Инфоурок Другое Другие методич. материалыБілім берудегі жаңа тәсілдердің бірі: «Диалог арқылы оқыту»

Білім берудегі жаңа тәсілдердің бірі: «Диалог арқылы оқыту»

Скачать материал

Өтініш парағы

 

Аты- жөні

Махамбетова Сандуғаш Сағынғалиқызы

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

Жоқ

Жұмыс орыны

Қызылқоға ауданы,Миялы селосы

Б.Аманшин атындағы орта мектебі

Баяндама тақырыбы

             Білім берудегі жаңа тәсілдердің бірі:

             «Диалог арқылы оқыту»

Секциясы

Жаңа жағдайдағы білім берудің жаңашылдығы

Қажетті техникалық құрал-жабдықтар

Интерактивті тақта, компьютер

Байланыс телефондары

87789345608

Электрондық почта

maxambetova_084@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім берудегі жаңа тәсілдердің бірі: «Диалог арқылы оқыту»

Махамбетова  Сандуғаш  Сағынғалиқызы

Б.Аманшин атындағы  орта мектебі

 

       Ұрпаққа саналы білім мен тәрбие беруде және заман талабына сай оқытуда басқарушы,көшбасшы бола білетін адам ол – ұстаз.Бала бойындағы ерекше қасиеттерді ашу,сыни тұрғыда ойлана отырып,терең де мағыналы білім берумен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологияны толық меңгертуде және оқушылардың бір-бірімен тығыз қарым-қатынас арқылы немесе  өзара әрекет арқылы оқытудың сара жолын жасаушы да мұғалім болып табылады.

           Бүгінгі таңда тұрған негізгі  мәселе-жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.Жеке тұлға дегеніміз қоғам мақсатына сай, ойлау-сөйлеу қабілетінің нәтижесінде саналы әрекет,қарым-қатынас жасайтын,рухани,зерделілік  мінез-құлық ерешеліктерімен дараланатын адам.Олай болса,жеке тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа әдістерімен оқытып,тәрбиелеуіміз керек.[1]

           Әрбір  мұғалімнің алдына қойған мақсат-оқушылардың алған білімінің терең болуы және алған білімнің оқушы есінде сақталып қалу үшін диалог негізінде білім беру  мұғалім мен оқушы арасындағы өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектеседі.

          «Диалогтік оқыту» модулі бір жағынан қызықты болса, екінші жағынан барлық мән-жайын түсінуді қажет ететін модульдердің бірі. Оқу үрдісіне оқушылардың барлығы белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін белсенді оқыту әдістерін кеңінен қолдану керек. Мысалы: рөлдік ойындар, қадамды сұхбат, постер т.б..Бұл әдістер сыныптағы барлық оқушыларды әрекетке тартып, ұжымда жұмыс жасауға үйретіп, тілдік қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді. [2]

            Бағдарламаға сай, сабақ барысында «Сабақ беру мен оқытудағы жаңа тәсілдерді» қолдануда «диалогтік оқыту» тәсілін басшылыққа алдым. Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, мысалы:талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Әрбір сабақта оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік бердім. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір - бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті. Сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысты. Оқушылардың қандай деңгейде екенін түсінуге көмектеседі. Диалогтік тәсілдің оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектесетінін түсіндім.

           Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым - қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнативті дамуына әсер ететіндігі айтылған.
Выготский когнетиві дамудың оқушылар өздерінің«Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе жағдайда жақсаратынын атап көрсетеді. Диалог барысында оқушылар нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер(2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы жүзеге асады.[2.2]

           Мұғалімнің жетекші сұрақтары арқылы сабақ барысында талқылауға түскен тапсырмалар, оқушы мен оқушы арасындағы зерттеушілік әңгімелер оқушы есінде  ұзағырақ сақталады және олар қойылған қалың сұрақтарға жауап беру арқылы сыни тұрғыдан ойлайтын тұлға болып қалыптасады.

         Сыныпта сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсартып кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі - төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар қолданылады.Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап бағаланады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады.[2.3]
           Тиімді педагогика аясында бұл сұрақтардың екі түрі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Сұрақты оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру қажет. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты түрлі техникаларын пайдалануға болады.
Түрткі болу
: түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық, сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу.[2.4]Сынақтан өткізу: сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет, сондай-ақ «Сіз мысал келтіре аласыз ба?» деген сияқты сұрақтар тапсырманы орындау барысында оқушыға бағдар беріп отырады.Қайта бағыттау: сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау, мысалы, «Көмектесе алатындар бар ма?»

            Әр сабағымда мен де сұрақ қоюдың әртүрлі техникаларын қолдануға тырыстым. Мысалы:1. Әдебиет сөзі қандай ұғымды білдіреді?

а) кеңес, консультация

в) автор

с) үлгі сөз, асыл сөз +

д) бейнелеу өнері

2.«ЕрТөстік»ертегісіндегі Төстіктің әкесінің атын табыңыз.
a)Тоқсанбай
в)Ерназар+
c)Қарабай
д)Байсары
         Қайта бағыттау сұрақтары: сұрақты басқа оқушыға қайта бағыттау. Мәселен: жоғарыда аталған  сұрақтарға жауап беруге кім көмектеседі?деген сұрақтарға жауап алу арқылы оқушылар тақырыптың мәнін түсіне алады.

      Оқушыға сұрақтар бере алдында олардың қабілеттеріне қарай әр түрлі сұрақтарды шектеп отырдым.Оқушылардың ойлау қабілетіне қарай:

-          бірден көп сұрақ қоймау.

-          оқушылардың ойлануына уақыт беру.

-           орынсыз сұрақтар қоймау.

-          ойлауды дамыту үшін  проблемалық сұрақтар пайдалану.

-          оқушылардың  алдыңғы жауаптарына сай сұрақтар құрастыру.

          Менің тағы бір түйгенім, сұрақ қоюдың бұл әдістерін қолдану оқушылардың білімінің артуына және олардың бір-бірінің идеяларын құрметтеуге үйренуіне, айтатын жауабын ой елегінен өткізіп барып айтуға үйренуіне себеп болады деп ойлаймын.

        Сабақ барысында оқушы мен оқушы арасында диалог болғаны оқушының білімінің тереңдеуіне көп септігін тигізеді. Көбінесе зерттеушілік әңгімеде көрінеді. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді; ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады.

         Сыныпта өткізілген Ы.Алтынсариннің  «Таза бұлақ» тақырыбындағы сабағымда  диалог болуына назар аудардым. Оқушыларға «Үш жолаушы бұлақ басындағы қандай жазуды оқиды?», «Әрі қарай не болды деп ойлайсыздар?» деген және тағы да басқа сұрақтар, тапсырмалар берілді. Маған ұнағаны оқушылардың топтасып,ақылдасып өз ойларымен айтып түсіндіруге тырысқаны.Оқушыларды зерттеушілік әңгімеге тарқанда,өз ойларын дауыстап айтады,болжамдар ұсынып,талқылайды. Талқылау кезінде олар «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді.

           Пікірталастың мақсаты жеңімпаздар мен жеңіліске жеткендерді анықтау емес, керісінше, тіпті басқаларда қарама-қайшы пікір болса да, өз ойын дәлелді негіздер келтіре отырып, оны қорғай білу дағдыларын дамыту.[3]

          Сабақ барсында оқушылар арасында сабаққа деген ынтасының артуына,пәнге деген қызығушылықтарының оянуына көп көмегі тиеді деп ойлаймын.

           Білім беру үрдісінде  оқушыларға  білім беруде  тиімді  әдістерді  пайдалану арқылы  оқушының  білімге деген  ынтасын дамытып, ойын еркін жеткізе білу қабілетінің белсенділігін қалыптастыруға негіз  болады деуге болады. Сондай-ақ мұғалімдер осы  бағытта жұмыстар атқарса оқушы мен мұғалім арасында өзара серіктестік пайда болады. Сонымен қатар еркін тілде сөйлеп өзінің сыни көзқарасын білдіріп, басқаларға  жеткізе  алатын, бәсекеге қабілетті  тұлғаға  айналады.

         Диалогтік оқыту – мұғалімнің жан-жақты жұмысын талап етеді.

         Диалогтік   оқыту арқылы сыни тұрғыдан  ойлауды дамытудың  негізгі ерекшелігі -  ұстаздар мен оқушыларға өз еріктерімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге жағдай жасайды. Қазіргі оқытудың талаптарына  сай мұғалім де, оқушы да жаңаша көзқарасты, терең ойлы болуды керек етеді. Сондықтан қазіргі заман талабына сай жас ұрпақтың көкірегі ояу, ізденімпаз, отаншыл, шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз керек деп ойлаймын. Оқушыларға  жаңа тақырыптарды қызықты, түсінікті етіп түсіндіру үшін керекті тәсілдердің бірі ретінде диалогтік оқыту  арқылы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету керек.

         Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету негізінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, өткізілген сабақтардың нәтижесі бойынша оқушылардың сөйлеу қабілеті, сұраққа жауап беру қабілеті, мәтінді сипаттау қабілеті, сұрақ қоя білуі, таныс материалды меңгеру қабілеті біршама жақсы нәтижелерге көтеріледі деуге болады.

Бұрынғы оқушылар тек қана тыңдаушы болса, қазіргі оқушы - өздігінен білім іздейтін қалай оқу керектігін түсінетін жеке тұлға екендігіне ерекше мән бергеніміз жөн. Тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа тәсілдерін қолдануымыз керек деп ойлаймын. Бұл заман талабы.

         Алдағы уақытта да білім беру үрдісінде осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыратын болсақ: барлық оқушылар сабаққа белсенді қатысады; барлық оқушылар  өздерін  еркін  сезінеді; олар бір нәрсені қате айтамыз деген қорқыныштан арылады; жауапты бірлесіп іздейді, жолдастық көмек, бір- біріне деген жауапкершілік   сезімі   пайда болады;   сабақ оқушы үшін, мүғалім үшін де пайдалы болады; ең бастысы олар бір- біріне қатты әсер етеді, бір-бірінен үйренеді және  бірін-бірі  үйретеді.

       Сондықтан әр сабақты өткізу барсында оқушыға олардың арасында зерттеушілік әңгіме өрбіп,диалог болатындай тапсырмалар беруіміз қажет.Сонда ғана білім беру мен білім алуда мұғалім мен оқушы арасындағы  диалогтік сұхбаттасу жүзеге асады.

 

                                                   Пайдаланылған әдебиеттер:

1.      «12-жылдық білім» журналы.№2.2008 ж

2.      Мұғалімге арналған нұсқаулық.39-41б.

3.      С.Мирсеитова.Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде.Қарағанды.2011-«Кәсіби даму мектебі»сериясы

 

    

 




                    

       

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Білім берудегі жаңа тәсілдердің бірі: «Диалог арқылы оқыту»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор школы

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Білім берудегі жаңа тәсілдердің бірі: «Диалог арқылы оқыту»

Махамбетова  Сандуғаш  Сағынғалиқызы

Б.Аманшин атындағы  орта мектебі

 

       Ұрпаққа саналы білім мен тәрбие беруде және заман талабына сай оқытуда басқарушы,көшбасшы бола білетін адам ол – ұстаз.Бала бойындағы ерекше қасиеттерді ашу,сыни тұрғыда ойлана отырып,терең де мағыналы білім берумен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологияны толық меңгертуде және оқушылардың бір-бірімен тығыз қарым-қатынас арқылы немесе  өзара әрекет арқылы оқытудың сара жолын жасаушы да мұғалім болып табылады.

           Бүгінгі таңда тұрған негізгі  мәселе-жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.Жеке тұлға дегеніміз қоғам мақсатына сай, ойлау-сөйлеу қабілетінің нәтижесінде саналы әрекет,қарым-қатынас жасайтын,рухани,зерделілік  мінез-құлық ерешеліктерімен дараланатын адам.Олай болса,жеке тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа әдістерімен оқытып,тәрбиелеуіміз керек.[1]

           Әрбір  мұғалімнің алдына қойған мақсат-оқушылардың алған білімінің терең болуы және алған білімнің оқушы есінде сақталып қалу үшін диалог негізінде білім беру  мұғалім мен оқушы арасындағы өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектеседі.

          «Диалогтік оқыту» модулі бір жағынан қызықты болса, екінші жағынан барлық мән-жайын түсінуді қажет ететін модульдердің бірі. Оқу үрдісіне оқушылардың барлығы белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін белсенді оқыту әдістерін кеңінен қолдану керек. Мысалы: рөлдік ойындар, қадамды сұхбат, постер т.б..Бұл әдістер сыныптағы барлық оқушыларды әрекетке тартып, ұжымда жұмыс жасауға үйретіп, тілдік қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді. [2]

            Бағдарламаға сай, сабақ барысында «Сабақ беру мен оқытудағы жаңа тәсілдерді» қолдануда «диалогтік оқыту» тәсілін басшылыққа алдым. Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, мысалы:талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Әрбір сабақта оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік бердім. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір - бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті. Сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысты. Оқушылардың қандай деңгейде екенін түсінуге көмектеседі. Диалогтік тәсілдің оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектесетінін түсіндім.

           Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым - қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнативті дамуына әсер ететіндігі айтылған.
Выготский когнетиві дамудың оқушылар өздерінің«Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе жағдайда жақсаратынын атап көрсетеді. Диалог барысында оқушылар нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер(2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы жүзеге асады.[2.2]

           Мұғалімнің жетекші сұрақтары арқылы сабақ барысында талқылауға түскен тапсырмалар, оқушы мен оқушы арасындағы зерттеушілік әңгімелер оқушы есінде  ұзағырақ сақталады және олар қойылған қалың сұрақтарға жауап беру арқылы сыни тұрғыдан ойлайтын тұлға болып қалыптасады.

         Сыныпта сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсартып кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі - төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар қолданылады.Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап бағаланады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады.[2.3]
           Тиімді педагогика аясында бұл сұрақтардың екі түрі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Сұрақты оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру қажет. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты түрлі техникаларын пайдалануға болады. Түрткі болу
: түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық, сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу.[2.4]Сынақтан өткізу: сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет, сондай-ақ «Сіз мысал келтіре аласыз ба?» деген сияқты сұрақтар тапсырманы орындау барысында оқушыға бағдар беріп отырады.Қайта бағыттау: сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау, мысалы, «Көмектесе алатындар бар ма?»

            Әр сабағымда мен де сұрақ қоюдың әртүрлі техникаларын қолдануға тырыстым. Мысалы:1.Әдебиет сөзі қандай ұғымды білдіреді?

а) кеңес, консультация

в) автор

с) үлгі сөз, асыл сөз +

д) бейнелеу өнері

2.«ЕрТөстік»ертегісіндегі Төстіктің әкесінің атын табыңыз.
a)Тоқсанбай
в)Ерназар+
c)Қарабай
д)Байсары
         Қайта бағыттау сұрақтары: сұрақты басқа оқушыға қайта бағыттау. Мәселен: жоғарыда аталған  сұрақтарға жауап беруге кім көмектеседі?деген сұрақтарға жауап алу арқылы оқушылар тақырыптың мәнін түсіне алады.

      Оқушыға сұрақтар бере алдында олардың қабілеттеріне қарай әр түрлі сұрақтарды шектеп отырдым.Оқушылардың ойлау қабілетіне қарай:

-          бірден көп сұрақ қоймау.

-          оқушылардың ойлануына уақыт беру.

-           орынсыз сұрақтар қоймау.

-          ойлауды дамыту үшін  проблемалық сұрақтар пайдалану.

-          оқушылардың  алдыңғы жауаптарына сай сұрақтар құрастыру.

          Менің тағы бір түйгенім, сұрақ қоюдың бұл әдістерін қолдану оқушылардың білімінің артуына және олардың бір-бірінің идеяларын құрметтеуге үйренуіне, айтатын жауабын ой елегінен өткізіп барып айтуға үйренуіне себеп болады деп ойлаймын.

        Сабақ барысында оқушы мен оқушы арасында диалог болғаны оқушының білімінің тереңдеуіне көп септігін тигізеді. Көбінесе зерттеушілік әңгімеде көрінеді. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді; ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады.

         Сыныпта өткізілген Ы.Алтынсариннің  «Таза бұлақ» тақырыбындағы сабағымда  диалог болуына назар аудардым. Оқушыларға «Үш жолаушы бұлақ басындағы қандай жазуды оқиды?», «Әрі қарай не болды деп ойлайсыздар?» деген және тағы да басқа сұрақтар, тапсырмалар берілді. Маған ұнағаны оқушылардың топтасып,ақылдасып өз ойларымен айтып түсіндіруге тырысқаны.Оқушыларды зерттеушілік әңгімеге тарқанда,өз ойларын дауыстап айтады,болжамдар ұсынып,талқылайды. Талқылау кезінде олар «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді.

           Пікірталастың мақсаты жеңімпаздар мен жеңіліске жеткендерді анықтау емес, керісінше, тіпті басқаларда қарама-қайшы пікір болса да, өз ойын дәлелді негіздер келтіре отырып, оны қорғай білу дағдыларын дамыту.[3]

          Сабақ барсында оқушылар арасында сабаққа деген ынтасының артуына,пәнге деген қызығушылықтарының оянуына көп көмегі тиеді деп ойлаймын.

           Білім беру үрдісінде  оқушыларға  білім беруде  тиімді  әдістерді  пайдалану арқылы  оқушының  білімге деген  ынтасын дамытып, ойын еркін жеткізе білу қабілетінің белсенділігін қалыптастыруға негіз  болады деуге болады. Сондай-ақ мұғалімдер осы  бағытта жұмыстар атқарса оқушы мен мұғалім арасында өзара серіктестік пайда болады. Сонымен қатар еркін тілде сөйлеп өзінің сыни көзқарасын білдіріп, басқаларға  жеткізе  алатын, бәсекеге қабілетті  тұлғаға  айналады.

         Диалогтік оқыту – мұғалімнің жан-жақты жұмысын талап етеді.

         Диалогтік   оқыту арқылы сыни тұрғыдан  ойлауды дамытудың  негізгі ерекшелігі -  ұстаздар мен оқушыларға өз еріктерімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге жағдай жасайды. Қазіргі оқытудың талаптарына  сай мұғалім де, оқушы да жаңаша көзқарасты, терең ойлы болуды керек етеді. Сондықтан қазіргі заман талабына сай жас ұрпақтың көкірегі ояу, ізденімпаз, отаншыл, шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз керек деп ойлаймын. Оқушыларға  жаңа тақырыптарды қызықты, түсінікті етіп түсіндіру үшін керекті тәсілдердің бірі ретінде диалогтік оқыту  арқылы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету керек.

         Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету негізінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, өткізілген сабақтардың нәтижесі бойынша оқушылардың сөйлеу қабілеті, сұраққа жауап беру қабілеті, мәтінді сипаттау қабілеті, сұрақ қоя білуі, таныс материалды меңгеру қабілеті біршама жақсы нәтижелерге көтеріледі деуге болады.

Бұрынғы оқушылар тек қана тыңдаушы болса, қазіргі оқушы - өздігінен білім іздейтін қалай оқу керектігін түсінетін жеке тұлға екендігіне ерекше мән бергеніміз жөн. Тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа тәсілдерін қолдануымыз керек деп ойлаймын. Бұл заман талабы.

         Алдағы уақытта да білім беру үрдісінде осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыратын болсақ: барлық оқушылар сабаққа белсенді қатысады; барлық оқушылар  өздерін  еркін  сезінеді; олар бір нәрсені қате айтамыз деген қорқыныштан арылады; жауапты бірлесіп іздейді, жолдастық көмек, бір- біріне деген жауапкершілік   сезімі   пайда болады;   сабақ оқушы үшін, мүғалім үшін де пайдалы болады; ең бастысы олар бір- біріне қатты әсер етеді, бір-бірінен үйренеді және  бірін-бірі  үйретеді.

       Сондықтан әр сабақты өткізу барсында оқушыға олардың арасында зерттеушілік әңгіме өрбіп,диалог болатындай тапсырмалар беруіміз қажет.Сонда ғана білім беру мен білім алуда мұғалім мен оқушы арасындағы  диалогтік сұхбаттасу жүзеге асады.

 

                                                   Пайдаланылған әдебиеттер:

1.      «12-жылдық білім» журналы.№2.2008 ж

2.      Мұғалімге арналған нұсқаулық.39-41б.

3.      С.Мирсеитова.Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде.Қарағанды.2011-«Кәсіби даму мектебі»сериясы

 

    

 




                    

        

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 418 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.02.2015 2324
    • DOCX 25 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Махамбетова Сандугаш Сагингалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28874
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Стратегическое планирование и маркетинговые коммуникации

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 19 регионов

Мини-курс

Формирование социальной ответственности и гармоничного развития личности учеников на уроках

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методология проектного менеджмента и стратегического планирования в инвестициях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе