязды айларда да, Сталинград іргесіндегі қатерлі күндерде де, Калинин орманынан да, Висла жағасынан да, Беларусь батбақтарынан да, Балтық жағалауынан да, Берлин көшелерінен де тыңбай саңқылдап, майдан шебіне де, арттағы елге де жетіп жатты. Жүз жасаған Жамбылдың «Ленинградтық өренім» атты өлеңі батыр қаланың барлық көшелеріне ұран болып қағылды. Өлеңмен жазылған ақын сәлемін оқығанда көзімізге еріксіз жас тығылып, көңілімізге жылы сезім ұялады. Бұл хат көмекке келген алып күшті резерв сияқты болды. Ол арқылы қазақ халқы бізге өзінің туыстық сәлемін, сүйіспеншілігін, достық ықыласын жолдады. Жорыққа шыққанда ол біздің күшімізге еселенген күш қосты-деп жазды Ленинградты қорғауға өзі тікелей қатысқан жауынгер жазушы Всеволод Вишневский. Қазақ ақындарының окоп ішінде, шеру жорықтарда, аязды түндерде, жаңбырлы күндерде, туған ауылда, тылда туған отты жырлары күшке-күш қосып, жігерлендіріп жеңіске жетеледі. Өткір тілді, өзекті өлеңдерімен ғасыр ұрпақтарын тәрбиелеген ақын-жазушыларымыз, поэзия алыптары Жұбан Молдағалиев, Қасым Аманжолов, Әбділдә Тәжібаев, Жұмағали Саин өлеңдері білектің күшімен, найзаның ұшымен, елін, жерін қорғаған аға ұрпақ аманатын бізге жеткізді. Ғасырда қайталанбас ерлік үлгісін көрсеткен қазақтың қаһарман ұлдары Қасым Қайсенов, Төлеген Тоқтаров, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Талғат Бегильдинов есімдері ұрпаққа үлгі болып, бойға таққан бойтұмардай жүрегімізде мәңгі сақталады. Осы жантүршігерлік соғыста ер азаматтарымызбен тылда да, майдан шебінде де бірге тұрып, ерлік көрсеткен нәзік жандар араласпаған, меңгермеген әскери мамандық кем де кем еді. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 300 мың жауынгер әйелдердің 86-сы батыр атағын алса, соның екеуі қазақ қызы еді. Олар қазақтың «қос шынары» атанған Әлиямыз бен Мәншүгіміз. Аққан жұлдыздай ғұмыр кешсе де, алмас қылыштай жарқ етіп, елі үшін қасқайып өткен ерлігіне бүкіл Шығыс халқы тәнті болып, қазақ деген халықты әлемге паш еткен қос қызғалдағымыз еді. Кеңес одағының батырлары мерген Әлия Молдағұлова, пулеметші Мәншүк Мәметова, шығыстан шыққан қыз Хиуаз Доспановадан өзге де өлкемізден шыққан жауынгер қазақ қыздары аз болмаған. Олар: І-гвардиялық авия корпусының құрамында Калинин, Солтүстік, Батыс, Брянск, І және ІІ Прибалтика, І және ІІ Беларусь майдандарындағы сұрапыл соғыстарға және Берлинді алуға қатынасқан радио байланысшы Ғарифа мен Зылиха Наушева, 33-гвардиялық артиллериялық полкінің құрамында Қырым, Дон, Сталинград шайқастарына, Украина, Молдавия, Румыния, Польша, Чехославакия жерін азат ету жорықтарына қатысып, Ұлы Жеңісті Берлинге таяу Дрезден қаласында қарсы алған байланысшы кіші сержант Шағила Құсанова, Карелия майданында партизан бөлімшелерінде ІІ-класты байланысшы болған Майра Мақатова, Витевск облысы жерінде соғысқа қатынасқан «Ерлігі үшін» медалінің иегері, ефрейтор мерген қыз Мәлика Тоқтамысова, С.Жунин басқарған 8-партизан бригадасының байланысшысы, «Беларусь партизаны», «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Отан соғысының партизаны» жауынгерлік медальдарының иегері Нұрғаным Байсеитова, Қиыр шығыс майданы Хабаровск бөлімшесінің жауынгерлері Әзина Ниязғалиева, Мүслима Үмбетова, Қаламсия Ермекова сияқты майдангер аналарыыздың ерлігін біреу білсе, біреу білмейтіні анық.

Ұлы отан соғысы халқымыздың қабырғасын қайыстырып, тізесін бүктіре алмағанымен, жер бетіндегі адамзат баласын қайғы-қасіретке батырды.

Қан жұта күрсінген ана, көз жасын көлсіреткен жесір, соғыс салған жарақаттан жаны қиналып, кемтар-мүгедектігіне күйінген аға мен женге. Міне, жер бетіндегі тіршілік тынысы осы еді.

Бірақ күйзелген көңілдер, жаралы жандар жүрегі Ұлы жеңістен жұбаныш тапты, қуаныш тапты. Жер бетіндегі тыныштық үшін орны тоймас қайғыны, жазылмас жараны тұншықтырып, ел болып болашаққа нық қадам басты. Соғыс-ұлы сын мектебі, ерліктің, батырлықтың мектебі болды.Ұлы отан соғысы соғысқандар үшін ғана емес, соңғы келер ұрпақ үшін де үлкен мектеп, соғыс кезіндегі халқымыздың сан қилы ерліктерін, жас жүректерді шыңдайтын қызулы көрік.

Міне сол себепті де бұл мәңгі жазылатын, мәңгі жырланатын тақырып.

XXI ғасырдың білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің негізгі мақсаты- жас ұрпақтың бойында азаматтық пен Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып үйренуге тәрбиелеу. Еліміздің келешегі бүгінгі жас ұрпақ қолында десек, сол ұрпақтың сапалы біліммен, саналы тәрбие алуы «Отбасы –Мектеп – Мемлекет» бірлігімен тығыз байланысты.

Патриоттық тәрбие – маңызды мемлекеттік міндет. Ол үшін жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін және азаматтық саналығын қалыптастыра отырып, өз отанын сүюге, өз қоғамына, мемлекетіне қызмет етіп алатындай етіп тәрбиелеу керек.

Қазіргі кезде білім беру саласына, патриоттық тәрбие беру ісіне жаңа қырынан келуді заманның өзі талап етіп отыр. Жаһандану дәуірінде лайықты орынға ие болу үшін сапалы білімді адам ресурсы қажет болса, елін сүйетін, оған адал қызмет ететін тұлғаны қалыптастыру ісін, заман тынысына лайық жандандыруға, жаңғыртуға тиіспіз.

Құрманғазы атындағы саз колледжінің халық аспаптары бөлімі ұстаздарының «Ұлы жеңістің 70 жылдығына» арнау ретінде сонау отты жылдарда қайталанбас ерліктің батырлықтың, батылдықтың үлгісін көрсеткен халқымыздың ұл-қыздары туралы жазуы, Қазақстанның қорғаны болар, сенім жүктер ұрпаққа үлгі болсын деген мақсат қана. Өйткені мұндай ерлік істер айтып, жазылып, қайталанғанда ғана өміршең болмақ!

Автор
Дата добавления 29.02.2016
Раздел Музыка
Подраздел Статьи
Просмотров126
Номер материала ДВ-494616
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх