Білім деңгейлерін анықтау 1кл

Предпросмотр материала:

Білім деңгейлерін анықтау

(Математика, 1класс)

                                                                              

Сабақтың мақсаты: 1.Ертегі желісі бойынша  дидактикалық бірліктерді ірілендіру жүйесінің  элементтерін қолдана  отырып білімді тиянақтау және бекіту.                         (ДБІ. П.М. Эрдниев)

2. Оқушылардың ақыл-ойын, ой-өрісін дамыту.

Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа, танымдылыққа баулу.

3. Өз бетімен жұмыс жасай отырып өзінің де, өзгенің де еңбегін  қадірлей білуге тәрбиелеу.

Түрі:  ертегі желісі бойынша тиянақтау

Типі: бекіту сабағы

Әдісі: ойландыру, баяндау, көрнекілік әдістері,ойын,сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану

Көрнекілігі: суреттер, қажетті дидактикалық материалдар, үлестірме қима қағаздар,

цифрлар,таңбалар.

Сабақтың барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушыларды  түгелдеу, сабаққа назарын  аудару.

           ә) Психологиялық дайындық.

Балалар, бүгін біздің  сабағымызға  қонақтар  келіпті. Демек бұл сабағымыз жай сабақ емес, ерекше сабақ. «Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады» демекші, біз ұятқа қалмауға  тырысайық.

Біз бүгін «Қасқыр және 7  лақ» ертегісі бойынша  осы уақытқа  дейін  өтілген тапсырмаларды пысықтаймыз. (ертегі мазмұнына тоқтатылу қасқыр, ешкі , математика туралы өлең оқу).

-          Қасқыр деген қандай аң? (жауап)

-          Ешкі мен лақ қандай жануар ? (жауап)

-          Ендеше балалар  бүгін біз қасқырдан  осы лақтарды құтқару үшін жұмыс жасайтын боламыз.

 

I-тапсырма. 10-ға дейінгі сандарды ілгері, кейін санау.

II.  «Тез есепте» ойыны. Танымдық қабілетті дамыту.

III. Үлестірмелі қима қағаздармен жұмыс.

№1 Азайғышы 8-ге тең өрнектер жаз,мәнін тап.

№2 Екінші қосылғышы 6-ға тең қосындылар жаз,мәнін тап.

№3 Азайтқышы 3-ке тең айырмалар жаз, мәнін тап.

Сергіту.Жұмбақ өлең есептер айту, оқушылар шешу.

1.Табақта 5 өрік,

   Қолымда 4 өрік

   Қосқанда барлығы

   Болады неше өрік? (9)

2.Көлден ұшты 7 қаз

   Қайтып қонды 2 қаз

   Қонбады оның нешеуі

   Қане, кім шешеді? (5)

3.Аулада 5 лақ

   Қорада 3 лақ

  Бір лақ жүгірді,

  Бір лақ тығылды

  Қалғаны неше? (6)

IV.Есеп ұғымын пысықтау.

   Қасқыр жеті лақты ұстап алып еді, біз оның 4-еуін құтқардық,енді оның нешеуі қалды? Қане, балалар осыған есеп құрастырайық.

          (Есеп құрастыру, шешу)

V.”Көршісін тап” ойыны.   (10-ға дейінгі сандар)

VI.Математикалық бас қатырғыш.

VII.Салыстыру.Суреттер бойынша теңсіздіктер құрастыру.

      4 * 5            4+1 * 7                  2+3 * 4+1

      6 * 2            5+2 * 9                  7+2 * 8-1

       8 * 9            3+4 * 6                 6+2 * 5-0

VIII. Сабақты бекіту, қорытындылау

   Үлестірмелі қағаздарды көрсету,оқушылар жауап беру.

  Міне, балалар, біздер тапсырмаларды орындау арқылы, лақтарды қасқырдан құтқарып, аналарына қостық. Енді енесі қандай жағдайда болып тұр?

Қане, балалар Маяның осы туралы өлеңін тыңдайықшы.

IX.Оқушыларды бағалау,сабақты аяқтау.

   Х. Үйге тапсырма беру.

 

 

 

.

 

Краткое описание материала

Білім деңгейлерін анықтау 1кл

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Шалабаева Жулдыз Бердибековна

Учитель начальных классов

  • На сайте: 11 лет и 1 месяц
  • Всего просмотров: 11603
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 5
  • 11603
    просмотров
  • 5
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Шалабаева Жулдыз Бердибековна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~290

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: