Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Директору, завучу / Конспекты / Білім беру ұйымдарында мониторинг жүргізудің маңызы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Директору, завучу

Білім беру ұйымдарында мониторинг жүргізудің маңызы

библиотека
материалов

hello_html_m27648980.gifhello_html_1ff102e.gifБілім беру ұйымдарында мониторинг жүргізудің маңызы


Садыкова Бибигуль Хайруллакызы

Ақтөбе қ. № 29 ОМ директордың

оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары


Кез келген білім мекемесі оку үдерісінің дұрыс жүруіне, мемлекеттік стандарттарға сәйкес білім деңгейіне жетуге оқу себептілігін арттыруға, оқушының денсаулығы мен жеке тұлға ретінде дамуына талпынады. Мектепте баскару жүйесінің қаншалықты дұрыс бағытта екенін білу үшін басқарудың сараптамалық бағдарламасын жасау керек. Бұл үдеріс жіберілген кемшіліктерге түзетулер енгізуге және білім сапасын көтеруге септілігін тигізеді. Мектептің басқару жүйесі оқу мониторингінің нәтижелеріне сүйенеді. Мониторинг қандай да бір үдеріске ұйымдастырылған бақылау, нақты нәтижелерді салыстыру арқылы болашақта оларды жақсартуға бағыттылған шаралар ұйымдастыру үшін жасалады. Мониторинг жүргізу қазіргі таңда барлық мекемелерде, өндірістің барлық салаларында жүзеге асып жатыр. Мектеп - білім мекемесі болғандықтан, оның негізгі мақсаты - сапалы білім беру. Сондықтан, мектеп мониторингінің негізгі зерттелетін объектісі - білім сапасы. Оқу мониторингісін жасау – мектеп үдерісіндегі шарттардың және білім сапасының өсу (кему) динамикасын жүйелі түрде бақылау, сараптау, бағалау. Білім сапасы туралы мәліметтерді жинау арқылы мәліметтер қоры жасақталады, оларды өңдеп, сақтау арқылы кез келген уақытта білім сапасының қазіргі деңгейін көрсетуге болады. Оқу мониторингінің нақты мақсат-міндеттері, жасалу принциптері, бағдарламасы және зерттелген нәтижелерге қарап, кемшіліктердің жою жолдары айкындалу керек.

Оқу мониторингісінің мақсат-міндеттері:

- Ұжымның жұмысын мониторингке шоғырландыру;

- Мәліметтер қорын жинау;

- Оқушылардың үлгерімі және білім сапасын көтеру;

- Педагогтардың шеберлігін арттыру, баскару жүйесінің сапасын арттыру;

- Мониторингтік зерттеулердің нәтижелерін педагогикалық кеңесте ортаға салу:

- Мониторинг бағдарламасын бекіту.

Мониторинг жасаудың бағдарламасы:

  1. Зерттеу бағыттарын анықтау.

  2. Мониторинг көрсеткіштерін анықтау.

  3. Алынған мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз ететін әдістерді анықтау.

  4. Әр бағыт бойынша мәліметтер жинау және оларды өңдеу, сараптау және сақтау технологиясын анықтау.

  5. Берілген бағыттар бойынша мониторингке қатысатын мұғалімдердің атқаратын қызметін белгілеу.

Мониторинг жасауда белгілі бір талаптар қойылады, оларды мониторинг жасаудың принциптері деуге де болады:

  1. Мәліметтердің дұрыстығы. Керек мәліметтер нақты және мектеп әкімшілігіне пайдалы болу керек.

  2. Мәліметтерді салыстыратын мүмкіндіктің болуы. Кез келген үдерістің тек қазіргі деңгейі ғана емес, ондағы өзгерістердің себептерін зерттеу керек болады.

  3. Болжамдық. Нәтижелерге сүйене отырып, болуы мүмкін өзгерістерге болжам жасау.

Оқу мониторингісі болғандықтан, басты назар білім сапасында болмақ. Білім сапасын көтеруге әсерін тигізетін бірнеше факторларды атауға болады:

1. Оқушылардың денсаулық жағдайы.

2. Мектептің материалдық базасы.

3. Педагогтардың шеберлігі.

4. Үйірмелер, спорт секцияларының жұмысы.

5. Оқушылардың сабаққа қатысымы.

6. Тәрбие жұмысы.

7. Оқушылардың дұрыс тамақтануы.

8. Баланың отбасындағы жағдайы және т.с.с.

Аталған факторлардың ішінен оқушылардың денсаулық жағдайын, педагогтардың шеберлігін зерттей келе, біз білім сапасының қазіргі деңгейін көруімізге болады. Сонымен, мектеп мониторингісін құрудың негізгі бағыттары анықталды.

Оқушылардың денсаулық жағдайы Педагогтардың шеберлігі Білім сапасы

Бала толыққанды сапалы білім алу үшін оның денсаулығы жақсы болу керек. Ал денсаулығында ақау болған жағдайда, ол балаға ерекше көңіл бөлу қажет болады.

Бірінші бағыт бойынша топта медбике, класс жетекшілер, дене тәрбиесі мұғалімдері, психологтар жұмыс жасайды. Мектеп медбикесінде әрбір оқушының денсаулығы туралы мәлімет болу керек. Бұл мәліметтерден оқушының класс жетекшісі, дене тәрбиесі мұғалімдері хабардар болу керек. Аурудың белгілі бір түрімен, мысалы, қаназдықпен ауыратын балаларды жинап, оның ата-анасымен және класс жетекшісінің қатысуымен мектеп медбикесі осы ауру туралы толық мағлұмат, онымен күресу, денсаулықты нығайту жолдарын көрсетеді. Дене шынықтыру сабағынан денсаулығына байланысты босатылған балаларға қосымша сабақтар ұйымдастыру арқылы дене тәрбиесі мұғалімі жеңілдетілген түрде сабақ өткізеді. Денсаулығында ақауы бар бала басқа дені сау баладан гөрі өзін төмен ұстап, өзіне сенімсіздікпен қарауы мүмкін. Сондықтан, мұндай кезде мектеп психологы жұмыс жасайды.

Екінші бағыт бойынша топта директор, оқу ісінің меңгерушілері, әдістемелік бірлестік жетекшілері жұмыс жасайды. Педкадрларды қайта даярлау, олардың шеберлігін арттыру, біліктілік санаттарын көтеру, әдістемелік көмек көрсету аталған адамдардың тікелей қатысуымен жүзеге асады.

Үшінші бағыт бойынша, яғни білім сапасын зерттеуге оқу ісінің меңгерушілері, класс жетекшілер, пән мұғалімдері қатысады. Білім сапасы 3 буын бойынша зерттеуге алынады:

- Бастауыш буында 1-4 кластар;

- Орта буында 5-9 кластар;

- Жоғары буында 10-11 кластар.

Бұл бағытта оқушылардың білім сапасы қаралатындықтан, тоқсан сайынғы қорытындылар, әкімшілік бақылау жұмыстары, жыл сайынғы білім сапасы толық бақыланып, оның өсу немесе кему динамикасын анықтап, кемшіліктерді жою технологиясы құрастырылып, оң тұстарын одан әрі жалғастыру көзделеді.

Білім беруді модернизациялау жағдайында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және оны жетілдіру жолдарын іздестіру – қазіргі күннің бірден бір талабы. Педагог кадрлардың кәсіби деңгейінің өзгеруін, оқытудың нәтижелерінің өзгеруін анықтау мақсатында білім мекемелерінде мониторинг жүргізу қажеттілігі туындады. Сондықтан, педагогтың қызметіне мониторинг жасау арқылы кадрлардың кәсіби дайындығының қазіргі таңдағы жағдайын анықтауға болады. Ол үшін мұғалімнің педагогтық қызметіне диагностикалық карта жасалынады. Картада келтірілген бағалау критерийлерін және бағалау шкаласын әр мектеп өзіне ыңғайлы етіп өзгертуіне болады.



Мұғалімнің диагностикалық картасы _______________________________________

__________________________пәні _____________кластары. 20...-20... о.ж.


Бағалау өлшемдері

Бағаланатын іс-әрекеттерінің мазмұны

Өз бағасы

ӘБ баласы

Әкімшілік бағасы

Орташа баға

1

Пән бойынша білім сапасының көрсеткіші

Оқушыларының білім сапасының көрсеткіші ( 50% жоғары)





2

Өзара сабақтарға қатысуы

Тәжірибе алмасу мақсатында әріптестерінің сабақтарына қатысуы





3

Кл. журналын толтыру талаптарының сақталуы

Журналдарды уақытында толтыруы, бағалардың дұрыс қойылуы





4

Кабинетті жабдықтау талаптарының орындалуы

Кабинеттегі көрнекіліктердің сәйкестігі, толымдылығы, сан.-гигиен.талаптардың сақталуы (кабинет меңгерушілері үшін)





5

Мұғалімнің шығармашылық жұмысы

Шығармашылық жұмысын жоспарлауы және есебі, дарынды балалармен қосымша сабақ, үйірмелер жүргізуі





6

Пән бойынша семинарларға қатысуы

Семинарға қатысуы, баяндамамен шығуы (қатысуы-2,5б, баяндамамен шығуы -5б)





7.

Пән бойынша ашық сабақ беруі

Пед.шеберлігін шыңдау мақсатында ашық сабақтар беруі, сабағында оқытудың жаңа технологияларын қолдануы





8.

Дәптер тексеру, жүргізу талаптарының орындалуы

Оқушылардың дәптерлерін уақытында тексеруі,жұмыс дәптерлерінің эстетикалық нормаларға сай болуы





9.

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

Оқушылардың үлгерімін жақсарту мақсатында жұмыстар жүргізуі





10.

«Дарын» бағытында жұмысы

Оқушыларының түрлі интелл. сайыстарға қатысу белсенділігі





11

Тәжірибе тарату(жаңашылдық)

Тәжірибесін жинақтау және таратуы, зерттеушілік жұмыстар





12

Оқытудың дидакт. және техникалық құралдарын тиімді қолдануы

Оқытудың дидактикалық және техникалық құралдарын тиімді қолдануы





13

Пән бойынша сайыстарға, педоқуларға қатысуы

Қалалық (2,5б) , облыстық, республикалық (5б) деңгейдегі түрлі олимпиада, сайыстарға қатысуы





14.

Баспалық қызметі

Қалалық (2,5б) , облыстық, республикалық (5б) баспаларға материалдар ұсынуы





15.

Пәндік олимпиадаға оқушыларын ұсынуы

Мектепішілік (0,5б), қалалық (2,5б), облыстық (5б)олимпиадаға оқушыларын қатыстыруы





16

ДК меңгеруі, интернет желісімен жұмысы

ДК меңгеру, интернет желісімен жұмыс жасау деңгейі





17

Сабаққа дайындық деңгейі, күнделікті сабақ жоспарының дұрыс рәсімделуі

Күнделікті сабақ жоспарында оқушылармен жұмыс жасауда жоғары нәтижеге жету үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануын, мәселелерді шешу жолдарын іздеу, оқытудың түрлі формаларын қолдануын көрсетуі





18

Мұғалімнің еңбек тәртібін орындауы

Мектепте кезекшілік міндетін атқаруы, сабаққа кешігу, себепсіз келмеу деректерінің болмауы, әріптестерімен қарым-қатынаста этика және мәдениет сақтауы





19

Оқушылармен, ата-аналармен қарым-қатынасы

Оқушылармен, ата-аналармен қарым-қатынаста әдеп сақтауы, мәдениеттілігі





20.

Класс жетекшілік қызметі

Тәрбиелік жұмыс жасау деңгейі (5б, 2,5б, 0,5б)









Орташа ұпай, қолы , аты-жөні





Ескерту : бағалау шкаласы -5 (жоғары деңгей), 2,5 (орташа деңгей), 0,5 (төмен деңгей)



Мониторинг жүргізудің нәтижесінде білім беру ұйымдарындағы көп мәселелерді талдап, сараптап, оқушымен жұмыс, педкадрлармен жұмыс сапасын арттыруға болады.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Попова Г.П. Мониторинг качества учебного процесса. В.2007.

  2. Диагностика успешности учителя. М.2001.

  3. Настольная книга завуча. Ростов на Дону.2005.

  4. Құдайбергенова Г.С. Құзырлылық білім сапасының критерийі: әдіснамасы және ғылыми-теориялық негізі. Алматы.2008.

  5. Педагог кадрлардың кәсіби деңгейін анықтау мониторингі. С.М.Шаштығарина. Ақтөбе .2010.

  6. Жайтапова А.А. Творческая педагогика. 2004. .№2.



Автор туралы: Садыкова Бибигуль Хайруллакызы - Ақтөбе қ. № 29 ОМ директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, телефон: 87054701132, эл почта:sadykova.b@bk.ru




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Кез келген білім мекемесі оку үдерісінің дұрыс жүруіне, мемлекеттік стандарттарға сәйкес білім деңгейіне жетуге оқу себептілігін арттыруға, оқушының денсаулығы мен жеке тұлға ретінде дамуына талпынады. Мектепте баскару жүйесінің  қаншалықты дұрыс бағытта екенін білу үшін басқарудың сараптамалық бағдарламасын жасау керек. Бұл үдеріс жіберілген кемшіліктерге түзетулер енгізуге және білім сапасын көтеруге септілігін тигізеді. Мектептің басқару жүйесі оқу мониторингінің  нәтижелеріне сүйенеді. Мониторинг қандай да бір үдеріске ұйымдастырылған бақылау, нақты нәтижелерді салыстыру арқылы болашақта оларды жақсартуға бағыттылған шаралар ұйымдастыру үшін жасалады. Мониторинг жүргізу қазіргі таңда барлық мекемелерде, өндірістің барлық салаларында жүзеге асып жатыр. Мектеп - білім мекемесі болғандықтан, оның негізгі мақсаты - сапалы білім беру. Сондықтан, мектеп мониторингінің негізгі зерттелетін объектісі - білім сапасы. Оқу мониторингісін жасау – мектеп үдерісіндегі шарттардың және білім сапасының өсу (кему) динамикасын жүйелі түрде бақылау, сараптау, бағалау. Білім сапасы туралы мәліметтерді жинау арқылы мәліметтер қоры жасақталады, оларды өңдеп, сақтау арқылы кез келген уақытта білім сапасының қазіргі деңгейін көрсетуге болады. Оқу мониторингінің нақты мақсат-міндеттері, жасалу принциптері, бағдарламасы және зерттелген нәтижелерге қарап, кемшіліктердің жою жолдары айкындалу керек.

Автор
Дата добавления 14.01.2015
Раздел Директору, завучу
Подраздел Конспекты
Просмотров2742
Номер материала 298653
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх