Инфоурок Начальные классы Научные работыБлум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіру

Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіру

Скачать материал

                                                                                                                                                             Жанулова Г.М

                                                                                                                    «Жезқазған қаласының

                                                                                            білім бөлімінің №8гимназиясы»КММ

                                                                                                            Бастауыш сынып мұғалімі

        Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар арқылы оқушылардың

                                           сөйлеу дағдыларын жетілдіру

          Қазақстан Республикасының білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты- жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешім-дер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» -деп нақты көрсетілген.Бүгін тәуелсіз,демократиялық Қазақстанның білім беру жүйесінің алдында басты проблеманың бірі ретінде : «Ел азаматын қалай тәрбиелеу керек?» деген сұрақ  тұрды.Неге? Проблема өзектілігі неде?Шынымен ғасырлар бойы,баяғыдан бұл сұрақ қоғамның алдында тұрмады ма?Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.Сын тұрғысынан ойлау бақылау,тәжірибе,толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну,бағалау,талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз,түрткі болуы да мүмкін.1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. [1]Сын тұрғысынан ойлауды,әдетте, білім берудің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарымен байланыстырады.Алайда сын тұрғысынан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады.Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл – балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. [2]

    Өзім осы мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс атқаратындықтан сабақ үдерісінде балалардың алған білімдерін тиімді қолдануларында, өз ойын ашық айтуда, алған білімдерін жинақтап, бағалау біліктеріне көңілім толмайды.Олар дәлелдер келтіргенде өзінің жеке басының тәжірибесіне сүйенбейді.Көбіне түсініктері оқулық көлемінде ғана болады. Жалпы бұл тек менің сыныбымдағы ғана проблема емес, мектебіміздің тек ҰБТ көрсеткіштеріне ғана сүйенсем, біз қала мектептеріндегі рейтинг бойынша ең соңғы санаттамыз.Балалар алған білімдерін тиімді қолдана алмайды. Сондықтан мектеп үшін де осы тақырып қазіргі таңда маңызды болып отыр.

Зертеулер көрсеткендей оқушылардың көпшілігі дәріс кезінде барлық ақпараттың 10% - дан аз бөлігін есінде сақтайды, аудио - визуалды қабылдау кезінде 20% - ын сақтайды, ал көрсетілім кезінде 30% - ға дейін,талқылауда 50% - ын сақтайды, тәжірибеде жасауда 75% - ын сақтаса, ал өзгелерді оқытуда 90%  ақпаратты есінде сақтап қалады екен.[3]Жалпы сын тұрғысынан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады;олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады.[4]  Зерттеу тақырыбымның нәтижелерін талдау мақсатында мен «Топтық жұмыста Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіруге бола ма?» деген сұраққа жауап іздедім. Егер зерттеу жұмыстары дұрыс жүргізіліп, нәтижелер талданса, қорытындысында оң нәтиже көрсетілуі керек.

     Зерттеу сыныбы ретінде  4 «ә» сыныбын алдым. Өйткені бұл менің бірінші сыныптан сабақ беріп келе жатқан сыныбым.Сыныпта – 24 оқушы бар. Оқушылардың әлеуметтік жағдайлары әр түрлі. Сынып жетекшісі өзім және мектеп психологы кеңескеннен кейін осы сыныпта оқитын  3 оқушыны зерттеуге алдым. Оқушылар туралы мәліметтер № 1 кестеде берілген.

кесте № 1

Фамилиясы, аты-тегі

Туған жылы

Оқуға қабілеті

Темперамент

Интелл. деңгейі

Логикалық ойлау

1

А деңгейлі

2004

жоғары

Сангвиник

85 -ортадан жоғары

жоғары

2

В деңгейлі

2003

 орта

Флегматик

80 - орта

орта

3

С деңгейлі

2003

 төмен

Холерик

78 - орта

орта

   Сыныптағы оқушылардың бір-біріне қарым-қатынасын зерттеу мақсатында «Социограмма» сауалнамасы алынды. «Социограмма» сауалнамасының қорытындысы мына № 2 кестеде берілген:                                                                         кесте № 2

 

Дос

Дос болғым келеді

Үзіліс кезінде ойнаймын

Сыныптың ең танымал оқушысы

Ең ақылды оқушы

А деңгейлі

7

4

2

6

7

В деңгейлі

1

3

1

4

4

С деңгейлі

2

2

3

1

1

Мен де іс-тәжірибемдегі өзгерісті ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында  топтық жұмыс әдістерін енгізуден бастадым.Оқушыларды топқа бөліп оқытуды және қысқа мерзімді жоспарымды Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмаларға негіздедім. «Туған өлкем - тұғырым» тарауы  бойынша тізбектелген сабақтар топтамасының бірінші сабағы «Елтаңба мен Ту туралы жыр» тақырыбында өтті.

Бұл сабақтың негізгі мақсаты: Мәтінді түсініп оқиды,оның мазмұнын ұғынады,Қазақстан рәміздері туралы білімдерін топпен бірлесе отырып талқылайды;Пырақ пен Қыран сөздерінен диалог құра отырып, байланыстырып сөйлеуге дағдыланады;Ел рәміздерін,тарихын білуге,қастерлеуге үйренеді;Елге,жерге деген патриоттық сезімі оянады.

Ойлаудеңгейлері                                                                                                                                         Білу І Мақсаты: Бұған дейінгі оқушылардың мемлекеттік рәміздер жайлы білетінін анықтау. Түрткі сұрақ, тапсырма, жағдаяттар: Әр топ бейнелері қайда орын алған? ҚР рәміздері туралы мен не білемін?   Бағалау: Смаилик арқылы бағалау   ТүсінуІ: Мақсаты: Білетіндерін әңгімелеу.Мәтінді оқу,талқылау. Түрткі сұрақ, тапсырма, жағдаяттар:  Мәтінді «ЖИГСО» әдісі арқылы оқып, постер құрайды,әр топтан елшілер постерді қорғайды. Бағалау: Топтар бірін-бірі бағалайды(бағдаршам) әдісі. ҚолдануІ: Мақсаты: Қисынды ойлауға әкелу. Түрткі сұрақ, тапсырма, жағдаяттар: Пырақ пен Қыран сөздерінен диалог құрастыру. Бағалау:Жұлдызша беру арқылы ТалдауІ: Мақсаты:Бұған дейінгі білімін зерделеу. Тапсырма:“Ауызша волейбол” ойыныШарты: Жүргізуші мақалды бастап допты екінші балаға лақтырады.Допты алған оқушы мақалды аяқтайды.Өзі мақалды бастап,келесі оқушыға лақтырады.Әр аяқталған мақалға 1 ұпай, егер аяқтай алмаса1 ұпай алынып тасталадыЖинақтауІ: Оқушыларды өз ойын жинақтап айтуға итермелеу.   Тапсырма: Мақал-мәтелдерді сатылай кешенді талдау. Жетонмен немесе фишкалармен бағалау. Толық талданған мақалға 5ұпай. Бұл тапсырманы орындау барысында БағалауІ:Мақсаты:Оқушылардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін бағалай алуын бақылау.                                                                                             

Түрткі сұрақ, тапсырма, жағдаяттар: Гүлнұр Оразымбетованың «Туған өлкем» әнін тыңдау.Осы әнді тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар? Сен өз еліңнен жырақта жүрсің, сағынышыңды қалай білдіресің? «Туған елге сағыныш» эссе жазу. Бұл тапсырманы оқушылар өз ойын ашық бейнелей алуы арқылы мені таңқалдырды. Бүгінгі сабақты рефлексияда оқушылар «екі жұлдыз,бір тілек» арқылы  ойларын ашық  айтты.Өзім бағалауда оқушылардың сабақ бойында алған формативті бағаларын есептеп, қорытынды суммативтік баға бердім.Бүгінгі сабақты оқушылар өте үлкен қуанышпен аяқтады.Өздері бір-бірімен даурығып, бүгінгі сабағымыз күшті болды – деп ой бөлісіп жатты.Ертеңгі сабағымыз да осындай бола ма? деп сұрады.Бірақ менің бүгінгі  сабағыма өзімнің көңілім толмады.Себебі, оқушылар топта бірлесе жұмыс істеуге дағдыланбаған.Блум таксономиясы негізінде құрылған тапсырмалар оқушылардың ойлау деңгейлеріне қиындық туғызды.Себебі, мен дәстүрлі сабақтарымда жабық сұрақтарды көп қоямын,оқушыларым автоматты түрде еш қиналмастан оқулықтан қарап жауап беретін.Оқушылардың логикалық ойлау деңгейлері төмендеу болғандықтан  оларға эссе жазу қиынға соқты.Олар әлі де қиялға берілуге жаттықпаған. Сондықтан келесі сабақты жоспарлағанда оқушыларымның ойлау деңгейлерін есепке алуым керек. Зерттеу тақырыбымның нәтижелерін талдау мақсатында қойылған  «Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіруге бола ма?» деген сұраққа байланысты келесі тұжырымдамаларды айтуға болады:

Сын тұрғысынан ойлайтын оқушылар белсенді, сұрақ қойып,дәлелдерді талдайды,мағынаны тану үшін әр түрлі стратегияларды қолданады;

Оқушылар әдебиеттік оқу сабағында өлеңді жаттау,әңгімені мазмұндау, яғни механикалық есте сақтау (бірер уақыттан кейін ұмытылып қалатын) арқылы білімдерін көрсетсе, енді талдау, талқылау, салыстыру, жинақтау, бағалау арқылы сөздік қорлары артып, ойларын ашық, еркін, дәлелді түрде айтуға үйренді;

Оқушылар сабаққа белсенді араласа бастады. Мысалы: зерттеуге алған С деңгейдегі оқушымның  көрсеткіштері жоғарылай бастады;

 Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар берілгенде оқушылар өздерін шығармашылық жағынан көрсете алды.

Оқушылардың жалпы пәнге деген белсенділіктері мен қызығушылықтары артты.

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 

«Назарбаев Зияткерлік мектебі» «ДББ, 2012»

2.С.Мирсеитова    «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде»

Қарағанды,2011

3. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 73 - бет

Дереккөз: Ұлттық оқу зертханалары, Бефель, Мэн штаты, АҚШ.

4.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 48 - бет

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор по маркетингу

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 275 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.04.2016 3492
    • DOCX 26.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жанулова Гульшат Мухамбетрахимовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11847
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 222 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 059 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации на уроках по продуктивно-творческой деятельности у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 134 человека

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 129 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 531 человек

Мини-курс

Основы работы в After Effects

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление персоналом и коммуникация в команде

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 18 регионов

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов