Инфоурок Начальные классы КонспектыБұлшықет. Дүниетану пәні, 3 сынып, «Оқу және жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясына негізделген дүниетану пәнінен сабақ жоспарлары

Бұлшықет. Дүниетану пәні, 3 сынып, «Оқу және жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясына негізделген дүниетану пәнінен сабақ жоспарлары

Скачать материал

3-сабақ.

Cабақтың тақырыбы: Бұлшықет.

Cабақтың мақсаттары:

          Білімділік: балалар бұлшықет және оның сүйектерді қимыл-         

                               қозғалысқа келтіру қызметі  туралы білім алады, қимыл-             

                               қозғалыс ойындарының, гимнастиқа мен спорттың, дене 

                               еңбегінің сүйек пен бұлшықеттің дұрыс қаляптасуына,                   

                              мықтылығына, қуаттылығына және дененің сымбатты

                              болуына әсері туралы түсінік алады.

Дамытушылық: балалардың өздігінен жұмыс жасау арқылы, денедегі

                               негізгі бұлшықеттерді таба білуге, өз денесін байқап,   

                              сезінеді, білімдерін дамытады.

         Тәрбиелік: күнделікті жаттығу жасау арқылы, денсаулықтарын

                             нығайтуға тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау.

Көрнекілігі: сұрақ парақтары, слайд суреттер, топтың аттары.

Сабақтың барысы:

I.                  Қызығушылықты ояту.

Сабақ барысында адам организмі туралы мағлұмат алу ретінде балаларды мына топтарға бөлдім:

I   -топ    -   Сүйек.

II -топ   -     Буын.

III-топ  -     Бұлшықет.

IV-топ  -     Сіңір.

V -топ  -      Мүше.

VI-топ  -     Тамыр.

«Топтастыру» стратегиясы

-         Балалар, «Бұлшықет» дегенде сендердің көз алдарыңа не елестейді?

 

 

 

 

 

 


 Балалар әрқайсысы жеке, одан кейін жұп – көршісімен бөліседі, одан кейін – топ, барлығы білгендерін ортаға салады. Соңында – сыныппен жұмыс – топ басшысы ортақ пікірлерін баяндап береді.

Бұлшықет: 1) Жиырылады

                    2) Созылады

                    3) Сүйектерді қозғайды

II. Мағынаны тану.

Келесі кезеңде «Жанұя» тобын 4 топтан тұратын «Жұмыс» тобына бөлдім.

I топ   – Жиырылу.  

II топ  – Босау.

III топ –Қозғалу.

IV топ – Беку.

Адам денесіндегі сүйектер мен буындар өздігінен қозғала алмайды. Оларды қозғалысқа келтіретін бұлшықеттер екенін ескере отырып: «Жиырылу», «Босау», «Қозғалу», «Беку» деген топтардың  атына сай, оқулықтың бетіндегі қысқа мәтіндерді бердім.

Әр оқушы жеке өзі оқиды, жұп болып көршісімен бөліседі, топ болып мәтін бойынша түсінгендерін әңгімелейді, сынып болып ортаға салады. Топ басшысы ортақ бөлімді айтып береді.

Осыдан кейін балалар «Жанұя» тобына оралып (тағы да алғашқы 6 топқа бөлінеді) «Жұмыс» тобында алған білімдерін кезекпен айтып береді топтағы көршілеріне.

Сонымен, сабақтың тақырыбы: «Бұлшықет», яғни бұлшықеттің атқаратын қызметі туралы алған білімдерін ортаға салып, толық мағлұмат алады.

I – топ.

Сүйектер де, буындар да өздігінен қозғала алмайды. Оларды бұлшықет қозғалысқа келтіреді. Бұлшықет сүйектерге сіңірмен бекіген. Адамның денесінде 650 – дей бұлшықет бар. Олардың әрқайсысы әртүрлі қозғалысты орындауға қатысады.

Бұлшықет жиырылуы (қысқаруы) және босауы (созылуы) мүмкін. Егер бұлшықеттердің біреулері жиырылса, сол кезде басқалары босауы мүмкін. Бұлшықеттердің жиырылуы және босауы сүйектердің орнын өзгертеді де, біз әртүрлі қимыл жасаймыз.

Эксперт парағы:

1. Бұлшықет сүйектерге не арқылы бекиді?

2. Бұлшықет қандай қызмет атқарады?

3. Бұлшықет жиырылған немесе босаған кезде біз не істейміз?

4. Адамның денесінде қанша бұлшықет бар?

II – топ.

Тәжірибе. Қолыңды шынтақ буынынан бүк. Қолыңның бұлшықеті үстіңгі жағынан қысқарғанын сезесің. Ол тыгыздалып, жиырылды. Ал төменгі жағындағы бұлшықет созылып, жұмсарды. Қолыңды төмен түсір. Екі бұлшықет те босап, бұрынғы қалпына келді.

Эксперт парағы:

1. Қолыңды шынтақ буынан бүккенде не сезінесің?

2. Қолыңды төмен түсіргенде қандай өзгеріс болды?

3. Қолыңды бүксең бұлшықет қандай болады?

4. Қай кезде бұлшықет қалпына келеді?

III – топ.

Адам жүргенде немесе жүгіргенде, спортпен айналысқанда, ыдыс жуғанда – бұлшықеттердің жұмысын байқаймыз. Егер адамның бұлшықеті әлсіз болса, ол тез шаршайды,  дене мүсіні дұрыс емес, еңкіш болып келеді. Сондықтан да бұлшықеттерді жаттықтыру керек.

Эксперт парағы:

1. Бұлшықеттің жұмысын қай кезде байқаймыз?

2. Бұлшықет әлсіз болса адам қандай болады?

3. Бұлшықетті жаттықтыру не үшін керек?

4. Өзіңнің бұлшықеттерің қандай?

IV – топ.

Ол үшін бірнеше қимылдарды орындаған жөн

1. Денешынықтырумен айналыс. Ертеңгілік жаттығу жаса. Серуен кезінде жүгір, доп ойна, жіппен секір.

2. Ата – анаңа көмектес. Ыдыс жу, бөлмені жина, қоқысты сыртқа шығар.

3. Дұрыс тамақтан. Сүт іш, сүзбе, ет, көкөніс және жеміс же.

4. Дене мүсініңді бақыла. Арқаңның бұлшықеттерін жаттықтыр.

5. Әлің жетпейтін ауыр заттарды көтерме.

Осылардың бәрі бұлшықеттерді шынықтыратын қозғалыстар екенін ұмытпа.

Эксперт парағы:

1. Неліктен денешынықтыру мен айналысу керек?

2. Ата – анаңа көмектесу үшін не істеу керек?

3. Ата-анаңа көмектесіп, түрлі жұмыстар жасағаның өзің үшін

    қандай пайда әкеледі?

4. Осы қозғалыстар қандай дене мүшесіне пайдалы?

III. Ой қозғау.

Яғни, «Бұлшықет қандай қызмет атқарады?»  деген сұраққа жауап айтып, дәлелдеуі тиіс.

Берілген сурет (слайд) бойынша өз ойын дәлелдеуге тиісті.

Осылай, балалар жаңа сабақты өзара талдап, өздігінен білім алады.

Бағалау.

Үйге тапсырма: «Егерде менде бұлшықет болмаса...» деген тақырыпқа шағын эссе жазып кел.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бұлшықет. Дүниетану пәні, 3 сынып, «Оқу және жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясына негізделген дүниетану пәнінен сабақ жоспарлары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ученый секретарь

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Жакишева Светлана Викторовна 3 сынып дүниетану пәнінен сабақ жоспарларын жасаған жинақ кітапшасының мазмұны мен мақсаты талапқа сай жасалған. Осы жинақта сабақ жоспарлары, қазіргі заманға сай қызықты жұмыс сабақ түрлері, стратегиялар көрсетілген.

Сабақ – жеке тұлғаның біліммен қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Мектеп оқушыларына білім беру тек жеке пәндер арқылы ғана емес, сыныптан тыс іс-шараларда беруге болады. Қазіргі таңда әсіресе, көп көңіл бөлінетін мәселе - білім беруді күшейту. Міне, осындай маңызды да жауапкершілігі мол ұстаздық жолда жас ұрпаққа рухани-адамгершілік білім беруде «Оқу және жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясына негізделген дүниетану пәнінен сабақ жоспарлары сіздерге басты бағыт, нақты көмек береді деп ойлаймын.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 882 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.05.2015 1352
    • DOCX 17.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакишева Светлана Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жакишева Светлана Викторовна
    Жакишева Светлана Викторовна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 123027
    • Всего материалов: 38

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 2 092 человека

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Мини-курс

Управление и менеджмент в спортивной сфере

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовый риск-менеджмент

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические аспекты родительства и развития ребёнка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе