Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / «Біздің өміріміздегі музыка. Музыка түрлері.» 7-орыс сыныбына арналған қазақ тілі сабағы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

«Біздің өміріміздегі музыка. Музыка түрлері.» 7-орыс сыныбына арналған қазақ тілі сабағы

библиотека
материалов

САБАҚ: 5-6-cабақ

Мектеп: НЗМ Астана қаласы

Күні: 19.01.2016ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Уристимова Б.К.

Сынып: 7 c

Қатысқан оқушылар саны:12

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Біздің өміріміздегі музыка. Музыка түрлері.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу

А1. Сөздік қорының алуандылығы

Сабақтың мақсаттары

7.О5. Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді мәтін мазмұнымен салыстыру, қарама-қайшы ақпараттарды анықтау.

7.А1. Тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдану, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу

Жетістік критерийлері

ОБ сілтеме

Оқу мақсаты

Бағалауға арналған ұсыныс

А1. Сөздік қорының алуандылығы

7.А1. Тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдану, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу

Мұғалім оқушыларға тура және ауыспалы мағыналы сөздерді қолданып, шағын әңгімене сұхбат құрастыруды ұсынады, ойларын әсерлі және мазмұнды жеткізулері қажет.

Дағдылар

Жетістік критерийі

Егер оқушы төмендегі жетістік критерийін орындаса, мақсатына жетеді.


Айтылым

-Тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдана алады;

-Ойын әсерлі, мазмұнды жеткізеді.


Тілдік мақсаттар

Менің ойымша...

Екінші жағынан..... т.б

Мен осы көзқараспен келісемін/келіспеймін.

Қолданылатын сөздер:

Ой-өріс, жоғары көрсеткіш, музыкаға құмар жандар, қатар, көрсеткіштер, ұялшақ, мұң, рок сүйгіштер, зерттеу нәтижесі,.

Сенімді, өнер сүйгіш, жұмсақ, сабырлы, шығармашылыққа құмар, батыл, байсалды, тыныш, тұйық, оңай, тікелей.

Таң қалдыру, ие болды, шаршау, сүйіп тыңдау, әсер ету, ұнату, мұңаю, тіл табысады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Музыка туралы түсінік, терминдер


Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы


25 минут









Қызығушылықты ояту

Мукагали МАКАТАЕВ «Үш бакытым Сагадат» КУДАЙБЕРГЕН

М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін жатқа оқиды

Үстелдегі әріптерден бір әріпті алып, музыкаға байланысты сөздер айтады.

І. Үйге берілген тапсырманы жұпта тексереді. ЖЖ 7 минут+3






ІІ. Сұрақ-жауап «Сөйлем құра» ойыны 5 минут

Оқушылар екі шеңбер құрып отырады. Ішкі шеңбердегі оқушылар тақырыпқа байланысты 2 сөз айтады, сыртқы шеңбердегі оқушылар сөйлем құрастырады.Бір айналымнан кейін оқушылар орын ауыстырады.

ІІІ. Сәйкестендіріңіз. 7 минут+3


1

Музыка өкілдері

A

шебер

2

Сегіз қырлы бір сырлы

B

дарынды

3

Ағаштан түйін түйген адам

C

ескі

4

Көне

D

ежелгі

5

маңызды

E

сазгерлер


https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRgAqstOFwBQ4WXhTphBpN6jcb3G0RbjkeQ-uCZSNliFHW1wbrIVQhttp://www.proza.ru/pics/2013/07/02/253.jpg

«Кеме капитаны» ойыны арқылы оқушыларды топқа бөлу

Музыка қою, оқушыларды ортаға шақыру.Ойынның шарттары:http://www.solnet.ee/sol/002/pic/img122.jpg

1.«Капитан» дегенде бір-бірден жүреді

2. «Кемедегі капитан»-үштен жиналады.

3. «еден жуушы»-екіден жиналады.

4. «Құтқарушылар»-төрттен жиналады.



www.youtube.com/watch?v=Jk11Mmhpd_4

Cлайд


















Сабақтың ортасы

50 минут



























Мағынаны тану

2-мәтін

ІV. Оқылым. «Музыка мен мінез» мәтіні. 10 минут.

Ғалымдар бізді таң қалдырудан шаршамайды. Ендігі жаңалықтары: сүйіп тыңдайтын музыка түрі интеллектің дәрежесі мен адам мінезіне әсер етеді екен.

Нәтижелер бойынша хип-хоп пен r, n, b стилін сүйіп тыңдайтын адамдардың ой-өріс дәрежесі ең төмен болып шықты. Жоғары көрсеткішке классикалық музыкаға құмар жандар ие болды.

36 мың адаммен болған сұхбат нәтижесінде алынған көрсеткіштер мынадай жаңалықтарды көрсетті. Классикалық музыкаға құмар жандар ұялшақ, ал ауыр рок ұнататындар мейірімді болады екен. Бір қарағанда ылғи мұңайып жүретін рок сүйгіш жандар зерттеу нәтижесінде ең мейірімді мен ақылды адамдар қатарында болды.

Блюзді өзіне сенімді, өнер сүйгіш, жұмсақ, сабырлы, көңілді адамдар тыңдайды.

Джаз музыкасын сенімді, шығармашылыққа құмар, батыл, достары көп, байсалды адамдар тыңдайды.

Классикалық музыканы жоғары талғамды, өзіне сенімді, өнер сүйгіш, тыныш, кейде тұйық адамдар тыңдайды.

Рэп - қарым-қатынасқа оңай түсе алатын, көңілді адамның сүйікті музыка түрі.

Опера жоғары талғамды, жұмсақ, шығармашыл адамдардың көңілінен шығады.

Би музыкасын сүйіп тыңдайтын жандар шығармашыл, басқалармен тез тіл табысады.

Рок музыкасын өзіне онша сенімді емес, шығармашыл, көпшіліктен гөрі жалғыздықты таңдайтын, жұмсақ, сабырлы адамдар тыңдайды.

Поп музыкасын еңбекқор, көңілді, жұмсақ, сенімді адам таңдайды.

Ал сіз қандай музыка түрін ұнатасыз?

V. Мәтіннің мазмұнын Блум сұрақтары арқылы тексеру.

  • Білім. Мәтін аты қалай аталады?https://pp.vk.me/c631716/v631716861/957d/ONuVLAAUTAU.jpg

  • Түсіну. Мәтін не туралы? ( Бұл мәтінде қандай музыка түрлері аталып өтті?)

  • Қолдану - Тест нәтижесінде ғалымдар қандай қорытындыға келді?

Сіздің ойыңызша ғалымдар шешімі дұрыс келеді ме? Келісесіз бе...?

  • Анализ – Талдау. Музыка туралы сіз не ойлайсыз...?

  • Синтез – Жинақтау. Ең маңыздысы не...? Ғалымдардың айтылған шешімдерін дәлелдей аласыз ба?

  • Бағалау. Музыка бізге не береді?


VІ. Тура мағына – сөздің бастапқы, негізгі мағынасы. Тура мағына заттың немесе құбылыстың атын тура атап көрсетеді. Мысалы, адамның аяғы, адамның қолы, адамның көзі, ыдыстың түбі, қыздың төркіні, қоянның құлағы, суық жел, биік тау, жылы киім.т.б.

Ауыспалы мағына – сөздің тура мағынасының негізінде қалыптасқан, ойды көркемдеп жеткізу үшін қолданылатын туынды мағына. Мысалы, күннің көзі, жұмыстың аяғы, әңгіменің басы, сөздің төркіні, қазанның құлағы, суық хабар, биік мақсат, жылы сөз.

Тапсырма:

Мәтіннен ауыспалы мағынадағы сөздерді тауып, айтыңыздар. Топта талқылаңыздар.

Сергіту сәті. Ұлытау. Жұмыр қылыш


VІІ. «Төрт сөйлем» тәсілі (топтық жұмыс)

1. Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен айтады.

2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.

3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді. 4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.


VIII. f

  1. Төмендегі сұрақтарға «дұрыс» немесе «бұрыс » деген жауап бер (Нақты ақпараттарды табу үшін оқу)



иә

жоқ

1

Музыка түрі интеллектің дәрежесі мен адам мінезіне тікелей әсер етеді

+


2

Мұңайып жүретін рок сүйгіш адамдар - мейірімді мен ақылды жандар болып шықты

+


3

Өзіне сенімді, көңілді жандар рок музыкасын тыңдайды.


+

4

Классика жанрындағы музыканы жоғары талғамды адамдар тыңдайды.

+


5

Поп музыкасын көңілсіз адам таңдайды


+



2. Сәйкесін табыңыз

1

сенімді, өнер сүйгіш, жұмсақ, сабырлы, көңілді адамдар

A

Классикалық

2

онша сенімді емес, шығармашыл адамдар, жалғыздықты ұнатады

B

Би музыкасы

3

жоғары талғамды, өзіне сенімді, өнер сүйгіш адамдар

C

Рок музыкасы

4

қарым-қатынасқа оңай түсе алатын, көңілді адамдар

D

Поп музыка

5

еңбекқор, көңілді, жұмсақ, сенімді адамдар

E

Опера

6

шығармашыл, басқалармен тез тіл табысатын адамдар

F

Джаз

7

сенімді, шығармашылыққа құмар, батыл

G

Блюз

8

жоғары талғамды, жұмсақ, шығармашыл адамдар

Н

Рэп


3.«Жұмсақ мінезді адам», «тез тіл табысатын адам» тіркестеріне өз сөздеріңізбен сөйлем құрастырыңыз.

Жауаптары:

1

G

5

D

2

C

6

В

3

А

7

F

4

Н

8

Е



IX. Бағалау

(топтар критерий арқылы бір-бірін бағалайды)

Критерийлер

Ұпай

Топ ұпайы

1

Топ бірлесе жұмыс істейді.

1


2

Мәтін мазмұнын түсінеді

1


3.

Жаңа сөздерді пайдалана біледі.

1


4.

Тек қазақша сөйлейді

1


5.

Уақытқа бағынады

1


6

Сабақта тәртіп сақтайды

1


(нәтиже шығару)

X. Қорытынды


«Алты тақия » әдісі


Қызыл тақия

Интуиция-Музыканы тыңдағанда мен не сеземін?hello_html_m7727eaf6.jpg

 

Сары тақия

Позитивмузыканың жағымды тұстары қандай болды?



Жасыл тақия

Креатив- мен музыка туралы не ойлаймын?


Ақ тақия

Фактілер- өзім үшін музыка туралы қандай ақпарат алдым?


Қара тақия

Негатив- музыканың жағымсыз тұстары қандай?


Көк тақия

Шолу Мен өзіме не алдым, қандай жаңалық аштым?



http://onerbek.tr.gg/%26%231052%3B%26%231091%3B%26%231079%3B%26%231099%3B%26%231082%3B%26%231072%3B-%26%231084%3B%26%231077%3B%26%231085%3B-%26%231084%3B


http://aitaber.kz/blog/qyzyqderek/2693.html




































www.youtube.com/watch?v=wAKpGwfZdk4


Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

hello_html_6b650c65.png


ХІІ. Үйге: Адамдар қандай музыканы жақсы көреді екен?зерттеу жұмысы.

Оқушылар топпен жұмыс істейді.

  1. Әр оқушы кемінде 2 адамнан 3 сұрақтан тұратын сұхбат алады.

(Мысалы:1.Сізге музыка ұнай ма? 2. Кай кезде музыка тыңдауды ұнатасыз?3.Сізге музыканың қай түрі ұнайды?)(сұрақтар үлгі ретінде берілген, топ өз сұрақтарын құрастыруы мүмкін). Топ мүшелері алынған сұхбаттарды жинап, қорытынды шығарады. Қорытынды мониторинг постер, презентация, бейнефильм түрінде дайындалып, келесі сабақта қорғалады). Қорғауға барлық топ мүшелері қатысады.Әр топқа жұмысты қорғауға 10 минут беріледі.

1-топ: Мектеп оқушыларынан

2-топ: Мектеп мұғалімдерінен

3-топ: Таныстарынан, көршілерінен не туыстарынан


Багалау критерийлері:

  1. Зерттеу сұрақтары тақырыпқа сәйкес.

1

  1. Зерттеу сұрақтары бойынша сұхбат жүргізді.

2

  1. Топ мүшелері бірлесе жұмыс істеді.

3

  1. Уақытты сақтауы

1

барлығы

7 балл






Қосымша ақпарат

Бөліп оқыту (Дифференциация) -Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз?



Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Рефлексия


Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:


2: Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2: Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?

Осы өтілген сабақ бойынша жасаған қорытындым келесідей:




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 01.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров380
Номер материала ДВ-400991
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх