Инфоурок Информатика Другие методич. материалыБілім беру жағдайында информатика пәнін оқытудың әдістемесі

Білім беру жағдайында информатика пәнін оқытудың әдістемесі

Скачать материал

Білім беру жағдайында

информатика пәнін оқытудың әдістемесі

        ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезі. Ақпараттандыру, жаһандану және интеграция ғасырында жаңа дүние үшін күрес жолында адамзат баласына білім беру бірінші кезекке қойылатыны сөзсіз. Білім мен ғылым саласында жаңа талаптар пайда болды. Халықаралақ білім кеңістігін құру - әр түрлі ұлттық білім беру жүйелерін мүмкіндігінше жақындастыру, осы арқылы әр елдегі білім беру сапасы мен деңгейін бір қалыпқа келтіру, мамандар даярлауды халықаралық сұраныстар мен талаптарға сәйкестендіру болып табылады.   

       Қоғамның дамуы оның әрбір мүшелерінің білім дәрежесімен өлшенетіні белгілі, өйткені өркениет әлеміне жеткізетін жалғыз құрал – білім. Білімді ұрпақ қана қоғамның, болашақтың егесі бола алады. Осы мақсатта информатика пәнін оқыту әдістерін мұғалім мен оқушының оқып – үйрену кезіндегі әрекет айырмашылығына қарай екі түрге бөлуге болады:       

       1) оқыту әдістері (мұғалім әрекеті) – оқушының әрекеті мен ақпаратты басқару әдістері;

       2) оқу әдістері (оқушы әрекеті) – оқушының оқу материалын танып білу әдістері.

      Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады. Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының біртұтастығы болып табылады.

     Әдіс деген сөз гректің «metodos» деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.

     Оқыту әдістері – оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүниетанымдылығы мен қабілеті артады.

     Оқыту әдістері мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіреді.

     Оқыту әдістері – оқытудың мақсат – міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал – тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс - әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.

      Информатиканы оқып – үйренудің әдістері оқушылардың өздерінің информатика жөнінде белсенді, дербес тану әрекетін іске асыруына бағытталған. Олар ғылыми әдістер және оқу әдістері болып екіге бөлінеді. Информатиканы ғылым ретінде зерттеп білу құралы. Орта мектеп информатикасын оқытуды жетілдіру үшін арнайы жасалған әдістер. Мысалы, эвристикалық әдісі, модельдеу арқылы үйрену әдісі, программалық оқыту әдісі т.б.

       Оқу мен оқыту, үйрену мен үйрету өзара бірлікте, қатар жүретін процестер. Информатиканы оқыту (үйрету) әдістері мен формаларына ерекше мән беріледі. Жалпы алғанда, оқыту әдістері оқушыларға информатикалық білім берудің, іскерлік пен дағды қалыптастырудың белгілі бір жүйесі десек, оқыту әдістеріне мұғалімнің үйретуші кеңесі, әңгімесі, дәрісі, түсіндіруі, жаттығу кезінде өзіндік жұмысты басқаруы жатады.

      Оқушының белсенділігі мен өз бетінше әрекет етуі дидактикалық негізгі функцияны – оқытумен тығыз байланысты. Іс - әрекет тәсілдерін игерудегі репродуктивті оқыту оқушы белсенділігі төмен болады, ол проблемалық – ізденімпаздық оқыту кезінде жоғарылап, өзінің шығармашылық іс - әрекетін дамыту арқылы ең жоғары деңгейге көтерілуі тиіс.

       Оқыту әдістерін басқаша түрде жіктеуге де болады. Дәстүрлі әдістер ақпаратты қабылдау тәсілдеріне байланысты сөздік шолу және практикалық әдістер болып бөлінсе, жіктелу барысында білім алу тәсілдері (теория және практика); кері байланыс орнату тәсілдері (бақылау, өзін - өзі бақылау); оқушылардың ойлау операциялары (логикалық аспект) енеді.

      Оқыту әдісі оқушының жеке басын қалыптастыруға, дамытуға бағытталған танымдық қызметін басқару арқылы ақиқат дүниені танып – білуін қамтамасыз етеді.

      Оқыту әдістері оқушыларды тәрбиелеуге бағытталған мұғалімнің әрекетін қамтиды. Осы мәселелерге сүйене отырып, оқыту әдістерін оқыту мазмұны арқылы бірнеше топқа жіктеуге болады:

 1.  Әлем туралы білім;

 2. Іс - әрекет тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибелері;

 3. Шығармашылық іс - әрекет тәжірибесі;

 4. Сезімдік – құндылық қатынас тәжірибесі.

Оқыту әдістері және білім мазмұны

1.      Әлем туралы білім. Әлем туралы білімді игеру оқушылардың қабылдауы, түсінуі, есте сақтауы арқылы іске асады.

2.      Іс - әрекет тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибесін игеру – оқушыларға нұсқаулар беру арқылы немесе іс - әрекеттер үлгісін көрсету арқылы орындалады.

3.      Шығармашылық іс - әрекет тәжірибесі – оқушыларға таныс емес программалық құралдарды игеру, модельдеу, проблемалық, конкурстық есептерді шешу кезінде қалыптасады.

4.      Сезімдік – құндылық қатынастар тәжірибесі – оқушылардың мұғаліммен және құрбы – достарымен өзара қарым – қатынасында пайда болады.     

      Информатикада теория мен практика жалпы ғылыми категориялармен қатар жүреді.               Теория – компьютер әлеміне, ақпарат қасиеттеріне түсініктеме берудің, болжам жасаудың құралы болса, практика – теорияны теориядағы болжау көзі және тексеру құралы болып табылады.

     Алгоритм құру немесе оны модельдеу теориялық тұрғыда компьютердің жұмыс істеу принципіне негізделіп, болжам түрінде жасалуы керек. Теориялық мәселе баяндалмаған жағдайда компьютерлік ортаны зерттеудің практиканың ерекше формасы деп есептеуге болады. Теория мен практиканың ұштасуы программаны жүргізу кезінде көрінеді. Практика – программадағы қателердің туындау себептеріне теориялық талдау жасау.

     Информатика сабағына тән бақылау әдістерінің бірі – компьютерлік бақылау. Бақылау компьютер әлемін мақсатты да, жүйелі түрде оқушылардың қабылдау мүмкіндігін зерттейтін әдіс. Бұл әдіс зерттеу объектісіне байланысты ақпарат алудың ең маңызды әдістерінің бірі болғандықтан оқушыларда бақылау әрекетін қалыптастырады.

Оқытудың ұйымдастыру тәсілдеріне сәйкес бақылауды ауызша және жазбаша жүргізуге болады. Жазбаша жұмыс тиянақты әрекет жасауды қажет еткендіктен, оның нәтижесі де сапалы болады. Шын мәнінде, компьютер экранында бейнеленген текст жазбаша тілдің бір көрінісі.

    Оқыту прцесінде мұғалім – оқушы тура және мұғалім – оқушы кері байланысы жылдам немесе баяу жүргізілуі мүмкін. Көбінесе жылдам байланыс тиімдірек болып есептелінеді. Бірақ өте жылдам байланыс шығармашылықпен ойлауға бейімі бар оқушылардың ойлауына кедергі келтіруі мүмкін. Мысалы, жазылған алгоритмге өзгерістер енгізе білу тиімді, әрі тез әрекет. Себебі, енгізілген өзгерістералгоритмнің орындалуын болжау, түсіну дәрежесін көрсетеді. Егер оқушы әрбір алгоритмнің қадамындағы нұсқауларға мән бермей жалпы текст жөнінде айтып, өзгеріс енгізілген алгоритмді онша орындай алмаса, онда берілген тапсырманы қайта талдап, сонан соң жалпылау қажет. Оқушылар өзгеріс енгізу барысында өте ұқыптылық керек екенін көрсеткен жөн. Өйткені, кішкене өзгертудің өзі алгоритмнің мақсатын өзгертіп жіберуі мүмкін. Мұндай жағдайларда мұғалім алдын – ала ескеріп отыруы тиіс. 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Білім беру жағдайында информатика пәнін оқытудың әдістемесі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель страховой организации

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 188 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.02.2015 2633
    • DOCX 35.5 кбайт
    • 17 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тулегенова Бегайна Карибековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 30113
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Информационные технологии в профессиональной деятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель информационных технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 191 человек из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 970 человек

Курс повышения квалификации

Компьютерная грамотность для пенсионеров

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Мини-курс

История архитектуры: от классицизма до конструктивизма

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Состав и анализ финансовой отчетности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство: от истории к глобализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе