Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Статьи / "Бұл өмірде мен жалғыз емеспін" дөңгелек үстел

"Бұл өмірде мен жалғыз емеспін" дөңгелек үстел

  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:




иын балалармен жұмыс

«Бұл өмірде мен жалғыз емеспін» 8-11 сыныптар арасында дөңгелек стол

Мақсаты: Оқушыларға тақырып бойынша жалпы түсініктер беру, білім көлемін кеңейту. Зиянды әдептерден аулақ болуға тәрбиелеу. Адамзат баласына бір –ақ рет берілетін өмірді қадірлей білуге үйрету.

Міндеттері:
- оқушыларға өмір құндылығы туралы тереңірек білім беру;
- өмірге құштарлықтарын дамыту;
- өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: суреттер, слайдтар

І.Өмір, өмір! Өмірдің мәні қандай?
Қайратыңды жігерге жанығандай.
Жүріңдер бұл өмірде қол ұстасып
Достықтарың жарасып дәл осылай.
 

Шыдамдыны мына өмір ұнатады,
Бірде қуантып, бірде жылатады,
Сүріндіріп кейде сені құлатады.
Жылатып тұрып жұбатады.
Дұшпандарға кейде сені сынатады,
Қатал тағдар бірақта шыдатады,
Мына өмір бірақта қымбат әлі,- демекші өмір жолы сан тарау, қия шатқал, қия шың.
Сол жолдан адаспаудың ең бірінші жолы ол – өзіңді өзің тану, өзіңді өзің сыйлау, өзіңді өзің қадірлеу.
Өмір деген –алланың берген сыйы.Өмірдің ащы да, тәтті кезеңдері болады.Бұл кезеңдерді жеңе білу керек. Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы ,жарқын өмір сүруі тиіс. "Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?" деген сұраққа кім болса да: "Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтын, мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды", — деп жауап беретін болар. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.
Әрине, бұл жерде өз атына лайық, ізгі, мейірімді, өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын, өзі үшін де, өзгелер үшін де еңбек ете білетін, өз құқығын қорғап, өзгелердің кұқығын сыйлайтын, өмірден кеткен соң артына жақсы сөзі мен ісін қалдыратын адам туралы әңгіме болып отырғаны анық.
Өмір дегеніміз-баға жетпес асыл зат. Өмірді дүниеде еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Өмір әрқашан өз бағытымен енеді. Өмірді қалай өткізуімізді өзіміз білеміз, өз еркіміз. Өмір өзен болса, ағысқа қарсы емес. Өмір дегеніміз-баға жетпес бақыт. Өмірге келген әрбір адам соны лайықты өткізу керек. Өмір дегеніміз-адамның шыр етіп дүниеге келгенінен о дүниеге өткенге дейінгі аралық. Сол аралықта пенденің қуаныш-қайғысы, демалып, тіршілік етуі, жақсылығы мен жамандығы, яғни бір сөзбен айтқанда сол ортаға қалыптасуы. Өмірдің өзі өзен бір ағынмен жүріп отырады. Бірде асу-толқындар кездессе, бірде жайшуақ күндер болады.
 
Өмір дегеніміз-Алла тағаланың бізге берген сыйы, бір мүмкіндігі. Өмір кейде жұмсақ, кейде қатал болады. Бірақ адам өмірге қайталап келмейді. Әрбір қиындықтармен күресе білу керек. Өмір дегеніміз-адамға бір-ақ рет берілетін баға жетпес тәңірдің сыйы. Осы өмірін әркім әрқилы өткізіп алады. Өмірдің әрбәр сәтін мәнді де, сәнді де өткізу керек.
 
ІІ.Ұлы адамдардың өмір туралы сөздеріне тоқталайық.

Өмірдің алды – ыстық, арты – суық,

  Алды – ойын, арт жағы мұңға жуық.

                                                            Абай

  Өмірді сүйсең уақытты оздырма – ол тіршілік арқауы.

                                                                В.Франклин

Өмір-табиғаттың берген ерекше сыйы.
Гёте И

Адамның ең қымбаттысы –өмірі. Ол адамға бір-ақ рет беріледі. Сондықтан оны «қайран босқа өткен жылдарым -ай» деп өкінбейтіндей, барлық күш- қуатыңды дүниедегі ең тамаша іске, адам баласын азат ету жолындағы күреске жұмсалады деп айтарлықтай етіп өткізу керек.

Н.А.Островский

ІІІ.

Өмір деген...

Өмір - сенің мүмкіндігің,пайдалана біл;
Өмір - сұлулық,сүйсіне біл;
Өмір - арман,жүзеге асыр;
Өмір - парыз,орындай біл;
Өмір - ойын,ойнай біл;
Өмір - байлық,бағалай біл;
Өмір - махаббат,ләззат ала біл;
Өмір - құпия,сырын аш;
Өмір - қайғы,көтере біл;
Өмір - күрес,жеңе біл;
Өмір - бақыт,баянды ете біл.

ІV. «Мен кіммін?».


V. «Өмірдің мәні неде?» /оқушылар өз ойларын ортаға салады/.

VІ. «Өз өміріңнің символын қалай бейнелейсің?» тақырыбында оқушыларға тапсырма беріледі.

VІІ. «Сендерге бақыт үшін не қажет?», қандай заттар, қандай өмірлік құндылықтар қажет /оқушыларға ақ парақтар таратылады, оқушылар өздеріне бақыт үшін не қажет ететіндерін жазып шығады/.

VІІІ.Американдық психологтардың айтуы бойынша бақытты болудың амалдары;

ІХ. «Тығырықтан шығу», «Соқыр және жетекші», «Проблемалардан арылу» тренингі

Х. Өмір керемет!

ХІ. Өміршендік ережелері

ХІІ.Қорытындылау:

Құрметті азамат!
Сен өзіңді құрметтеуге тиістісің. Бойыңдағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Бойыңды ластамай, жан дүниеңді таза ұста. Өзіңнің бос уақытыңды пайдалы іске арна. өз тағдырың-өз қолыңда. өзіңе сен, өзіне сенген сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай, өзін сақтай алады.
Сен ел үшін, ата-анаң үшін, достарың үшін керексің, есіңде болсын, сенің қасыңда саған көмек беретін адамдар бар!





«Ақжар орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

психологы Ж.К.Сулейменова



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 24.02.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Статьи
Просмотров413
Номер материала ДВ-481141
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх