Инфоурок Другое КонспектыБілім алушының жеке жетістігін қалыптастыруда гимназияның оқу мүмкіндіктерін пайдаланудың тиімділігі

Білім алушының жеке жетістігін қалыптастыруда гимназияның оқу мүмкіндіктерін пайдаланудың тиімділігі

Скачать материал

Білім алушының жеке жетістігін қалыптастыруда гимназияның оқу мүмкіндіктерін пайдаланудың тиімділігі

Оқудың негізгі қызметі – білім алу. Ал бұл функцияны жүзеге асыратын бірден бір орын – мектеп. Мектептегі білім беру оқу стандарттары мен білім мазмұнына тікелей бағытталған. Білім беру ғана педагогтар мен оқушылардың дайындық деңгейінің жоғары сапасын көрсететін іс-әрекет болып табылады. Білім беру барысында оқушының жеке жетістікке қол жеткізуі педагогтардың оқу үдерісіне сай оқу – танымдық іс – әрекетін  ұйымдастыра білу шеберлігімен тікелей байланысты. Орта білім беретін барлық білім мекемелерінің педагогтары өз іс-тәжірибесінде тексерілген, сынақтан өткен әдістер мен технологияларды қолданумен қатар өзінің көкейіндегі туындысын да жүзеге асыруға тырысып бағады. Дегенмен, жаңа әдістерді бұқараға қолданысқа ұсынбас бұрын, оның өміршеңдігін тексеру міндетті, яғни, оқу барысында білім алушылардың жеке жетістікке жетуіне ықпалын бағалау басты міндет.

Оқытудың жетістігі ретінде оқушылардың нақты білім сапсының жоспарлы күтілетін нәтижемен сәйкес келуі қабылданады. Сондықтан оқыту жетістігінің өлшемі ретінде үлгерімді бағалаудың пайыздық қатынасы қолданылады.

Оқытудың жетістігі екі түрлі жағдайда мойындалады, біріншіден, оқытуда қойылатын белгілі мақсаттар мен міндеттердің нормасына жетуге мүмкіндік берсе, яғни, алдын ала жоспарланған нәтижеге жеткенде; екіншіден, сол нәтижеге жету жолында еңбек ресурстары мен уақыт аз жұмсалып, нәтиже жоғары болғанда.

Білім –бұл мұғалім мен оқушының субъектив-объектив əрекет жолдарымен мақсатқа жетуді көздеген педогогикалық процесс жүрісі. Адамның тұлғалық дəрежеге жетуі оның қоғам мұраттарына сай қалыптасуы педагогикалық процестен тыс іске асуы мүмкін емес.

Қаншалықты кең тараса да, бір қарағанға тұрақты болып көрінгенімен, «білім» түсінігі көп мəнділігімен ерекшеленеді. Əдетте, бұл термин мазмұны жағынан келесідей түсініктемелерге ие болуы мүмкін: білім – жалпыадамзаттық құбылыс; білім - əлеуметтік мəдени мұра; білім – жүйе; білім – педагогикалық процесс; білім – нəтиже. Бүгінгі таңда дүние жүзінде білімнің әлеуметтік ролі артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасына, ойлау деңгейіне байланысты болып отыр. Осы тұрғыда жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып қоршаған ортаны қорғауға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу – ұстаздардың басты міндеті болмақ. Ол үшін әрбір ұстаз үнемі шеберлігін арттырып отырмаса, оқушы деңгейінің дамуы төмендейді. Осының бәрі бір күннің іс-әрекеті емес, оған көп уақыт, ізденіс қажет.

Қазіргі қоғамымызда  белгілі бір жетістіктерге қол жеткізу үшін алған білімнің сапалы да жүйелі болғаны дұрыс. Сондықтан білім беруші мұғалімге де, білім алушы оқушыға да ізденіс пен шығармашлықта жұмыстану талап етіледі. Мұғалімдер үнемі даму үстінде болып,  өз идеяларын оқытудың барысында жаңашылдықпен жетілдіріп отырғаны дұрыс.

Қазіргі таңда оқушының алып отырған білімінің нәтижеге бағытталуы өмірдің талабынан туындап отыр. Ғылым мен техниканың күнделікті қарыштап көз ілеспес жылдамдықпен дамуы болашақ ұрпақтың білімді, әрі алған білімін іс жүзінде қолдана алуын талап етеді. Білім алуда мұғалімнің баланы жеке жетістікке жету үшін еңбектенуге, жетістігін бағалай білуге үйрету басты роль атқарады.  Адами факторлардан бөлек, білім ордасының материалдық-техникалық базасы, оқу мүмкіндіктері де назардан тыс қала алмайды.

Баяндаманың тақырыбын ашу мақсатында гимназияның оқу мүмкіндіктеріне тоқталып кетсек.

ž Интернет ресурстарын кеңінен қолдану

ž Интерактивті тақтамен жұмыс жасау

ž ИКТ пайдалану

ž Оқулықтармен қамтамасыз ету

ž Онлайн олимпиадаларға қатысу

ž Сыныптағы оқушы санының шектеулілігі

ž Ұзартылған күн жүйесінде жұмыс атқару  т.с.с.

Интернет ресурстарын кеңінен қолдану дегенде пән мұғалімі ретінде 8-10 минуттық бейнесабақтар көрсетіп, көрген сабақ бойынша оқушылардың түсінгенін тексеру мақсатында сабақты дәптерге конспектілеп, бекіту үшін есептер шығарамыз

Сондай-ақ, интернет арқылы көптеген тақырыптар бойынша дайын презентациялар алып, презентацияны сабақта қолдану әрі көрнекілік болса, әрі оқушының есте сақтау қабілетін жетілдіруге үлкен үлесін қосады.

Былтырдан бері математикаға 1 сағат қосылғанымен, дидактикалық материалдарға өзгеріс енбеген. Кейбір тақырыптар бойынша тест материалдары мен бақылау жұмыстары жоқ. Осы орайда қайтадан интернет көмекке келеді.

Ал соңғы кездерде,  өздеріңіз де куә болып жүрсіздер, барлық мұғалімдер мен оқушылар сынып сағатын дайындаса да, линейкалар дайындаса да материалдардың денін интернет ресурстарынан алады. Міне, осы мүмкіндіктерді гимназияда қолданбайтын мұғалім де, оқушы да кем де кем.

Солардың мысалы ретінде міне, Дінмұхаммед Ахмедұлы Қонаевтың туғанына 112 жыл толуына байланысты ашық тәрбие сағатын дайындау және өткізу барысында презентация дайындап, онлайн режимде деректі фильмнен үзінді көрсетілді. Және осы сабақты дайындау барысында оқушылар да өздеріне қажетті талай тарихи материалдарды ақтарып, жетістікке өз қолдарымен жетті, бұл жетістіктің оларға маңызының зор екендігіне көз жеткізді.

Ал гимназияға проектор алынғалы ешбір іс-шара оныз өтілмейтін деңгейге жетті. Соның бір мысалы, тәуелсіздік күніне арналған линейка.

Жетістікке жетудің тағы бір жолы – интерактивті тақтаны, ИКТ-ны қолдану. 7 сыныптағы және компьютерлік кабинеттегі интерактивті тақталар оқушылардың пәнге қызығушылығын ғана арттырмайды, олардың дамуына да ықпалы бар.  Активстудиода флипчарттар жасау арқылы біраз мүмкіндіктер ашамыз. Мысалы оқушы жаңа флипчарт ашуға немесе бұрынғы флипчарттарды қолдануға дағдыланады, қаламмен бордың орнына жазу жазып, сызу сызады. Ол да күнделікті пайдалананылатын бор мен тақтадан гөрі өзгеше көрініс. Мысалы, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер апталығында ұйымдастырылған білімділер сайысы интеллектуалдық шоуы толығымен флипчарттардың көмегімен жасалды. Ал флипчарттарды көркемдеуде тағы да оқушылар қандай да бір жетістікке жетті деп ойлаймын, себебі оларды құрастыруға 8 Б сынып оқушылары көмектессе, қосқанда 9 сынып оқушысы ассистенттің қызметін атқарды.

Тағы бір айта кететін жайт, WI FI-дың бар болуы геогебра бағдарламасын қолдануға мүмкіндік беріп отыр. Бұл бағдарламаны арнайы гимназияның компьютерлеріне орнатпағандықтан сынып оқушыларының санының аздығы ноутбуктан көрсетуге мүмкіндік береді. Оның көмегімен нүктенің координаттарын анықтауға, координатасы бойынша нүктені салуға, түзу, шеңбер сызуға әбден болады. Міне, жақын күндерде мұны қолдану мүмкіндігі 7 – 8 сыныптарға туып тұр.

Сондай-ақ, биылғы оқу жылында онлайн олимпиадаларға қатысуды практикама енгіздім. Мысалы, 8 А сынып оқушысы Сарсенбеков Диас Қазақстандық Интернет Олимпиадалар сайтына тіркеліп, іріктеу турын жазды. Енді негізгі турға өткен-өтпегендігі жайлы мәліметтерді күтуде. Өзі жазған есептердің дұрыстығын, қанша балл жинағандығын жеке кабинетіне кіріп, нсптеп те алады. Егер іріктеу турынан өткен болса, 7 сәуір күні негізгі турға 90 минут бойы қатысудан үмітіміз бар.

Ал «Инфоурок» жобасы ұйымдастырған халықаралық қашықтықтан өткізілетін математикалық олимпиадаға қатысып 10 оқушы жүлделі 1 – 2 орындарға ие болды. Олардың алған дипломдары алдыңғы ойынға қатыспай қойған оқушылардың кейбіреулерін қызықтырып, енді олар көктемгі ойынға тапсырыс бергенде өздерін де енгізуді сұрап жүр.

Сонымен, қорыта айтқанда, біздің оқушыларымыздың оқуда жетістікке жете алуының себептері:

деп түйідеме жасадым. Ал бұның барлығы «Оқуда жеке жетістікке жету– оқушының білімге деген ішкі қажеттігінен» туындайды. Олай болса, әр оқушының ішкі қажеттігіне тек түрткі ғана болып қоймай, жетекші де болайық. Оқушылырымызға көмек қолын созудан ешқашан жалықпайық.  Жан Жак Руссоның мына сөздерімен баяндамамды тәтәмдайын: «Дети должны делать то, что, хотят, а хотеть они должны то, что хочет педагог»

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Білім алушының жеке жетістігін қалыптастыруда гимназияның оқу мүмкіндіктерін пайдаланудың тиімділігі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по управлению персоналом

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Оқудың негізгі қызметі – білім алу. Ал бұл функцияны жүзеге асыратын бірден бір орын – мектеп. Мектептегі білім беру оқу стандарттары мен білім мазмұнына тікелей бағытталған. Білім беру ғана педагогтар мен оқушылардың дайындық деңгейінің жоғары сапасын көрсететін іс-әрекет болып табылады. Білім беру барысында оқушының жеке жетістікке қол жеткізуі педагогтардың оқу үдерісіне сай оқу – танымдық іс – әрекетін  ұйымдастыра білу шеберлігімен тікелей байланысты. Орта білім беретін барлық білім мекемелерінің педагогтары өз іс-тәжірибесінде тексерілген, сынақтан өткен әдістер мен технологияларды қолданумен қатар өзінің көкейіндегі туындысын да жүзеге асыруға тырысып бағады. Дегенмен, жаңа әдістерді бұқараға қолданысқа ұсынбас бұрын, оның өміршеңдігін тексеру міндетті, яғни, оқу барысында білім алушылардың жеке жетістікке жетуіне ықпалын бағалау басты міндет.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 192 материала в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.04.2015 1270
    • DOCX 121.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сабытжан Элмира Аралбайкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сабытжан Элмира Аралбайкызы
    Сабытжан Элмира Аралбайкызы
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2366
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Проектное управление

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы творческой фотографии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 223 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Жизненный цикл продукта и методология управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе