Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Статьи / Бұл рефератта ара мен құмырсқа туралы

Бұл рефератта ара мен құмырсқа туралы


  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:


Бал ара
(
Apis mellifera)

Бал арасы (apis mellifera)

Бал арасы (apis mellifera)

Ғылыми топтастыруы




Ара,үй арасыбал арасы (Apіs mellіfera) –жарғаққанаттылар отрядының өкіліҚазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Ара топталып, үлкен ұя болып тіршілік етеді. Бір ұяда бір ұрғашы Ара. (аналық Ара), бірнеше жүз еркек Ара және ондаған мың (100 мыңға дейін) «жұмысшы» Ара болады. Ұрғашы ара ұяда ұрпақ өсіреді. Ол аралардың ішіндегі ең ірісі, жыл маусымына қарай денесінің ұзындығы 20 – 25 мм, ал салм. 150 – 300 мг-ге жетеді. Тәулігіне 2 – 3 мың, маусымына 200 мың ұрықтандырылғанжұмыртқаға дейін (кейде ұрықтандырылмаған жұмыртқа да) салады. Ұрықтанған жұмыртқадан ұрғашы, жұмысшы және аналық Аралар, ал ұрықтандырылмаған жұмыртқадан тек еркек Аралар ғана шығады.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/3/37/Bienenwabe_mit_Eiern_und_Brut_5.jpg/220px-Bienenwabe_mit_Eiern_und_Brut_5.jpg

Ара ұясы: балаңқұрттар сол жақта, ал жұмыртқалар оң жақта

Аналық Ара ұяның анасы болып есептеледі, ол 3 – 5 жыл, кейде 10 жылға дейін өмір сүреді. Күзде салқын түсісімен жұмыртқа салуды тоқтатып, оны қайтадан ақпанның 2-жартысынан бастайды. Еркек Ара денесінің ұзындығы 15 – 17 мм, салмағы 250 мг болады. Ол негізінен ұрғашы Араны ұрықтандырады да, одан кейін өліп қалады. Омартаның негізін қалайтын жұмысшы Аралардың денесінің ұзындығы 12 – 15 мм, салмағы 90 мг болады. Жұмысшы Аралар көбею мүшелері жетілмеген ұрғашы Аралар. Олар жұмыртқадан жаңа шыққан ұрпақты қоректендіреді, балауызұяшықтардың тазалығын, ауа алмасуын қадағалайды, тәтті шырын мен гүл тозаңдарын жинайды. Жұмысшы Аралар 7 – 8 ай тіршілік етеді. Ұяда тұратын әрбір Ара өзінің қызметі мен міндеттерін жақсы біледі және оны мүлтіксіз орындайды. Аралардың ішінде дербес тіршілік ететін түрлері де бар. Қазақстанда Іле Алатауының етегінде Араның антофора деген түрі дара тіршілік етеді. Ара ұясынан емдік, тағамдық қасиеті бар бал алынады. Арадан алынатын ара балы, араның уыперга, аналық сүтше, балауызжәне ара желімі (прополис) медицинада және техникада кеңінен қолданылады.[1] Аралардың 20 мың түрінің ішінен тек 1 мың ғана түрі ұйымшыл жәндіктер санатына жатады. Бал араларының басқа барлық аралардан ерекшеленетін себебі,оның тозаңды жинайтын және таситын арнайы икемі: олардың артқы аяқтарының кең жіліншіктерінде талшықпен жиектелген иілімді аумақ болады (ол қоржынша деп аталады). Шірені бал арасы тұмсығының жәрдемімен тартып алады және оны жемсауында балға айналдырады. Ара отбасысының басым бөлігін жұмысшы аралар (аналықтарды төлдетуге қабілетсіз) құрайды. Олар шіре мен тозаң жинайды, ұяшықтар тұрғызады, дернәсілдерді қоректендіреді, ұяшықты тазалайды және қорғайды. Ара мен сонаның бізгегі - бұл түрі өзгерген жұмыртқалаушы мүше. Бізгегі тегіс және көп мәрте пайдалану құралы болып табылатын сонадан ерекше арада ол кетік болып келеді. Дұшпанын шаншып алғаннан кейін бізгегі жараның ішінде қалғандықтан,олардың көпшілігі өлім құшады.

Ара особьтарының қызметі[өңдеу]

Еркек ара - отбасысындағы еркек дарақ. Еркек аралар омартада ешқандай жұмыс атқармайды, шіре мен тозаңды жинамайды. Олардың жалғыз ғана қызметі - аналықпен некелік ұшып келу кезінде шағылысу. Күзге қарай жұмысшы аралар еркек араларды өлтіріп тастайды немесе қыстық азық қорына масыл болмасы үшін омартадан қуып жібереді. Аналық - бұл отбасының отанасы, ол жұмысшы арадан екі еседей дерлік үлкен. Оның міндеті - ұрпақ жалғастығы. Омартадан неке уақытында ұшып кеткенде ол әуеде 9-10 еркек арамен бірге самғайды,содан кейін жұмыртқаларды ұяшықтарға тастайды. Бұл ұяшықтардың кейбірі өте үлкен және бұрыс пішінде - бұл болашақ анаға арналған ұяшықтар. Бал араларын адамдар 5 мың жыл бұрын қолға үйреткен. Адамдар олардан бал, балауыз, прополис және көптеген аурулардың емдеуде қолданылатын ара уын алуды үйренді.

Дернәсілдері[өңдеу]

Үлкен ұяшықтағы аналық пен дернәсілді жұмысшы аралар арнайы ара сүтімен қоректендіреді, ал еншісіне жұмысшы ара және еркек ара болу жазылған дернәсілдерді ара сүтімен тек дүниеге келген сәттен алғашқы үш күнде ғана азықтандырады. Содан кейін олардың негізгі тамағы балтозаңға (балмен дәмі келтірілген тозаң) айналады. Жаңа аналық шыққан кезде бұрынғы аналық бір топ жұмысшы аралармен бірге ұяны тастап шығады және жаңа орынға жайғасады.

Osmia rufa couple (aka).jpg

Бал сақталатын және дернәсілдер бүр жаратын ара ұялары балауыздан құралады (ол жұмысшы аралардың ағзасында әзірленеді). Дұрыс алты бұрышты пішінінің арқасында ара ұялары таңғаларлықтай үнемді,мығым және сыйымды. Дайындалуына бар болғаны 40 г балауыз кеткен ұялар 2 кг-ға жуық балды сыйдыруға жарамды! Не ағаш саңылауы болсын, немесе олар үшін арнайы тұрғызылған омарта болсын, ара баспанасы өзінің мінсіздігімен таң қалдырады. Аралар онда қажетті микроклимат жасау үшін көп күш жұмсайды: суықта омартаның жүздеген тұрғындарының кеуде бұлшықеттері жылу шығарып, жайлап қысқарады, ал ыстықта олардың бір бөлігі омартаға су тасиды (буланған су температураны төмендетеді).

Жұмысшы балараның құрылысы[өңдеу]

Баларалардың түк басқан ірі басының екі жағында екі күрделі көзі, олардың аралығында үш жай көзшелері болады. Алдыңғы жағынан ұзын имек мұртшалары шығып тұрады.

Балара тіршілігінде сезім мүшелері маңызды роль атқарады.

Қараңғы ұялардың ішінде негізінен мұртшаларына орналасқан сипап сезу мүшелерінің маңызы зор. Балараларға гүл іздеуі үшін иіс сезімі мен көру сезімі қажет. Баларалар сары және көк түстерді , адам көре алмайтын ультракүлгін сәулелерді ажыратады, бірақ қызыл түсті көрмейді.

Баларалар ұяшықтар жасағанда балауызды жақсы жетілген кеміргіш жоғарғы жақтарымен илеп өңдейді. Олар гүлдерге қонғанда аталықтардан тозаң алады. Төменгі жақтарымен және төменгі ұзын ерінімен балара шірінін жалап, сорады, сондықтан баларалардың ауыз мүшлері кеміріп жалағыш мүшелер деп аталады.

Гүлден сорылып алған шірін көлемділеу келген жемсауға түседі, жемсау бездерінен бөлініп шыққан сұйықтықпен араласады. Осыдан соң ара шірінді кәрез ұяшықтарына орналастырады, ол сонда балға айналады.

Балараның көкірегін қалың түк басқан, оның арқасында екі жұп мөлдірлеу жарғақ қанаттары болады. Жұмысшы баларалардың аяқтары гүл тозаңын жинауға, кәрез ұяшықтарын жасауға бейімделген. Жұмысшы балараларда құрсағының ұшында шаншары болады. Оны жануарлардың немесе адамның денесіне шанышқанда уқұйылып, қатты ауыртады. Ұсақ жәндіктер араның уына өліп кетеді.

Балара отбасының тіршілігі[өңдеу]

Көктемде, күн жылына бастаған кезде, жұмысшы баларалар ұяларынан ұшып шығады. Олар алғашқы гүл ашыла бастағанда гүлден тозаң және шірін жинайды. Ана ара кәрездердің ұяшықтарына жұмыртқаларын салады. Жұмыртқадан шыққан дернәсілдерді аралар бал араластырылған гүлдің тозаңымен азықтандырады. Ана ара ментрутеньдердің личинкалары едәуір үлкен ұяшықтарда дамиды. [2]













Құмырсқалар[өңдеу]

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

A.

Құмырсқа.

Құмырсқа (Formіcіdae) – жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі.

Денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргішКөкірек бөлімі жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген. Көпшілік түрлерінің құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған, улы бездерінен бөлінетін сұйықтық – құмырсқа қышқылы деп аталады. Құмырсқалар, көбіне топтанып (10 – 100 мың дарасы бірігіп), арнайы илеу жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде аталық, аналық, “жұмысшы” және “жауынгер” құмырсқалар болады. Жыныстық тұрғыдан жетілмеген топтары – жұмысшы құмырсқалар деп аталады. Олар илеудегі дернәсілдерді, аналық құмырсқаларды қоректендіреді, ауаның алмасуын, ылғалдың бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Аталық құмырсқалар шағылысып болғаннан кейін өледі. Аналық құмырсқалар ұрықтанғаннан кейін қанаттарын жойып, тек ұрпақ жалғастырады, олар кейде 20 жылға дейін өмір сүреді. Аналық құмырсқаның дене тұрқы ірі.[1]

A.

Құмырсқалар.

Әрбір илеудегі құмырсқа топтарының бір-бірімен қарым-қатынасы, негізінен, өздерінен бөлетін ерекше химиялық заттар –феромондар арқылы реттеледі. Олардың иіс, дәм сезуі өте жақсы жетілген. Құмырсқалар илеуін қураған өсімдік сабақтары мен жапырақтарының қалдықтарынан жасайды. Тропиктік аймақтарда илеу жасамай жеке дара тіршілік ететін құмырсқалардың түрлері де бар. Негізгі қорегі басқа жәндіктер, олардың дернәсілдері және өсімдіктердің жапырақтары мен тұқымдары, шырындары. Бір илеудегі құмырсқалар тәулігіне 10 мыңнан 30 мыңға дейін жәндіктерді жояды. Құмырсқалардың адам денсаулығына пайдасын көп халықтар ерте кездерден-ақ білген. Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған. Мысалы, Қытайда бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған “Бың Цау Гаң Му” кітабында құмырсқаның қасиеті туралы қызықты деректер келтірілген. Құмырсқа денесінде 70-тен астам микроэлемент, 20-дан астам амин қышқылы, витаминдер бар. Қазіргі кезде Қытайда құмырсқадан аса бағалы азықтық, дәрілік қасиеті бар препараттар дайындалады. Құмырсқаларға жүргізілген зерттеулер нәтижесінде олардың жұқпалы аурулармен ауырмайтындығы анықталған. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады. Оңтүстік Азия елдеріМексика тұрғындары құмырсқаны тағам ретінде де пайдаланады.[2] Құмырсқалар жүрген іздерінде құмырсқа қышқылынан тамшы қалдырады, сол иіс бойынша адаспай табады. Орманда тіршілік ететін құмырсқалар ағашқа өрмелегенде де бірінің артынан бірі тізіліп жорғалайды, мұнда да құмырсқа қышқылы көмектеседі. Құмырсқалардың 5000-дай түрі бар. Қазақстанда көбірек кездесетіні жерден ін қазатын, үйлерде болатын өте ұсақ - уй құмырсқалары (шымылдар), орманда көбірек кездесетін - жирен құмырсқалар, қара құмырсқалар т.б. Құмырсқалар пайдалы, орманда тіршілік ететін жирен құмырсқаларды жыртқыштар деуге болады. Ол зиянды жұлдызқұрттармен, жауын құрттармен және жалаңаш шырыштармен қоректенеді. Ағаштардағы зиянды жәндіктерді құртып, пайда келтіреді.[3]




















Автор
Дата добавления 24.02.2016
Раздел Биология
Подраздел Статьи
Просмотров638
Номер материала ДВ-481906
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх