Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Болашақ бүгіннен басталады. Тренинг - сабақ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

Болашақ бүгіннен басталады. Тренинг - сабақ

библиотека
материалов

Болашақ бүгіннен басталады

(Оқушыларды ҰБТ – ге психологиялық тұрғыдан дайындау.)



Мақсаты: ҰБТ – ге дайындау кезінде оқушыларда өзінің мінез – құлқы және эмоцияларын басқара алуына үйрету, өзін – өзі бағалау деңгейін жоғарылату, қобалжу сезімдерімен күресе білуге үйрету.

Міндеттері:

  • Оқушыларды қобалжуға байланысты туатын жеке даралық реакциялар туралы түсінік беру және оны жеңуге болатын мүмкіндіктер мен әдістерді ұсыну;

  • Эмоциялық күйзеліс сезімінен арылуға көмектесетін әдістермен таныстыру;

  • Стресс, оның түрлерімен теориялық жағынан таныстыру;



Қажетті құрал – жабдықтар: интерактивті тақта, музыка аппараты, баяу әуенді диск, қағаз бен қалам, жеміс - жидектер суреті

Сабақтың жүрісі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Таспа тыңдау «Жас түлек»

  3. Кеңес «Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық дайындау»

  4. Тест «Стресс – тест»

  5. Аутотренинг «Теңіз жағасында»

  6. Тренинг «Жеміс – жидектер салаты»

  7. Қорытындылау.



1.Сәлемдесу.

- Сәлеметсіздерме, оқушылар? Көңіл – күйлеріңіз қалай? Қане, бір – бірімізге қошемет көрсетіп, қол соғайық! Бүгінгі психологиялық сабағымыз сендердің бойларыңдағы қорқыныш пен сенімсіздікті арылту мақсатында болғалы отыр. Әрине әр нәрсенің басы болатын сияқты сабағымызды сәлемдесуден бастайық.

  • Бір- бірімен сұқ саусақпен сәлемдесу;

  • Шынтақпен сәлемдесу;

  • Бір оқушы алақанымен екінші оқушының бармағын ұстап сәлемдесу;



2. Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық дайындау кеңесі



Құрметті мектеп бітіруші жас түлек! Сен егеменді еліміздің болашағысың. Аға буын егеменділіктің тізгінін саған сеніп тапсырды. Сенің келбетің- білімді азамат. Ол- егеменділіктің ертеңі.

Сенің алдыңда өмірдегі қиын да қуанышты сәттің бірі- Ұлттық Біріңғай Тест тапсыру сәті тұр. Он бір жыл бойына алған біліміңді таразылап, алтын ұя мектебіңмен, аяулы ұстаздарыңмен қоштасатын, өмірге жолдама алып, болашақ қалаған мамандығыңды алу үшін екінші білім ордасының есігін ашып, табалдырығын аттайтын уақыт та жақындады. Сен қандай күйдесің? Әрине сенің көңіл-күйіңді мазасыздық сезімі кернеп, қобалжып, әбігерлік күй кешіп жүрсің. Бұл қалыпты адамның бойынан өтетін қалыпты жағдай. Енді бұл сезімдерді бойымызда ұстап қалмай тез және оңай құтылудың жолдары мен әдіс-тәсілдерін іздеуіміз керек.

1. ҰБТ тапсыруға кіргенде шаршап, торығып, сары уайымға салынба, керісінше, құлшынып, жігерленіп, шабыттанып жеңіске ұмтыл!

2. «Оңайдан-қиынға», «Жеңілден-ауырға»деген принципті еске сақта!Әуелі тапсырмасы жеңілдеу болып келетін ауызша сабақтардан баста. Математика, физика сияқты сабақтардың да «Оңай» немесе «Оңайлау» сұрақтары болады. Әуелі осы оңай сұрақтардан «құтыл» сосын барып, қиын сұрақтармен жекпе-жекке шық!

3. Тест сұрағын мұқият оқы. Тапсырманың мәтінін түсін. Мысалы, «БҰҰ-на кіретін елдерді немесе кірмейтін елдерді белгіле»- дегенде «кіретін», «кірмейтін» деген сөздерге мән бер. Біз, әдетте, сұрақты аяғына дейін оқымай-ақ тестіні белгілей беретін жаман әдетіміз бар.

4. Саған сырттан келетін көмек жоқ. Тек өзіңе сен, біліміңе сен! Іштей Құдайға, ата-баба аруағына сыйынғаныңда бөтен болмас. Олар қолма-қол көмек бермесе де, көңілге сенім ұялатады, ерекше күш береді.

5. Шаршасаң екі қолыңды столдың үстіне жайып жіберіп, шалқалап отыр. Сосын палуандарша мойыныңды толғап, екі иығыңды ілгері-кейінді қозғап қимылдат. Сонда қалыпты жағдайға түсесің.

6. Тестінің жауап парағын мұқият толтыр. Пәндердің орнын ауыстырып алма. Тағы да қайталап айтамыз, асып-саспа, қысылып-қымтырылма! «Анау гимназиядан келді-ау, анау лицейден келді-ау» деп жігерің жасымасын. Оның бәрі де өзіңдей бала. Олар сенен артық емес. Оларды оқытқан мұғалім артық емес. Оларды дүниеге әкелген ата-ана сенің ата-анаңнан артық емес. Қорықпа!

7. Варианттардың әріптерін дұрыс сал. Әдетте, баспа шрифтісін пайдаланған дұрыс.Мысалы, С, Е әріптерін балалар ұқсас қылып салады да, жауап парағында екеуін шатастырады. Бұрын дәл осындай жағдай мектепте болған.

8. «Мен күшті білемін, мен ешкімнен кем емеспін» деген сенімді жоғалтпа! «Анау бүйтіп жатыр, анау сүйтіп жатыр»- деп аудиториядан кемшілік іздеп, көңіліңді алаңдатпа. Қасыңдағы талапкерге көмектеспе, ойың бөлінеді, уақытың кетеді.

9. Тест тапсырып шыққанда машық қағазыңды ұмытпай ала шық. Ол келесі күні апелляцияға кіргенде керек. Онсыз апелляцияға кіре алмайсың.

10. Тағы бір маңызды нәрсе- уақытпен жұмыс жасап үйрен. Оны үнемдеп, тиімді пайдалана біл. «Жарты сағат қалды, 20 минут қалды»- деген ескертпелер сенің жүйкеңе сөзсіз әсер етеді. Міне, дәл осы мезетте асып-сасып көп нәрсені бүлдіріп алуың мүмкін. Ондай жағдай болмас үшін қазірден бастап уақытпен жұмыс жасап үйрен. Таңертеңнен кешке дейін жайғасып отырып алма. «Мен бәрін қатырдым», -деп ерте де шығып кетпе. Иә,сәт,жас дос!

3. «Стресс – тест»

Мақсаты: Мектеп түлектерінің стреске қаншалықты бейімділігін анықтау.

Нұсқау: Төмендегі пайымдауларды оқып шығып, қаншалықты келісетіндігіңізді келесі шкаланы пайдаланып бағалаңыз.

  • ешқашан (1 ұпай);

  • сирек (2 ұпай);

  • жиі (3 ұпай);

  • әрдайым (4 ұпай);



  1. Мен ұсақ түйектерге ашуланбаймын;

  2. Біреуді күтуге тура келгенде, мен мазасызданамын;

  3. Ыңғайсыз жағдайда мен қызарып кетемін;

  4. Ашуланған кезде, басқаны ренжітуім мүмкін;

  5. Сынды ұнатпаймын және көтермеймін;

  6. Егерде транспорт ішінде мені біреу итермелесе, менде дәл солай жауап беремін;

  7. Бос уақытымды міндетті түрде бір нәрсемен шұғылданамын;

  8. Кездесуге әрқашан кешігемін, не бұрын келемін;

  9. Тыңдауды білмеймін, сөзді бөлемін;

  10. Асқа тәбетім жоқ;

  11. Болмашы нәрсеге жиі мазасызданамын;

  12. Таңертең өзімді жәйсіз сезінемін;

  13. Өзімді шаршаулы сезінемін, нашар ұйықтаймын, миым демалмайды;

  14. Ұзақ түстен кейінде өзімді жәйсіз сезінемін;

  15. Жүрегімде ақау бар деп ойлаймын;

  16. Менің арқам, мойынымның ауратын кездері болады;

  17. Үстелге отырғанда, мен саусақтарды барабанша соғамын, аяғымды қозғатып отырамын;

  18. Менің істерімді мойындағанда, мақтағанды қалаймын;

  19. Менің ойымша, мен басқалардан көш ілгерімін;

  20. Диета ұстаймын;

Бағалау шкаласы:

30 ұпай және одан төмен. Сіз байыпты және саналы өмір сүрудесіз, проблемаларды жеңе білесіз. Сіз жалған қиялменде, шектен шыққан байсалдылықпенде ауырмайсыз. Сіз шындық өмір адамысыз.

31- 45 ұпай. Сіздің өміріңіз іс-әрекет пен кедергілерден тұрады, сіз стреске бейімсіз (жағымды стреске де, бір нәрсеге жетем деген ұмтылыс) жағымсыз стресте болады. Сіз өмір дағдыңызды өзгертпейсіз, бірақта өзіңіздің жеке басыңызға көңіл бөлесіз.

46-60 ұпай. Сіздің өміріңіз толассыз күрес. Сіз мансапқұмарсыз және карьера туралы армандайсыз. Сіз үшін сіз туралы басқалардың пікірі маңызды. Сондықтан сіз көбіне стрестік жағдайда боласыз. Осылай өмір сүрсеңіз көп нәрсеге жетесің, бірақ жеке басыңыздың бақыты екінші кезекке ысырылады. Ұрыс-керістен аулақ болып, ұсақ-түйекке бола ашуланбаңыз. Әрдайым үлкен жетістіктерге жетем деп мақтанбаңыз. Өзіңізге демалыс жариялап тұрыңыз.

Стресті жою үшін не істеу керек?

1-ден, стрестік жағдайда адам ағзасындағы дәрумендер, әсіресе В тобы көп мөлшерде жұмсалады. Көптеген дәрігерлер дәруменді күнделікті қолдануға кеңес береді, бірақ бәрі өлшеммен болу керек. Бәрі де шектеулі.

2-ден, дене жаттығулары өте пайдалы. Спорт залға бару, жаттығу жаса, биле, ән сал, қыдыр.

3-ден, психикалық және дене реакциясы қажет. Келесі тәсілдерді қолданып көр: музыка тыңда, түнгі аспанға, бұлтқа қарап арманда.

4-ден, үйлесімді өмір үшін жанұяның, достардың қолдауы қажет. Психологиялық тренингтерге бар, жанұя мейрамдарына қатыс, жаңа қызықты адамдармен таныс. Ата-анаңа, ата-әжеңе, апа-ағаларыңа көңіл бөл, олар сенің махаббатыңа, қамқорлығыңа, жылылығыңа зәру.

Өміршеңдік ережесі.

Әр адамның ережесі – өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып, өміршеңдік ережелерін айтайық.

Жігер деген – Мен

Күш деген – Мен

Махаббат деген – Мен

Кешірім деген – Мен

Құдірет деген – Мен

Жасөспірімдік деген – Мен

Жастық шақ деген – Мен

Денсаулық деген – Мен

Адалдық деген – Мен

Жарқындылық деген – Мен

Бар ғажайып деген – Мен

Хормен: Бәрі маған байланысты,

Бәрі менің қолымда.





4. «Теңіз жағасында». ( Релаксацияға арналған жаттығу)

Теңіз жағасындағы дауыстар жазылған үнтаспа қойылады, балалар жайланып отырыды.

Барысы: Ыңғайланып отыр да көзіңді жұм. Үш рет терең дем ал. Өзіңнің тыныштық нүктеңді тап –ондай орын сенің Жаның, сен онда тыныш та жайбарақат күйге енесің.

Егер сен жақсылап құлақ салсаң, онда толқындардың жағаға жайлап ығысқанын, су гүрілін естисің. Біраздан кейін толқындардың кейін жылжығанын, онан кейін жағаға ығысқанын естисің. Теңіз толқынының ырғығы бір қалыпты. Толқындар теңіз жағасындағы құмды тегістегендей, сенің ақыл – ойыңды тыныштандырады және айқындайды....

Сен өзіңнің теңіз жағасында отырғаныңды елестет. Сенің отырған жеріңнің құмы құрғақ, жұмсақ, майда. Жан – жағыңа көңіл аудар, сен жағада жалғыз екеніңді байқадың. Күн ұясына батып барады да аспан сары, қызыл, қызғылт түстерге боялды. Кеудеңе көбірек ауа толтырып, теңіздің тұзды иісін сезін. Теңіз ауасы таза және дымқыл. Сен шағаланың дауысын естисің.

Өзіңе маңызды сұрақ қою үшін сен теңіздің тыныштығын пайдалансың. Қазір сен өзіңді жайбарақат сезінесің. Өз сұрағыңа қарапайым да, түсінікті сөздер тап. Сен өз сұрағыңды жәйлап айтып жатқанда теңізге қара, теңіздің саған жауап беруіне дайын бол.

Мүмкін сен толқынның жағаға ұрғанын естірсің.... Мүмкін теңіз саған бір сурет немесе бейне көрсетер. Мүмкін сен дұрыс жауапты табуға көмектесетін өзіңнен бір күшті сезімді сезінерсің.... Өз сұрағыңды анық та, түсінікті етіп қарауыға теңіз, көмектесер. (30 секунд)

Енді сен жаныңның түпкіріндегі тыныш та, жайбырақат орныңмен таныстың, кез келген уақытта, маңызды мәселелерді ойларда сен осы орынға келе аласың.

Қазір сен осы орынмен қоштасып, бөлмеге жәйлап келесің. Қолыңды соз, терең дем ал, көзіңді аш та, жақсы көңілмен осында қайт....

Рефлекция. Рахмет! Не сездіңдер? Сендерге ұнады ма?



5. «Жеміс – жидектер салаты» тренингі

Мақсаты: Оқушы бойындағы жағымсыз энергияны шығару, өз – өзіне сенімділікті жоғарылату мен өз күшіне сенуді үйрету.

Нұсқау: Қазір сендерге түрлі жеміс – жидектер суреттерін көрсетемін. Ішінен өздеріңе ұнайтын жемістерді таңдап алыңдар. Бірдей жемістер топ болып бөлек – бөлек тұрыңдар. Мен белгі бергенде барлығымыз араласып салат боламыз. Содан соң, мен, мысалы: 2 алма, 3 апельсин, 2 банан болып топтасыңдар деймін, сол кезде топ болып тұра қаламыз. Ойын осылай ары қарай жалғаса береді.

6. «Еске түсіруге жағымды» жаттығу

Мақсаты: өзіне сенімсіз жағдайда өзін – өзі сендіруге үйрету.

Нұсқау: бұл жаттығуларды қандай да бір тапсырманы шешуге сенімсіздікті сезінгенде орындауға болады. Аналогиялық мәселені шешу қорытындысын өткен тұрғыда шешіп, өздеріне нақты түрде: «Мен бұдан да қиын тапсырманы шешкенмін. Бұны де шеше аламын!».

hello_html_3a443ae7.png






















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 23.02.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров278
Номер материала ДВ-475829
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх