Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Биология / Конспекты / "Бұлшық еттер, бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы" тақырыбы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Биология

"Бұлшық еттер, бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы" тақырыбы

библиотека
материалов

8-сынып

Сабақтың тақырыбы: Бұлшық еттер, бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы
Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушылардың бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қасиеттері туралы білімдерін тереңдету; адамның қаңқа бұлшық еттерінің құрлысымен қызметіндегі ерекшеліктерді анықтау. Адам денесіндегі бұлшық еттердің негізгі топтары туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Сайыс арқылы ой-өрістерін, ойлау жылдамдықтарын дамыту.

Тәрбиелілік: Ізденімпаздыққа, шапшандыққа, бір-бірін тыңдауға тәрбиелеу.

сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: топпен жұмыс, жұптық жұмыс, СТО элементтері

Көрнекіліктер: презентация, адам қаңқасы, электрондық оқулық, интербелсенді тақта

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі- сәлемдесу, түгендеу, оқушыларды түрлі- түсті тастар арқылы топқа бөлу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

Каhoot тесті арқылы сұрау 1- тапсырма

1. Адам қаңқасы қанша сүйектен құралған?

А)200 ден аса В)300 ден аса С)200 ден аса Д) 400 ден аса

2. Сүйектің қозғалмалы байланынысы ... дейміз

А) сынық В) созылу С) жілік Д) буын

3. Жарақаттану, оқыс жағдай және кенеттен науқастану кезінде зардап шеккендердің өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға қажетті қарапайым шұғыл шаралар. Ол оқиға болған жерде дәрігер келгенше немесе зардап шегушіні ауруханаға жеткізгенге дейін көрсетіледі.

А) Алғашқы медициналық көмек В) сынық С) созылу Д) буын

4. Сүйек қандай ұлпадан тұрады?

А) бұлшық ет В) жүйке С) Дәнекер Д) эпителий

5.Тірек – қимыл апаратын не құрайды?

А) Сүйек, бұлшық ет В) жүйке, бұлшық ет С) Сүйек, ортан жілік Д ) сүйек

6. Қысқа сүйектерді ата

А)Омыртқа, білезік, алақан В) ортан жілік, білезік, алақан С) асықты жілік, қабырға

Д) омыртқа, бідезік, жамбас

7. сүйек тұтастығының толығымен немесе жартылай бұзылуы.

А) сынық В) созылу С) жілік Д) буын

8. Сүйек тұтастығының бұзылуын не деп атайды?

А) сыну В) сынық С) созылу Д) буын

 9. Ұзын сүйектерді ата

А) омыртқа В)жамбас С) жіліктер Д) жауырын

 10. Адамның омыртқа жотасының саны?

А) 33-34 В) 34-35 С) 32-33 Д) 31-32



2- тапсырма

І топқа-ми бассүйегінің сүйектерін атау

ІІ. топқа- дене қаңқасы сүйектерін атау

ІІІ. топқа- қол сүйектерін атау

VІ. топқа- аяқ сүйектерін уата


ІІІ: Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту әдісі


Балалар, қимыл қозғалысқа келтіруге организмнің қандай бөлігі қатысады? Олай болса бүгінгі өтетін сабағымыз бұлшық еттер туралы болмақ. Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоямыз?


Бұлшық ет - адамда, омыртқалы жануарларда және көптеген омыртқасыздарда денені қозғалысқа келтіретін мүше. Оның негізін бұлшық ет талшықтары құрайды. Бұлшық ет құрамы 75%-і су, 25%-і белок, май, көмірсу және минералдық тұздардан тұрады. Адам денесінде 400-ден астам бұлшық ет бар, олар дене салмағының 40%-тен астамын құрайды. Бұлшық ет пішініне, атқаратын қызметіне, орналасқан жеріне байланысты алуан түрлі, олар ұзын, қысқа, жалпақ болып келеді. Көбіне, ұзын бұлшық ет қол менаяқта, қысқа бұлшық ет омыртқа бағанасы бойында, жалпақ бұлшық ет іште, кеудеде орналасқан. Кейбір ұзын бұлшық ет түрлісүйектерден басталады да екі басты, үш басты және төрт басты болып келеді. Организмдегі бұлшық ет тіндерін екі түрге бөледі: а) қаңқалық көлденең жолақты бұлшық еттер. Бұлар тірек-қимыл мүшелеріне қатысты денені әр түрлі қозғалысқа келтіреді, жиырылужылдамдығы өте жоғары болады; ә) бірыңғай салалы (тегіс) бұлшық еттер ішкі органдардың қызметін қамтамасыз етеді, баяу жиырылады, үнемі ұзақ қозғалыста болады. Бұлшық ет пішініне немесе бекитін сүйектеріне сай шаршы, үшбұрышты, жұмыр,дельта, жолақ деп аталады. Ал қызметіне қарай — бүккіш, жазғыш, әкелуші, әкетуші; орналасқан жеріне қарай — төс-бұғана бұлшық еті, қабырға аралық бұлшық еттер, т.б. болып ажыратылады. Бұлшық ет тірек-қимыл мүшесіне жатады. Дененің қозғалысы мен қызметі Бұлшық еттің жиырылғыштық қасиетіне байланысты. Оның жиырылу процесі жүйке талшықтары импульстерінің әсеріменрефлекторлы түрде өтеді. Бұлшық етте қан тамырлары, жүйке түйіндері мен талшықтары және лимфалық құрылымдарорналасады.


Видео көрсету


Ендеше қазір сендерге мынадай тақырыптар берілген. Осы тақырыпты оқып постерге түсіріп қорғайсыңдар


Кубизм әдісі

1-топ

Зерттеңіз

Бұлшық еттің маңызы

2-топ

Салыстырыңыз

Бірыңғай салалы бұлшық ет пен көлденең салалы бұлшық ет

3-топ

Суреттеңіз

Қол және аяқ бұлшық еттерінің маңызы

4-топ

Талдаңыз

Жалпы сипаттама


  • Мәтінді қорғап болсақ жапондық критерий арқылы бағалайық


Сергіту сәті: Қара жорға биі


Сәйкестендіру тесті

Тұлға бұлшық еттері


А) арқа бұлшық еті

Жауырынды, басты, мойынды, қолды, қабырғаны тыныс алған кезде қозғалысқа келтіру, денені тік ұстау

Б) көкірек бұлшық еті

Кеуде қуысының алдыңғы жағын жауып тұрады, қабырғаларды көтеріп түсіру арқылы кеуде қуысының көлемін өзгертіп отырады

С) құрсақ бұлшық еттер

Құрсақ бөлімін жауып тұрады

Д) қол бұлшық еттері

Иық пен жауырынды қозғалтады



Ой қорыту  (қорытындылау жұмысы).

1-тапсырма.  Тест жұмысы. (7 сұрақ)

1.Адам денесіндегі бұлшықет саны?
А) 600
Ә) 200
Б) 100
2.Кеуде қуысы мен құрсақ қуысын бөлетін бұлшықет?
А) дельта
Ә) көкет
Б) трапеция
3. Тыныс алуға көмектесетін бұлшықет?
А) қабырғааралық
Ә) трапеция
Б)  ромб
4. Басты қозғалысқа келтіреді?
А) омыртқа
Ә) мойын еті
Б) арқа бұшықет
5. Ең ұзын бұлшықет?
А)  қол бұлшықет
Ә) аяқ бұлшықет
Б) тігінші
6.Қолды шынтақ буынында бүгеді
А) дельта
Ә) трапеция
Б) бицепс
7.Жүрек бұлшықеті?
А) ядро
Ә) 1-2 ядро
Б) көп ядро


Мұғалім (рефлексия):


Күні бойы бір күле алмасаң,
Онда оны зая кеткен күнім деп есепте»
Виктор Мари Гюгю (француз жазушысы)
Адам күлгенде 17 бұлшық еті қимылдайды.
♦ Күлкі адам ғұмырының ұзақ болуына ықпал жасайды;
♦ Иммунитетті күшейтеді;
♦ Жиі күлген адам стресс пен депрессияға сирек шалдығады;
♦ Қан айналым жүйесін жақсартады;
♦ Күлкі адам ағзасын тазартады;
♦ Сұлу болам десеңіз әрдайым күліп жүріңіз

  • Мамандардың айтуынша адам денесінде 400-ден 680-ге дейін бұлшық ет түрлері бар. Бірақ олардың нақты санын айту мүмкін емес. 

  • Сіздің салмағыңыздың  40%-ы, яғни 20-30 кг бұлшық еттерге тиісті.  

  • Адам денесіндегі ең үлкен бұлшық ет – сан бұлшық еті. Ол денедегі ең үлкен жамбас сүйегін қозғалысқа келтіреді.

  • Бұлшық еттердің ең көп шоғырланған жері – адамның беті. Осы себепті біздің мимикамыз сан алуан түрлі бола алады. 

  • Адам денесіндегі ең мықты бұлшық ет жақтың бұлшық еті екен. Сіз тамақ шайнағанда ол 190 кг күшпен қыса алады. 

  • Аяқты қозғалысқа келтіретін бұлшық еттердің саны 19 екен. Олар бір-бірімен байланысқан жұмыс нәтижесінде табаныңызды қозғалтады.

  • Ал бір қадам жасау үшін сіздің 200 бұлшық етіңіз іске қосылады. Күнделікті орташа бір адам 10 000 қадам жасайтынын есепке алсақ, аяқ бұлшық еттері өте мықты екенін айта аламыз. 

  • Сүйісу беттің 30 бұлшық етін қозғалтады.

  • Жүрек адам денесіндегі мықты бұлшық еттердің бірі. Өз күшімен ғана ол адам ағзасындағы бар қанды 4 қабатты үйдің биіктігіне көтере алады.

  • Сіздің денеңіздегі бұлшық еттің 50%-ы аяқ бұлшық еттері, 30%-ы қолға,20%-ы бас және басқа бөліктерге тиесілі.

  • Қарапайым күлкі адам бетінің 40 бұлшық етін іске қосады. 

  • 10 жылда адам өзінің бұлшық етінің 3%-ын жоғалтады. 

  • Бұлшық еттердің саулығы адам өмірінің ұзақтығына тікелей әсер етеді екен. Сондықтан бұлшық еттерді жаттықтырып, шымыр қылу өте маңызды.  


Үйге тапсырма беру § 27- Оқып келу. №3 кестені толтыру.

Бағалау.


































Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 18.03.2016
Раздел Биология
Подраздел Конспекты
Просмотров781
Номер материала ДВ-537057
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх