Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Статьи / Бұл өзгерістерді қалай енгізетін боламын?
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Бұл өзгерістерді қалай енгізетін боламын?

библиотека
материалов

Сыздыкова Айжан Тлеужановна Мұғалім портфолиосы D есебі

2 топ 1 деңгей

ПШО 02.11.2015ж

Өскемен қаласы


Бұл өзгерістерді қалай енгізетін боламын?


Мен көшбасшысы ретінде болашақты алдын-ала ойлап, батыл қадамды бірінші болып жасауға бел будым. Оқушыларды еркін сөйлету, олардың әңгімелесуі, топтасып, жұптасып, қызыға жұмыс жасау, қабілеттерін ұштау, сергіту, сыныпта жақсы психологиялық ахуал туғызу, сыни көзқарастарын қалыптастыру, жаңа әдіс-тәсілдерді әрбір сабаққа шебер қолдану-менің кәсіби қызметімді өзгертуі әбден мүмкін екеніне көзім жетті. Тәжірибелік кезеңге келген кездегі басты ұстанымдарым ретінде жоғарыда келтірілген ойларымды басшылыққа ала отырып, мектебіме қандай өзгерістер енгіземін деген сауалдар төңірегінде ойландым. Тәжірибелік кезеңде атқарылатын зерттеу жұмыстарымның жоспары жасалды.

Мектептегі тәжірибені бастамас бұрын ең алдымен «Шаңырақ» деген атпен команда құрдым. Команда құрамына жаңа оқыту әдіс-тәсілдеріне қызығушылық танытқан мұғалімдер кірді. Команда мүшелерімен қандай әдіс –тәсілдерді қолдана отырып өзгерту енгізуге болады? деген сұрақ төңірегінде бірлесе жұмыс жасадық. Мектеп мұғалімдеріне бірінші деңгей бағдарламасы бойынша дөңгелек үстел өткізуді жоспарладым. Ондағы мақсатым: мұғалімдерге бірінші деңгейлік бағдарламасының түйінді функциясын түсіндіру және «жылдам өзгеріп жатқан дүниеде өзгеріс не үшін қажет?» екендігі туралы пікір алмасу болды.Әріптестеріме жүргізген дөңгелек үстел «Білім жетілдіру–кәсіби кемелдену» тақырыбында болды. Мақсатым- мұғалімдерді деңгейлік курстың мазмұнымен, мақсатымен таныстыра отырып қызығушылықтарын ояту. Таныстырылымды «Жұмыс күніне сәттілік тілеу» бейнекөрсетілімінен бастадым. Мұғалімдерді деңгейлік курстың құрылымымен, әр деңгейдің мақсатымен таныстырдым. Антидеприсантты көрсетумен тамамдадым. Мұғалімдердің көңіл күйлері көтеріліп қалды. Соңынан қызығушылық танытқан мұғалімдерді коучингқа шақырдым.

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін өз әріптестеріме үйрету мақсатында көшбасшы мұғалім ретінде алғашқы коучингті өзім өткізуді дұрыс деп таптым. Мұғалімдермен болған алғашқы кәсіби әңгімеде кері байланыс орнатуда кедергілердің әлі де кездесетіні жайлы айтқандарын ескеріп, коучинг тақырыбын «Оқу процесінде сын тұрғысынан ойлау әдісін қолдану тиімділігі» деп алдым.

hello_html_3777994c.jpghello_html_363babe4.jpghello_html_51c3b6f1.jpghello_html_797a8ee3.jpg


Коучинг сабағына мектептің 15 мұғалімі қатысуға келісім берді, олар қазақ тілі, математика, орыс тілі, физика, химия пәндерінің мұғалімдері. Сіздер өз іс-тәжірибелеріңізде қандай жаңа инновациялық технологияларды қолданып жүрсіздер? деп сұрақ қойдым. Әріптестерім өз іс-тәжірибелерінде қандай технологияларының элементтерін қолданып жүргендерін айтты.

Коучингтің мақсаты-мектеп мұғалімдерін сын тұрғысынан ойлау модулімен таныстыра отырып, сыни ойлау арқылы күтілетін нәтижеге жетуге болатынын айқындау. Көтеріңкі көңіл орнату үшін «Мен елімді сүйемін» тренингін ұйымдастырудан бастадым. Сын тұрғысынан ойлаудың миға шабуыл стратегиясын қолдана отырып топта ойлануға сұрақтар бердім. Тақырыпты жеткізу мақсатында «Оқу процесінде сын тұрғысынан ойлау әдісін қолдану тиімділігі» туралы мағлұмат берілді. Ойларын жинақтап, пікір алмасу, түйінін шығару, жаңаны үйрету мақсатында постер жасау ұсынылды. Постер қорғалған соң «Өрт сөндіруші курткасы» бейнекөрсетілім қойылды. Мұндағы мақсатым тақырыпты қорытындылап кері байланыс орнату.

Оқыту нәтижесінде: Оқыту мен оқудағы сыни тұрғыдан ойлаудың маңызы мен мәнін ұғынды, әдістемесін меңгерді, тәжірибеге енгізу жөнінде пікір алмасты. Мұғалімдердің бұл коучингіден кейінгі рефлексияларынан қызығушылықтарының артып, ұсыныстарының көбейгендігін байқадым.

Екінші коучингті коучпен бірге жоспарладық. М есімді әріптесім коуч ретінде оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру мақсатында «7 модульдің ықпалдасуы - оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытады» тақырыбында коучингті өткізді. Мақсаты: 7 модульді қолдану арқылы оқытуды тиімді өткізу негіздерін қарастыру болды. Коучинг «Қар көшкіні» сергіту сәтінен басталды. Қатысушылардың есімдерінің бірінші әріпі арқылы тілек білдіру арқылы психологиялық ахуал қалыптастыруды жүзеге асырды. «Капитан» бойынша 3 топқа бөлініп отырды. Топ ережесі құрылды. «Мақсатқа жету жолында» бейнежазба көрсетілді. Бейнежазбаны көріп мақсатқа қалай жету керектігі туралы өз пікірлерін тұжырымдап айтып өтті. «Блум» таксономиясымен таныстырылды. Осыған байланысты топтарға тапсырмалар берілді. Коучингтің басында мұғалімдер бірден кірісе алмай отыр еді, топқа тапсырма берілгенде, оны орындау барысында қызығушылықтары байқалды. «Қаздар сабағы» бейнеролик көрсетілді. Қолданылған видеоресурстар коучингке қатысушыларға тақырыпты ашуға мүмкіндік берді. Пайдаланылған стратегиялар арқылы тақырыпты тереңірек қарастырып, бағалауға мүмкіндік алды. Мектептегі мұғалімнің әр сабағы арқылы берілетін білім - ең бірінші бала үшін екенін ұмытпайық деп Болашақтың мектебін қалай елестетесіз? деген тақырыпта постер қорғады. Әр тапсырмадан кейін «Сиқырлы алақан» арқылы топта бір-бірінің жұмысын бағалап отырды. «Даму ағашы» арқылы кері байланыс орнатылды. Кері байланыс кезінде мұғалімдер тарапынан кездесетін кедергілерді нақты көрсете алмайтындары көрінді. Коучингтің мұғалімдер қауымына бергені көп болды деп ойлаймын.


hello_html_m4d30089b.jpghello_html_m33880555.jpghello_html_m7e2b8b1f.jpghello_html_1a0e4ca8.jpgКелесі коучингті Ж есімді әріптесім «Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту негізінде оқу белсенділіктерін арттыру» тақырыбын алдық. Сыни тұрғыдан ойлау модулі арқылы талантты және дарынды оқушыларды анықтауға, оқушылар көшбасшылығын қалыптастыруға бағыт - бағдар алады. Коучингті ең алдымен «Лента» сергіту сәтінен бастады. Әр мұғалім лента түсін таңдап алды. Бір-біріне жақсы тілектер айтты. «Күріш» видеожазбасы көрсетіп, осы видеожазба туралы өз тұжырымдарын айтуға ұстаздарды ортаға шақырды. Ұстаздарға сіздер алдыңыздағы оқушының қандай болғанын қалар едіңіздер? деп сұрақ қойып қатысушылардың ойларын тыңдап, өздеріңіз ойлаған "Мінсіз оқушының қасиеттерін" флипчартқа түсіруге, постер қорғауға шақырды. Постер қорғалғаннан кейін мұғалімдерге «Әр түрлі бес елдегі мінсіз оқушының сипаттамасы» беріліп, оны өздері жасаған модельмен салыстыра отырып ерекшеліктері мен ұқсастықтарын талқылады. Коучингке қатысушылар «мінсіз оқушылар» көп болуы үшін мұғалім оқытудың жаңа әдістерін үйреніп, сабақта тиімді қолданғанда жетістікке жететіндерін нақтылады. Әр топтың қорғалымдары «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы арқылы бағаланды. Келесі біздің жұмысыз "Сиқырлы орамал" ситуация деп 1 шаршы матаны алдарына тастап, осы 1 шаршы матадан сіздер не жасап шығар едіңіздер? деген ой тастады. Әр топ матадан қандай заттар жасайтының қағаз бетіне түсірді. Ұшақ жасап топтар бір-бірінің жұмысын бағалады. «Қызыл өрік» биі қойылып қатысушыларды сергітіп алды. «Джигсо» әдісі арқылы топтар берілген мәтін бөлігін өзара талқылап, әңгіме қиындыларынан мәтін құрастырды. «Даму ағашы» арқылы кері байланыс жасатты.

hello_html_ee6107e.jpghello_html_cd43d4f.jpghello_html_13cb0254.jpghello_html_72210dcb.jpg

Мектеп басшысының қолдауымен шығармашылықпен жұмыс істейтін деңгейлік курс бағдарламасы бойынша оқып келген әріптестерім құрған «Ынтымақ39» мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығына мүше болып кірдім. Қалалық мұғалімдер «Фортуна» қоғамдастығын құрып, күнделікті желі ішінде жоспарлаған іс - шараларым туралы әріптестеріммен кері байланыс жасай отырып ой бөлісіп, кеңес алдым. Жақсы қарым-қатынас орнатуда, ынтымақтастықпен жұмыс жасау үшін қоғамдастықтың маңызы зор екеніне көзім жетті.

Тәлімгерлікті Д есімді әріптесіме жүргізуді жөн көрдім. Тәліп екінші санатты тәжірибелі мұғалім, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, жаңалыққа жаны құмар, білсем, үйренсем деп тұрады. Енді осы мұғаліммен жұмыс істеу үшін тәжірибемнің алғашқы күнінен оқудағы үйренген біліміммен бөлісіп, көшбасшы мұғалім ретінде сенімділік пен қолдау көрсете отырып, алдағы жұмысымызды жоспарладық. Бағдарламаның негізгі идеясымен таныстыра отырып, оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері туралы мәлімет беріп, тәлімгерліктің мақсаты, жүру барысы туралы әңгімелестік. Бірден Д дәстүрлі сабағына қатысып, оқушыларды бақылай отырып, сабақ барысын ұйымдастыруын қадағаладым. Жаңа тақырып болғандықтан, сабақ негізінен тақырыпты ашудан басталды. Сыныптағы оқушылардың мазасыздануын көріп өзіме түртіп алдым, кейін тәлім алушыға қоятын Сіз оларды қалай тыныштандыра алар едіңіз? Сабақта немен қызықтырар едіңіз? деген ойымда сұрақтар туындады. Мұғалім әдеттегідей сабақтың тақырыбын өзі айтып түсіндірді. Бекіту кезінде өзі сұрақ қойып, оқушыдан бұрын жауапты өзі айтып қойып отырды. Сабақта жоспарланған тапсырмалар көп болды. Кейбір оқушылар тапсырманы орындауда қалып қалды. Сыныптағы он төрт оқушының сегізі ғана бағаланды, тапсырмаларды орындаған оқушылар ғана бағаланып, ал үлгермеген балалардың жұмысы тексеріліп, бағаланбады. Бұл сабақтың соңында байқағанымыз, оқу материалын сыныптағы тек үздік оқушылар ғана меңгерді. Үлгерімі төмен оқушылар неліктен жаңа сабақты толық меңгермегендіктерін түсіндіре алмады. Сұрақтарға тек жақсы оқитындар жауап беруге ұмтылды. Тәлім алушыға қалыптастырушы және жиынтық бағалауды үйретуім керек деп өзіме түйдім.Сабақ аяқталған соң тәлім алушы екеуміз отырып өткен сабақты талқылап, әңгімелестік. Тәлім алушынының іс-әрекетін, тәжірибесін өзгерту үшін не істеу керектігін анықтау мақсатында оның алдынан туған мәселелерді анықтауға тырыстым. Сабақта ненің сәтті, ненің сәтсіз өткен жақтарын айта келіп мынадай ұсыныстар енгіздім: Сыныптың ахуалына көңіл бөлу, сергіту сәтін өткізу, топтық жұмысты ұйымдастыру, оқушы үнінің басым болуын ескеру, қалыптастырушы және жиынтық бағалауды, кері байланысты енгізу керек екені туралы айтып, бағыт-бағдар түсініктемелер бердім. Д-ға жаңа сабақ жоспарын құрғанда ұсыныстар беріп, туындаған сұрақтарды шешіп алдық. Сыныпты топқа бөлу үлгісімен, топ ережесін, топ мүшелерінің рөлімен танысты. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері жайлы үйретіп, сабақта жеті модульді ықпалдастыра отырып қолдануды, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар құруды үйреттім. Келесі қадамымыз өткізетін сабағымызға қысқа мерзімді жоспар құрып өткізу болды.

Мұғалім өзінің алғашқы сабағында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолданып, шығармашылықпен жұмыс жасай алатынын көрсетті. Тәлім алушы жаңа модулді өз тәжірбиесіне енгізуге тырысты. Д-ның екінші сабағында оқушыларды бақылай отырып, сабақтың барысын ұйымдастыра білуін қадағаладым. Д өз сабақтарын ынтымақтастыра оқыта отырып, оқытуды жаңа әдіспен жүргізе бастады. «Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар» тақырыбы бойынша 6 «б» сыныбында сабақ жүргізді. Сабақтың мақсаты: Ақпаратты қорғау тәсілдерін, вирусқа қарсы бағдардамалар түрлерін және жұмыс істеу, ақпаратты вирусқа тексеру, емдеу және жою жұмыстары туралы түсінік беру. Сабақ соңында оқушылар ақпаратты қорғау тәсілдерін, вирусқа қарсы бағдарламалар түрлерімен жұмыс істеуді, ақпаратты вирусқа тексеруді, емдеуді және жою жұмыстары туралы танысып, қорытынды жасау қабілеттері артты.

Келесі сабақтың тақырыбы: «Есептеу техникасының даму тарихы». Сабақтың мақсаты: Есептеуіш техникасының даму тарихын білу және жұмыс істеу қағидаларын ажырата алу. Д оқушылардың қызығушылығын ояту барысында оқушылар сұрақ бойынша өздерінің ойларын еркін айтуы кезінде көзге түсті. Осыдан кейін жаңа тақырып бойынша «Джигсо» әдісін қолдана отырып, әр топқа оқулықтағы мәтінді азат жолдан басталған бөлімге бөліп, топ ішінде жұмыс істеуге берілді. Мұндай топтастыру нәтижесінде оқушылар біріншіден, өзінің тапсырмасын жеке дара, топта орындауға тырысты, менің байқағаным Топтық жұмыс арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптасуы, өздерінің тақырыптары бойынша бір-бірлеріне ойларын бөлісіп әңгімелесуі, сабаққа деген қызығушылықтарын көрдім. Сабақ аяғында оқушылар «Мұғалім енді сабақ осылай үнемі өтеді ме?» деген сұрақтар қойды. Бұл үлкен өзгеріс, білім саласындағы үлкен жетістік деп айта аламын. Сабақ аяқталысымен бірден кәсіби әңгіме жүргізіп, талқылау жасап отырдық.

Келесі сабақтың тақырыбы: «ЭЕМ-ның даму кезеңдері», сабақтың мақсаты: Электронды есептеуіш машиналарының даму кезеңдерін білуі тиіс. Бұл жерде тәлімгер қысқа мерзімді жазуды үйренді, және оның тиімділігіне көңіл бөле білді. Осы сабақтағы келесі тапсырма оқушыларға арналған деңгейлі нашар, орта және жақсы оқитын балаларға арналған ауызша жауап беру, топ ішінде талқылау, логикалық ойлау және танымдылық жаттығуы. Топ ішінде пікірлесу, тақтаға шығып айту. Бұл тапсырманы СТО-ны қолдану арқылы жүргізді. Жаңа материалды меңгеру барысында оқушыларға әр түрлі сұрақтар қойылды. Ол сұрақтардың нәтижесінде оқушылардың сабаққа деген белсенділік танытқанын, өз ойын еркін жеткізе білуі, әр топта көшбасшы, қабілетті балалар бар екендігін анықтауға септігін тигізді, оқушы үні қалыптасты және оқушылар деңгейлеріне байланысты бір-біріне көмек бере алды. Бұл жерден мұғалімнің шеберлігін көре аламыз.

Сабақтың ең соңғы қорытынды кезеңінде оқушылардың жаңа сабақты қаншалықты меңгергендігін анықтау мақсатында қорытынды, бекіту үшін «Сабақ не туралы болды?», «Не білдім?, Тағы не білгім келеді?» деген сұрақтар қойдым.

Сабақтар барысында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ, СТО, ОүБ және ОБ, модульдерін ықпалдастыра отырып, жеке, жұптық, топтық жұмыстар ұйымдастырылды. «Өрмекші торы», «Джигсо», «Insert», «Кубизм» әдіс-тәсілдері орынды қолданылып, «Блоб ағашы» тәсілі арқылы кері байланыс жасалынып, сабақтан алған әсерлерін, қаншалықты деңгейде сабақты меңгергенін көрсете отырып, әр оқушы өз орынын көрсетіп отырды. Сын тұрғысынан ойлаудың INSERT стратегиясын қолдана отырып Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді? сұрақтары арқылы рефлексия жасап отырды. Сабақтарда қолданылған әрбір әдіс-тәсіл тиімді болды деп есептеймін: олар оқушының білім деңгейін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар ары қарай дамуына мүмкіндік берді. Сабақтарда оқушының пәнге деген қызығушылығының артқаны байқалғанымен, стратегиялардың бірнеше түрін қолданған сабақтың асығыс іске асырылатындығын байқадық. Осыдан келіп кедергінің тағы бір маңызды тұсы уақытты тиімді пайдалана алмау және компьютерде жұмыс істеуге уақыттың аздығы.

«Lesson Study» - мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Тәлімгердің сабақ жүргізу барысында қолданған тиімді әдістерінің нәтижесінде оқушылардың қаншалықты дамығанын анықтау мақсатында қоғамдастықтағы топ мүшелерімен бірлесе отырып Lesson Study тәсілімен сабақты зерттедік. Lesson Study тәсілінің тиімділігі зерттеуге қатысатын мұғалімдер оқушылардың оқу үдерісін зерделейді. Әр мұғалім 3 деңгейлі оқушыны зерттеуге мүмкіндік алды. «Lesson Study» зерттеу сабақтарының барысында осы үш оқушының іс-әрекеттері бақыланып, алынған стратегиялар осы оқушылардың қалыптасып келе жатқан тұлға ретінде ашылуына үлкен септігін тигізді. Сабақтарда қолданылған әрбір әдіс-тәсіл тиімді болды деп есептеймін: олар оқушының білім деңгейін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар ары қарай дамуына мүмкіндік берді. Үш деңгейдегі оқушыларды зерттеген әріптестерімнің рефлексивті есебінен осы өткізілген сабақтың да, қолданылған стратегиялардың тиімділігі көрсетілді. Lesson Study тәсілі кезінде туындаған кедергілер уақыт тапшылығы болды. Сондықтан Lesson Study тәсілін мектептің даму жоспарына енгізуді жөн көрдік.

Мұғалімдер топтарда жұмыс істеу барысында өзгерістердің қажет екендігін жете түсініп, зерттеулердің күшті, әлсіз жақтарын көрсету арқылы, мүмкіндіктер мен кездесетін кедергілерді нақты анықтай білді. Бұдан көретініміз әр мұғалім өзінің қай жерде тұрғанын нақты білетін жағдайға жетіп, болашақта қандай бағытта жұмыстарын жандандыру керек екенін түсіне білді. Сондай-ақ курс барысында алған теориялық білім практикада нәтижесін беруі мұғалімдердің де өз қызметіне жауапкершілігін күшейте түсті. Ұжым арасындағы бірлескен жұмыстарға жол ашты. Олар өзіне оқушы көзімен қарап, өздерін әріптестерінің пікірімен бағалап, батыл қадамдар жасауға ұмтылды. Бұл да бағдарламаның бір басымдығы ретінде қарастыруға болатын рефлексияның нәтижесі. Бұл өзгерістердің бәрі бағдарламаның ерекшелігін көрсететін кері байланыстың әсері екені сөзсіз. Сонымен қойылған мақсатпен көздеген нәтижелерімізге жетуіміз мектеп, оқушы, жанұя арасындағы ынтымақтастығымызды нығайта түсті. Бұл нәтижелер білім кеңістігіндегі табысты мектептің табысы осы бағдарламадан басталса, ұрпақ болашағы кемел болатынына айғақ болғандай. Осыдан келіп қандай жұмыс болмасын одан күтілетін нәтиженің болуы тиіс деген тұжырым жасадым. Күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін нақты қол жетімді мақсат керек. Дұрыс қойылған мақсат қана нәтижеге жеткізеді. Мектеп тәжірибесін өзгерту үшін мен қолданған әдіс-тәсілдер, мен енгізетін болашақтағы өзгерістердің қаншалықты тиімді болатындығына бастайтын жол екендігі даусыз. Lesson Study мектеп ұжымымен өткізуді жоспарлап, бірлесе жұмыс жасауды ары қарай жалғастырамын деп ойлаймын.

Осы тәжірибе барысындағы жасаған қорытындым: мектепке өзгеріс енгізу үшін дұрыс мақсат қоя отырып, нақты әрекеттер мен тиімді стратегияларды ұтымды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады екен.































hello_html_m3b899474.jpg















hello_html_mda2ee17.jpg

















hello_html_1cb457d3.png









9

Автор
Дата добавления 03.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров175
Номер материала ДБ-317210
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх