Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Презентации / Блум таксономия для учителей

Блум таксономия для учителей

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

 Коучинг сабақ тақырыбы: Блум таксономиясын сабақта қолдану тәжірибиесі
Коучинг сабақ мақсаты: Блум таксономиясының деңгейлерін қарастыру, жоспарлау...
Сұрақтар: 1.Блум таксономиясы туралы не білесіздер? 2.Блум таксономиясы неше...
Блум таксономиясы 1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру ко...
Блум таксономиясы Бенджамин Блум (1913-1999) Таксономия (грекше. táxis — орна...
Бұл жұмыстың мақсаты үш бағыт бойынша: танымдық,эмоционалдық және психомотор...
Танымдық саладағы дағдылар белгілі тақырыптағы білім,түсінік пен сыни тұрғысы...
Блум таксономиясы бойынша категориялар мазмұны, сұрақтар мен тапсырмалар үлг...
ІІ. Түсіну. Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. 		Оқу материалын түсінгенд...
ІІІ. Қолдану. Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. 	Бұл категория оқу мате...
ІV. Талдау. Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. 		Оқу материалының құр...
V. Жинақтау. Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. 		Оқу материалының эле...
VІ. Бағалау. Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалының маңы...
1.Білу 1.Зат есімге анықтама беріңіз. 2.Әрекет мәні әңгіменің қай жерінде айқ...
3.Қолдану 1.Берілген сөздің әрбірін қолданып сөйлем құрастырыңыз. 2.Картадағы...
5.Жинақтау (синтез) 1.15 географиялық элемент арқылы қиялдағы елдi картаға тү...
Компоненттер Критерилер Білу -Тригонометриялық Формулаларды біледі; - Тригоно...
Сұрақтар Ойлау деңгейі Сұрақтар үлгілері Білу және түсіну Не? Кім? Қашан? Не...
Білу Қай жылы болды? Қайда болды?Қалай болды?Формуласын жазыңыз. Атап көрсеті...
Күнделікті сабақ жоспарының жобасы Мақсаты Мұғалімқызметі Оқушы қызметі Тапс...
Мақсаты Педагог қызметі Оқушы қызметі Тапсырма-ларжүйесі Бағалау жүйесі Күтіл...
Мақсаты Педагог қызметі Оқушы қызметі Тапсырма-лар жүйесі Бағалау жүйесі Күті...
1 из 25

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1  Коучинг сабақ тақырыбы: Блум таксономиясын сабақта қолдану тәжірибиесі
Описание слайда:

Коучинг сабақ тақырыбы: Блум таксономиясын сабақта қолдану тәжірибиесі

№ слайда 2 Коучинг сабақ мақсаты: Блум таксономиясының деңгейлерін қарастыру, жоспарлау
Описание слайда:

Коучинг сабақ мақсаты: Блум таксономиясының деңгейлерін қарастыру, жоспарлау және талдау негізінде қолдану.

№ слайда 3 Сұрақтар: 1.Блум таксономиясы туралы не білесіздер? 2.Блум таксономиясы неше
Описание слайда:

Сұрақтар: 1.Блум таксономиясы туралы не білесіздер? 2.Блум таксономиясы неше этаптан тұрады? 3.Әр этапқа жеке сипаттама беріңіз?

№ слайда 4 Блум таксономиясы 1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру ко
Описание слайда:

Блум таксономиясы 1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Бенджамин Блум (1913-1999)

№ слайда 5 Блум таксономиясы Бенджамин Блум (1913-1999) Таксономия (грекше. táxis — орна
Описание слайда:

Блум таксономиясы Бенджамин Блум (1913-1999) Таксономия (грекше. táxis — орналасу, құрылыс, тәртіп және nómos — заң). Таксономия түсінігі:

№ слайда 6 Бұл жұмыстың мақсаты үш бағыт бойынша: танымдық,эмоционалдық және психомотор
Описание слайда:

Бұл жұмыстың мақсаты үш бағыт бойынша: танымдық,эмоционалдық және психомоторлық жағынан оқушыларды оқыту мақсаттарының тізімін жасау болатын. Блум таксономиясының мақсаты-оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру мақсатында педогогтерді өздерінің күші мен назарын барлық үш салаға бірдей аударуға ынталандыру.

№ слайда 7
Описание слайда:

№ слайда 8 Танымдық саладағы дағдылар белгілі тақырыптағы білім,түсінік пен сыни тұрғысы
Описание слайда:

Танымдық саладағы дағдылар белгілі тақырыптағы білім,түсінік пен сыни тұрғысынан қаралады.Дәстүрлі білім беру осы саладағы,әсіресе-төмен тәртіптегі мақсаттын дағдыларын алға тартуға үмтылады.Блум таксономия,ең төменгі үдерістерден жоғарыға қарай кезең-кезең мен қозғалуды көздейтін алты кезенді қамтиды.

№ слайда 9
Описание слайда:

№ слайда 10
Описание слайда:

№ слайда 11 Блум таксономиясы бойынша категориялар мазмұны, сұрақтар мен тапсырмалар үлг
Описание слайда:

Блум таксономиясы бойынша категориялар мазмұны, сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі І. Білу. Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi. Шәкірт: Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды); Нақты фактілерді біледі; Жұмыстың орындалу ретін біледі, Негізгі ұғымдарды біледі; Ережелерді, қағидаларды біледі. Тапсырмалар түрі: Не? Қашан? Қандай? Қайда? Формуласын жазу, атап көрсету, жабық тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.

№ слайда 12 ІІ. Түсіну. Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. 		Оқу материалын түсінгенд
Описание слайда:

ІІ. Түсіну. Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады: Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру мысалы,математикалық формуланы сөзбен айтып беру; сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.); Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау; Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау. Шәкірт: Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді; Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді; Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді; Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды. Тапсырмалар түрі: Қалай? Неліктен? Сөйлемді аяқтаңыз; сөйлемді өзгертіңіз; өзара байланысын түсіндіріңіз; айырмашылығын көрсетініз; өз сөзіңізбен айтыңыз; графикті, суретті түсіндіріп беріңіз.

№ слайда 13 ІІІ. Қолдану. Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. 	Бұл категория оқу мате
Описание слайда:

ІІІ. Қолдану. Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді. Шәкірт: Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады; Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады; Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді. Тапсырмалар түрі: Жасап көр; таблица, график жаса; қолдану мақсатын түсіндір; есепті бірнеше тәсілмен шеш, берілген гипотезаны тексер.

№ слайда 14 ІV. Талдау. Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. 		Оқу материалының құр
Описание слайда:

ІV. Талдау. Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді. Шәкірт: Жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашады; Ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды, Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады; Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды. Тапсырмалар түрі: Құрылымы қандай? Салдары неде? Топтастырыңыз; салыстырыңыз; себебін талдаңыз.

№ слайда 15 V. Жинақтау. Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. 		Оқу материалының эле
Описание слайда:

V. Жинақтау. Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді. Шәкірт: Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады; Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады; Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпен қолданады. Тапсырмалар түрі: Өз шешіміңізді табыңыз, алгоритм құрастырыңыз, баламасын табыңыз, бөліктерден құраңыз, жүйелестіріңіз, зерттеңіз.

№ слайда 16 VІ. Бағалау. Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалының маңы
Описание слайда:

VІ. Бағалау. Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді. Шәкірт: Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды; Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындатады; Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды.

№ слайда 17 1.Білу 1.Зат есімге анықтама беріңіз. 2.Әрекет мәні әңгіменің қай жерінде айқ
Описание слайда:

1.Білу 1.Зат есімге анықтама беріңіз. 2.Әрекет мәні әңгіменің қай жерінде айқындалады? 3.Тіршілік иелерін қандай екі категорияға жіктеуге болады? 4.(9-177)/21+8 өрнегінің мәнін табыңыз. 5.ҚР парламентінің негізгі палаталарын атаңыз. 2.Түсіну 1.Иллюстрациядағы эпизодтан кейін роман кейіпкеріне не болғанын әңгімелеңіз. 2.ХХ ғ.ғ басы, ортасы, аяғында Германияда болған оқиғалар туралы үш сурет салыңыз. 3.Параграф мазмұнын өз сөзіңізбен қысқаша айтып беріңіз. 4.Президент міндеттерін сипаттайтын 2-3 беттік шығарма жазыңыз. 5.Неліктен географиялық карталарда таңбалар қолданылады? 1-2.Пәндер бойынша тапсырма түрлері

№ слайда 18 3.Қолдану 1.Берілген сөздің әрбірін қолданып сөйлем құрастырыңыз. 2.Картадағы
Описание слайда:

3.Қолдану 1.Берілген сөздің әрбірін қолданып сөйлем құрастырыңыз. 2.Картадағы белгілерді пайдаланып, қаладағы үш ескерткішке бару маршрутын жаса. 3.Өздерiңiз оқитын сыныптың ауданын табыңыздар. 4.Әңгіменің толық оқып болған соң, оның немен аяқталатынын табыңыз. 5.Игерілген ылғалдылықты анықтау тәсілін қолданатын үш жағдайды көрсетіңіз. 4. Жүйелеу (Талдау) 1.Бұл оқиғалардың қайсысы шын мәнінде болған, қайсылары жалған? 2.Азамат соғысы мен ауған соғысынан кейiнгi жағдайлар ұқсастығы. 3.Бұл коллекциядағы минералдарды үш белгі бойынша бөліңіз. 4.Талқыланған мақаладан үш дерек пен үш пiкiр табыңыз. 5.Жәндiктердi сипаттамасы бойынша қай тұқымдасқа жататынын анықтаңыз. 3-4.Пәндер бойынша тапсырма түрлері

№ слайда 19 5.Жинақтау (синтез) 1.15 географиялық элемент арқылы қиялдағы елдi картаға тү
Описание слайда:

5.Жинақтау (синтез) 1.15 географиялық элемент арқылы қиялдағы елдi картаға түсiрiңiз. 2.И.Тургеневтiң «Му-му» әңгiмесiн иттiң тұрғысынан жазыңыз. 3.Эксперимент нәтижелерiн ескере отырып, себептерiне болжам жасаңыз. 4.Болған оқиға туралы мәлiметтердi фельетон түрiнде жазыңыз. 5.Мектеп ауласын көгалдандырудың әр түрлi жолдарын көрсетiңiз. 6.Салыстырмалы бағалау 1.Қала әкiмiне кандидаттардың бәрi жоғары бiлiмдi болуы тиiс пе? 2.Поэманың екi басты кейiпкерiн салыстырыңыз. 3.Қазiргi заманда оқушыларға ауызша есептеу дағдылары керек пе? 4.Әдiлетсiздiктi түзеу үшiн күш қолдану қажет пе? Пiкiрiңiздi дәлелдеңiз. 5.Зерттелгендердiң iшiнен қай орта сiз үшiн өмiр сүруге қолайлы? Нелiктен? 5-6.Пәндер бойынша тапсырма түрлері

№ слайда 20 Компоненттер Критерилер Білу -Тригонометриялық Формулаларды біледі; - Тригоно
Описание слайда:

Компоненттер Критерилер Білу -Тригонометриялық Формулаларды біледі; - Тригонометриялық формулаларды қолданып,түрлендіріп,шығара біледі. Түсіну -Оқушы материалды түсінеді; -Тригонометтриялық формуланы сәйкестендіріп,қолданаалады -Тригонометриялық өрнектердің теңбе-теңдіктерін қолданып,дәлелдей алады; -Есепті бастай алады Қолдау Тригонометриялық формулаларды тиімдіқолдана алады; Есептің шарты бойынша алгоритм құра алады. Талдау Есептіңшартын талдай алады; Келесі қадамды болжай алады. Анықтаманың маңыздылығын айқындайды; Жинақтау -Әр есепке Қажетті алгоритмнің ең қысқажолын таңдай алады. -Өз бетімен есептер құрастыра алады Бағалау -Материалдың мәнін бағалай біледі; Тақырып бойынша зерттеу жүргізе алады

№ слайда 21 Сұрақтар Ойлау деңгейі Сұрақтар үлгілері Білу және түсіну Не? Кім? Қашан? Не
Описание слайда:

Сұрақтар Ойлау деңгейі Сұрақтар үлгілері Білу және түсіну Не? Кім? Қашан? Не …. үлгісі болып табылады? …. не тұспалданады? …. басқаша қалай түсіндіруге болады? …. бұл үлгі боп табыла ма? Мен мұны өз сөзіммен сипаттай алам ба? Қолдану Бұл қалай пайдаланылады? Бұл немен байланысты? … қандай жағдайларда? Талдау Неге? Қалай? …. себебіне болып табылады? Қорытынды үшін не нәрсе дәлел? ...себебі қандай? …бір-бірімен қалай үйлеседі? Жинақтау Егер бұл іске асатын болса, осыдан кейін не болады? Теорияның болжамы іске аса ма? Алынған ақпарат негізінде қандай қорытынды жасадым? Бұл онымен қалай байланысты? Бағалау Бұл жақсы ма және неліктен? Бұл қисынды ма және не себепті?

№ слайда 22 Білу Қай жылы болды? Қайда болды?Қалай болды?Формуласын жазыңыз. Атап көрсеті
Описание слайда:

Білу Қай жылы болды? Қайда болды?Қалай болды?Формуласын жазыңыз. Атап көрсетіңіз. 1-2 ұпай Түсіну Сөйлемді аяқтаңыз. Не білдіңіз? Неліктен? Сөйлемді өзгертіңіз. Өзара байланысын түсіндіріңіз. Өз сөзіңізбен айтыңыз. 3-4 ұпай Қолдану Бірнеше тәсілмен шешіңіз. Құбылыстың негізін түсіндіріңіз. Жорамалды тексеріңіз. Қорытынды жасаңыз. 5-6 ұпай Жүйелеу (талдау) Құрылымы қандай? Топтастырыңыз. Салдары не? Салыстырыңыз. Бөліктерге бөліңіз. Себебін талдаңыз. 7-8 ұпай Жинақтау (топтау) Өз шешеміңізді көрсетіңіз. Алгоритм ұсыныңыз. Баламасын табыңыз. Бөліктерден құраңыз. Жүйелеңіз.Зерттеңіз. 9-10 ұпай Білімді бағалау Қосынды ойды бағалаңыз. Жетістіктерін атаңыз. Өлшемдерін көрсетіңіз. Сәйкестігі қандай? Қаншалықты дұрыс? Өз ойыңыз? 11-12 ұпай

№ слайда 23 Күнделікті сабақ жоспарының жобасы Мақсаты Мұғалімқызметі Оқушы қызметі Тапс
Описание слайда:

Күнделікті сабақ жоспарының жобасы Мақсаты Мұғалімқызметі Оқушы қызметі Тапсырма- лар жүйесі Бағалау жүйесі Күтілетін нәтиже Білімдік Проблема, ситуация тудыру арқылы оқушыға ойсалу. Өз мақсатын айқындайотырып,проблеманы шешуге әрекеттенеді. Өзіндік жұмыс. Өз-өзін бағалау 2 балл Ынтасықызығушы- лығы артады. Түсіну Мақсатқа жету жолдарын көрсетеді, ұйымдастырады. Қойылған проблемаға өзіндік көзқарасынқалыптастырады Кітаппен жұмыс Бірін-бірі бағалау 4 балл Танымпаз- дық іс-әрекеті,ойлаубелсенділігі,тапқырлығы артады.

№ слайда 24 Мақсаты Педагог қызметі Оқушы қызметі Тапсырма-ларжүйесі Бағалау жүйесі Күтіл
Описание слайда:

Мақсаты Педагог қызметі Оқушы қызметі Тапсырма-ларжүйесі Бағалау жүйесі Күтілетін нәтиже Пайдалану Көмекнұсқау,т.б. дидактикалық материалдармен қамтамасыз ету. Білімдітерең,жете меңгеру үшін өзінің барлық іскерлігін пайдалану. Қосымша Материал-дарменжұмыс Мұғалім бағасы 6 балл Оқушыныңдербестігі,өз-өзіне сеніміқалыптасады Талдау Топ жетекшілері , консультант оқушылар арқылы көмек ұйымдастырылады. Өзгені тыңдайотырып,өз білімін толықтырады. Топпен жұмыс Ұжым бағасы 8 балл Өзін топта ұстайбілу,өз ойын өзгенің ойыменсалыстыру,толықтыру дағдысы қалыптасады.

№ слайда 25 Мақсаты Педагог қызметі Оқушы қызметі Тапсырма-лар жүйесі Бағалау жүйесі Күті
Описание слайда:

Мақсаты Педагог қызметі Оқушы қызметі Тапсырма-лар жүйесі Бағалау жүйесі Күтілетін нәтиже Пайымдау Жеке оқушылар ойын жинақтап түйін түю әректін жасайды. Өзжауаптары-ныңжоспар тезисін жасайотырып,өз ойын мәнді жеткізуге тырысады. Қойылған проблеманы шешудің өзіндік үлгісін жасаттыру. Өзіндік қорытынды баға 10 балл Өз білімін бағалауғадағдыланады,сыныппен арадағы ынтымақтастық пайда болады. Бағалау Қойылған проблеманың өзі үшін құндылығының неде екендігіне көзін жеткізу. Қойылған проблеманың ақ-қарасын ажырата білу. Жеке жұмыс өмірлік мәні бар ситуация тудыру. Аралас баға 12 балл Алған білімін өмірде пайдалануға дағдыланады

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 06.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров257
Номер материала ДВ-232857
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх