Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Біз жарқын болашақты қалаймыз
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Біз жарқын болашақты қалаймыз

библиотека
материалов



Тәрбие сағатының мақсаты: а) Оқушылардың білімдерін ортаға салу және пәндер бойынша алған білімдерін тексеру. ә) Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, сөздік қорларын молайту, логикалық ойлау қабілеттері мен шығармашылық қиялын дамыту. б) Туған тілімізді сүюге, туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Сайыс түрі: интеллектуалды сайыс сабақ Сайыстың әдіс –тәсілдері: сұрақ –жауап, ой қозғау Сайыстың көрнекілігі:суреттер, топшамалар, даналық сөздер. Сайыстың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Бұл кезеңде бүгінгі болатын сайыстың тақырыбы, мақсаты, тәрбиелік мәні айтылып, қатысатын оқушылар таныстырылады. ІІ. Кіріспе бөлім .Мұғалім: Құрметті оқушылар, әділқазылар, ұстаздар. «Біз жарқын болашақты қалаймыз» атты интеллектуалды ойынымызды бастаймыз. Ортаға сайыскерлерімізді шақырып, таныстырып өтемін.9 оқушы Сайысымыздың әділ бағасын беруші қазылар алқасын сайлап алайық. Алқа мүшелерін сайлау. 1. Директордың тәрбие ісінің меңгерушісі –Мұсабаев Әлібек ағай 2. Директордың тәрбие ісінің меңгерушісі –Мұртазаева Тұрсынай апай 3.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары–Жұбатова Айсангүл апай 4. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары –Төреханова Гүлболат апай. Сайысымызды бастамас бұрын тәрбие сағатымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейін: 1. Бәйге 2. Ханталапай 3. Жеті жұмбақ 4. Дода 5. Шешен тілдер - Сайыскерлер, сіздерге сәттілік тілеймін! Ал, келіңдер, келіңдер! Біріңе-бірің еріңдер. Білім –білікті тексеріп, Қатысып ойынға көріңдер! «Кім жүйрік ойға, сол алда бәйге түсіп жарысып, жүйріктің бағы жанар ма? Білім мен өнер жарысып, тәрбие, тәлім табар ма?- дегендей, білім дегеніміз – жеңу. Білім адамның ақылын қозғап отыратын керемет күш, Исаак Ньютон өлерінде былай депті: «Мен ұлы мұхиттың жағалауынан бір ғана кішкентай тас тауып алған балаға ұқсаймын, таптым да қуандым. Ал ол мұхиттың жағалауы мен түпсіз тереңінде сол секілді тастар қаншама». Омар Хаямның соңғы сөзі былай: «Алла! Мені өзің берген білімің үшін кеше гөр!». «Білім – күш» дедік. Шын мәнінде білім бар болғаны кілт қана, оның орнын тауып қолдана білсең ғана күш - қайратқа ие боласың. - Ұлт тірегі –білімді ұрпақ қолында, Ізденіңдер, білім алу жолында. Еліңді сүй, жеріңді сүй құрметте, Қатысушылар алау оттай жалында,- дей отырып сайыстың бірінші кезеңін бастаймыз. Сайысымыздың бірінші кезеңі «Бәйге» деп аталады. Әр балаға 10 сұрақтан беріледі. Әрбір дұрыс жауап 1 баллмен есептеледі. Балы төмен оқушы ойыннан шыға береді 1- оқушы. 1. Денені өлшейтін құрал (градусник) 2. Адамдардың қатынас құралы (тіл) 3. Қан соратын жәндік (маса) 4. Өсімдіктің мүшелері (жапырақ, сабақ, тамыр, гүлі, тұқымы) 5. Ұзындық өлшем бірлігі (км,м, дм, см, мм) 6. Жер күнді айнала ма, күн жерді айнала ма ? 7. Біздің туда не бейнеленген – Ұлттық ою қошқар мүйіз, қыран бүркіт , күн 8. Қазақтың ең бірінші ұшқыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров 9. Абылайханның шын аты (Әбілмансұр) 10. Қазақтың атақты суретшісі (Ә.Қастеев) 2- оқушы 1. Мемлекеттік рәміздерді ата - Әнұран, Елтаңба, Ту 2. Әнұран қандай жағдайда орындалады – салтанатты жиындарда 3. Есту мүшесі не – құлақ 4. Үш биді ата - Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би 5. Күйді орындайтын адам кім – күйші 6. Периметрді қалай табамыз - барлық қабырғаларын қосамыз 7. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін кім жазған - Ыбырай Алтынсарин 8. Балды жақсы көретін аң – аю 9. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе – надандық, еріншектік, залымдық. 10. Жас күнінде суретші болуды армандап, кейін белгілі балалар жазушысы болған кім? – Б. Соқпақбаев 3- оқушы 1. Қ Р - ның әнұранының авторларын ата. 2. Ауданды қалай табамыз – екі қабырғасын көбейтеміз 3. Біз қай тілде сөйлейміз – қазақ 4.40 пен 6 ның көбейтіндісінің мәні неге тең – 240 5. Көру мүшесі не – көз 6. Біздің президентіміз кім – Нұрсұлтан Назарбаев 7. Аюдың баласы не деп аталады – қонжық 8. Бие сүтінен не дайындалады қымыз 9. Көкөністерге нелер жатады – сәбіз, картоп, орам жапырақ, қызанақ. 10. Қу аң – түлкі 4 - оқушы 1. Елтаңбаның авторы кім - 2. Қай жануар жылға ілікпей қалды – түйе 3. Кітап сөзінің бас әріпі – К 4. Екінші қазақ ғарышкері - Талғат Мұсабаев 5. Мезгілдерді ата – қыс, жаз, көктем, күз. 6. Қазақстан Республикасының Астанасы – Астана 7. Тиін нені жақсы көреді – жаңғақ 8. Иіс сезу мүшесі – мұрын 9. Мақта Қазақстанның қай жерінде көп өсіріледі – Оңтүстік Қазақстан 10.Әлемде неше мұхит бар – 4 5 - оқушы 1. ҚР - ның Туының авторы кім? 2. 6 санының квадраты неге тең - 36 3. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім? 4. Қол не үшін қажет – қызмет ету үшін 5. Ауданды немен белгілейміз - S 6. «А» қандай дыбыс – дауысты, жуан 7. Ең алғаш мектеп ашқан кім – Ыбырай Алтынсарин 8. Адам, жануар, өсімдік өміріне не қажет - ауа, жарық, жылу, су, қорек. 9. Жыл басы не - тышқан 10. Су қанша градуста қатады – 0 градуста 6- оқушы. 1.Бір ұшы тұйықталған түзу – сәуле 2.1 жыл неше ай – 12 ай 3.360 пен 60 бөліндісінің мәні нешеге тең – 6 4.Шаршы деген не?- 5.Ауданды қалай табамыз – екі қабырғасын көбейту арқылы 6.1 аптада неше күн бар – 7 күн 7.321 санын разрядтық қосылғыштарға жікте. 8.Қазақтың киелі саны 9.27 қаламда 3 балаға тең нешеуден бөліп беремін – 9 10.Ауданды қалай белгілейміз. 7- оқушы. 1.Екі ұшы тұйықталған түзу – кесінді 2.15 ай неше жыл неше ай – 1жыл 3 ай 3. 420 мен 6бөліндісінің мәні нешеге тең – 70 4.Периметрді қалай табамыз – барлық қабырғаларын қосамыз 5.Ұзындығы 3см, ал ені 2см болатын тік төртбұрыштың ауданы неге тең -6см 6.988 санында қанша цифр бар.- 2 7.Периметрді қандай әріппен белгілейді – Р 8.7 күн неше апта - 1 апта 9.Математикалық амалдарды ата – қосу, азайту, бөлу, көбейту. 10. уақыттың өлшем бірлігі – сағат, минут, секунд. 8- оқушы. 1.Бұрыштың түрлерін ата – сүйір, доғал, тік, 2.5 жыл неше ай -* 60 ай 3.Үшбұрыш деген не 4.Ұзындығы мен енін көбейту арқылы нені тауып аламыз – ауданды 5.Өрнектің түрлерін ата – санды, әріпті 6.788 санын разрядтық қосылғыштарға жікте 7.7 қандай сан – киелі 8.салмақтың өлшем бірлігі – кг, гр, тонна, 9.қабырғалары 6см шаршының ауданын тап – 36см 10. қосудың компоненттерін ата – қосылғыш , қосындының мәні.

9 -оқушы 1. Бір өркешті түйе қалай аталады? 2. Абай қай жерде туылды? 3. Жаңылтпаш айт 4. Қорықтарды ата. 5. Адам денесіндегі сүйектер не арқылы қозғалады? 6. Қазақтың қандай салт – дәстүрлерін білесің? 7. Живопись дегеніміз не? 8. Ермек саздың көмегімен нелер жасауға болады? 9. Қандай мерекелерді білесің? 10. Рәміздерді ата. Әділ қазылар алқасынан сайыскерлердің бағасын берулеріңізді сұраймыз. Құр оқи білгенмен, ештеңе шықпайды, әлсін - әлсін ойыңды қозғап қой, пайдаланылмай қалған ақылды тот басады. Көп адам өзінің не тындырып жүргенін, өзінің ақыл – қабілетінің қай деңгейде екенін біледі. Көп білген сайын адам білім – танымға тойымсыз келеді. Мұхаммед пайғамбар мен дана Шәкәрімді тау - тас кездіріп ойландырған – сол білім – танымға асықтық. Осыған керісінше ,кейбір адам аз білген сайын, өзіне - өзі риза болады, көңілге тоқ келеді. Білім де талпынсаң қонады. «Ит маржанды не қылсын» деген ұлы Абай. Ал тереңге бойлау үшін талап керек. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», - деген Әл –Фараби бабамыз. Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік, Өз кезегін сайыскерлерге берелік. Арамызда тапқыш достар көп екен, Солардың біз нәтижесін көрелік,- деп қазір сайысымыздың екінші кезеңі «Ханталапайға» береміз. Бұл сайыстың шарты бойынша, қалған оқушылар партаның үстіндегі сандарды таңдайды. Әр санның артындағы сұрақтарға дәл, нақты, әрі тез жауап беруі қажет. Бұндағы сұрақтар қазақтың киелі сандарына байланысты болмақ. Дұрыс жауап 5 баллмен есептеледі 1)Үш бәйтерек - Сәкен - Бейімбет – Ілияс 2.3 дана - Абай - Шоқан - Ыбырай 3.3 арсыз - Ұйқы - Тамақ - Күлкі 4.7 ата - Ата - Бала - Немере - Шөбере - Шөбшек - Немене – Туажат 5.Аптаның 7 күні Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма Сенбі Жексенбі 6.7 қазына Берен мылтық Құмай тазы Қыран бүркіт Сұлу әйел Ер жігіт Ілім –білім Жүйрік ат 7 8 Әзіл қазылар алқасынан сайыскерлердің бағасын берулеріңізді сұраймыз. ҮІІ ғасырда өмір сүрген мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі - Әзірет Әлінің ілімнің қақпасы аталып кеткенін сынау мақсатында жерлестері оған 10 адамды кезекпен жібермек болған, олардың бәрі Әзірет Әліге «Білім артық па, байлық артық па? »- деген сауал қоятын болып келісті. Егер осы сұраққа жауап берсе ғана, Әзірет Әліні мойындамақ болыпты. Сонда Әзірет Әлінің берген жауабы: - Білім артық, өйткені ол Пайғамбарлардан қалған мирас, байлық – бақылдардан қалған мұра. - Білім сені бағады, байлықты сен бағасың, сондықтан білім артық. - Білім артық оны ұрыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді ұрыдан күнде қорғау керек. - Білімің көп болса сені құрметтейді, бай болсаң сені қызғанады. - Білімің көп болса да іріп - шіріп бүлінбейді, ал дүние болса бүлінеді. - Білім артық ол жаныңды байытады, ал байлық жан дүниеңді шектейді, өзіңді тура жолдан тайдырады. Білімнің артықшылығын бұдан артық дәлелдену қиын. «Білім өмірде - таяныш, жолда - дос, жалғыздықта - жолдас, қуанышта – бастаушы, қайғыда – медет, күресте – құрал, зұлымдыққа қарсы айла» деп діни хадистерде бекерге айтылмаған.қараңғылық бар бәленің бастауы, тасырлық та, тоғышарлық та содан қараңғылықтың бұғауы мен надандықтың кісенінен азат ететін жалғыз күш – оқу. «Білген адам өкінбейді, мейірбан адам – мазасызданбайды, батыр адам қорықпайды», - дейді Конфуций. Сырлары көп білімнің, Шешілмеген әлі де, Тереңдігі білімнің, Керек екен бәріне. Сараланар сайыскерлер білімі Математика, қазақ тілі, география пәндерінен. Білімділер озар бүгін ілгері,- дей отырып келесі кезекте «Жеті жұмбақ» сайысына кезек береміз. Екеуі арнайы сұрақ, қалғаны бағдарламаға сай сұрақтар. Бұл ойынды ұпайы ең аз ойыншы бастайды. 20......20.......20 30......30.......30 40......40.......40 Сол жақтағы 20 - Әйтеке би ел басқаруды неше жасынан білген? ( 12 жасынан) Оң жақтағы 20 – Зат есім дегеніміз не? ( Заттың атын білдіретін сөз табы.) Ортадағы 20- Тал басында тізіліп, Он жапырақ тұр еді. Жел соқты да үзіліп Ұшып кетті біреуі. Ізінше оның үзіліп, Түсті тағы бесеуі. Тұр әлі енді ілініп, Жапырақтың нешеуі? (4) Сол жақтағы 30- Алпамыстың қарындасының атын атаңыз? ( Қарлығаш ) Оң жақтағы 30- Еңбек тақырыбында бірнеше мақал мәтелдер айтып бер (Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей) Ортадағы 30- Етістіктің түрлерін ата () Сол жақтағы 40 – Б. Майлиннің ашаршылық жылдарын бейнелейтін шығармасын ата? (Күлпаш) Оң жақтағы 40- Дәл көздеп ататын адам – мерген Ортадағы 40- «Адам болам десеңіз ... » өлеңінің авторы кім? Жатқа айтып бер. Әзіл қазылар алқасынан сайыскерлердің бағасын берулеріңізді сұраймыз. Дүниенің сырын білуге есік ашатын алтын кілт - білім. Дана бабаларымыз «Күш – білімде, білім - кітапта» немесе «Мұхит басы - бұлақ, білім басы - кітап» деп бекер айтпаған. Ел болып еңсесін көтерген егеменді еліміздің ертеңі – жас ұрпақ. Ерінбей оқу мен талмай іздену арқылы рухани жетіліп білім нәрімен сусындаған адам қашанда халқының ықыласына бөленеді. Асыл мұратына, арман мақсатына білім арқылы жетеді. Жас жеткіншектер білімді тәрбиелі, өнерлі болып өсуі үшін данышпан бабаларымыз жазып қалдырған ғибрат пен өнегеге толы кітаптарды, ақын жазушылардың шығармаларын көп оқу керек. Ағылшын философы Френсис Бэкон «Кітап оқу адамды - білімді, әңгімелеу – тапқыр, ал жазып отыру әдеті - дәлшіл етеді» дейді. Ендеше жас ұрпақтың білімінің қаншалықты екенін сынау үшін сайысымыздың келесі кезеңі «Додаға» кезек береміз. Бұл кезеңнің шарты бойынша Сары түс жағы –гуманитарлық ғылымдар Қызыл түс – жаратылыстану ғылымдары бойынша сұрақтарға жауап алынады. Әр бағытта 10 сұрақтан, әрбір дұрыс жауап 2 баллмен есептеледі. Гуманитарлық бағыт бойынша 1. Роза Рымбаева кім? 2.ҚР Әнұранының авторлары кім? 3.Жұмадан кейін қай күн? 4. Қасиетті ай? 5. Спорттың түрлерін ата .6. Батырлық, ерлік турасында мақал – мәтел айтып бер. 7. Ас қорыту мүшесін ата. 8. Ана тақырыбына жазылған қандай шығармаларды білесің тақырыптарын ата. 9. Сезім мүшелерін ата. 10.«Азаттық жолында» шығармасында кім туралы айтылған? Жаратылыстану бағыты 1. Геометриялық фигураларды ата. 2. Математикалық амалдар нешеу және оларды ата. 3. 9 санының квдраты нешеге тең? 4. Азайту амалының компоненттерін ата. 5. Уақыттың өлшем бірлігін ата. 6. 1 кг – қанша грамм 7. 25 пен 15 тің қосындысынан 16 азайтқанда айырманың мәні неге тең(24) 8. Әріпті өрнек деген не? 9. Теңдеудің қандай түрлерін білесің? 10.Қосудың ауыстырымдылық қасиетін айтып бер. Әзіл қазылар алқасынан сайыскерлердің бағасын берулеріңізді сұраймыз. Ал ортаға келіңдер дұрыс жауап беріңдер - дей отырып ортаға соңғы айналымымыз «Шешен тілдер» атты сайысымызға өткен оқушыларымызды шақырамыз. Бұл сайыстың шартында конверттің ішінде тақырыптар берілген оқушылар келіп өздері қалаған конвертті ашып, берілген тақырыптарды оқиды және сол тақырыптар бойынша балалар өз ойларын ортаға салып, өзіне берілген тақырыпты аша білу керек Бұл сайыстың ең жоғарғы бағасы - 10 балл. Оқушыларға ойлануға - 3 минут уақыт беріледі. (ән: ). Қазылар алқасынан топ басшыларының ұпайлары және жалпы қортынды ұпайлары сұралады. Нәтижесі шыққанша ортада би биленеді, ән орындалады. Сайыскерлер марапатталып, жеңімпаздар анықталады Қортынды Жинаған өн бойына білім кенін, Тәнтімін, ынтызармын, өрендерім. Жарайсың айналайын, сайыскерлер! Бойларыңда от бар екен байқадым, Жүректерде шоқ бар екен байқадым! Әрқашанда осы өнерді сөндірмей, Біліміңмен шарықтағай әрдайым,- дей отырып, біздің Тәуелсіз еліміздің туын, мәртебесін жоғары көтеріп, дамыған 30 елдің қатарына енуі үшін ең алдымен білімді де саналы ұрпақ өсуі қажет. Сол ұрпақ - біздің болашағымыз сендерсіңдер.Әрқашанда «Ұлт болашағы білімдінің қолында» екенін ұмытпағандарыңыз жөн.Біздің бүгінгі интеллектуалды ойынымыз осымен аяқталды. «Біз жарқын болашақты қалаймыз» ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Өткенімізді білетін, бүгінімізді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болыңдар! Талай қиын асаулардан асып, білім төрінде шарықтап, самғай беріңіздер деп тілек тілегім келеді. Келіп тамашалағандарыңызға, әділ бағасын беріп отырған қазылар алқасына, оқушыларға көп-көп рахмет. Сау болыңыздар! 





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-010841

Похожие материалы