"Болашақ маманның құзіреттілігін қалыптастыру бойынша балабақша мен колледждің ынтымақтастығы"

Предпросмотр материала:

Қалдыбаева Шынар Сыздыковна

№38 «Шаттық» балабақшасы

Әдіскер

 

Болашақ маманның құзіреттілігін қалыптастыру бойынша балабақша мен колледждің ынтымақтастығы

    

      Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында сапалы білім беру туралы міндеттер жүктеп отыр және Қазақстанның индустриялды-инновациялық бағытта дамуының негізі болуға тиіс екені көрсетілгендей, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану, балалардың білімін бағалаудағы мониторинг мен бақылау- диагностика амалдарын меңгерту, мектепке дейінгі мекемедегі педагогтарға да үлкен міндеттер жүктейді...

    Заманауи прогресте мақсатқа жету үшін жас мамандарды үйрете отырып, олардың заман талабына сай болуы білімі жоғары, мәдениетті, өзіне деген сенімі мықты, азаматтық айқындамасы орнықты, кәсіптік білім деңгейі жоғары, жаңалыққа жаны құмар, тың шешім таба алатын тәрбиеші болуға дайындау керек.  Біз, тәлімгерлер, өз жұмыс жоспарымызды  жас маманмен жүргізілетін жұмыс жоспарымның құрылымы үш кезеңнен тұрады:

І.Бейімделу;

ІІ.Өзекті-бастысы;

ІІІ.Бақылау.

Жоспарлау негізінде, біріншіден, оның жеке ішкі жан дүниесіне, мінезіне, көңіл-күйіне қарай отырып, оның икемділігін жұмыс түрін анықтап алмас бұрын, бақылау, қатысу арқылы қандай жұмысқақабілетті екенін байқаймын. Сонымен қатар, жас маманның баламен қарым-қатынасын және ұстазбен қызметтес болуға деген қабілетін аша  білуге ұмтыламын. Оның қабілет-қарымын, білімін, ой-санасын бақылау арқылы жас маманға тәлімгерлік жұмысымды былай ұсынамын: бақылау, екі жақты қатынас, сұрақ –жауап, шағын тапсырмаларды ұсыныу.

    Тәжірибелік дағдыларымды бөлісу және іс-жүзінеде қолдануда мақсатында семинар жұмысы арқылы коучинг ұйымдастыру. Коучинг өткізу арқылы әріптестерімнің кәсіби әлеуметін, қажетті дағдыларын, көзқарастарын өзгертуге сай жұмыс жасау қажеттігін түсініп, әр коучинг ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне тыңғылықты дайындалдық. Коучинг (ағылшынша. coaching)  сөзбе-сөз аудармасы-тәлім ету, дайындау, жаттықтыру. Бұл әріптестердің құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үрдісі. Оның барысында қолданыстағы оқыту тәжірбиелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, коуч тарапынан рефлексивтік диалогқа тарту негізінде екінші педагог өз жұмысының жекелеген салаларын жетілдіру, оларды тереңірек дамытып, анағұрлым  жоғары сапалық деңгейде көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді. Коучтер- тәжірбиелі тәрбиеші ойлау және шығармашылық үрдістердің көмегімен жақсы тәлімгер болуға көмектесу үшін өздеріне куратор рөлін қабылдаған адамдар. Соның нәтижесінде тәрбиешілер өзінің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған идеялармен және тәсілдермен қамтамасыз етіледі. Коучтер педагогтарға өздерінің тәжірибесін жақсартуға арналған әдіс. Коучинг жүргізу барысында әріптестеріммен бірлесе отырып, олардың қажеттілігін ескеріп, толғандырып жүрген мәселелерін бірлесе шешуге дағдыландым. Ізденіске итермеледім. Әріптестерімнің  идеяларымен алмасып,  рефлексивтік диалогқа түсіру барысында коучингке қатысқан әріптестерімнің тәжірибесі барысында  жекелегег салаларын жетілдіруге жұмыс жасадым.

    Коуч ретінде өз тарапымнан да әріптестеріме қолдау көрсетіп, олардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін  жоспарлауға  ықпалдасып,  бірге оқыту тәсілдерін ойластырып, олардың кәсіби жұмысындағы жеке салаларын жетілдіруге өзіндік көмек жасадым. Олардың кәсіби деңгейдегі оң өзгерістер жұмыс барысында, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері барысында сезілді. Болашақта коучинг жоспарлаудың әрбір әріптестер тобының және балалардың жеке қажеттіліктерімен байланыстырып, олардың  шешу жөнінде басқа тәжірбиелі әріптестермен тәжірибе алмастыра отырып, өз білімімді де жетілдіріп, терең білім алу үшін, жақсы коуч болу үшін үнемі ізденісте боламын.

    Жас маманның қоғамдық өмірге, арнайы мекеме жүйесіне зияткерлік даярлығын бақылау арқылы, педагогикалық жаңалығын ашу, оны бағалау және қоғамдастықты меңгеру, болашақта оны өз жұмысында пайдаланудын қадағалау- тәлімгерлік жұмысым.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.     «Балал мен балабақша» журнал №3,2013 жыл

2.     «Мектепке дейінгі тәрбие» журнал №6,2014 жыл

3.     «Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» журнал №7,2013 жыл

"Болашақ маманның құзіреттілігін қалыптастыру бойынша балабақша мен колледждің ынтымақтастығы"

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Глебова Светлана Юрьевна

Воспитатель

  • На сайте: 11 лет
  • Всего просмотров: 83161
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 32
  • 83161
    просмотров
  • 32
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Глебова Светлана Юрьевна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~160

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: