Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Біз Тәуелсіз Қазақстан ұланымыз

Біз Тәуелсіз Қазақстан ұланымыз

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Біз Тәуелсіз Қазақстан ұланымыз

  Сабақтың мақсаты: а)Қазақстан тарихындағы тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуының бастамасы   болған желтоқсандағы жастар шеруінің мәнін ашып түсіндіру,тарихына шолу жасау

     ә).Оқушыларды ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгісінде Отанды, елін сүюге, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу

     б)Оқушылардың жауапкершілік, белсенділік, ізденгіштік, зерттеушілік қасиеттерін дамыту

   Көрнекілігі: Қазақ елі рәміздері, нақыл сөздер, слайдтар.

І.Ұйымдастыру бөлімі

               ІІ.Кіріспе

               ІІІ.”Желтоқсантәуелсіздік шежіресі” топқа бөлу.

               IV.”Тәуелсіздік ” сөзіне ассосация жасау.

              V. “ Желтоқсанда мұзда жанған алауым,

                         Желбіретті тәуелсіздік жалауын”  Тәуелсіздікке бастама болған басты оқиғалар туралы.

I-топ. Теміртау жұмысшыларының көтерілісі

Еліміз СССР деп аталын алып империя құрамында болған кездерде басынан түрлі нәубеттер өткерді. «Бізде бәрі керемет, бәрі жақсы» — деген жалған ұран Республиканың барлық аймағында шарықтап тұрған кездерде, қоғам арасында шешілмей қордаланып қалған әлеуметтік мәселелерге байланысты түрлі көтерілістер, бас көтерулер болып тұрғанды. Бірақ олардың көпшілігі жарияланбай, жасырын сақталып ел жадынан ұмыттырылуға күш салынды. Теміртаудағы көтеріліс, сондай ірі көлемде болған бірақ көпке танылмаған көтерілістердің бірі… 
1997 жылы Республика Президентi Н.Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» газетiне берген сұхбатында: «Темiртау оқиғасында қанша адамның қырылғанын әлi күнге дейiн ешкiм бiлмейдi, ол тарих ашылған жоқ. Кiсi өлiмi көп болды, оның iшiнде талай адам сотталды, атылды» деген едi.Теміртау жұмысшыларының көтерілісі - 1959 жылы тамыз айында Карағанды облысы Теміртау қ-нда болған кеңестік жүйеге қарсы бас көтеру. Теміртауда салынып жатқан металлургия комб. екпінді комсомолдық құрылыс деп жарияланған соң 1959 жылдың соңына дейін облысқа 132 мың адам келді. Жаңадан келушілерге тұрғын үйлер жетіспеуіне байланысты жұмысшыларды шатырларға орналастыруға тура келді. Жаңа табиғи ортаға үйренудің қиындығы, ауыз судың жетіспеуі, тамақпен қамтамасыз етудегі кемшіліктер жұмысшылардың заңды наразылығын туғызды. Тамыздың 1-і күні бір топ жастар көпшілік тамақтандыру орындарында ашық наразылық білдірді. Алғашқы құқық қорғау әрекеттері біртіндеп тәртіп бұзушылықка ұласты. Өкінішке орай жастардың заңды наразылығын қылмыскерлер тобыры пайдаланып кетті. Олар дүкендерді, базарды, асхананы тонады, милицияның қалалық бөлімін қоршауға алды. Оқиға үш күнге созылып, әскерилердiң күшiмен әрең басылады. Сөйтiп, әлеуметтiк кикiлжiңге килiктiрген жұмысшылардың әдiлеттi талабы жаппай жазалау мен қуғын-сүргiн жолымен тұншықтырылған. Оқиға басылысымен оған сараптама-зерттеу жұмыстары жүргiзiлмейдi. Келтiрiлген зиян, адам өлiмi ешбiр жерде айтылмаған, жарияланбаған. Ал, кейiн жылымық орнаған тұстарда жабулы қазан жабулы күйiнде қалып, бұл мәселе қайта көтерілмейді. Көтеріліске қатысқандардың ішінде мерт болғандар, ал әскерлер мен милиция қызметкерлерінің қатарынан жараланғандар мен мертіккендер болды. Теміртау жұмысшыларының ұйымдастырушылары сотталды

II-топ. Жаңаөзен оқиғасы.
    1989жылдың жазында Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында  орын алған оқиғаның болу себептері?
    -Жастар арасындағы жұмыссыздық.
   -Жергілікті халықтан мұнай-газ кен орындарына басшылық кадрлар алынбады.
    -Республикадан тыс  жерлерден келген өзге ұлт өкілдерінің халқымызды жан-жақты дөрекілікпен кемсітуі.
Оқиға барысы:
- Республикадан тыс  жерлерден келген ұлт өкілдерінің халқымызды жан-жақты дөрекілікпен кемсіту барысында- кавказ ұлттарының өкілдерімен қақтығысу.
- Қақтығыс жергілікті халық пен қалада тұратын кавказ ұлттарының өкілдері арасында болды. Бұл оқиғаның астарында жылдар бойы қордаланып, дұрыс шешімін таппаған тұрғын үй, мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі кезек, жастар арасындағы жұмыссыздық сияқты әлеуметтік мәселелер, сондай-ақ, мұнай мен газ өндірісінМәскеудегі орталықтан басқаратын одақтық министрліктердің, әміршіл-әкімшіл жүйенің жергілікті тұрғындар арасынан кадрлар даярламай, жұмыс күштерін республикадан тыс жерлерден әкеліп, жергілікті халықтың мүддесін ескермей жүргізген сыңаржақ саясаты жатты.
Оқиға салдары:
-    Республикадан тыс  жерлерден келген вахтамен жұмыс істейтін өзге ұлт өкілдерін қаладан әкетілді.
-    - Көптеген мәселелер шешімін ұзақ уақыт шешімін таппады.
-    - Бұл оқиға еліміздің басқа қалалар мен жұмысшы қалашықтарында ереуілдер болуына әсер етті. 

III-топ.   Желтоқсан көтерілісі 

Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. 

Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.

Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды.

  V І. ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ 
-1991ж Тәуелсіздік алған жыл. 
Өзіңдікі туың да, отпен ауа, суың да, 
Жаса, Қазақстаным! Белді бекем буын да. 
Ұраның да жасасын! 
Егемен тәуелсіздігің жасасын! 
-1992жылы Тәуелсіз Қазақстанға 1жыл толды. Осы жылды Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. БҰҰ-ға мүше болып кірді. 
-1993жылы 15қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006жылы қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты. 
-1994жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ 6 ғарыш кемесімен көкке самғады. 
-1995жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата Заңы» қабылданды. 
-1996жылы 20қаңтарда Қазақстан Республикасының І сессиясы болып өтті. 
-1997жылы «Қуғын сүргіндерді еске алу» жылы деп аталды. 
-1998жылы 6 мамыр Астана күні . Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмола қаласына көшті. Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды. 
-1999жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. 
-2000жылы «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі Түркістанға 1500жыл толды. 
-2001жыл 21ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10жыл толды. 
-2002жыл «Денсаулық жылы» деп жарияланды. 
-2003-2005жылдары «Ауыл жылдары» деп жарияланды. 
-2004жылы «Қазақстан-Ресей» жылы болды. 
-2005жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті. 
-2006жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15жыл толды. Атақты желтоқсан оқиғасына 20жыл толды. 
-2007жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы. 
-2008жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы — Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі 91метр. 
-2009жылы Қазақстан Республикасының Білім ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары жасалынды. 
-2010жылы Қазақстан 56 ірі ел бас қосатын мәртебелі ұйым –Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық етті. 
VІІ Қысқы Азия олимпиадасы Астана мен Алматы қалаларында спорттық жарыстар болды. Біздің еліміз 32алтын, 21күміс, 17қола барлығы 70медальға ие болды.Оның бойтұмары «ақ барыс» еді. 
-2011жылы Еліміздің 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының сыртқы істер министрлігі Кеңесіне төрағалық етуі 
«Желтоқсан оқиғасына» 25жыл, Тәуелсіздігімізге 20жыл толды

Біз Тәуелсіз Қазақстан ұланымыз ”  (оқушылар шығармашылығы)

 Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар – намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе? Осы желтоқсан оқиғасы, . Жаңаөзен оқиғасы, Теміртау жұмысшыларының көтерілісі салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орынымыздан тұрып бір минут еске алайық! Бір минут үнсіздік.

Қорытынды:

Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,
Елің алды егеменді теңдігін.
Әнұраным, жанұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім – сағынарым.
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам әнұраны. (Әнұран орындалады)


Ембі қалалық №7 орта мектебі.






Тақырыбы:


Біз Тәуелсіз Қазақстан ұланымыз .




Өткізгендер: Есенова Г.Р.

Тогимбаева Б.Ж

9 «а», «б» -кластары.













2015-2016 оқу жылы.


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 12.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров342
Номер материала ДВ-329787
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх