Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / "Бөлтірік пен Бердіқұл" әңгіме

"Бөлтірік пен Бердіқұл" әңгіме

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:
























«Шешендік сөздер» Бөлтірік пен Бердіқұл

(мәтінінен PISA тапсырмаларын құрастыру)






Орындаған: Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласы.

М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінінің мұғалімі

Шошаева Майра Кажыкерейовна






Алматы 2015ж.






Бөлтірік пен Бердіқұл


Бөлтіріктің шешендігімен аты жаңа шыға бастаған кезі болса керек. Бірде Арқаның атақты шешені Бердіқұл бимен сұхбаттасуға ниеті ауады. Бірақ, ауыздыға сөз бермеген Орта жүздің шешенінен жас Бөлтірік сырттай сескене беріпті. Бір күні өзін-өзі қайрап:

-Бердіқұлдан мен неменеге сескенем. Жеңілсем мені бала дейді ғой, жеңсем дана дейді ғой, тәуекел барайын,-деп, атақты шешеннің алдына барған екен.

-Батаңызды алғалы, ақылыңызды тыңдағалы келдім,-дегенде Бердіқұл Бөлтірікке:

-Шырағым, жасың кіші болғанымен, жолың үлкен ғой. Батаны сен қайта маған бер. Мен саған бір ғана сауал қояйын. Сөз мәнісін білмеген қалай болады?-депті Бөлтірік жұлып алғандай:

Сөз мәнісін білмеген,

Ел мәнісін білмейді.

Ел мәнісін білмеген,

Жер мәнісін білмейді,

Жер мәнісін білмеген.

Ер мәнісін білмейді,

Ер мәнісін білмеген.

Бар мәнісін білмейді,

Бар мәнісін білмеген.

Мал мәнісін білмейді,

Мал мәнісін білмеген.

Ал мәнісін білмейді,

Ал мәнісін білмеген.

Бер мәнісін білмейді,

Бер мәнісін білмеген.

Не мәнісін біледі?-

депті . Сонда Бердіқұл:

-Болды , әкем, болды,-деп, ризалығын танытыпты. Сонан соң Бөлтірікті «Толе би атаңдай үш жүздің шешені болар ма екенсің»,-деп жоғары бағалап, батасын беріпті.













  1. Бердіқұлдың «Сөз мәнісін білмеген қалай болады?»- деген сұрағына Бөлтірік қалай жауап берді.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------___________________________________________________________



  1. « Сөз мәнісін білмеген,

Ел мәнісін білмейді... »- деген Бөлтіріктің нақыл сөзінде «Ел мәнісін қалай түсінесің?»

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------___________________________________________________________


3. Азбайтын, тозбайтын байлық қандай болады? Қайтпайтын, таймайтын қолдаушың мен қорғаушың қандай болады?-деп бастармалата қойылған сұраққа Бөлтірік не деп жауап берді?

А) Дүниеде азбайтын байлық біреу, ол-ақыл

Ә) Дүниеде азбайтын байлық біреу, ол-байлық

Б) Дүнеде азбайтын байлық біреу,ол-бақыт

В) Дүнеде азбайтын байлық біреу,ол-ерлік

С) Дүнеде азбайтын байлық біреу,ол-достық


4. Мәтіндегі «Дүниеде жарығы тұтас елге түсетін қасиетті шырақ біреу, ол-ақыл» -деген өсиетпен келісесіз бе?

А) Иә, ақыл адамдық қасиет

Ә) Жоқ, ақылсыз ақ өмір сүруге болады

Б) Иә, бәлкім солай шығар

В) Жоқ, ақыл көп жерде қажет емес

С) Иә, ақыл тек мал мүлікпен өлшенеді


5. Мәтінде Бердіқұл жас Бөлтірікті қалай бағалап батасын берді?

А) Батыр бабаңдай қол баста батыр болар ма екенсің?

Ә) Төле би атаңдай үш жүздің шешені болар ма екенсің?

Б) Ел тағдырын шешетін әкім болар ма екенсің?

В) Елін жырға қосатын ақын болар ма екенсің?







Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 29.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров85
Номер материала ДВ-391412
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх