Описание презентации по отдельным слайдам:
«Социометрия» әдісі Мақсаты: Топтағы тұлғааралық қарым-қатынас пен көшбасшыны анықтау. Нұсқау: Төменде берілген 3 сұраққа жауап бере отырып, қалауыңыз бойынша топтағы 3 адамды жазыңыз. Сұрақтар: 1.Туған күніңізге кімді шақырар едіңіз? 2. Киноға кіммен барғыңыз келеді? 3. Мақтау қағазына кімді ұсынар едіңіз?
Тыныштық сәті Күн сәулелері сендердің беттеріңді, саусақтарыңды жылытады. Ол бізді теңіз жағалауына демалуға шақырады. Көздеріміздіжұмамыз. Өздеріңді жылы күннің шуағында жатырмыз деп сезініңдер. Шуақтары да сендермен бірге демалсын. Енді теңізді тыңдап көрейік. Күн ұйқыға кеткенде, түн келеді. Бірақ күн өз сәулелерімен ертең бізге қонаққа тағы келеді де, бізді өз шуағына бөлейді.
Көңіл-күйге байланысты тренинг Қар жауып тұр. Бетіміз су болды. Бетіміздегі суды сүртеміз. Бетімізге массаж жасаймыз. Енді үстіміздегі қарды түсіреміз, қағамыз. Аяғымыздағы қарды қағамыз. Топ-топ. Жерден қарды аламыз, домалатамыз. Енді алысқа оң қолымызбен лақтырамыз. Қайта жерден қар аламыз, қолмен домалатамыз, енді алысқа сол қолымызбен лақтырамыз.
Атаулы "Білім алушылармен психодиагностикалық жұмыс" психологтарға арналған. Бұл презентацияда танымдық үрдістерді зерттеуге бағытталған әдістемелер берілген.
1. "Сандарды көріп, есте сақтау әдістемесі";
2. "Социометрия" әдісі;
3. Көңіл - күйге байланысты сергіту сәті мен трениинг.
Бұл материал негізінде зерттеуге қатысушылардың қызығушылықтарын оятып, кейін диагностика жүргізуге ыңғайлы тәсіл.
көп жағдайда диагностика жүргізу тұлғаның ерік - жігерін басқаруда қиындық келтіреді, сондықтан олардың арасында сергіту сәттері байланыстырылып жүргізілуі тиімді нәтиже береді.
Номер материала: 306182