"Бөлшек сандардың ондық жазылуы"(5 сынып)

Предпросмотр материала:

№1 Алға мектеп-бақша

 

 

 

 

 

 

 

    Бөлшек сандардың ондық жазылуы

5 "А" сыныбы

 

 

 

Дайындаған: Балманова Г.У.

 

 

 

 

 

 

 

 2013-2014 оқу жылы

 

Күні: 18.02.14ж. 

Сыныбы:  5 «а»

Пәні: математика     

Мұғалімі: Балманова Г.У.

Сабақтың тақырыбы: Бөлшек сандардың ондық жазылуы

Сабақтың мақсаты:

1.                Білімділігі: Ондық бөлшектің жазылуы, бүтін бөлік, бөлшек бөлік, олардың разрядтары, үтір қайыру, ондық бөлшектің қасиеттерін меңгерту.

2.                Дамытушылығы: Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша орналастыра алу,оқушылардың білім және білік дағдысын дамыту, өз бетінше есеп шығару, іздену, шығармашылықпен еңбек ету қабілеттерін дамыту. 

3.                Тәрбиелілігі: Оқушыларды шапшаңдыққа, сұрақтарға нақты жауап беруге, алған білімдерін практикамен ұштастыруға, өз білімін көрсете алатын қасиеттерін ашуға тәрбилеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Көрнекілігі:   Жұмыс дәптері,интерактивті тақта

Сабақтың барысы: 

І  кезеңде -    а)  ұйымдастыру 

                         ә) өткен тарауды қайталап,пысықтау

   б) үй тапсырмасын тексеру

ІІ кезеңде 1)Жаңа тақырып:

                   2)Есептер шығару

                  а) оқушылардың өз беттерімен жұмысы

                  ә) жұмыстың жүргізілуін тексеру

ІІІ кезеңде   Ұпайларын қорыту;Бекіту; үйге тапсырма беру. 

а)ұйымдастыру 

ә) Өткен тарау бойынша сұрақ-жауап.

1.Жай бөлшек дегеніміз қандай бөлшек?

 ж/бы: алымы және бөлімі бар бөлшектер жай бөлшектер деп айтылады

 

2. Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу амалы қалай орындалады?

    ж/бы: бөлгішті кері бөлшекке айналдырып, көбейту амалы ережесі 

    бойынша   көбейтеміз

3. Жай бөлшекті көбейту амалы қалай орындалады?

 ж/бы: алымын алымына, бөлімін бөліміне көбейтеміз

4. Жай бөлшекті азайту үшін не істейміз?

ж/бы:бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіріп, бөлімдері берідей бөлшектерді азайту ережесі бойынша орындалады

5.  Жай бөлшекті қосу үшін не істейміз ?

ж/бы: бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіріп, бөлімдері берідей   бөлшектерді қосу ережесі бойынша орындалады

6. Санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табудың айырмашылығы 

    неде?

ж/бы: санның бөлігін табу үшін санды осы бөлшекке көбейтеміз, ал 

    бөлігі бойынша санды табу үшін, бөлікке сәйкес санды осы бөлшекке

    бөлеміз.

б)үй жұмысын тексеру

II.Жаңа тақырып

Анықтама.Бірліктен де кіші разрядтары бар ондық жүйеде жазылған сан ондық бөлшек деп аталады.

1-мысал.  (оқылуы:3 бүтін оннан 7)

2-мысыл.     (оқыл уы:2 бүтін мыңнан 817)

2, 817 бөлшегінде неше ондық таңба бар, олар разрядтарға қалай жіктеледі?

Ж/бы:Үш ондық таңба бар,    2,817  ондық бөлшегіндегі үтірдің оң жағындағы бірінші цифр 8 ондық үлестер, екінші цифр 1 жүздік үлестер, үшінші цифр 7 мыңдық үлестер санын  көрсетеді.

Есептер шығару. №884,№885 (ауызша)

                                 №888, №889,890,№891

                                №897,№898

Сабақты бекіту.

1. Ондық бөлшектің соңына 0-дерді тіркеп жазғаннан немесе алып тастағаннан ондық бөлшек өзгере ме?

Жауабы: өзгермейді

 

2.Жай бөлшектің ондық бөлшек түрінде жазылуында бөлімінде қанша нөл болса, үтірден кейін сонша цифр болуы қажет , неліктен?

 

Жауабы: Бөлімдері 10,100,1000 және т.с.с. болатын жай бөлшектер болғандықтан.

Үйге тапсырма: №894, №900

Оқушыларды бағалау.

 

Краткое описание материала

"Бөлшек сандардың ондық жазылуы"(5 сынып)

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Балманова Гулжанат Уралбаевна

учитель

  • На сайте: 11 лет и 1 месяц
  • Всего просмотров: 12387
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 5
  • 12387
    просмотров
  • 5
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Балманова Гулжанат Уралбаевна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~230

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: