Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / "Білім беруді дамыту стратегиялары"- статья
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Музыка

"Білім беруді дамыту стратегиялары"- статья

библиотека
материалов


Боксенова Манат Каукеновна (Бозанбай орта мектебі, физика пәні мұғалімі)


Әлемнің түрлі елдері мен аймақтарындағы білім беруді дамыту стратегиялары: ұлттық, аймақтық және ғаламдық деңгейлер


Неліктен әлем елдері білім беру жүйесіне реформа жүргізіп жатыр?

Бүгінде білім саласына жаңа реформалар енгізу бүкіл әлем елдерінде ең өзекті мәселелердің бірі болуда. Өйткені әлем елдерінің арасында экономикалық бәсекеге қабілеттілік, әлеуметтік және экологиялық әл-ауқат, өмір бойы өркендеу атты оқытудың үш артықшылығы басты назарда тұр. «ХХ ғасырда педагогтер бір идеяларды бірнеше рет қайталады. Олардың ХХ ғасырдың дағдыларына шақырған үндеулері ХХІ ғасырдың дағдыларын дамытудағы талпыныстарға үндес келеді» - деген Нью-Йорк университетінің білім беру саласындағы зерттеулер профессоры Диана Равичтің әлем елдерінде ХХ ғасырда енгізілген 12-14 жылдық білім беру ұзақтығына байланысты пікірталасы ХХІ ғасырда әлі де жалғасуда.

Әлем елдері тәжірибесінде әр мемлекеттің өзіне тән орта білім беру жүйесі мен мектеп үлгісі, орта мектептердің әр қайсысының қалыптасқан өзіндік ішкі құрылымы бар. Дүниежүзінің аса дамыған елдерінде: АҚШ-та, Англияда, Швейцарияда, Канада мен Германияда жалпы білім беру ұзақтығы 12 не 13 жыл, Голландияда 14 жыл, ал Кореяда, Жапонияда, Швецияда, Францияда, Италияда – 12 жыл. Тек экономикасы жаңа дамып келе жатқан елдерде ғана орта мектеп 10-11 жылдық.

Соңғы уақытта АҚШ-та мектепке дейінгі, мектепалды балаларды дайындауға көп назар аударылады. Әсіресе провинциялық мектептерде 5 жасар балаларды мектепке дайындауда жаппай жұмыс жасалып келеді. Жалпы орта білімнің құрылымы 6+3+3, оқу мерзімі 6 жастан 18 жас аралығында. Мемлекеттік оқу орындарында тегін, жеке мектептерде ақылы болып келеді. АҚШ-та орта мектеп 2 буыннан тұрады: кіші және жоғары мектеп. Кіші орта мектепте 7-9 сыныптарда жалпыға бірдей бағдарлама, және таңдау бойынша (элективті) сабақтары, жоғары орта мектепте 10–12 сыныптарда міндетті түрде 5 оқу пәндері және практикалық, академиялық бағыттағы профильдік пәндер берілген. Оқушылар 9-сыныптан кейін міндетті 5 пәнге қоса келешектегі мамандығына жақын бейінді пәндерді таңдап оқиды. Сыныпты жақсы бағалармен бітіргендері грантқа ие болады.

Германия ХХ ғасырдан бастап осы уақытқа дейін білім беруге ерекше көңіл бөлген мемлекеттердің бірі болды. 80 жылдары бұл ел жеке оқу орындарынан бас тартып, ақысыз оқу орындарын көбейткен. Мұнда да басқа Еуропа елдері секілді бастауыш сыныпқа 6 жастан қабылдайды, жалпы орта білім алу 12 жылдық мектепке негізделген, барша оқушыға алғашқы 9 жылдық оқу ғана міндетті, өйткені одан әрі балалар өз қалаулары және қабілеттеріне қарай оқуларын кәсіптік мектептерде жалғастыра алады. Мемлекеттегі міндетті тегін білім алу 4 жылдық оқыту болып табылады. Білім алу 3 баспалдақты құрылым болып табылады: негізгі мектеп, нақты училище, гимназия. Оқу 6 жастан жалпыға бірдей мектепте (1-4 сыныптар) басталады, содан кейін басқа аталған типтегі мектептерде жалғастырылады. Негізгі мектептің (5-10 сыныптарда) 50%-ға жуығын оқушылар құрайды, олар әрі қарай өз білімдерін толық емес жалпы білімді меңгергеннен кейін, кәсіби білім алуға жолдама алады. Ал нақты училищеде (5–10 немесе 7–10 сыныптар) кәсіби-практикалық бағыттағы жалпы толық емес білім беріледі, онда физика, химия, биология, шет тілдер мен басқа да академиялық пәндер оқытылады. Нақты училищені бітірген оқушы орта және содан кейін арнайы жоғары кәсіби-техникалық оқу орындарына түсе алады. Гимназия (5–13 немесе 7–13 сыныптар) толық орта білімді береді және университеттік үлгідегі ЖОО түсу құқына ие болады. Гимназиядағы міндетті пәндер: неміс тілі мен әдебиеті, тарих, география, математика, биология, дене тәрбиесі, музыка, дінтану болып табылады. Гимназияның бейіндік білім беруіне байланысты әр түрлі нұсқада оқу бағдарламалары жасалған. Германиядағы мектептерде бейіндік оқыту барысында пәндер блоктарға сәйкес біріктіріледі. Неміс тілді оқушылардың жоғары сыныпта оқудағы мүмкіншілігі зор, олар міндетті пәндерден басқа да пәндерді қосымша оқи алады, соның негізінде олардың жеке-дара ерекшеліктері жақсы дамиды. Бейіндік бағыттағы пәндерден басқа тілдік, әдеби-көркем, қоғамдық-ғылыми, математикалық немесе жаратылыстану-ғылыми пәндерін меңгере алады. Негізгі мектеп 4 пән бойынша емтихан тапсыру арқылы аяқталады.12 және 13 жылдық мектепті сәтті бітірген оқушылар үшінші деңгейді аяқтағандары туралы аттестатқа ие болады. Бұл аттестат кез-келген бейінді оқуға жолдама болып табылады. ЖОО-ға түсуде оқушының аттестаты, яғни орташа ұпайы негізгі рөл атқарады.

Әлемдік тәжірибе мемлекеттердің экономикалық дағдарыстан шығуымен бірге білім саласын оза қаржыландыруы қатар жүргенін көрсетеді. Мәселен, 1955 пен 1985 жылдар аралығында Жапонияда білімді қаржыландыру 20 есе артқан. Бұл елде мектептің жоғары сатысы (10-12 сыныптар) 5 түрлі-техникалық, сауда, ауыл шаруашылық, флоттық, қосымша мектептер болып құрылған. Жапонияда балабақшалар білім берудің маңызды бөлімі емес. Балалар балабақшаға ата-аналарының қалауымен 4 жаста да баруы мүмкін. Жапон елінде 9 жылдық білім беру ақысыз, білім беру құрылымы 6+3+3. Бастауыш сыныптарда негізгі сабақтар жапон тілі, арифметика, қалған сабақтар ретінде жаратылыстану, қоғамтану, музыка, этика, дене тәрбиесі, өнер, қолөнер өтіледі. Кіші орта мектепке – емтихансыз, жоғары орта мектепке емтихан тапсырып түсе алады. Білімді тексеру тәсілі – жазбаша тест. Бастауыш және орта мектепте 5 дәрежелі шкала бағасы қолданылады: S (өте жақсы), А (жақсы), В (қанағаттанарлық), С (нашар), D (өте нашар).

Канадада 12 жылдық білім беру әр аймақта өзіндік ерекшелігімен сипатталады. Балалар мектепке 6 жастан барады. Басқа елдердегідей Канадада білім беру бастауыш, орта және жоғарғы сыныптардан тұрады. Оқу жылы қыркүйекте басталып, келер жылдың маусым айында аяқталады. Оқу мерзімі әр түрлі, көп аймақтарда ( Квебек провинциясында ғана оқу 11 жылдық) 12 жылдық білім беру орын алған, тек Онтарио провинциясында 13 жылдық білім алу бекітілген әрі арнайы емтихан тапсырумен аяқталады. Мектептегі білім берудің құрылымы мынадай: бастауыш 1-6 сыныптар, жалпы орта білім 7-9 сыныптар, толық орта білім 10-12 сыныптар. Міндетті білім беру 16 жасқа дейін деп бекітілген. Толық орта білімді жас ерекшеліктеріне сәйкес оқушылардың 90% бітіреді. Бастапқы кәсіби білім беру орта мектептің жоғары сатысындағы 11-12 сыныптарында жүзеге асырылады. Мектептегі білім беру ағылшын және француз тілдерінде жүргізіледі. Мектептегі білім алу ақысыз және он жылдық оқу міндетті, кейін оқушылар өз білімдерін 11-12 (13) сыныптарда жалғастыруы мүмкін, болмаса колледжге барып оқуға құқығы бар.

Сонымен, дүние жүзінде орта, жалпы білім беру келесідей бағыттарда жүзеге асырылатындығы анықталды, олар:

  1. Барлық балаларға, жастарға бірдей білім беру; білімнің ашықтығы, біліммен ақпарат алудың барлық азаматтарға мүмкін болуы.

  2. Оқу бағдарламаларының оқушының жеке басының қызығушылығы мен талғамдарын ескеруге, дамытуға, олардың бойында жалпы оқу іскерліктерін қалыптастыруға, сондай-ақ әр оқушының және қоғамның мүддесі мен қажеттіліктерін ескеруге, жеке тұлғаны жоғары сапамен оқытуға, тәрбиелеуге, дамытуға және жеке тұлғалық оқу үдерісін ұйымдастыруға бағдарлануы.

  3. Оқушының отбасылық экономикалық-әлеуметтік жағдайына, жынысына, қоғамдық мәртебесіне, ұлтына, дініне қарамастан оның қабілетін барынша дамыту көзделген.

  4. Жастардың күнделікті қоғам өмірінде болып отыратын өзгерістерге тез бейімделуіне жол сілтеу болып табылады.

  5. Әрбір оқушыға сол социумға сәйкес тарихи қалыптасқан, ең тұрақты рухани, дүниетаным және мәдени құндылықтарының таратылуы және бекуі.


Бұл реформа Қазақстанға қандай дәрежеде өзекті және қолданбалы?

Әр елдің білім беру және тәрбие саласында өзіндік ерекшелігі мен артықшылығы, тіпті кемшілігі де болады, осы себепті де біз Қазақстан Республикасындағы оқушыға білім беру мен тәрбиені жан-жақты дамыту мақсатында шетелдік 12 жылдық білім берудің тек оң және тиімді жақтарын алуымыз қажет.

Жоғарыда аталған әлемдік әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы 12 жылдық білім беруге көшу Қазақстан мектептерінде:

1. Әлемдік деңгейге көтеруге жағдай жасайды.

2. Оқудың жылдық жүктемесі жеңілдейді.

3. Кәсіптік білім береді.

4. Жеке тұлғаны дамытуға ықпал етеді.

Білім беру мемлекеттік тапсырыс. Ол дегеніміз мемлекеттің қаржысына сәйкес білім беру жоспарын жасау, соны орындау. Бүгінгі жалпы орта білімнің бағыты өркениетті елдерден қалмау, тегін, міндетті орта, үзіліссіз білім беру, мектептердің әр түрін енгізу. Осы бағытта мемлекетімізде он екі жылдық Назарбаев зияткерлік мектептері мемлекетіміздің мәртебесін анықтауда қазіргі заманғы білім жүйесінің негізгі қазығы болып отыр.

Қазақстанда білім беру жүйесінің әлемдік білім беру жүйесіне интеграциялануы, оның жоғары білім беру жүйесінде дамыған елдердегі кәсіби маман даярлау жетістіктеріне терең ғылыми талдау жасау қажеттілігін талап етіп отыр. Еліміздің Еуропалық білім беру жүйесі аймағына ену мақсатының нақты жүзеге асу мүмкіндігі айқындалған соң (2012 жылы Болон декларациясына қол қойылды), дамыған елдердегі білім беру жүйесінің сапалылығын анықтау мақсатында салыстырмалы педагогикалық талдау жасау қажеттілігі күн тәртібіне қойылды. 
Дүние жүзінің көптеген елдеріндегі сияқты, Қазақстан Республикасында да қазіргі кезде білім беру жүйесін реформалау жүзеге асырылуда, ЮНЕСКО-ның жүйелеуі бойынша бұл реформа екінші типті реформалар қатарына жатады. 

Біздің елімізде білім беру жүйесін жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүзеге асуда. Біріншісі, білім беру мекемелерін оңтайландыру; екіншісі, оқу тәрбие үдерісін жаңғырту; үшіншісі, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру. Осы үш бағыт бойынша жұмыс жасау Елбасы Н. Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауында да, ұзақ мерзімді стратегияда да қамтылған. Елбасы 2011 жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында да білім беру саласына ерекше көңіл бөлді: «Мен үшін маңызды мемлекеттік бағдарламаны: білім беру, денсаулық сақтау және тілдерді дамыту бағдарламаларын бекіттім» деп атап көрсетті.

«Қазақстан-2050» атты ұзақ мерзімді стратегиясында да білім беру мәселесіне қатысты біраз пікірлер айтылды. Жолдауда еліміздің ұзақ мерзімді дамуындағы негізгі басымдықтарды бірі ретінде білім беру саласы қарастырылған екен. Бұл маңызды құжатта ұсыныс ретінде 2050 жылға дейін әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуі үшін жеке және мемлекеттік білім беру мекемелері ұсынатын оқыту қызметтерінің арасындағы алшақтыққа жол беруге болмауы қажеттігі, білім беру жүйесі жалпы ұлттық күйінде қалуға тиіс екені ерекше аталған.

Болашақта ұстаздар жаңа заманның оқушыларына тәлім – тәрбие беруде оқушылардың өмір тәжірбиесіне сүйеніп, пән аралық байланысты пайдаланып, тәлім – тәрбиені әр саладан, соның ішінде экономикалық білім мен тәрбие беруге болатыны белгілі. Ол үшін жалпы білім беруді 12 жылдыққа көшіру, бейіндік мектептер ашу, оқушыларға білім беруде олардың өмірлік тәжірбиесін ескеру, пәнаралық байланысты нығайту, сол арқылы оқушыларға әлеуметтік-экономикалық тәлім – тәрбие беру, соған лайықты жаңа тұрпатты ұстаздар даярлау қажет.

 

Неліктен осы секілді өзгерістер менің мектебіме қажет және қолданылуы мүмкін?

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті, құзырлы маман дайындау. «Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім» - деп ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов айтқан. Осы сөзден халқымыздың сенімін ақтау үшін біз мектебіміздің мықты, ХХІ ғасыр талаптарына сай құзырлы, кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалды, шығармашыл ұстазы болуымыз міндетті.

Қазіргі уақытта елімізде  әлемдік білім кеңістігіне бағыт алған жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Осы бағытта Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы бойынша курстан өтіп, сертификат алдым. Курстың кезеңдерінен алған білім-білік дағдыларымның мектептегі тәжірибе уақытында көп көмегі тиді. Мектепке өзгеріс енгізу үшін мұғалімдерге осы курс бағдарламасындағы жаңа тәсілдерді меңгеру керек және мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу керек екен. Өйткені ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұсы - оның сабақты түрлендіріп, оқушының жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу - әр мұғалімнің борышы. Бүгінгі заманда ұстазға қойылатын талап та жоғары, себебі жаһандану заманында заманауи әдіс – тәсілдерді үйрету арқылы оқыту үрдісін жүргізу басты міндет. Міне осындай кезеңде әлемде жүріп жатқан өзгерістер мен толықтырулар, өркениеттер қақтығысының заманында біліммен бірге оқушыға берілетін тәрбиеге де зор көңіл бөлінуі керек.

ХХІ ғасырда білім беру саласында талап етілетін дағдыларға оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуі жатады. Жаңа білім кеңістігін қалыптастыруда, өзгерістерді енгізуде менің қосатын үлесім көп екеніне сенімдімін. Осындай сенімнің болуы – әр ұстаздың ұраны деп ойлаймын.





Сілтемелер

  1. Развитие образования и науки на пороге ХХІ века. Сборник №3. Издательство МГГУ, 1996. -168 с.

  2. Интернет желісі

  3. ҚР Білім туралы заңы

  4. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы







Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Бүгінде білім саласына жаңа реформалар енгізу бүкіл әлем елдерінде ең өзекті мәселелердің бірі болуда. Өйткені  әлем елдерінің арасында экономикалық бәсекеге қабілеттілік,  әлеуметтік  және  экологиялық әл-ауқат, өмір бойы өркендеу атты оқытудың үш артықшылығы  басты назарда тұр.  «ХХ ғасырда педагогтер бір идеяларды бірнеше рет қайталады. Олардың ХХ ғасырдың дағдыларына шақырған үндеулері ХХІ ғасырдың  дағдыларын дамытудағы талпыныстарға үндес келеді» - деген Нью-Йорк  университетінің  білім беру саласындағы зерттеулер профессоры  Диана  Равичтің әлем елдерінде ХХ ғасырда енгізілген 12-14 жылдық білім беру ұзақтығына байланысты пікірталасы ХХІ ғасырда  әлі де жалғасуда.

 

 Әлем елдері тәжірибесінде әр мемлекеттің өзіне тән орта білім беру жүйесі мен мектеп үлгісі, орта мектептердің әр қайсысының қалыптасқан өзіндік ішкі құрылымы бар. Дүниежүзінің аса дамыған елдерінде: АҚШ-та, Англияда, Швейцарияда, Канада мен Германияда жалпы білім беру ұзақтығы 12 не 13 жыл, Голландияда 14 жыл,  ал Кореяда, Жапонияда, Швецияда, Францияда, Италияда – 12 жыл. Тек экономикасы жаңа дамып келе жатқан елдерде ғана орта мектеп 10-11 жылдық. 

Автор
Дата добавления 27.03.2015
Раздел Музыка
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров932
Номер материала 462664
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх