Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБілгенге маржан. Қазақтың ою-өрнектері.

Білгенге маржан. Қазақтың ою-өрнектері.

Скачать материал

 

 

Қазақ ою-өрнегінің ежелгі нұсқалары мен атаулары.

    

    Қазақ ою-өрнегі ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою-өренктер өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен  орналасқанын байқау қиын емес. Оюлардың ертеден келе жатқан нұсқаларында  элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі. Ал көне түркілердің түсінігі бойынша  құс – көктің, балық – судың, ағаш – жердің белгісі болған. Сол қазақ ою-өрнегінің  мақлұқаты, нәубет аты, ғарыштаты, тікесызықты, нышандық, танымдық  т. б. сарындарының мазмұнын байыта түскені белгілі. Сондықтан ежелден келе жатқан ою-өрнектердің нұсқасынан аңды, жан-жануарлар мен құстарды жиі тұспалдап тұрғанын аңғару қиын емес.

      Бұйымдарда жан-жануарлардың мүйізі, дене мүшесі, тұяғы, құстың тұмсығы, түлкінің басы, бөрінің құлағы немесе иттің құйрығы және өсімдіктердің түрлері кеңінен бейнеленген.

       Ою-өрнек – қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіре. Мақсат, болашақ ұрпақтарымызға  ұмыт болып бара жатқан осы өнерді таныстырып қана қоймай, оны қолөнер, сурет, сәулет өнері және өндіріс салаларына ендіре отырып осы өнерді қайта жаңғырту, оған жаңға мазмұн беру.

 

Изображение 0131.                           2.                       3.                     4.                   5.                     6.                      

 

1.«Кемпірқосақ»  ою-өрнегі бірнеше түстерден жолақтар жасап алма-кезек орналасады. Қазақтарда кейбір түстердің символдық мәні бар: көк түс – аспанның символы, ақ түс – ақиқаттың, қуаныштың символы, сары түс – ақыл парасаттың, қайғы мұңның символы, жасыл түс – жастықтың, көктемнің символы. Қолөнер бұйымдарын жасауда әрбір түсті белгілі тәртіппен кемпірқосақ көркіне лайықтап орналастырылады. Бұл өрнектер алаша, қоржын, басқұр тоқуда жиі пайдаланады.

 

2. «Күн» ою-өрнегі күнді тұспалдап тұратын ою. «Күн» оюы  кілемнің, тұскиіздің дәл ортасына салынады, сол сияқты бұл өрнек кесте тоқуда немесе ағаштан, сүйектен ойылған заттарды бейнелеуде қолданады.

 

3. «Жұлдызқұрт» ою-өрнегі ши орауда, сырмақтың шеткі жиегінде кездеседі. Ол  ақ пен қарадан, қызыл мен жасылдан, көк пен сарыдан бунақталып келеді.

 

4. «Жұлдызгүл» ою-өрнегі бес бұрыш жасап, гүлмен өрнектеліп, бес тармақтан тұратын гүлді тұспалдайды. Тұскиіз, төсекжапқыш, беторамалдың ортасына және сырт киімнің арқа тұсына  немесе шапанның етегінің алдыңғы  бетінің екі бұрышына салынады.

 

5. «Жұлдыз». Бұл өрнек геометриялық сынық сызықты тұспалдайды, кейде жұлдыздың натуралдық қалпын кестелейді. Жұлдыздың бейнесі композицияланған ою-өрнектердің ортасында кездеседі және бес жұлдыздың бейнесі ап-анық көрініп тұрады.

 

6. «Төртайшық» ою-өрнегі айды тұспалдап тұрады. Төртайшық ою-өрнегінің әрбір тармағы төрт ай секілді жай элементтен құралған. Бұл «төртайшық» элементтерінен шексіздікке ұласатын ою-өрнектер қиюға болады.

Изображение 045«Қырықмүйіз» ою-өрнегі біріне-бірі жалғаса, тармақтала қосылған, көп мүйізден құралған ою-өрнектің бір түрі. Ол көбінесе дөңгелек не төртбұрыш ішінде бейнеленеді, кейде бұтақтың ағашы тәрізді тармақталып, жайылып бейнеленеді. Бір-бірімен қосылған бірнеше ьармақты көп мүйізді оюлардан құралады. (Тұскиіз, тон, сырмақ, текемет, архитектура сәулет өнерінде молырақ кездеседі).

 

 

«Сынықмүйіз» морт сынған тік төртбұрыш жасап,  төрт рет ішке қарай иіледі. Бұл ою-өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр мен алашаларды, сондай-ақ әртүрлі қалаталарды безендіру үшін пайдаланылады, ал сырт көрінісімалдың сынған мүйізіне ұқсайды.

 

 

«Төртқұлақ» ою-өрнегінің төрт тармағы зооморфты немесе көгеніс оюларынан құралған, ортасы крест бейнесін жасайды. Төрт тармақтан дөңгелек, «төтбұрыш», «төртжапырақ» құрайтыною-өрнектер жасалады. Бұл оюлар, ебеже, жүк-аяқ, аяққап, батырлардың шапанының жауырынына, қалқанға, шалбардың тізе тұсына, дөдегінің ортасына немесе шет бұрыштарына салынады.

 

«Үшқұлақ», «Үшжапырақ» ою-өрнектері барлық қолөнерге тән үш мүйізді, үш жапырақты болып бейнеленеді. X-XI ғасырда Тараз қаласындағы моншаның қабырғалары үш жапырақты ою-өрнекпен бейнеленген.

 

 

«Түйемойын» ою-өрнегі түйенің мойнына ұқсап иіле көтеріліп барып тармақталатын мүйіз оюы. Мұндай өрнек мәнері көбінесе күрделі  бір мүйіз оюларымен  тұтас келеді де, «түйемойын» өрнегі сол топта өз алдына оқшауланып өзге денелерден  озып тұратын түйенің ұзын мойнына ұқсайды.

 

Изображение 049  «Құсқанаты» ою-өрнегі мүйіз оюымен не шахмат щақпақтарының ізімен бейнеленген құстың қанаты  тәріздес ою-өрнек.        

Изображение 047«Жіліншік» ою-өрнегі малдың жілік сүйектерінің негізінде туған атау. Жіліншек өрнегі қатар екі сызық бейнесінен құралатын буынды өрнек (алаша, киіз, тысқап, баулар, басқұрларды безендіруге қолданады).

 

«Тіс» ою-өрнегі малдың, аңның тісіне ұқсас, ақ-қара түсті шақпақтан құралатын, шахмат тақтасына ұқсас ою-өрнек. Кесте тігуде бұрыштарын қарама-қарсы түйістіріп отыратын тік сынық сирек тігістердің өрнегінде қолданылады. Мұны «тіс», «иттіс» деп те атай береді.

 

«Таңдай» ою-өрнегі малдың таңдайының бедерін бейнелеуден шыққан, диагональ тәрізді  өрнек. Бұл өрнек ағаш, мүйіз, сүйек заттарының шетіне, киімдердің жағасына, кимешектің жағына салынады. Таңдай өрнегі басқа түркі тектес халықтарда кездеседі.

 

«Бөрікөз» ою-өрнегі бөрінің көзін, қасқырдың  басын, құлағын, сондай-ақ «бөріқұлақ» деп аталатын жапырақты бейнелейтін ою-өрнек «бөріқұлақ» деп аталады.

 

«Итемшек»  ою-өрнегі «төртайшық» өрнегіне ұқсас, күрделі элементтен тұрады. «Итемшек» ою-өрнегінің төрт тармағының негізі айға ұқсас болып келеді. Ал сол тармақтың астыңғы тұсына салынатын ұсақ екі қатар элементтер иттің емшегін тұспалдап екі жаққа бағытталып орналасады.

 

«Итқұйрық» ою-өрнегінің сырт көрінісі иттің қайқайып тұрған  құйрығына  ұқсас, көбінесе сүйек пен ағаштан жасалған бұйымдардың (киіз үй есігі мен ағаш төсектің) бетін бедерлеу үшін, киіз бұйымдарды әшекейлеу үшін қолданады. 

Изображение 046«Тоғызтөбе»  ою-өрнегі ең көне оюлардың  бірі болып саналады. Бұл өрнек қимақтар  мен қарлұқтардың  қолөнерінде сақталған және кезінде «тоғызтөбе» ою-өрнегі Айша-бибі күмбезінің кірпіштерін өрнектеу үшін қолданған. Ал қазіргі кезде қазақ, қырғыз, түрікмен, қарақалпақ қолөнерінде кездеседі. 

 

 

«Арқармүйіз» деп аталатын ою-өрнек қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың бір түрі. Бұл элемент «қошқармүйізге» өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді. (Кілем, тұскиіз, сырмақ, кесте, киім-кешек пен үй жиһаздарына кездеседі).

 

 

«Сыңармүйіз» «қосмүйіз», «қошқармүйіз» деп аталатын оюдың тек бір жақ сыңарын ғана бейнелейтін өрнек түрі. Шебер орналастырылған «сыңармүйіз»  өрнек композициясында дараланып тұрмай, жымдасып келеді, үй-жиһаздары мен тұрмыстық заттарға, сондай-ақ киім-кешек, қару-  жарақ  т.б. бетіне салынатын  ою-өрнектің бәрінде кездеседі. Және текемет, сырмақты әшекейлейтін, жиегіне жүргізілетін өрнектің бір түрі.

 

Изображение 048«Өркеш» ою-өрнегі түйенің қос өркешін бейнелейді. Сырмақ, текемет, тұскиіздерге салынатын ою-өрнек композициясында  көбірек кездесетін элемент. Қазақ оюында мал мен аңның қос мүйізін, түйенің қос өркешін, биенің қос емшегін бейнелеу тек симметриялық тепе-теңдік үшін ғана емес, береке бірліктің, көбеюдің символын білдіреді.

 

«Айыр» ою-өрнегі «ашатұяқ», «айыртұяқ» өрнегі кейде «айыр» өрнегі деп те аталады. Пішен ашалайтын айыр құралға ұқсас болып келеді.

 

«Ботакөз» ою-өрнегі әшекейлі композицияның ортасына салынатын немесе бірнеше қайталанып келіп, шетін көмкеретін жиектеме түзейтін ою. Сырт пішіні ботаның көзіндей дөңгеленген ромбқа ұқсайтын геометриялық ою-өрнек.

 

«Қаңқа» ою-өрнегі тоқыма бұйымдарында қолданылады.

Изображение 051    «Шетою» ою-өрнегін шексіздікке ұластыра ою деп атайды. Берілген өрнектің бір элементі шексіз қайталана береді. «Шетою» есіктің жиегінде, текемет, сырмақ, кебеже, киім-кешек, ыдыс-аяқтың жиегіне салынатын ою-өрнектер.

 

 

«Ирек», «ирексу» кейде түзу сызықтардың сынықтары, кейде доғал сынықтардың ұштасуы арқылы жасалады. Ондай сызықтар бірнеше қатар сызықтар түрінде қатарласа келеді. «Ирек», «ирексу» өрнегінің жасалуы, кейде бір иректің іші екінші ирекке қарсы келіп «төртбұрыштар мен «сағатбау», «саты» тәріздес өрнектер жүйесін түзейді.Бұл өрнек: бешпент, қамзол,шапан, тақияның жиегінде орнатылады. Зергерлік бұйымдарда: сақина, білезік,қапсырма, алқалардың жиегінде және ши, сырмақ, кебеже, жүкаяқ,табақ ернеулерінде, әдіп тігісте көбірек кездеседі.

   

Изображение 051    «Қос дөңгелек» ою-өрнегі мал таңбасына ұқсайтын өрнек. «Қос дөңгелек» өрнегімен негізінен киіз бұйымдарын, текеметтерді, сырмақтарды әшекейлейді.

 

 

 

«Тұмарша» ою-өрнегі үшбұрыш үлгілес болып келеді. Үш гүл, үшбұрыш, осындай тұмарлар тілкөзден сақтау үшін адамдарға ғана емес үй-жануарларына бойтұмар ретінде де тағылады. Кілем бұйымдарының жиегінде киіз, кілем, текеметтің орта тұсын көмкеруде кездеседі.

 

Изображение 051    «Қостұмарша» ою-өрнегі төбесінен түйістірілген екі тұмарша үшбұрыш өрнегі қосылады да, екі геометриялық үшбұрыш жасайды. Бұл өрнектің түрі «тұмарша» өрнеігі секілді тіл-көзден сақтау дегенді білдірмейді, тек эстетика тұрғыдан әшекей ретінде қолданады.

 

 

 

Изображение 053  

       «Сыңарөкше» ою-өрнегі «сыңармүйіз» оюында айтылғандай, мүйіздің бір сыңары етіктің басына ұқсап, қайқиып, қайталанып щшексіздікке  ұласа береді. Бұл өрнек негізінен  «қошқармүйіз» элементінен жасалады.

 

 

        «Балта» ою-өрнегі «балғатаңба», «балта таңба» дейтін ру таңбаларынан пайда болған. Бұл таңба «Г» немесе «Т» әрпіне ұқсас. Мұндай ою тас қап, кесе қап, тұскиіз, төсек жапқыш, басқұр бұйымдарында кездеседі.

 

     «Балдақ» ою-өрнегі бүркіт ұстаған қолдың білегіне киіліп тұратын жоғары басы балдақ сияқты жарты шығыр формасында келеді. Баладқ өрнегі бір-бірімен қосыла, шеңберге, ілмелене келіп, күрделі өрнек түзейді. Бұл өрнек киіз бұйымдарын әшекейлеуде, кесте тігуде, зат бетіне оюлы бедер салуда қолданады.

 

      «Мөр», «таңба», «бестаңба» ою-өрнегі мал таңбасына ұқсайтын өрнек. Бұл өрнек дүниенің төрт бұрышын шартты түрде бейнелеу ұғымын білдіреді. «Таңба», «бестаңба» өрнектерін малға ен салуға, мекеменің ресми таңбасы ретінде және алаша, сандық, керует, кебеже сияқты қолөнер бұйымдарын өрнектеуде пайдаланады.

 

     «Қармақ» ою-өрнегі кәдімгі балық аулайтын қармақтың ілмегін тұспалдайды. Қармақ өрнегінде екі-үш, кейде одан да көп тармақ болады, оны кейде «зәкір таңба» деп те атайды.

 

 

Изображение 054     «Кавказ» ою-өрнегі ақ күміске қарала өрнек жасайтын қоспаны қазақ шеберлері төрт түрлі заттың қосындысынан жасайды. Олар: күміс, қызыл, мыс, күкірт. Кавказ жүргізіп өрнектеудің Оңтүстік Қазақстан шеберлерінде өзгеше әдісі болған. Қарала жүргізілетінкүміс бұйымдарының бетіне үшкір біз тәрізді арнаулы аспаппен иректер өрнекті жүргізеді де, шыны мен ағаш көмірін ұнтақтап , оған мұсатыр араластырып отқа ұстап балқытады. Ағаш көмір шынының түсін қарайту үшін қосылады. Осыдан кейін күміс бұйымның бетіне балқып тұрған қоспаны құяды. Ақ күміске қарала өрнек жүргізу, сақина, білезіктің әшекейлігін арттыра түседі және де мұндай қарала оюмен бедерлегеннен кейін әртүрлі асыл тастарды пайдаланбай-ақ, күміске түсірілген қарала өрнектің өзі зергерлік бұйымды әдемі қылып көрсетеді. Ә. Масановтың айтуынша – «Кавказ өрнегін» Орта Азия шеберлері  VIII –XIV ғасырларда қолөнерде қолданған дейді. Кавказ үлгісінен  «кавказ білезік», «кавказ жүзік», «кавказөрнек» деген мәнер шыққан.

 Изображение 054

      «Қайнар» ою-өрнегі  малды өлкеде өмірге келген, оюдың түстері салқын түстер гаммасынан құралады. Бұл ою-өрнек жайылымдар мен суаттардан тапшылық көрген елде пайда болған өрнек мал таңбасына ұқсайды немесе судың бір тамшысынан тұспалдайды.

 

 

«Тарақ» үлгілері күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген шаш тарайтын тараққа ұқсайды. Бұл өрнек нақышына келтіріліп алаша, басқұрларда қолданады және тараққа ұқсас бірнеше жуан жолақтардан тұрады.

 

   «Қосалқа» ою-өрнегі  әшекейлі тізілген мойынға салатын моншаққа ұқсас болып келеді. Қазақ оюларының ішіндегі ең көп тараған оюдың түрі. Өте шебер келісім тауып құрастырылған «қосалақа» оюлары бір тұтас композиция өрнек жүйесін жасайды. Ою-өрнек алақаның, сырғаның, жүзіктің көзіне салынып, көбінесе зергерлік бұйымдарда қолданады.

 

Изображение 049           «Жылан», «жыланбас» ою-өрнегі балалардың тақиясына «көз тимесін» деп тағатын, жыланның бас сүйегіне ұқсас ою-өрнек. Бұл ою-өрнегі жыланның бейнесін тұспалдап тұрады.

 

        «Жылынбауыр» ою-өрнегі жыланның бауырын елестеді. Отырар зергерінің қолтаңбасындағы ою-өрнекте қыздың қасы секілді қиық сызықтар мен тарыдай ноқаттар алмасып отыпрады.

   «Тышқаніз» ою-өрнегі кілем, қоржын, аяққап, тұрмыстық жиһаздарды әшекейлеуге пайдаланылады

Мұндай ою-өрнектің композициясы жолақтың жиектемесіне толтырылады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Білгенге маржан. Қазақтың ою-өрнектері."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Флорист

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

 

Қазақ ою-өрнегінің ежелгі нұсқалары мен атаулары.

    

    Қазақ ою-өрнегі ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою-өренктер өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен  орналасқанын байқау қиын емес. Оюлардың ертеден келе жатқан нұсқаларында  элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі. Ал көне түркілердің түсінігі бойынша  құс – көктің, балық – судың, ағаш – жердің белгісі болған. Сол қазақ ою-өрнегінің  мақлұқаты, нәубет аты, ғарыштаты, тікесызықты, нышандық, танымдық  т. б. сарындарының мазмұнын байыта түскені белгілі. Сондықтан ежелден келе жатқан ою-өрнектердің нұсқасынан аңды, жан-жануарлар мен құстарды жиі тұспалдап тұрғанын аңғару қиын емес.

      Бұйымдарда жан-жануарлардың мүйізі, дене мүшесі, тұяғы, құстың тұмсығы, түлкінің басы, бөрінің құлағы немесе иттің құйрығы және өсімдіктердің түрлері кеңінен бейнеленген.

       Ою-өрнек – қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіре. Мақсат, болашақ ұрпақтарымызға  ұмыт болып бара жатқан осы өнерді таныстырып қана қоймай, оны қолөнер, сурет, сәулет өнері және өндіріс салаларына ендіре отырып осы өнерді қайта жаңғырту, оған жаңға мазмұн беру.

 

1.                           2.                       3.                     4.                   5.                     6.                

 

1.«Кемпірқосақ»  ою-өрнегі бірнеше түстерден жолақтар жасап алма-кезек орналасады. Қазақтарда кейбір түстердің символдық мәні бар: көк түс – аспанның символы, ақ түс – ақиқаттың, қуаныштың символы, сары түс – ақыл парасаттың, қайғы мұңның символы, жасыл түс – жастықтың, көктемнің символы. Қолөнер бұйымдарын жасауда әрбір түсті белгілі тәртіппен кемпірқосақ көркіне лайықтап орналастырылады. Бұл өрнектер алаша, қоржын, басқұр тоқуда жиі пайдаланады.

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 260 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.11.2014 9179
    • DOCX 382.5 кбайт
    • 68 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Имаканова Рабига Сарсенбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 310657
    • Всего материалов: 36

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида

Учитель начальных классов компенсирующего и коррекционно-развивающего образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 279 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 887 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 352 человека

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 271 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 593 человека

Мини-курс

Созависимые отношения и способы их преодоления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Мини-курс

Развитие дошкольного мышления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Психология взаимоотношений, прощения и самопонимания

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 133 человека из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек