Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / "Біз өз күштерімізге сенеміз!" жасөспірімдерге арналған тренинг
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

"Біз өз күштерімізге сенеміз!" жасөспірімдерге арналған тренинг

библиотека
материалов

«Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектебі»КММ


Тренинг тақырыбы: «Біз өз күштерімізге сенеміз!» (жасөспірімдерге арналған тренинг)


Тренинг мақсаты: Оқушылардың өзі-өзін бағалауды жоғарлату, коммуникативті дағдыларын әрі қарай өрбіту, кез келген қиындыққа басқа көзбен қарап, өз мақсаттына жетуді көздеуге үйрету.

Құрал –жабдық: қағаз, қалам, үш түсті кәмпиттер, мармелад-жүрек, видео ролик

Тренинг барысы:

Оқушылармен сәлемдесу.

Жүргізуші: Құрметті достар, бізде бүгін ерекше тренинг, тіпті сиқырлы деп айтуға болады. Мына қорапта сендерге арналған сөздер, оны сендерге сиқыршы жазып қалдырды, кімде –кім «Сиқыршы, сиқыршы мен қандаймын?» деп қораптан бір парақ қағазды алса, сонда жазылған қасиетке ие болады.

Психологиялық ахуалды жақсарту

«Өрмекші» ойыны. Жүргізуші ойын шартын түсіндіреді ( орысша «Путаница» ойыны деп аталады)

«Кәмпит» ойыны. Жүргізуші шеңбер бойымен жүріп, кәмпит таратады: кызыл, жасыл, сары. Таңдап алған түске сай оқушылар топқа бөлінеді. Түстерге сипаттама беріледі.

Топ ережелері қабылданады

бір-бірін тыңдау

уақыт үнемдеу

белсенділік таныту

достық қарым-қатынас

жағымды эмоция тудыру

«Өз күшіне сену!» деген ұғымға ассоциация айту. Оқушылар өз аттарын және өзінің өмірлік ұстанымдарын айтады.

Мысалы: — «Өмірдің ағымынан қалмау»

«Ешқашанда білмеймін демеу»

«Қасымдағыларға көмектесу, қуаныш сыйлау»

«Биік шыңға ұмтылу»

Аутоагентті жаттығу.

Тренингке барлық оқушы қатысады.

Оқушыларға мінез туралы ақпарат беру

Оқушылар жұпта жұмыс жасайды (бір-бірлерінің жағымды мінез ерекшелігін айтады)

Ойынның шарты оқушыларға бір парақ ақ қағаздар таратылады. Таратылған ақ қағазды оқушылар скочтың көмегімен арқаларына жапсырады. Арқаларындағы жапсырылған ақ қағазға бір-бірлерінің бойындағы жағымды мінез ерекшелігін және ыстық тілектерін жазады. Барлығы жазып болғаннан кейін, қайтадан дөнгеленіп отырып, арқаларындағы қағазды алып оқиды. Қағазды жыртпай, өздеріне естелікке қалдырады.

Ник Вуйчич туралы «Өзіне сену» атты видео ролик көрсету

Топта талқылауға арналған сұрақтар:

-Мына адамда бойында қандай қасиеттер бар?

-Оның жасаған ерлік деп айталасың ба?

«Досыма сыйлық» ойыны

Тренинг қатысушысына дөңгелек суреті беріледі. Олар оған смайлик салып шеңбер бойымен бір-біріне сыйлап, тілек айтады. Мысалы: «Өз күшіне сен!», ал қалғандары үш рет қол соғады.

Қортынды-тренинг «С- фейервергі»

Жүргізуші: Мен сендерге Сенімділік, Сүйіспеншілік, Сәттілік тілеймін!

«Батыл жүрек» ойыны

Жүргізуші: Өз күштеріне сену үшін батыл жүрек қажет деп ойлаймын, соңдықтан сендерге осы батыл жүректің бір бөлігін сыйлаймын.

(Үстел үстінде мармелад-жүректен үлкен жүректің суреті салынған. Әр бала бір –бірден алады.)

Жүргізуші: Балалар, бүгінгі тренингке өз бағаларыңды беріңдер: жасыл стикер — оң баға,қызыл — теріс, тақтадағы ұнады, ұнамады жазулардың астына жапсырыңдар. Назарларыңызға рахмет!



Автор
Дата добавления 20.04.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров180
Номер материала ДБ-043253
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх