Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / "Біздің ару қыздар " Дошкольное образование
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

"Біздің ару қыздар " Дошкольное образование

библиотека
материалов

« Біздің ару қыздар»


(Көңілді әуен ойналып балалар ортаға шығып жарты шеңбер құрады)


  • Қазір бізде мереке кешікпей ме ешкімде?*

  • Әдемі көйлек киініп дайын отыр сәнденіп.

  • Босқа тұрмай біз енді безендірейік бөлмені.

  • Айттым әне сендерге,үлгермейміз біз енді.

  • Қыздар да бір сәнденіп,болар сәнденіп.


Жүргізуші:Тыныш,тыныш керіспеңдер қыздар келер келліссеңдер

Міне,міне күлімдеңдер,қыздар келеді, құлпырған гүл көктемдер!


(музыкамен залға қыздар кіреді,шеңбер жасап тұрады,балалар қол шапалақтап,қыздардың жанына тұрады)

Тақпақ

Тақпақ

Жүргізуші:Бұлар қандай тамаша балалар,қымбатты аналар сіздерді құттықтау үшін,біздің балалар шар үрлеп,улкен дайындық жасапты.Бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесіменсіздерді барлық бала,барлық аға және әке аталар құттықтайды!

Тақпақ

(Ән ,әннен кейін балалар орындыққа отырады)

Жүргізуші: Қадірменді қонақтар!Қымбатты қыздар мен балдар!Сегізінші наурыз-көктемнің ең алғашқы көңілді,қуанышты мереке емес пе? Келісесіңдер ме? (Балалар жауап береді)

Олай болса, әрдайым көңілді жүретін сүйікті кейіпкерімізді шақырайық,ол бізге мерекемізді жақсы өткізуге көмектеседі


(Бүкіл залды басына көтеріп,ұзыншұлық Пеппи кіреді.Қолында балабақшаның жоспары,чемоданы бар)

Пеппи: (жоспарына қарайды),солға қарайды...(Балаларға қарайды).Мұнда ма? Әлде мұнда ма?(айналады).... Так,енді оңға он сегіз тауық қадам(кішкене қадымдап жүреді). Цып-цып-цып... Ой шатасып кеттім ғой,басынан бастайын.(арқасымен артқа қарай жүреді де жүргізушіге соғысады) Ой! Сәлем!

Жүргізуші:Сәлеметсің бе, Пеппи! Ал сен неге артқа қарай жүріп келесің?

Пеппи: Қалай, неге? Біз еркін әлемде өмір сүреміз емес пе? Кім не істегісі келсе соны істейді.

Жүргізуші:Ал керек болса, сонда сенің ойыңша,жүргізуші машинамен адамдар жүретін жолмен жүргісі келсе, жүре беруі керек пе?

Пеппи:Жоқ,ол тым шектен шығу ғой.Менің әкем айтқандай адам не қаласа соны жасасын,бірақ басқаларға кедергі келтірмеуі керек.

Жүргізуші:Сен егер әкеңнің айтқан ақылын тыңдасаң, маған соқтығыспас едің... Сонымен сіздерге қонағымызбен таныстыруға рұқсат етіңіздер...

Пеппи(сөзін бөліп) Пеппилотта-Виктуалина-Рогалдина. Өскенде теңіз қарақшысы боламын.

Жүргізуші:Пеппи,бізге келгеніңе өте қуаныштымыз!

Пеппи: Ал менің қуанышымда шек жоқ! Осындай бақшадағы үлкен мерекеге мені ғана шақырғандарыңды ойласам,бақыттан басым айналады. Мұнда бәрі қандааай әдемі!

Жүргізуші:Пеппи,қалай ойлайсың,мерекеміз көңілді,есте қаларлықтай ету үшін не ойластырсақ болады?

Пеппи:Ммм, оо! Эврика! Таптым! Бұл өте оңай! Ендеше хабарлайын! Алақай!

Бірінші-би.

Екінші-көңілді би.

Үшінші-жылдам би

Төртінші-баяу би.

Бесінші- құлағанша би.

Жүргізуші:Тоқтай тұр,Пеппи. Неге барлығы тек қана би?

Пеппи:Онда тағы баспен айналып,бас пен жүрейік.

Жүргізуші:Пеппи,бұл енді тым шектен шығу ғой!

Пеппи:Жоғә,менің жай айтқым келгені

Детскотека, Детскотека,

Керіл,созыл, сен де кел да

Бұл әзіл мен мол қызық

Биле,биле кел қосыл,

Міне саған Детскотека.

Пеппи:Олай болса алдымен би билеп алайық

(Қол ұстасып билейік,биі биленеді, Ұлдар қыздарды биге шақырады,жұбымен шеңбер болып тұрады)

Пеппи:Қазір бізде ұтыс ойналады,Бұл ұтыс ешқандай ұтыссыз қалмайтынына сенімдімін! Ал маған көмектесетін сіздердің сүйікті кейікерлеріңіз Леопольд,мұнда кел!

( Қолында қармағы мен шелегі бар Лео шығады)

Пеппи: Сен қайда жиналдың, Лео?

Лео: Балық аулауға.

Пеппи: Қалайша, ал біздің ұтыс ше? Сен маған уәде бердің ғой!

Лео: Беруін бердім ғой,енді айнып қалдым.

Жүргізуші: Леопольд ал сен бізбен қал, біз саған жақсылап балық аулауға көмектесеміз.Біздің көлде тек қана алтын балықтар ғана ауланады.

(көлге шығарып салады)

Лео: жарайды, көндірдіңдер(отырып, қармағын салады).Түс қармаққа үлкен кіші барлық балық(Балықты шығарады)

Жүргізуші:Міне,бірінші ұтысымыз да шықты.Бесінші нөмерлі балық. Ал бұл нөмір нені білдіреді?

Пеппи: Қазір көрейін(сөмкесін ашып,дәптерін алып,парақтай бастайды) Так,әр айдың бесінші жұлдызында менің күнделігімде тек бестіктер ғана болуы керек,сонда ғана мен өте мейірімді анаға арналған әндер секілді нәзік те әдемі бола аламын. Ой, мен көздеріңнен көріп тұрмын,бұл сендерге де жақсы таныс қой деймін. Қане, оқиық!

(аналарға арналған тақпақтар оқылады)


Жүргізуші: Қане, Леопольд, қармағыңа балық түсті ме?

Лео: Ұстадым,ұстадым,жәй балық емес,сөйлейтін балық екен өзі. Ол маған,сендердің де мен секілді көктемгі бәйшешек гүліг қатты жақсы көретіндіктеріңді айтты.

Пеппи: Хабарландыру! (Сөмкесінен бәйшешек гүлдерін алып, еденге шашып шығады)Міне менің бағымда осындай бәйшешектер өседі,әзірге мен онға дейін санай берейін...


(«Бәйшешектерді жина» ойыны, балаларға екі топқа бөлініп, екі корзинаға гүлдерді бөліп жинайды)


Жүргізуші: Біздің балалар бұл алғашқы,нәзік гүлдермен ойнап қана емес, билей де алады.Пеппи қарашы!

(«Бәйшешек биі биленеді»)

Жарайсыңдар,балалар, өте нәзік,өте әдемі би болып шықты.Леопольд сен бірдеңе ұстадың ба?

Лео: Менің қармағыма№ 1 балық түсті. Мұнда «Аналарымызғы әдемі сөздер айтайық» деп жазылыпты.

Жүргізуші: Онда қазір біз аналарымызбен ойын ойнаймыз. Мен Қымбатты аналарымызға мұнда шығып,шеңбер жасап тұруын өтінемін. Сіздердің балаларыңыз сіздерге қолдарындағы шарын бере отырып, нәзік те әдемі сөздерін айтатын болады.Қане, балаларыңыз сіздерді қалай жақсы көреді екен көрейік!

(«Әдемі сөздер айтайық»ойыны ойналады; «аяулым,ардақтым,мейірбаным,қамқоршым,асылым,махаббатым,саяшым,панашым,бағым,бақытым т.б)

Жүргізуші: Көрдіңіздер ме,балаларыз сіздерді қалай қатты жақсы көретінін! Қандай үлкен бақыт!

Лео: Пеппи,мұнда кел,мен мына қызықты қара,мен нөмірі жоқ балық ұстадым.Қарашы, мұнда бірдеңе жазылған сияқты.

Пеппи: Оқы,сен қандай әділетті едің,мектепте тек бестікпен оқығансың-ау шамасы,біреулер секілді тек әр айдың бесінде ғана бестік алатын...

Лео: Пеппи! Дос өмір сүрейікші,а!

Пеппи: Не мен ондай емеспін ба не?

Жүргізуші: Жарайды енді,құрметті қонақтар,ренжіспеңдер,одан да біздің балалар әжелерімен қалай дос екен соны көрелік,қалай қарайсыңдар?

( «Менің әжем айдай» әні орындалады )

Жүргізуші: Леопольд,сенде бәрі дұрыс па?

Лео: (балықты шығарып) әзер ұстадым,мына қармақтың ілгегіне бірдеңе болды ғой деймін.

Жүргізуші: Оны кейін көре береміз,ал қазір балықтың нөмірін көрейік, № 2 балық екен.

Пеппи: (дәптерін парақтай бастайды). А, таптым, екінші нөмерде достарымызбен концерт қоямыз, жақсы және жаман қылықтарымызды бейнелейміз.

Жүргізуші: Балалар біз де көңіл көтеріп,әзілдесе аламыз, солай ма,балалар? Қане, оны қалай жасайтынымызды қонақтарымызға көрсетейікші!

( «бірминуттық әзіл» ойналады)

Ортаға бір ұл мен бір қыз шығады

Қыз: Алма қайда,..............?

Ұл: Алма, ә мен оны әлдеқашан жеп қойғам.

Қыз: Шамасы жуған шығарсың?

Ұл: Жоқ, қабығын аршыдым.

Қыз: И,жарайсың,қандай өзі.

Ұл: Мен бұрыннан сондай өзі.

Қыз: А,ал қабығын қайда қойдың?

Ұл: Мен оны да жеп қойдым!


Пеппи: Қандай әзілкештер өздері, өй шегімді қатырды-ау,көптен бері дәл бұлай көңілім көтерілмеп еді.

Лео: Ой,балығым шығып кетті, қап мына қармақтың қырсығын қарашы...

Пеппи:Қайғырма,Лео,қазір мен мына қалталарымды қарап көрейін, менде қалтам бесеу ме әлде алтау ма?

  • Бар ма жоқ па білмеймін,қаламсап анық бар екен!

  • Сөндіргіш пен оттұтатқыш, істемейді қандай өкініш!

  • Қарындаш пен ұшаршығыш, улкейткіш пен.... а міне тұр ілгіш!

  • Міне ала ғой Леопольд сен іздеген ілгіш!

(мысық қармағына ілгегін іліп,суға қайта салады)

Пеппи: № балық қармаққа түсті. Ал менде болса үшінші нөмерде үй жұмысы,әкеме қолқабыс жасауым керек. Сендер неменеее сенбейсіңдер ме?

Жүргізуші: Әрине жоқ, Пеппи,ол не дегенің.қайта біз саған балалармен аналарымызға қалай көмектесетінімізді көрсетейік.

(«Анаңа тәтті жинауға көмектес» ойыны ойналады, аналар және балалар болып екі топқа бөлінеді,аналар жіп керіп оған тәттілерді қыстырып қояды,ал балалар көздері байлаулы күйде тәттіні табады)

Жүргізуші: Не деген пысық көмекшілер өздері,барлық тәттіні дұрыс тапты,енді осы тәттілермен уйде чай ішіңдер.

Лео: О, маған № төртінші нөмерлі балық түсті.

Пеппи: Ал төртінші нөмерде мен қуыршақтарыммен ойнаймын,киіндіремін,шашын тараймын.

Жүргізуші: Қарай гөр, сен қуыршақтар туралы айта бастап едің, олар мұнда өздері де келе қалыпты,бәрі шетінен әдемі,тура таңдап алғандай.

(Қуыршақтар биі)

Лео: Пеппи! Тағы жазуы бар балық(балыққа үңіліп қарайды).

Пеппи: Құпия балық болды ғой бұл! Мұнда «Құпия -тосынсый» деп жазылып тұр. Ой мен білмедім,бұл не екенін.

Жүргізуші: Ал мен білемін,Құрметті аналар сіздердің кішкентай балапандарыңыз сіздерге арнап сыйлық әзірлепті,қане балалар аналарымызға арнаған сыйлығымызды таратайық. Балалар сыйлық бергенде аналарымыздың бетінен сүйіп, »сені жақсы көремін» деп айтуды да ұмытпаңдар!

(сыйлықтарын береді)


Пеппи: Ой қандай тамаша балалар, Қандай жақсы мереке болды, бірақ енді біз қайтайық,басқа да бақшаларға баруымыз керек! Келесі жолы тағы шақырсаңдар міндетті түрде келемін.


(Пеппи мен Леопольд кетеді)


Жүргізуші: Міне, қадірлі қонақтар,біздің де кешіміз соңына жақындап қалды, сіздерді аяулы аналар,ақ жаулықты әжелер мерекелеріңізбен тағы да құттықтаймыз! Сіздерге дендеріңізге саулық,бастарыңызға амандық тілейміз! Әрқашан аналық махаббаттың шуағына бөлене беріңіздер дегім келеді! Келесі кездескенше күн қайырлы болсын! Сау болыңыздар!

Автор
Дата добавления 07.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров81
Номер материала ДВ-508578
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх