Инфоурок Математика Другие методич. материалыБілім сапасын басқаруда мұғалім мен оқушының бірлескен қызметі

Білім сапасын басқаруда мұғалім мен оқушының бірлескен қызметі

Скачать материал

 

Білім сапасын басқаруда мұғалім мен оқушының бірлескен қызметі

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Жаһандану, ғаламдандыру күннен-күнге өсіп келе жатқан халықаралық бәсекелестік, қоғамда болып жатқан өзгерістердің ауқымы мен қарқынының өсуі білім беру саласының, мемлекет дамуының басты факторына айналуына себеп болды. Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» - деп бағалап бекер айтпаған.

Мектеп мұғаліммен ғана мектеп. Ал мектеп – ғасыр талабымен үндесе дамып отырады. Қай қоғам да істің тетігін маман шешеді деген қағида негізінде шындық бар. Яғни білім сапасын көтерудің бір тетігі ұстазға байланысты. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ сьезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.» деген болатын.Шынында да, қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық білімділік талап етілуде.

Жаңа білім жүйесі – заман талабы десек тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы жастар. Еліміздің гүлдеп, өркендеп өркениетті 50 елдің қатарынан табылуын жастарымыздың қосар үлесі зор.

Қазақстан Республикасында өмір сүріп отырған әрбір азамат мемлекетіміздің бір бөлшегі. Сондықтан да, ол барлық іске сауатты, өздігінен әрекет  етуге қабілетті жауапкершілігі мол азамат болуға тиісті. Ондай азаматтар отбасы бастауынан тәрбие ала отырып, өзінің ізгілігі мен білімін мектеп қабырғасында одан әрі шыңдай түседі.

Табиғаттағы өсімдіктердің өсіп-өнуіне күн нұры қандай нәр берсе мектепте ұстаздар оқушылардың тәрбиелі, білімді заман талабына сай азамат болып өсуі үшін өз жүректерінің нұрын төге  білуге тиісті.

Орыстың ұлы ғалымы М.В. Ломоносов: «Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек» - деп, математика пәнінің адамның ақыл-ойына зор ықпал жасайтындығын атап өткен.

Математика пәнінің мұғалімі ретінде оқушылардың танымдық ойлау қабілетін жетілдіре отырып, кез-келген кезеңде тығырықтан шығудың жолын таба білетін, шығармашылықпен еңбек етіп, өзін-өзі тәрбиелей алатын азаматтарды даярлауды мақсат еттім.

Жаратылыстану – математикалық бағытта білім беру жүйесінде математика пәнінің үлесі өте зор. Өйткені жаратылыстану бағытындағы пәндер математикамен тығыз байланысты. Бұл аса үлкен жауапкершілікті талап етеді. Мемлекеттік осындай маңызы бар істі ұғына келе, білімді ұрпақ дайындауды, оларды шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыруды міндет етіп қойып отырмын.

Мұғалім – басты тұлға, шәкіртке бағыт-бағдар бағдаршам десек, оқушы өздігінен еңбек етіп, талпынып, жеткен жетістігінің жемісін көруші, мұғалім мен оқушы үнемі бір-бірімен тығыз байланыста болуы қажет.

 

Оқушылармен жұмыс жүргізгенде  мұғалім оларға өз ойын толық жеткізуіне мүмкіндіктер беруі қажет. Әр кезеңде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалана отырып, оқушыларға бағыт-бағдар беремін және деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы бойынша нәтижесін шығарамын. Сондықтан мұғалім оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне мүмкіндіктер туғызып, қабілетін жан-жақты дамыту үшін, абстрактылы, логикалық ойлауын дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру, өзін-өзі бағалауына әрекет жасауын ұйымдастыруы қажет. Оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге баулығанда төмендегі бағыттарға көңіл бөлемін.

 

Осындай мақсатты бағдарлы жұмыс өз нәтижесін береді. Орта буын және жоғарғы сынып оқушылары халықаралық Кенгуру, Ақбота интеллектуалды марафондарынан және кіші ғылым академиясында ғылыми жоба қорғауда орын алған оқушыларым бар.Дарын орталығы ұйымдастырған сырттай оқу бөлімінде оқушылар аудандық олимпиададан 3 жыл қатарынан жүлделі орындарды иеленді.

Заман ағымына байланысты білім саласында айтарлықтай елеулі өзгерістер болып отыр. Мектептегі басты тұлға мұғалім болса, бүгінде оқушы ол орынмен алмасты. Білім беру үрдісінде пәндік білім берілсе, қоғамның дамуына орай жеке тұлғалық білім беру жүзеге асырылуда. Басты мақсат мұғалімнің жеке тұлғаға білімді дайын күйінде меңгертуі болса, ал қазіргі ерекшелік өз бетімен білім алу. Тіпті дидиктикада да оң өзгеріс болып отыр. Оқыту әдістемесі, оқыту технологиясымен алмасып оқушыға жан-жақты, терең білім беру ісі қолға алынып, іс жүзінде тың өзгерістер белең алуда. Оқыту процесі жойыла бастап, оқушыға тек жағдай жасау арқылы жанама оқыту іске асырылды.

Қазіргі өмірдің талабы оқу және тәрбие процесін түбегейлі өзгерту оқушының сабаққа қызығушылығын арттыра отырып, әдепті ұрпақ тәрбиелеу. Соңғы кездегі зерттеулерге сүйенсек, жоғары сынып оқушыларының арасында білім сапасы барған сайын төмендеп барады. Оқушының барлығын әр мұғалім өз сабағымен қызықтырып, жетелеп кету мүмкін емес. Әйтседе шығар жол бар тәрізді. Ол мәселені жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесін сол ортаның, оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, мұғалім мен оқушының арасында өзара түсінісу тілі болған кезде шешуге болады. Осы орайда өз тәжірибемді ортаға салғым келеді.

Алдымен сабақ өткізудің мынадай құрылымын пайдаланамын:

1.Жаңа тақырыпты меңгерту;

2.Жаңа тақырыпты меңгерді ме? Жоқ па? Сұрақтар қою арқылы қысқаша шолу жасау;

3.Тақырыпты терең меңгерту мақсатында есептер шығарып, бекіту.

4.Үнемі өткен тақырыптарды қайталап, бақылау жасап отыру.

5.Оқушыға үнемі өзін-өзі бақылау жасату, біліміне анализ жасай білуге үйрету, дағдыландыру.

6.Оқушы білімін бағалауда қаталдыққа, немқұрайлыққа жол бермеу ынталандыру, марапаттау.

7.Есеп шығару кезінде өз беттерімен көбірек жұмыс істеуге бейімдеу.

8.Оқушы білімін бағалауда жариялықтың, нақтылықтың болуы.

Сабақтың басты мақсаттары терең ойластырылмаса оқушыны сабақ тартпайды, мұғалімнің құр қаталдығынан оқушы жалқау тыңдаушыға айналады. Бұл оқушыны зеріктіреді. Сондықтан қазіргі кезде оқушыларды өз бетінше жұмыс жасатпай сабақ өткізу мүмкін емес. Дегенмен, сабақ барысында оқушылардың өздігімен жұмыс істеуіне ынталы еместігін әр мұғалім біледі. Сол себепті мен сабақ барысында үлестірме карточкаларды жиі қолданамын. Үлестірмелі карточкаларды оқушылардың білім деңгейіне сәйкестендіріп дайындаймын. Оқушылардың өзі жақсы баға алатын тапсырманы орындауға ұмтылады., ынталанады. Карточкамен жұмыс жасаудың тиімділігі – оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға бейімдейді. Қолына карточка тиген оқушы есепті өз бетімен шығаруға тырысады. Оқыту барысында біркелкілік кері әсер етеді. Соған байланысты өз бетімен жұмыс жасауда үнемі пайдаланатын формулалардың әртүрлі болып келуі тиіс. Карточкадан басқа өз бетімен жұмыс жасаудың басқа түрлерін пайдаланамын.

1)Өзін -өзі тексерумен ұштастырылған өзіндік жұмыс.

2) Бірін-бірі тексерумен ұштастырылған өзіндік жұмыс.

Мұндай жұмыстар оқушылардың зейінін, жауапкершілігін, өз ой пікірінің дұрыс қалыптасуын жолға қояды. Оқушының ойлау қабілетін дамытуына және сабаққа ынтамен қатысуына, ал мұғалімге сабақта уақытты тиімді пайдалануға, оқушының әр сабақ сайын білімін бағалауға, мұғалім-оқушы арасындағы қарым – қатынасын жақсартуға тигізер пайдасы зор.

Оқушыларды ҰБТ – ға дайындау кезінде осындай жұмыс пайдасы үлкен. Әрбір оқушыға жеке тапсырма беріп, қандай олқылық, кемшіліктер жібергенін талдай отырып, көмек беремін. Оқушы өз бетінше жұмыс жасайды. Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс өз нәтижесін береді. 30.03.2011 ж.күні өткізілген аудандық сынама тестте 11- сынып оқушылары 100% білім сапасын көрсетті.

Оқушылардың оқудағы жетістігі тәуелсіз сырттай бақылаудың маңызд құрамдас бөлігінің бірі – бірыңғай ұлттық тестілеу болып табылады. Әр жылғы ҰБТ қорытындылары жөніндегі талдауларды саралай келе қорытынды қайталау және дайындық негізінде

-тригонометриялық өрнектерді түрлендіру

-иррационал теңдеулерді шешу

-логарифмдік және көрсеткіштік теңдеу, теңсіздіктерді шешу

-функцияны зерттеу тақырыптарына берілген тапсырмалардың орындалу деңгейінің төмендігін көреміз.

Жасыратыны жоқ, ҰБТ нәтижесінде математика пәнінің көрсеткіштері төмен екендігі әр оқу жылында да байқалып жүр. Сол себепті 2009 жылы Алматы қаласында республика математиктері арасында «Математикадан ҰБТ-ға дайындау ерекшеліктері» атты курсқа қатыстым. Бұл курстың маған бергені көп болды. Курстан алған білімімді, іс-тәжірибелерімді аудандағы математика пәнінің мұғалімдерімен бөлістім. Тест тапсырмаларында жиі кездесетін «Функцияның өзгеру облысы» мектеп курсында көп қарастырылмайды. Соны ескере отырып, «Функцияның қасиеттері» атты арнаулы курстық бағдарламасын жасап іс-тәжірибемді «Математика және физика» журналында (2010ж №3) әріптестеріммен бөлістім.

Сонымен білім сапасын басқаруда мұғалім мен оқушының бірлескен қызметі бізге не берді? Оны мына тірек – схемадан көруге болады.

 

 

 

Өзімнің шығармашылық ізденісімнің нәтижесінде оқушыларым сапалы білім алуға қол жеткізді. Білімді әдістерді қолдана отырып, үздіксіз жүргізілген жұмыс өзінің оң нәтижесін береді деп сенемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Білім сапасын басқаруда мұғалім мен оқушының бірлескен қызметі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Жаһандану, ғаламдандыру күннен-күнге өсіп келе жатқан халықаралық бәсекелестік, қоғамда болып жатқан өзгерістердің ауқымы мен қарқынының өсуі білім беру саласының, мемлекет дамуының басты факторына айналуына себеп болды. Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» - деп бағалап бекер айтпаған.

 

Мектеп мұғаліммен ғана мектеп. Ал мектеп – ғасыр талабымен үндесе дамып отырады. Қай қоғам да істің тетігін маман шешеді деген қағида негізінде шындық бар. Яғни білім сапасын көтерудің бір тетігі ұстазға байланысты. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ сьезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.» деген болатын.Шынында да, қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық білімділік талап етілуде.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 895 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.02.2015 897
    • DOCX 103.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аленова Гульжан Сабировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аленова Гульжан Сабировна
    Аленова Гульжан Сабировна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9407
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Ментальная арифметика. Сложение и вычитание

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1361 человек из 85 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 207 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 681 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 797 человек

Курс повышения квалификации

Практические аспекты применения современных технологий при обучении школьников математике в рамках ФГОС ООО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 412 человек

Мини-курс

Самоповреждающее поведение у подростков: профилактика и методы работы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Мастерство влияния и успешных переговоров

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов

Мини-курс

Психосемантика и социальная психология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек