Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу

библиотека
материалов

Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу.


Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Бірлестік орта мектебінің I санатты бастауыш сынып мұғалімі

Сеитова Баршын Жылқайдаровна


Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің жылдағы халыққа Жолдауында «Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деп бекер айтпаған екен.

Бірлестік орта мектебі ұжымының 2014/2015оқу жылына негізгі мақсаты –оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру және оқушыларды білім алуына жағдай жасау,шығармашыл,бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу.

Міндеттері:

Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін ашу үшін жағдай жасау.Оқу –тәрбие ісінде нәтижелі және бәсекеге қабілетті білім беру мақсатындажаңа оқыту технологиясын, қазіргі ақпараттық технологияларды игеру. Оқушының білім алуына және жан-жақты дамуына жағдай жасау.

Дарынды балалармен жұмысты жандандыру –нәтижеге қол жеткізу. Басқаруда, білім беруде және тәрбие ісінде оқушылардың денсаулығына және салауатты өмір салтын ұстануына пайдалы технологияларды қолдану қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс»

Қазіргі заман мектепке де, мұғалімге де, оқушыға да жаңа талап деңгейінен көрінуді міндет етіп жүктейді. Елімізде болып жатқан оң өзгерістер мектеп өміріне де жаңалықтар лебін әкелуде, осы орайда бүгінгі күн ізденімпаз, таным белсенділігі жоғары, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеуді қажет етеді.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі Ұстаздың бұл қасиеті оның өз сабағын қызықты етіп өткізуіне байланысты. Сабақтың қызықты болуы оның түріне, формасына байланысты.

Қазіргі кезде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайына пайдалана білуге үйрету қажеттілігін туғызады. Міне, бізде алды отыз жыл, арты ең аз дегенде үш -төрт жыл еңбек өтілі бар ұстаздар Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші деңгей бағдарламасын меңгеруге ниет қойып, оқуға келдім. Бірінші деңгей бағдарламасының мақсаты:қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында қазақстандық мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ету. Мұғалімдердің теориялық және тәжірибелік кәсіби құзыреттілігінің жоғары деңгейіне жеткізуге және олардың оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіруге ықпал ететін коучинг және тәлімгерлік үдерістерін іске асыру.Мұғалімдердің желілік қоғамдастықты және мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығын ұйымдастыру мен басқаруға дайын болуын қамтамасыз ету.[Мұғалімдерге арналған нұсқаулық,7 бет.] (төменде келтірілген фотосуреттер коучингтен көрініс)


G:\DCIM\100OLYMP\P9190381.JPGG:\DCIM\100OLYMP\P9150245.JPG


Бірінші деңгейді игерген мұғалім мектеп тәжірибесіне белгілі бір өзгеріс енгізіп, оны қайта құруды талап етеді.Осыған байланысты білім берудегі көшбасшылар жұмысының түбегейлі маңызды, мұқият ойластыруды талап ететін қыры – оқушыларды ХХІ ғасырда өмір сүруге дайындауға бағытталған оқыту мен оқу тәжірибесіне енгізілетін өзгерістерді басқару. Мектеп қызметін түрлендіру әр мектеп үшін өзіндік сипатта жүреді, себебі ол нақты әрбір мектептің, педагогикалық ұжымның сапалық ерекшеліктерін сипаттайтын бастапқа мүмкіндіктер деңгейлері мен жағдайлар жүйесіне байланысты болмақ. Мұғалімдердің кәсіби қоғамдастықтары арқылы ынтымақтастық орнату өздерінің жұмыстарының тиімді әрі сенімді екеніне жұртшылықтың көзін жеткізу үшін нәтижиелілік маңызды. Осы кәсіби қоғамдастықтар көшбасшылықтың бірлескен шараларын жүргізіп, оның жаңа ныандарын зерттеуге ықпал етеді. Олар әріптестерімізбен тәжірибе алмасудың жаңа тәсілін, оқытудың тиімді әрі инновациялық тәжірибесі ұсынады.кәсіби қоғамдастық аясында білікті мамандар тобы жақсы идеяларға қол жеткізіп, олардың өңіріндегі барлық балалар үшін өздеріне ұжымдық жауапкершілік алу.

Бағдарламаның негізгі идеясы-сындарлы оқыту теориясы, яғни білімді оқушыға дайын күйінде ұсынбау. Дәстүрлі оқытуда білімді жаттап алуға дағдыландырса, ал сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең игеру қабілетін арттыру, дамыту, игерілген білімдерін өмірдің кез-келген жағдайында қолдана білуге дағдыландыру. Осылардың барлығын іске асыратын тұлға - ол мұғалім.

Осы бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы - мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Міне осы сындарлы оқытуды негізге алған бағдарламаны оқу барысында жеті модульді оқып үйрендік. Бұл біз үшін жаңалық болды. Бірақ біз жаңашылдықтан еш уақытта қорыққан емеспіз. Себебі мұғалім мамандығы біздің сүйікті мамандығымыз. Сондықтан сүйікті кәсібімізге жаңашыл бастама енгізуді біз қашанда қолдаймыз. Я.А.Каменский балаларға тәлім-тәрбие беріп ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалап: «Мұғалім — мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес» — деген екен. Мұғалім өткен тәжірибесін жаңа мен ұштастыра алатын кәсіби қызығушылығы басым, танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен жетілдіретін, адамгершілігі мол , өзгеге үлгі болатын, ертеңгі ұрпақтың қамын ойлайтын жан иесі болуы тиіс. Шындығында ұстаз деген бойындағы күш-қайратын ұрпақ тәрбиесіне жұмсап, сол жолда еңбек етіп талмай ізденетін ұлағатты жандар деп білемін. Сондықтан мұғалім ретінде өз тәжірибеме үнемі сыни көзбен қарайтынмын. Осы ретте бағдарлама негізінде қамтылған модульдер менің педагогикалық көзқарастарыма әсер етті. Себебі менің теориялық білімім мол болғанымен, әдістемелік білімім жеткіліксіз және жүйесіз екенін осы оқу барысында түсіндім. Өйткені бұрынғы сабақтарымда оқушылардың нені оқып-үйренгісі келетіні жөнінде ойланбаппын. Енді осы қателіктерді дұрыстамақ болып мектептегі тәжірибе кезінде алдымен әкімшілікпен, әріптестермен кеңесіп өзіміздің алған білімімімізбен бөлістік.Себебі бірінші деңгей бағдарламасы аясында мұғалімдер іске асыратын өзгерістердің мағынасы үшінші деңгей бағдарламасы аясында мектеп тәжірибесіне енгізілетін өзгерістермен және екінші деңгей бағдарламасы аясында мектепте коучинг және тәлімгерлік әдістерін қолданумен үндеседі. Бұл үрдіс ұзақ уақытты талап етеді.Сондықтан бірінші деңгей бағдарламасы бойынша оқитын мұғалімдер мектепте оқыту мен оқу тәжірибесіне жаһандық өзгеріс енгізе алмайтын шығармыз. Бірақ осыған байланысты, іс-әрекеттегі зерттеудің әрбір сатысын мұқият бағалап,осы зерттеу барысында енгізілген өзгерістердің мектеп тәжірибесіне тұрақты жағдай жасап, қолдау көрсету үшін мұғалімнің белсенді жұмыс істеп тұрған кәсіби қоғамдастыққа кіруі оның іс-әрекеттегі зерттеуінің аса маңызды бөлігі болып табылады. Бұл өзгеріс енгізу үдерісінің ұзақ уақыт бойы тұрақты жүруін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Іс әрекеттегі зерттеудің ең маңыздысы- оқушыларды ХХІ ғасырға дайындайтын мұғалімдердің оқыту мен оқу тәжірибесінің өзгергендігінің дәлелі болып табылады. Оқытудың амал-тәсілдері туралы білім және тәжірибе алмасу арқылы мектептің әлеуеті артады. Осы орайда қағамдастық мүшелері бұрынғы сабақтарымызды өзімізге ыңғайлы үйреншікті тәсілмен құрылымдағанымызды және оқушы қызығушылығын ескермегеніміз қателік екенін де айттық. Әрине бастапқыда сабақтарымызды қай бағытта қалай өзгертеміз деген қорқынышымыз да болды. Бірден өзгеріс енгізу де өзгерте қою қиын. Дегенмен бағдарлама барысында жеті модульдің түрлі әдіс-тәсілдерін оқып үйрену маған бағыт — бағдар берді, мұғалім ретінде тәжірибеме өзгеріс енгізуіме көмектесті деп айта аламыз. Осылайша мен сабақ өткізу әдісімде оқушылардың танымдық қабілетіне баса назар аударуды жөн көрдік. Бірінші деңгей бағдарламасының басым бөлігі сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған.Аталған теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады. [МАН. 9 бет]

Демек, сабақтың қызықты өтуі, оқушының теориялық білім алуы мұғалімнің оқушыға сабақты түсіндіруімен байланысты емес, оқушылардың өз қалауымен ерікті түрде білім алуына, сол жолда еңбектенуіне жағдай туғызуға байланысты деп ойлаймыз. Әрине бастапқыда олар қателесуі мүмкін. Мұндай сәтте оған бағыт беріп, қателігін дұрыстауға үйрететін мұғалім.

Ағылшын зерттеушелері Барнс (1976) пен Мерсердің (2000) айтуынша, зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді, оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір – бірінің идеяларын талқылайды, баға береді; ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады.
Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы:

  • оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;

  • оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;

  • білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;

  • оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі;

  • оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді және көмектеседі;

  • оқушылардың бір – біріне үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді;

  • әңгімелесу және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді, іс – әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады;

  • оқытудағы қиындықтар мен түсінісбестіктерді анықтайды.

Оқушылар қысқа ғана жауап беретін мұғалімнің сұрағымен салыстырғанда диалогтік сұхбаттасу мұғалімдерде, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс – қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады.

Келешектегі мұғалімдік тәжірибеміздегі ендігі мақсат – заман талабына сай құзіретті тұлға қалыптастыруда осы жеті модулді жүйелі қолдана отырып, өз тәжірибемізді толықтыру, жетілдіру болмақ.

Бірақ біз үшін кейбір жағдайлар әлі де қиындау соғып жатқаны жасырын емес. Психологиялық ахуал – сабақтың табысқа жетуіне немесе кері кетуіне әсер етеді.Сондықтан тәжірибе барысында сыныптағы психологиялық ахуалға ерекше мән бердім, нәтижесінде оқушыларымның өздерін еркін ұстауын байқадық.

Мен үшін ең тиімді сабақ ол – нәтижелі сабақ. Ал сабақтың нәтижесі оқушылардың іс – әрекетінен көрініс табады. Біздің байқағаным әлі де оларда еркін ойлау жетіспей жатыр. Өзгерістер болады деп ойлаймын. Әрине бір сарынды оқуға қалыптасқан баланы топтық жұмыспен еркін ұстау, жаңа тәсілдермен оқыту қиын екен. Бірақ, балаларға қатты ұнады. Олардың көздерінен күнде мұғалім бүгін қызықты не әкелді екен? дегенді көресің « Сабақ қалай өтеді? дегенді жанарларынан оқып бізге де сабақ беруімізге бір жаңаша құлшыныс пайда болды. Сондықтан осы жасап жатқан жұмыстың жемісін көрейік деп ойлаймыз.
Біздің түсінгеніміз жіберілген қателіктерді түзетуге ешқашан кеш емес тек, осы мақсатқа жету жолында талмай жұмыс атқаруымыз керек.
Сонымен қолданған әдіс тәсілдер арқылы нәтижеге жетуге болатынына көзіміз жетті. Дұрыс па, бұрыс па деген ұғымды ұмыту керек пе дейміз. Әр адам бір тұлға деп есептеп, пікірін, ойын бағалау керек.
Курстың да мақсаты да осы емес пе? Үлгі бойынша жұмыс жасауды ұмыту керек.    Кембридждік тәсілдің оқушыларға да, бізге де болашақта тигізер пайдасы зор екеніне сенімдіміз.  Бұл курста біз оқыту жүйесіне жаңа көзқараспен қарайтын болдық, себебі бізге жақсы әсер қалдырды. Оқушылардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылықтың одан да арта түсетініне сенеміз.
Сөзімнің соңын өлең жолдарымен аяқтаймын:


Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай рақат, шын бақытын тапса адам.



C:\Users\user\Desktop\P9150189.JPGG:\DCIM\100OLYMP\P9190429.JPG


Оқыту мен оқудағы инновациялық үдерістерден көрініс.

































Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық;

  2. Шағын комплектілі мектепте оқу процесін ұйымдастыру ерекшелігі. - Астана, 1992;

  3. Л. К.Мамырова, С.Нүрсейітова. Шағын жинақталған мектеп-білім беру. - Алматы: Ғылым, 2002.








Краткое описание документа:

Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу.

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Бірлестік орта   мектебінің I санатты бастауыш сынып мұғалімі

Сеитова Баршын Жылқайдаровна

 

Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің жылдағы халыққа Жолдауында «Өмір бойы білім алу әрбір  қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деп бекер айтпаған екен.

Бірлестік орта мектебі ұжымының  2014/2015оқу жылына негізгі мақсаты  –оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру және оқушыларды білім алуына жағдай жасау,шығармашыл,бәсекеге қабілетті тұлғаны  тәрбиелеу.   

Міндеттері:

Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін ашу үшін жағдай жасау.Оқу –тәрбие ісінде  нәтижелі және бәсекеге қабілетті білім беру мақсатындажаңа оқыту технологиясын, қазіргі ақпараттық технологияларды игеру. Оқушының білім алуына және жан-жақты дамуына жағдай жасау.

Дарынды балалармен жұмысты жандандыру –нәтижеге қол жеткізу.  Басқаруда, білім беруде және тәрбие ісінде оқушылардың денсаулығына  және салауатты өмір салтын ұстануына пайдалы технологияларды қолдану қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс»

Қазіргі заман мектепке де, мұғалімге де, оқушыға да жаңа талап деңгейінен көрінуді міндет етіп жүктейді. Елімізде болып жатқан оң өзгерістер мектеп өміріне де жаңалықтар лебін әкелуде, осы орайда бүгінгі күн ізденімпаз, таным белсенділігі жоғары, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеуді қажет етеді.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі Ұстаздың бұл қасиеті оның өз сабағын қызықты етіп өткізуіне байланысты. Сабақтың қызықты болуы оның түріне, формасына байланысты.

Қазіргі кезде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайына пайдалана білуге үйрету қажеттілігін туғызады. Міне,  бізде алды отыз жыл, арты ең аз дегенде үш -төрт жыл еңбек өтілі бар ұстаздар Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші деңгей бағдарламасын меңгеруге ниет қойып, оқуға келдім. Бірінші деңгей бағдарламасының мақсаты:қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында қазақстандық мұғалімдердің үздіксіз кәсіби  дамуына  ықпал ету. Мұғалімдердің теориялық және тәжірибелік кәсіби құзыреттілігінің жоғары деңгейіне жеткізуге және олардың оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіруге ықпал ететін коучинг және тәлімгерлік үдерістерін іске асыру.Мұғалімдердің желілік қоғамдастықты және мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығын ұйымдастыру мен басқаруға дайын болуын қамтамасыз ету.[Мұғалімдерге арналған нұсқаулық,7 бет.]  (төменде келтірілген фотосуреттер коучингтен көрініс)

 

       

 

Бірінші деңгейді игерген мұғалім мектеп тәжірибесіне белгілі бір өзгеріс енгізіп, оны қайта құруды талап етеді.Осыған байланысты білім берудегі көшбасшылар жұмысының түбегейлі маңызды, мұқият ойластыруды талап ететін қыры – оқушыларды ХХІ ғасырда өмір сүруге дайындауға бағытталған оқыту мен оқу тәжірибесіне енгізілетін өзгерістерді басқару. Мектеп қызметін түрлендіру әр мектеп үшін өзіндік сипатта жүреді, себебі ол нақты әрбір  мектептің, педагогикалық ұжымның сапалық ерекшеліктерін сипаттайтын бастапқа мүмкіндіктер деңгейлері мен жағдайлар жүйесіне байланысты болмақ. Мұғалімдердің кәсіби қоғамдастықтары арқылы ынтымақтастық орнату өздерінің жұмыстарының тиімді әрі сенімді екеніне жұртшылықтың көзін жеткізу үшін нәтижиелілік маңызды. Осы кәсіби қоғамдастықтар көшбасшылықтың бірлескен шараларын жүргізіп, оның жаңа ныандарын зерттеуге ықпал етеді. Олар әріптестерімізбен тәжірибе алмасудың жаңа тәсілін, оқытудың тиімді әрі инновациялық тәжірибесі ұсынады.кәсіби қоғамдастық аясында білікті мамандар тобы жақсы идеяларға қол жеткізіп, олардың өңіріндегі барлық балалар үшін өздеріне ұжымдық жауапкершілік алу.

Бағдарламаның негізгі идеясы-сындарлы оқыту теориясы, яғни білімді оқушыға дайын күйінде ұсынбау. Дәстүрлі оқытуда білімді жаттап алуға дағдыландырса, ал сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең игеру қабілетін арттыру, дамыту, игерілген білімдерін өмірдің кез-келген жағдайында қолдана білуге дағдыландыру. Осылардың барлығын іске асыратын тұлға - ол мұғалім.

Осы бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы - мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Міне осы сындарлы оқытуды негізге алған бағдарламаны оқу барысында жеті модульді оқып үйрендік. Бұл біз үшін жаңалық болды. Бірақ біз жаңашылдықтан еш уақытта қорыққан емеспіз. Себебі мұғалім мамандығы біздің сүйікті мамандығымыз. Сондықтан сүйікті кәсібімізге жаңашыл бастама енгізуді біз қашанда қолдаймыз. Я.А.Каменский балаларға тәлім-тәрбие беріп ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалап: «Мұғалім — мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес» — деген екен. Мұғалім өткен тәжірибесін жаңа мен ұштастыра алатын кәсіби қызығушылығы басым, танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен  жетілдіретін, адамгершілігі мол , өзгеге үлгі болатын, ертеңгі ұрпақтың қамын ойлайтын жан иесі  болуы тиіс.   Шындығында ұстаз деген бойындағы күш-қайратын ұрпақ тәрбиесіне жұмсап, сол жолда еңбек етіп талмай ізденетін ұлағатты жандар деп білемін. Сондықтан мұғалім ретінде өз тәжірибеме  үнемі сыни көзбен қарайтынмын. Осы ретте бағдарлама негізінде қамтылған модульдер менің педагогикалық көзқарастарыма әсер етті. Себебі менің  теориялық білімім мол болғанымен, әдістемелік білімім жеткіліксіз және жүйесіз екенін осы оқу барысында түсіндім. Өйткені  бұрынғы сабақтарымда оқушылардың нені оқып-үйренгісі келетіні жөнінде ойланбаппын. Енді осы қателіктерді дұрыстамақ болып мектептегі тәжірибе кезінде алдымен әкімшілікпен, әріптестермен кеңесіп өзіміздің алған білімімімізбен бөлістік.Себебі бірінші деңгей бағдарламасы аясында мұғалімдер іске асыратын өзгерістердің мағынасы үшінші деңгей бағдарламасы аясында мектеп тәжірибесіне енгізілетін өзгерістермен және екінші деңгей бағдарламасы аясында мектепте коучинг және тәлімгерлік әдістерін қолданумен үндеседі. Бұл үрдіс ұзақ уақытты талап етеді.Сондықтан бірінші деңгей  бағдарламасы бойынша  оқитын мұғалімдер мектепте оқыту мен оқу тәжірибесіне жаһандық өзгеріс енгізе алмайтын шығармыз. Бірақ осыған байланысты, іс-әрекеттегі зерттеудің әрбір сатысын мұқият бағалап,осы зерттеу барысында енгізілген өзгерістердің мектеп тәжірибесіне тұрақты жағдай жасап, қолдау көрсету үшін мұғалімнің белсенді жұмыс істеп тұрған кәсіби қоғамдастыққа кіруі оның іс-әрекеттегі зерттеуінің аса маңызды бөлігі болып табылады. Бұл өзгеріс енгізу үдерісінің ұзақ уақыт бойы тұрақты жүруін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Іс әрекеттегі зерттеудің ең маңыздысы- оқушыларды ХХІ ғасырға дайындайтын мұғалімдердің оқыту мен оқу тәжірибесінің өзгергендігінің дәлелі болып табылады. Оқытудың амал-тәсілдері туралы білім және тәжірибе алмасу арқылы мектептің әлеуеті артады. Осы орайда қағамдастық мүшелері бұрынғы сабақтарымызды өзімізге ыңғайлы үйреншікті тәсілмен құрылымдағанымызды және оқушы қызығушылығын ескермегеніміз қателік екенін де айттық. Әрине бастапқыда сабақтарымызды қай бағытта қалай өзгертеміз деген қорқынышымыз да болды. Бірден өзгеріс енгізу де өзгерте қою қиын. Дегенмен бағдарлама барысында жеті модульдің түрлі әдіс-тәсілдерін  оқып үйрену маған бағыт — бағдар берді, мұғалім ретінде тәжірибеме өзгеріс енгізуіме көмектесті деп айта аламыз. Осылайша мен сабақ өткізу әдісімде оқушылардың танымдық қабілетіне баса назар аударуды жөн көрдік. Бірінші деңгей бағдарламасының басым бөлігі сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған.Аталған теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады. [МАН. 9 бет]

Демек, сабақтың қызықты өтуі, оқушының теориялық білім алуы мұғалімнің оқушыға сабақты түсіндіруімен байланысты емес, оқушылардың өз қалауымен ерікті түрде білім алуына, сол жолда еңбектенуіне жағдай туғызуға байланысты деп ойлаймыз. Әрине бастапқыда олар қателесуі мүмкін. Мұндай сәтте оған бағыт беріп, қателігін дұрыстауға үйрететін мұғалім.

Ағылшын зерттеушелері Барнс (1976) пен Мерсердің (2000) айтуынша, зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді, оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір – бірінің идеяларын талқылайды, баға береді; ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады.
Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы:

·         оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;

·         оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;

·         білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;

·         оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі;

·         оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді және көмектеседі;

·         оқушылардың бір – біріне үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді;

·         әңгімелесу және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді, іс – әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады;

·         оқытудағы қиындықтар мен түсінісбестіктерді анықтайды.

Оқушылар қысқа ғана жауап беретін мұғалімнің сұрағымен салыстырғанда диалогтік сұхбаттасу мұғалімдерде, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс – қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады.

Келешектегі мұғалімдік тәжірибеміздегі ендігі мақсат – заман талабына сай құзіретті тұлға қалыптастыруда осы жеті модулді жүйелі қолдана отырып, өз тәжірибемізді толықтыру, жетілдіру болмақ.

Бірақ біз үшін кейбір жағдайлар әлі де қиындау соғып жатқаны жасырын емес. Психологиялық ахуал – сабақтың табысқа жетуіне немесе кері кетуіне әсер етеді.Сондықтан тәжірибе барысында сыныптағы психологиялық ахуалға ерекше мән бердім, нәтижесінде оқушыларымның өздерін еркін ұстауын байқадық.

Мен үшін ең тиімді сабақ ол – нәтижелі сабақ. Ал сабақтың нәтижесі оқушылардың іс – әрекетінен көрініс табады. Біздің байқағаным әлі де оларда еркін ойлау жетіспей жатыр. Өзгерістер болады деп ойлаймын. Әрине бір сарынды оқуға қалыптасқан баланы топтық жұмыспен еркін ұстау, жаңа тәсілдермен оқыту қиын екен. Бірақ, балаларға қатты ұнады. Олардың көздерінен күнде мұғалім бүгін қызықты не әкелді екен? дегенді көресің « Сабақ қалай өтеді? дегенді жанарларынан оқып бізге де  сабақ беруімізге бір жаңаша құлшыныс пайда болды. Сондықтан осы жасап жатқан жұмыстың жемісін көрейік деп ойлаймыз.
Біздің  түсінгеніміз жіберілген қателіктерді түзетуге ешқашан кеш емес тек, осы мақсатқа жету жолында талмай жұмыс атқаруымыз керек.
Сонымен қолданған әдіс тәсілдер арқылы нәтижеге жетуге болатынына көзіміз жетті. Дұрыс па, бұрыс па деген ұғымды ұмыту керек пе дейміз. Әр адам бір тұлға деп есептеп, пікірін, ойын бағалау керек.
Курстың да мақсаты да осы емеспе? Үлгібойыншажұмысжасаудыұмытукерек.    Кембридждіктәсілдіңоқушыларға да, бізге де болашақтатигізерпайдасызорекенінесенімдіміз.  Бұл курста біз оқыту жүйесіне жаңа көзқараспен қарайтын болдық, себебі бізге жақсыәсерқалдырды. Оқушылардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылықтың одан да арта түсетініне сенеміз.
Сөзімнің соңын өлең жолдарымен аяқтаймын:

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай рақат, шын бақытын тапса адам.

 

 

  

 

    Оқыту мен оқудағы инновациялық үдерістерден көрініс.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.     Мұғалімге арналған нұсқаулық;

2.     Шағын комплектілі мектепте оқу процесін ұйымдастыру ерекшелігі. - Астана, 1992;

3.     Л. К.Мамырова, С.Нүрсейітова. Шағын жинақталған мектеп-білім беру. - Алматы: Ғылым, 2002.

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Дата добавления 13.01.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров1782
Номер материала 294858
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх