Логотип Инфоурока

Получите 30₽ за публикацию своей разработки в библиотеке «Инфоурок»

Добавить материал

и получить бесплатное свидетельство о размещении материала на сайте infourok.ru

Инфоурок Биология Статьи"Бөлме өсімдіктерінің түрлері мен оларды өсіруде қойылатын талаптар"

"Бөлме өсімдіктерінің түрлері мен оларды өсіруде қойылатын талаптар"

Ақтөбе қаласы

51 гимназия

Телимова Камшат Исаевна

биология пәнінің мұғалімі

Бөлме өсімдіктерінің түрлері мен оларды өсіруде қойылатын талаптар

Өсімдіктерді үйде өсіруге дұрыстап іріктеп алу үшін, олардың өсуіне қажетті жағдайларды (жарық, температура және ауаның ылғалдылығы) жақсы білу керек. Оны табиғат жағдайларына сәйкестендірген жөн. Өсімдіктің өсіп-өнуі үшін ең бірінші жарық қажет. Өсімдіктің жарықты сүйетін, көлеңкеге төзімді, сондай-ақ жарықтық шашырап түскенін қажет ететін түрлері болады. Эухарис (амазон лилиясы) — амариллистер тұқымдасына жататын әсем гүлді пияз тектес өсімдік. Отаны тропиктік Америка. Жапырақтары эллипс тәрізді, ұзын шыбық шаларға орналасқан, гүлдері ақ, өткір хош иісті, 3-тен, 6-ға дейін ұзын гүлсидамда пайда болады. Бөлмеде көбінесе ірі гүлді эухарис және сандера эухарисі өсіріледі. Эухарис көп су ара бергенді ұнатпайды, алайда оған уақтылы су бүркіп тұру керек. Эухаристі (баданасын) ыдысқа топтал отырғызса, жақсы гүлдейді, сондықтан оны бір ыдыстан екінші ыдысқа ауыстырып көшіре бермей, жайпақ, кең ыдысқа отырғызу керек. Оны органикалық және минералды тыңайтқыштармен жиі тыңайту қажет. Топырақ қоспасы құрамының 2 бөлігі шым топырақтан, 2 бөлігі жапырақ аралас қарашіріктен және құмнан тұрады. Өзен құмынан және қмыртық тастан жасалған жақсы дренаж қажет. Дұрыс күтілген эухарис екі рет (октябрь айынан бастап қыс ортасына дейін және көктемде) гүлдейді.

hello_html_m183cb075.jpg

Эухарис

Хлорофитум – бөлменің ауасын тазартуда ең басты орын алатын ғажайып гүл. Ол оттегі, фитонцид бөлуімен бірге, ауадағы зиянды бактериаларды жояды. 10-12 шаршы метрлік ас бөлмесінде газ окисі мен жағымсыз иістерді керемет деген ауа тазалағыш құралдардан жақсы әрі тиімді тазалайды. Антибактериялық қасиеттері жоғары болғандығынан болар, хлорофитум ешқашан зиянкестермен зақымданып ауырмайды. Күтімі, көбейтілуі өте жеңіл. Хлорофитум бізге осындай пайдалы қызмет жасауы үшін, жапырақтарына күнделікті су бүркіп ылғалдандырып әрі шаңнан тазартып тұру керек. Суды топырағын кептіріңкіреп барып, молынан суғару керек. Алакөлеңкеде өседі. Мұртшаларының ұшындағы балапандарын ылғалды топыраққа батырыңқырап қадап қойса, тез тамырланып кетеді.

hello_html_m1391c87f.jpg

Хлорофитум

Фикус. Фитонцидтік қабілеті өте жоғары. Ауаны токсиндерден жақсы тазартады, сондықтан да оныас бөлмеге немесе терезесі автокөліктер көп жүретін жол жаққа қараған бөлмеге қойған дұрыс. Жапырақтары ауадағы зиянды заттарды, шаңды бойына сіңіріп алуымен бірге бөлмені ылғалдандыра алатындығымен ерекше бағалы. Ол бізге жақсы қызмет етуі үшін күнделікті су бүркіп немесе жұмсақ матамен жуып, сүртіп жапырақтарын таза ұстау керек. Үлкен, жылтыр, жалпақ жапырақтары еш қиындықсыз жуып, сүрткенге ыңғайлы. Күннің көзі тік түспейтін жарық немесе алакөлеңке жерде жақсы өседі. Суды топырағын кептіріңкіретіп барып, молынан суғару керек. Қыста күнделікті су бүркіп тұрған жағдайда, айына бір рет суғарса жетеді.



hello_html_m1a91c026.jpg
 Фикус

Қазтамақты жатын бөлмеге орналастырған жөн. Одан бөлініп шығатын пайдалы қоспалар мазасыздықты жеңуге көмектеседі. Ауаны стафилококк, стрептококк бактерияларынан залалсыздандырады. Оны тексеру үшін ғалымдар стафилококк бактериясының 1-2 тамшысын қазтамақтың жапырағына тамызғанда, үш сағатта бактериялар өліп қалған. Сонымен қатар шыбын-шіркейлер қазтамақ бар жерден қашады. Бөлмені жаман иістерден тазартады. Сондықтан ас бөлмеге де қазтамақтың пайдасы зор. Күтімі жеңіл. Жарықсүйгіш. Жазда молынан, қыста суғаруды азайтады. Күшті бактерицидтік қасиетінің арқасында, аурулар мен зиянкестерге ұшырамайды.

hello_html_m428ae913.jpg

Қазтамақ

Дәмжапырақ мәңгі жасыл бұталы өсімдік. Жапырағының құрамындағы эфир майының иісі адамдардың көңіл-күйі көтеріңкі болуына әсер етеді. Дәмжапырақтың антисептік, бактерицидтік, вирусқа қарсы қасиеттері инфекциялы тыныс ауруларына қарсы көмектеседі. Тәбет ашатын қасиеті үшін, жапырақтарын тағамға қосады. Күтімі жеңіл, шыдамды, ауруларға шалдыға бермейді. Ағаш секілді үлкен болып кететіндіктен, сабақтарын кесіп, бойының биіктігін белгілі бір қалыпта ұстап тұруға болады.

hello_html_15fea03.jpg

Дәмжапырақ



Үй өсімдіктерін өсіруде қойылатын талаптар:

1. Оларды іріктеп алу;

2. Өсіру;

3. Баптап күту.

Үй жағдайында гүлдейтін, шашақ жаятын өсімдіктерді дұрыстап іріктеп алуда олардың өсуіне қажетті жағдайларды алдын-ала оқып, біліп, сұрап, онымен танысып алған жөн. Үй өсімдіктерінің қай түріне қаншалықты жарық, температура, ылғалдылық қажет, оны жақсы білмейінше, отырғызған өсімдіктеріңіз қурап, солып, түрлі ауруларға ұшырап шіріп кетуі мүмкін. Үй өсімдіктерінің ішінде жарықты сүйетіні де, көлеңкеге төзімдісі де, өзіне жарықтың шашырап түскенін қалайтыны да бар.

Жарықтың мөлшері. Бөлме өсімдіктері жарықты қажет еткенімен, олардың көбі күн көзінің тікелей түсуін аса «ұната бермейді». Мәселен, кактус, сүттіген, фаукария, сенецио сынды гүлдер жарықсүйгіш гүлдер қатарына жатады. Ал парагус, бегония, фуксия сияқты бөлме өсімдіктері жарықтың шашырап түсуін қажет етеді. Қырыққұлақтар, тікенекті өсімдіктер күн көзін сүймейді, сондықтан көлеңкеге төзімді болып келеді.

Жылылықты сүйетін өсімдіктер. Бұларға тропиктік өсімдіктер жатады. Олардың ішінде кең тараған түрлері: бегония, пеперомия, ароид тұқымдас өсімдіктер (антуриумдер, аглаонемдер, диффенбахия, сингониум), кордилиндер, дроцендер, бромелия, геснерия тұқымдастар. Бұлар қыста 200С температурада жақсы өсіп, өнеді. Кактус тәрізді субтропиктік өсімдіктер үшін қыста температура 60С-тан 120С аралығында болуға тиіс. Егерде үй өсімдіктері тұрған бөлмелердегі температура режимі бұзылатын болса, өсімдіктер сарғайып, жапырақтары түсіп қалады. Үйде өсетін өсімдіктер аспалы өсімдіктер, сәнді жапырақ жаятындар, әдемі гүл шашатындар болып сан алуан түрге бөлінеді.

Жайлы орын. Бөлме өсімдіктерінің тұрақты орны болғаны жөн. Сол себепті оларды орнынан жиі қозғауға болмайды. Теледидар, музыкалық орталық, кір жуғыш машинаның жанына бөлме өсімдіктерін қоймауға тырысыңыз. Жатын бөлмеңізде бөлме өсімдіктерінің саны аз болғаны дұрыс. Себебі, өсімдіктер күндіз оттегін, ал түнде көмірқышқыл газын бөледі.

Суару. Бөлме гүлдеріне құятын судың температурасы бөлме температурасымен шамалас болғаны жөн. Сонымен қатар, суды алдын ала тұндырып алу керек. Судың шамадан тыс мөлшері өсімдік тамырының шіруіне себепші болады.

Бөлме өсімдіктерінің тазалығы. Бөлме өсімдіктерін аптасына бір рет жуып алған дұрыс. Гүлдерді шаң басқан жағдайда, олар тез зақымданып, ауруға жиі шалдығатын болады. Егер жуатын мүмкіндігіңіз болмаса, гүлдің жапырақтарын жылы суға малынған мақтамен немесе губкамен екі жағынан бірдей сүрту қажет.  



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

5 479 141 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.05.2016 6544
    • DOCX 359.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Телимова Камшат Исаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Пожаловаться на материал
  • Автор материала

    Телимова Камшат Исаевна
    Телимова Камшат Исаевна
    • На проекте: 5 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14298
    • Всего материалов: 5