Инфоурок Математика Другие методич. материалыБІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӨШБАСШЫЛЫҚ ЖƏНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӨШБАСШЫЛЫҚ ЖƏНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

Скачать материал

 

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӨШБАСШЫЛЫҚ Ж ƏНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

 

Кудесова Г.М.

 

Аңдатпа

 

Бұл баяндамада қазіргі заманға сай білім беру жүйесіндегі өзгерістерді қалай жүзеге асыруға болатыны жəне осы заман ағымына қарай мұғалімнің қалай өзгеруі қажеттілігі жайлы берілген. Мұғалімнің кəсіби дамуы үшін өз білгенін өзгеге үйрету барысындағы көшбасшылық пен педагогикалық қоғамдастықтың маңызы жайлы нұсқаулық берілген. Іс-əрекетті зерттеудегі мұғалімнің оқушы белсенділігін арттыруы, тəлімгерлік тəжірибе негізі жəне əріптестерін үйретудегі нəтижелер мен қоғамдастық жұмысының жүзеге асырылуы туралы баяндалған.

 

Аннотация

 

В этом докладе говорится о необходимости изменения учителя в соответствии современными требованиями в системе развития образования. Раскрывается значимость лидерства педагогического сообщество для профессионального роста учителя в деле передачи знаний. Изложенны исследовательские действий учителя для повышение активности ученика, основы опыта наставничества и результаты обучения коллег.

Abstract

In this lecture talked about the necessity of change of teacher for conformable modern innovations in the requirements of present in the system of development of education. Given to instruction about meaningfulness leadership pedagogical association for the professional height of teacher on business of transmission of knowledge. Expounded research actions of teacher increase of activity of student, bases of teacher's experience and results of educating of colleagues.

 

Қазіргі əлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер əсіресе білім саласы үшін маңызды екені анық. Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, əлемдік білім берудің алдыңғы қатарлы озық тəжірибелері қолданылуда. Білім беру саласының барлық бағыттарында жаңаша көзқарас, яғни жаңаша базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жаңаша жан-жақты жетілдіру, жаңа буын оқулықтары мен əдістемелік кешендерге көшу тағы басқа жүйелілікпен қарастырылып, қалыптасуда. Осыған орай əлем қалай өзгерсе, мұғалім де өзінің өзгеруіне мүмкіндік жасауы яғни жаңашыл болуы қажет. «Білімді ұрпақ- ел болашағы» дегендей, өскелең ұрпақты алған білімін өз өмірінде қолдана алуға, заманына лайықты өзін-өзі басқара алатын жеке тұлға ретінде қалыптастыру бүгінгі заман талабы болып отыр. «Білім саласына қызмет еткеннің бəрі Қазақстанның болашағына қызмет етеді» деп елбасымыз Н.Ə.Назарбаев айтқандай, мұғалімдер қауымының өскелең ұрпақ алдында жауапкершілігінің зор екені белгілі.

 

Егер дəстүрлі оқытуда оқу-тəрбие үдерісінде басыңқы рөл мұғалімде болса, қазір белсенді қызметті оқушы атқарады, оны оқытпайды, ол өзі оқиды. Екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер: менторинг пен коучинг арқылы мектепте əріптестерінің жұмыс тəжірибесін жетілдіруі , мектеп мұғалімдерінің кəсіби қоғамдастығын ұйымдастыруы, сынып аясында жоспарлауды жəне іс-əрекеттегі зерттеу жүргізуі тиіс.


 

 

 

 


 

 

Қазіргі білім «барлығы баланың өзі үшін», «баланың рухани байлығы үшін» деген ізгілік ұстанымдарына негізделіп, баланың, адамның ойлау бейнесін өзгертуге бағытталған. Сонымен қатар, заманауи білім əдіснамалық негіздері біздің «қалай оқу керектігін үйренуге», «нені оқыту керектігіне», «мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деген маңызды мəселелер бойынша жұмыс атқаруды талап етеді. «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістігін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім»,-деп Стронг айтқандай, мұғалімнің оқушыларды т əрбиелеуі жəне мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқыту нəтижелеріне көбірек ықпал етіп мұғалімнің кəсіби дамуына мүмкіндік ашатыны анық. К əсіби мұғалім өзін білім беру қоғамдастығының бір бөлігі ретінде қарастыруын талап етеді. Кəсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. Алғашқы қадам – əрбір ұстаз үшін маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтар мен мəселелерді анықтау. Келесі қадам – өзгерістер бағдарламасы жөнінде əріптестерінің кеңестері. Осы əрекет басымдықтарын ұғыну мен келi су бойынша атқарылған жұмыстардан соң мектептегі мəжiлiсте қаралып, мақұлданған кейін мұғалім өзінің мəселесі бойынша нақты жоспар құра бастайды. Бұл үдеріс жалпы түрде құндылықтарды анықтау, кəсіби міндеттерді анықтау , дамыту бағдарламасын құруға арналған келісім мен кеңестер, атқарылатын жұмыстардың жоспарын құру, зерттеуге негiзделген көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыс, кəсiби бiлiмдердiң дамуына жəрдемдесуге ықпал ететін желілік қоғамдастықтағы жұмыстарды айқындайды.

Адамгершілік мақсаттағы мұғалімдер өздерінің əріптестері мен айналасындағыларға əсер ету үшін, көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді, мұғалімнің тəжірибесі жетілдіріледі. Олардың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады (Frost, 2011). Əріптестердің кəсіби, яғни оқыту мен оқудың дамуына ықпал ету үшін мұғалімдерге коучинг пен т əлімгерлікке жүгініп, мамандарға тəлімгерлік жасап, бағыт-бағдар беру, қолдау көрсетудің орны ерекше болып табылады. Мұғалім оқушы мен əріптесін үйрете жүріп, өзі үйренеді. Демек, мұғалімнің əріптестеріне коучинг өткізіп, тəлімгерлік етуі, LESSON STUDY (сабақты зерттеу) үдерісі, желілік қоғамдастық, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) меңгеру, оқушы белсенділігінің əсерін арттыру үшін қолданатын əдістерді - интерактивті əдістерді пайдаланып сабақ өткізу кезінде кəсіби педагогикалық қоғамдастықтың мұғалімнің кəсіби дамуына пайдасы орасан зор екені мəлім. Мұғалімдердің кəсіби дамуындағы педагогикалық қоғамдастықтағы түсініктер мен тəсілдер еңбек жолын жаңа бастап жатқан мұғалімдердің, тəжірибелі ұстаздардың, сондай-ақ тəлімгерлік етудің т əжірибесіне негізделген. Мұғалімдер əріптестерімен өздері сабақ беретін пəн бойынша жəне басқа да пə н бойынша, мектепішілік қауымдастық құрудың сондай-ақ, желілік кəсіби қоғамдастық шеңберінде, іс- шаралар аясындағы тəлімгерлік барысында ынтымақтастық орнатуының маңызы орасан зор болмақ. Желілік қоғамдастық арқылы əлемдік үздік тəжірибелерді қорытып, деректер жинақтау жəне мектепішілік қауымдастық кезінде де өзгерісті іске асырудың кешенді жоспарын құрып, орындалу кезеңдерін белгілеу, пайдалы тиімділігін зерттеп, ұжым талқысына салу жəне кеңейту əдіс-тəсілдерін құру сиякты маңызды іс əрекеттер мектептің даму жоспарына енгізілуі шарт. Мұғалімдер əріптестерімен ынтымақтастықта оқу ортасын құрады жəне жүргізеді, сондай-ақ басқару жəне жоспарлауға үлес қосу үшін өзінің мүмкіндіктерін барынша жетілдіріп отыруға тиіс. Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы бағдарламасы (МЖДЖ) - «мұғалім - оқыту мен тəжірибесін жетілдіру жұмысының көшбасшысы» түсінігіне негізделген. Көшбасшылықтың бұл түрінің кең тараған нысаны болып табылады. Ол мұғалімдердің:

 

Іс-тəжірибені жетілдіруге бастама жасау жəне ол үшін өзіне жауапкершілік алу;


 

 

 

 

 

 


 

 

Оқыту мен оқу тəжірибесіне өзгерістер енгізу үшін əріптестерімен стратегиялық шешімдерді бірлесіп таңдау;

 

Деректерді бірлесіп жинау жəне қолдану; Оқыту мен оқу үдерістерін əріптестерімен талқылау; Мəдениетті де бірлескен орта құрастыру;

 

Əріптестерді кəсіби дамыту үшін барлық мұғалімдердің əлеуеттерін бөлуге болатындығына сенім арту;

 

Оқыту мен оқу үдерісіне ата-аналар мен тиісті мүдделі адамдарды тарту;

 

Кəсіби білімді қалыптастыруға таратуға атсалысу үшін көшбасшылықты нығайтудың ерекше тəсілі болып табылады.

Оқу – бұл жекеленген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені. Мектептегі іс-əрекетті зерттеу кезінде мұғалім дұрыс көшбасшы бола білуі керек. Бұрынғы дə стүрлі сабақтарда мұғалім дайын білімді берсе, қазіргі жаңа сабақтарда мұғалім дайын білім бермейді, тек тапсырмалар беріп, оқушының өзі ізденуіне итермелеу қажет. Сонда оқушы өзі ізденіп, сыни тұрғыдан ойланып жұмыс жасайды. Сол арқылы оқушы өз бетімен жұмыс жасауға жəне ойлау туралы ойлануға дағдыланады. Мұғалім тек бағыт береді, оқушы əрі қарай өзі шығады. Нəтижесінде оқушы сапалы білім алу үшін қысылмай еркін сөйлеу керектігін білді, өз бетімен іздену қажеттігін түсінеді жəне менмендігі басым болу керектігін біліп, мұғалімнің бағыт-бағдарын дұрыс қабылдауды түсінеді.

Балаларды оқыту мұғалімнің басты қызметі жəне балаларға білгенін үйрету мұғалімнің міндеті болып табылатыны белгілі. Жалпы алғанда балаларды оқыту мен ересектерді оқытудың айырмашылықтары бар екенін байқадым. Балаларды оқытуда пəннің терең білімділігін қажет етеді жəне балаларды оқытуда үлкен жауапкершілік болады. Өйткені, мұғалім баланы қалай оқытса, бала соны сол қалпында қабылдайды, сондықтан сапалы, қызықтару арқылы берілген білім баланың пəнді тереңірек білуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар мұғалімдерді үйретуде асқан шеберлік пен үлкен түсіністік те қажет. Сондай-ақ, балаларға жəне ересектерге жас ерекшеліктеріне сай берілетін тапсырмалар да өзгеше болады. Алайда, мұғалімдерді оқыту кезінде аз уақыттың ішінде нақты, тартымды жүргізілген жұмыс елеулі нəтиже көрсететінін мұғалімдерге өткізген коучинг барысында байқадым.

 

Тəжірибесі аз мұғалімдердің кə сіби тұрғыдан дамуына тəлімгерліктің маңызы зор. Менторинг жасау кезімде өзімнің тəлім алушыма оқу мен оқыту үдерісінде кəсіби дамуы үшін, өзгеруіне себепкер бола алғаным мені қуантты. Өзімнің үйренгенімді біреуге үйрету міндет деп ойлаймын. «Тəлімгерлік-əсіресе дəстүрлі ұғымда, субьектінің ағалар мен даналар салған жолмен жүруге мүмкіндік береді . Ал тəжірибелі ағалары оларға білімін, тəжірибесін беріп, жоғары мүмкіндіктерге апаратын «есікті» ашуға көмектеседі» дегендей, ендеше өз білгеніңді өзгеге беру яғни білгеніңмен бөлісудің тиімділігін тəлімгерлік жасау кезінде байқауға болады. Сондай-ақ, мұғалімдерді жаппай үйрету мақсатында мектебімізде мектепішілік қоғамдастық құруды мектеп əкімшілігімен жəне 1-2 деңгей мұғалімдерімен бірлесе жоспарладық.

 

Өз қоғамдастығымыздың жоспарын құруда бізге жəне əріптестерімізге қатысушылардың кім екенін жəне олардың өзара қалай байланысқанын анықтау мақсатында ұйымдастырушылық құрылым қоғамдастыққа шолу жасауға мүмкіндік береді. Бұл – қоғамдастық туралы біздің басқа мүшелерге өз көзқарасымызды жеткізу үшін пайдалануға болатын, жалпы алғанда, біздің қол жеткізген нəтижелерімізді жəне алдағы уақытта қандай бағытта даму керектігін көрсететін құрал.

 

Қоғамдастықтың ұйымдастырушылық құрылымы бізге мыналарды анықтауға көмектесті:


 

 

 


 

 

Қоғамдастықтағы ақпарат ағынын; Қызметтің аясы мен көлемін;

 

Басты рөлдер, үдерістер мен мақсаттарын; Ең бастысы, мұғалімдердің кəсіи дамуындағы сенімді серіктестік болып табылады.

 

Ұстаздың жетекші топтарында жəне қоғамдастық аясында өзара тығыз қарым-қатынас орнату үшін мұғалімдер бірлесе, ынтымақтаса жұмыс істеулері қажет. Мұндай бірлескен жəне ынтымақтаса атқарылған жұмыс өз мектептерінде тəжірибені таратып қана қоймай, мұғалімдердің кəсіби дамуының негізін құрастыруға көмектеседі. Егер мектеп əкімшілігі мен деңгейлік курсты оқып келген жаңашыл мұғалімдер өз жұмыстарының кейбір салаларын басқа да мұғалімдермен бөлісетін болса, күнделікті жұмыс ағымы өз ағынымен ағатын еді. Мектеп проблемалары туралы «ойланатын» көшбасшы мұғалімдер қатары көбейген сайын, басқару қызметі де соғұрлым тиімді болатыны байқалады. Себебі, мұғалімдерден алынған сауалнамалар арқылы мектептің проблемалық тақырыбы анықталды. Осы проблемалық тақырыппен жұмыс істеу барысында мектебімізде нені өзгерту керектігі анықталып, мектепішілік қоғамдастық құрылды. Өз мектебіміздегі кəсіби жəне желілік қоғамдастығымыздың құрылымының жоспарын жасап, жан-жақты ойланып, ұжымдық талқылау арқылы өз қоғамдастығымыздың мəнін ашатын ат ойлап таптық. « Сенім» кəсіби қоғамдастық жұмыстың мақсаты: мұғалімдердің кəсіби өсуін дамыту, ойлау жолдары мен тəсілдерін қолдануды жетілдіруге жағдай жасау арқылы өз іс-тəжірибелеріне талдау жасауына жетісу. Бұл қоғамдастықтың нəтижесінде мұғалімдердің 40%-ы тəжірибе алмасу, өзін-өзі жетілдіру арқылы өз жұмыстарына рефлексия жасау туралы үйреніп, түсініп, қолданатын болады. Қоғамдастығымыздың мəнін ашып, талқылау жасаған соң, келесі қадамдарды жасауға көштік:

 

1.      Өз мектебіміздегі мектепішілік қоғамдастығымызды басқаратын барлық негізгі топтарды: «ақпарат таратушы» топтары, «үйлестіруші» топтар, «тəлімгерлік» топтары, «бақылаушы» топтар, «дамытушы» топтар негізінде топтарды анықтадық.

2.    Содан соң топтардың қызметіне көмектесу мақсатында олардың арасында жұмыс істейтін асенімді қарым-қатынас орнататын адамдарды анықтадық.

3.   Мектептің бүгінгі таңдағы жұмыстарына мектеп əкімшілігімен біріге отырып талдау жүргізілді.

Оқу қызметі аясы бойынша: Сабақтың өту қарқынына ерекше мəн беріп, заман талабына сай оқушылардың білім алуын нəтижеге бағыттап оқыту жəне мұғалімдердің кəсіби дамуына өзгерістер енгізу.

Үдеріс: жұмыс жоспары,іс-əрекеттегі зерттеулер, Lesson Study, коучинг жəне тəлімгерлік.

Жұмыс құралдары жəне түрлері, желілік қоғамдастық үшін: АКТ, қысқа мерзімді жəне орта мерзімді жоспарлар, бағдарламалар, өзара жəне өзін-өзі бағалау əдістері, рефлексия, зерттеу жұмыстары, сауалнамалар, коучинг, семинарлар, конференциялар, педагогикалық бірлескен оқулар.

Қоғамдастық барысы кезінді ынтымақтастық, сенімділік жəне сəтті серіктестік, ең бастысы өзара түсіністік болуы шарт. Сонда ғана жоспар мен жұмыс алға басып, нəтижесінде анықталған маңызды мəселелер мен проблемалар өз шешімін табады жəне жаңа идеялар туындайды. Бұл қоғамдастықтың тұрақты қамтамасыз ету үшін ынтымақтастықпен бірлесе жұмыс істеу өте тиімді.

Желілік қоғамдастыққа қолдау көрсетушілер: мұғалімдер,оқушылар, ата-аналар болуы шарт.

Біздің мектепте желілік қоғамдастықтың құрылғанына аз уақыт яғни биылғы жыл болса да, қоғамдастық аясында мектепішілік, мектеп аралық, облыстық, республикалық мектептер


 

 

 

 

 

 

мен байланыстарға шығып өз іс-ə рекеттерімізбен тəжірибе бөлістік: мектепішілік коучингтер өткізіліп, аудандық қоғамдастық мүшелерінің отырысы, Шығыс Қазақстан облыстық оқыту семинары қатысулар болды.

Мектептің дамыту жоспары негізінде іске асырылған іс-шаралар:

1.  Кездесу: 1-2 деңгей мұғалімдерімен кəсіби əңгіме өткізу;

2.  Кездесу: Кəсіби қоғамдастық құру;

3.  Кəсіби сұхбат: Тəлімгерлік жасау;

4.  Желілік қоғамдастық жұмысын ұйымдастыру;

5.  Талис саалнамасын алу арқылы мектеп проблемасын анықтау;

6.  Коучинг: «Оқушылардың білім алуын нəтижеге ағыттап оқыту»

7.  Коучинг: «Оқу үдерісіне жеті модульді енгізудің тиімділігі»

Осындай атқарылған іс- шараларға мұғалімдердің қатысуы белсенді түрде жəне түсіністікте болды. Өткізілген коучингтер нəтижесінде əр мұғалім өзінің кəсіби дамуы мақсатында өз тəжірибелеріне жаңа өзгерістер енгізе білді. Қоғамдастық мүшелері өздерінің тиісті міндеттерін де жауапкершілікпен сезінді, мұғалімдер берілген тапсырмаларды орындай отырып үйренді. Осындай мектепішілік жəне желілік қоғамдастықтың белсенділігі, нəтижесі арқасында мұғалімдердің кəсіби дамуындағы көшбасшылықты дұрыс атқаруды үйренеді, ең бастысы оқушының жоғары жетістікке жетуіне жəне сапалы білім алуына ықпалы зор. Болашақта осы басталған іс-əрекет өз жалғасын тауып, нəтижесінде заманға лайық өз-өзіне сенімді тұлға тəрбиеленетініне сеніміміз мол.

 

Əдебиеттер тізімі

 

1.       Мұғалімге арналған нұсқаулық: Екінші (негізгі) деңгей. Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының баспасы, 2014. «Оқыту мен оқудағы өзгерістерді не үшін өзгерту қажет?», (4-б.).

2.       Мұғалімге арналған нұсқаулық: Екінші (негізгі) деңгей. Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының баспасы, 2014. «Екінші деңгей бағдарламасының жалпы мазмұны», (8-б.).

3.       Мұғалімге арналған нұсқаулық: Екінші (негізгі) деңгей. Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының баспасы, 2014. «Оқытуды басқару жəне көшбасшылық», (19,20-б.).

4.       Мұғалімге арналған нұсқаулық: Екінші (негізгі) деңгей. Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының баспасы, 2014. «Коучинг жəне тəлімгерлік», (80-б.).

5.       Мұғалімге арналған нұсқаулық: Екінші (негізгі) деңгей. Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының баспасы, 2014. «ГЛОССАРИ» (131-б.).

6.  Құдайбергенева К.С. Мектептегі іс-əрекетті зерттеу. Алматы, 2013. (3-б.).

7.  Касбаева Г.К. Ағылшын тілін оқыту əдістемелігі, №5/6, 2013, (48-б.).

8.     Жартынова Ж.А. Интерактивті оқыту əдісін қолданып сабақты жоспарлау жəне басқару. Алматы, 2014. (3-б.).

9.          Қошқарбаева Г.С., Ешимова А.Б. Білім жүйесіндегі қоғамдастықтың маңызы. «Number one» желілік қоғамдастығы. http://zkoipk.kz/confnis3s/735-conf.html. (24.09.2014).

10.          Самат Е., Əмірханова С. Көшбасшылық жəне желілік қауымдастық. http://www.baq.kz/regional_media/post/58067.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӨШБАСШЫЛЫҚ ЖƏНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Руководитель реабилитационного подразделения

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бұл баяндамада қазіргі заманға сай білім беру жүйесіндегі өзгерістерді қалай жүзеге асыруға болатыны жəне осы заман ағымына қарай мұғалімнің қалай өзгеруі қажеттілігі жайлы берілген. Мұғалімнің кəсіби дамуы үшін өз білгенін өзгеге үйрету барысындағы көшбасшылық пен педагогикалық қоғамдастықтың маңызы жайлы нұсқаулық берілген. Іс-əрекетті зерттеудегі мұғалімнің оқушы белсенділігін арттыруы, тəлімгерлік тəжірибе негізі жəне əріптестерін үйретудегі нəтижелер мен қоғамдастық жұмысының жүзеге асырылуы туралы баяндалған.

 

Қазіргі əлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер əсіресе білім саласы үшін маңызды екені анық. Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, əлемдік білім берудің алдыңғы қатарлы озық т əжірибелері қолданылуда. Білім беру саласының барлық бағыттарында жаңаша көзқарас, яғни жаңаша базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жаңаша жан-жақты жетілдіру, жаңа буын оқулықтары мен əдістемелік кешендерге көшу тағы басқа жүйелілікпен қарастырылып, қалыптасуда. Осыған орай əлем қалай өзгерсе, мұғалім де өзінің өзгеруіне мүмкіндік жасауы яғни жаңашыл болуы қажет. «Білімді ұрпақ- ел болашағы» дегендей, өскелең ұрпақты алған білімін өз өмірінде қолдана алуға, заманына лайықты өзін-өзі басқара алатын жеке тұлға ретінде қалыптастыру бүгінгі заман талабы болып отыр. «Білім саласына қызмет еткеннің бəрі Қазақстанның болашағына қызмет етеді» деп елбасымыз Н.Ə.Назарбаев айтқандай, мұғалімдер қауымының өскелең ұрпақ алдында жауапкершілігінің зор екені белгілі.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 820 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.01.2015 13410
    • DOCX 82.5 кбайт
    • 66 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кудесова Гульдира Максутовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кудесова Гульдира Максутовна
    Кудесова Гульдира Максутовна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 5
    • Всего просмотров: 20840
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 180 человек

Курс повышения квалификации

Формирование умений и навыков самостоятельной работы у обучающихся 5-9 классов на уроках математики в соответствии с требованиями ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 452 человека

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 685 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 808 человек

Мини-курс

Интегративный коучинг: от теории к практике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Современные тенденции в искусстве: от постмодернизма до поп-культуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Figma: основные принципы дизайна и композиции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек