Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Рабочие программы / "Бизнесті ұйымдастыру нысандары" ашық сабақ 9кл

"Бизнесті ұйымдастыру нысандары" ашық сабақ 9кл

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Бизнесті ұйымдастыру нысандары.

Сабақтың мақсаты:

  1. Өткен тақырыптар бойынша алған экономикалық мәліметтерін кеңейту, тереңдету және жүйелеу; оқушылардың экономикалық ой-өрісін қалыптастыру.

  2. Оқушылардың алған теориялық білімін дамыту, практикамен ұштастыра білу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

  3. Өз ойын еркін жеткізе білуге, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.


Сабақтың типі: қайталау, қорытындылау сабағы.


Сабақтың түрі: іскерлік ойын, жарыс сабағы.


Сабақтың әдіс: түсіндірмелі және практикалық сұрақ- жауап, қорап сұрақтары, миға шабуыл, кеспе қағаз тапсырмаларын орындау.


Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, құқық негіздері, менеджмент негіздері.


Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, карточкалар, жетондар (ақшалар), сұрақтар салынған қораптар.


Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, кабинеттің дайындығын бақылау. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабақ жоспарымен таныстыру:

  1. Презентация. Компаниялардың өзін-өзі таныстыруы.

  2. Ой ширату. (жалпылама сұрақтар)

  3. Бәйге (әр компанияға сұрақ)

  4. «Білімді мыңды жығады» (кәсіпорын президентерінің білім сайысы)

  5. «Алтын сапа» (қораптардағы сұрақтарға жауап беру)

  6. Жарнамалар жарысы

  7. Ой қорыту

  8. Есеп-қисап (қорытынды бағалау)


  1. Іскерлік ойын барысы

  1. Презентация

  • Бүгінгі сабақ іскерлік ойын түрінде өтеді. «адам байлығының ең тамашасы- білім» деген екен Шығыс ғұламасы Әбу Райхан әл-Бируни. Ендеше бүгінгі білім жарысын бастайық. Сөз кезегін кәсіпорындарға берейін.

«Айналайын»ЖШС. Сауда белгіміз- газетімізде көрсетілген. Шығаратын өніміміз- өздеріңізге таныс құнарлы да дәмді «Айналайын» сүті мен тәтті шырындар. Біздің мекен-жайымыз: шұрайлы Алматы облысының Іле ауданында орналасқан, яғни табиғаты тамаша осы өлкенің ауыл шаруашылық өнімдерінен халықаралық стандартқа сәйкес, табиғи өнімдер дайындау- басты міндетіміз. Кәсіпорындағы ең төменгі жалақы мөлшері-20 000 теңге.

Мақсатымыз- халықаралық стандартқа сәйкес өнімдер шығарып, бірінші өз халқымызды қамтамасыз ету, содан соң шетелге де өз өнімдерімізді шығару.

Қазіргі компания құрамында:

Компания президенті- Әлімов Әбілманат.

Компанияның бас бухгалтері-Қуандық Айымгүл

Компания хатшысы- Тағыбергенова Снежана


«Рахат» ашық акционерлік қоғамы. Сауда белгімізді тұсымыздағы газетімізден көріп отырсыздар. Шығаратын өніміміз- түрлі-түсті дәмділігі тіліңізді үйіретін, көздің жауын алатын қағаздармен безендірілген конфеттер мен печеньелер. Кәсіпорындағы ең төменгі жалақы мөлшері- 18 000 теңге.

Біздің мақсатымыз- Қазақстан халқына таза өнімдерден дайындалған, әр түрлі деңгейдегі сапалы тағам ұсыну және осы жолда бәсекелестеріміздің алдына шығу. Бұл жолда біз еңбек ұжымымызбен талмай, қажырлы еңбек ететінімізге сендіреміз.

Компания құрамымен таныстырамын:

Компания президенті- Сағындық Айжан

Компанияның бас бухгалтері- Жұмағазиев Нұрымжан

Компания хатшысы-Қайырмағанбетова Қызғалдақ


Компания бухгалтерлері кіріс- шығысын есептеп, қаржы жағын реттеп отырады.

Компания хатшылары кәсіпорын мүшелерінің сабақ барысында жинаған ұпайларын есептейді.


  1. Ой ширату. (Миға шабуыл)

Жалпылама сұрақтарға жауап беру.

  1. Кәсіпкерлік ағылшын тілінде қалай айтылады? (бизнес)

  2. Кәсіпкер дегеніміз қандай адам? (өз ісін ұйымдастыратын, пайда табу жолында басын қатерге, тәуекелге тігіп, мойнына жауапкершілік алып жұмыс істейтін адам)

  3. Өндіріс дегеніміз не?

  4. Кәсіпорын сөзіне анықтама беріңдер.(тауар шығару не өткізу, қызмет көрсету не өткізу кезінде бір не бірнеше атқарым атқаратын дербес өндірістік- шаруашылық бірлік)

  5. Өндіріс факторларын атаңдар (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік)

  6. Бизнесті ұйымдастырудағы негізгі пішіндер

  7. Жеке кәсіпорын дегеніміз не?

  8. Жеке бизнестің артықшылықтарын атаңдар.

  9. Серіктестік дегеніміз не?

  1. . Акционерлік қоғам дегеніміз не?


  1. «Бәйге» (әр компанияға жеке сұрақтар)

Қазір екі командаға жеке сұрақтар беріледі. Сіздер оған тек қана «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп жауап бересіздер. Әрбір дұрыс берілген жауап компанияға 100 теңге қосады.

«Айналайын» ЖШС-іне қойылатын сұрақтар:

  1. Жеке меншік иесінің шұғыл шешім қабылдауға мүмкіндігі болады. («дұрыс»)

  2. Кәсіпкерліктің тек бір түрі ғана тәуекелмен байланысты болып келеді. («дұрыс емес»)

  3. Мүдделестіктің ең қауіпсіз пішіні ЖШС болып саналады. («дұрыс»)

  4. Жабық акционерлік қоғам дегеніміз акциялары еркін сатуға түспейтін АҚ. («дұрыс»)

  5. Акция- құнды қағаз. («дұрыс»)

  6. Кейін қайтарыммен алынған ақша немесе зат аванс деп аталады. («дұрыс емес»)

  7. Ақшаны банкте сақтаудан алатын табыс пайда деп аталады. («дұрыс емес»)

  8. Инфляция – ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуі. («дұрыс»)


«Рахат» АҚ-на қойылатын сұрақтар:

  1. Шағын кәсіпорында жұмыс істеу оңай. («дұрыс»)

  2. Мүдделестік дегеніміз жеке кәсіпорынға қарағанда бизнесті ұйымдастырудың жоғарырақ пішіні. («дұрыс»)

  3. АҚ-ның жарғылық қоры акциялардың барлық санына бөлінген. («дұрыс емес»)

  4. Бірқатар маңызды шешім акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру арқылы қабылданады. («дұрыс»)

  5. Өндіріс факторлары 6-ға бөлінеді. («дұрыс емес»)

  6. Ақшаның қызметтеріне сатып алу қабілеті жатады. («дұрыс»)

  7. Барлық тауардың құнын төлем құралы көрсетеді. («дұрыс емес»)

  8. Жеке келісім-шарт бір дана етіп жасақталады. («дұрыс емес»)


  1. «Білімді мыңды жығады»

(кәсіпорын президенттерінің білім сайысы)

  1. Акционерлік қоғам туралы не білесің ? Оның артықшылықтары мен кемшіліктерін атап бер.

  2. Серіктестік туралы не білесің? Оның түрлерін, артықшылықтары мен кемшіліктерінатап бер.


  1. «Алтын сапа» (қораптардағы сұрақтарға жауап беру)

Бұл ойында үш қорап алдарыңызға қойылады. Бір қорапта «500 теңге», екнішісінде «1000 теңге», үшіншісінде «2000 теңге» деп жазылған. Яғни ақша құнының өсуіне қарай қораптағы сұрақтар қиындайды. Әрбір оқушы өзінің дайындық деңгейіне қарай сәйкес қораптан сұрақ алып жауап береді. Егер жауап дұрыс болса, сұрақтың құны компания банкіне қосылады.

Сұрақтар:

«500 теңге»

1.Бизнесті ұйымдастырудағы негізгі пішіндерді атап бер.

2. Акция дегеніміз не?

3. Ақша қанша қызмет түрін атқарады?

4. «Драхма» қай елдің ақшасының атауы?

5. Тиісті сөз тіркесін қой:

« ... көрсе, періште жолдан таяр».

6.Жеке кәсіпорын дегеніміз не?

7. Қазақстанда қанша алтын кен орындары бар?

8. Серіктестік дегеніміз не?

9. Акционерлік қоғам дегеніміз не?

10. Тиісті сөз тіркесін қой:

«Алтынның қолда барда, ... жоқ »


«1000 теңге»

  1. Адам бойындағы қасиет. Екі адам арасындағы құнды қасиет.

Қызмет орнында да ең жоғары бағаланатын қасиет. (сенім)

  1. 19-ғасырдың 20-жылдарында алтын өндіруден бірінші орында болған мемлекет. (Ресей)

  2. Қағаз ақша ең алғаш неден жасалынды? (теріден)

  3. «Инфляция» сөзінің мағынасын түсіндір.(ақшаның құнсыздануы)

  4. Бартер дегеніміз не? (ақшасыз айырбас)

  5. Коммандитті серіктестік дегеніміз не?

  6. Ашық акционерлік қоғам қандай болады?

  7. Жабық акционерлік қоғам дегеніміз не?

  8. Өндіріс факторларына не жатады?

  9. Өндіріс дегеніміз не?

«2000 теңге»

  1. Монетаның бет жағы қалай аталады?(аверс)

  2. «Экспорт» және «импорт» сөздерінің мағынасын түсіндір.

  3. «Қағаз ақшалар толық құнсыз болып келеді, себебі, өзінің дербес құны жоқ» деген ойды дәлелде.

  4. Қытайда ақ бұғылар неліктен императордың меншігінде болды? (қағаз ақша жасалынды)

  5. Акционерлік қоғамның кемшіліктерін атап бер.

  6. Серіктестіктің артықшылықтарын атап бер.

  7. «Кәсіпкерлік» сөзіне анықтама бер.

  8. Банкроттық дегеніміз не? (қаржылық кұйреу)

  9. Бизнес- жоспар дегеніміз не? (фирманың іс-қимылын жүзеге асыру жоспары)

  10. «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» ҚР-ның Заңы қашан қабылданды? (1991 жылы 5 маусымда)

  1. Жарнамалар жарысы

Жарнаманың артықшылығы:

  • тұтынушыларды нарықтағы баға, соңғы жетістіктер мен жаңа тауарлар туралы ақпаратпен жабдықтайды;

  • кейде бағаның арзандауына септеседі;

  • бәсекені ынталандырады;

  • одан түскен табыс газет, журналдардың, радио мен телевидениені ұсттауға шығатын шығынды жабады;

  • сұранымды қажет деңгейде ұстап тұруға көмектеседі.

Жарнаманың кемшіліктері:

  • мазмұны мен мәліметтерге құрылып, сатып алушыларды адастырып жібереді;

  • қомақты қаржы шығындалатындықтан тауар бағасын қымбаттатып жібереді;

  • тұтынушылардың өздеріне қажеті жоқ тауарға ақша шығындауына күштеп көндіреді;

  • бұқаралық ақпарат құралдары жарнама берушілерге тәуелді болып қалатындықтан олардың еркіндігі де шектеледі.


Слоган дегеніміз не? Слоган- сатылатын заттың қайталанбас қасиетін көрсетіп тұратын, қысқа да нұсқа бейнелі сөз, девиз, нақыл.

Әр компания өзінің шығаратын өнімін жарнамалау мақсатында слоган құрастырады. (әр компанияға 500 теңге)

  1. Ой қорыту

-Ауданымыздағы шағын және орта бизнес саласы жөнінде не айтар едіңдер?

- Облысымызда қандай акционерлік қоғамдар мен серіктестіктер жұмыс жасайды?


  1. Есеп-қисап

Компанияның бас бухгалтерлері банктеріне түскен қаржыны есептейді.

Компания хатшылары қызметкерлерінің жауаптарын, яғни ұпайларын есептейді.

Оқушылар бағаланады.

  1. Үйге тапсырма беру:

«Менің фирмам» тақырыбына шағын эссе жазу.





Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 06.10.2015
Раздел Математика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров473
Номер материала ДВ-034860
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх