Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Болашақ маманның зияткерлік еңбек мәдениеті концепциясын қалыптастыру парадигмалары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Болашақ маманның зияткерлік еңбек мәдениеті концепциясын қалыптастыру парадигмалары

библиотека
материалов

Болашақ маманның зияткерлік еңбек мәдениеті концепциясын қалыптастыру парадигмалары;


Дамеля Қаироллақызы Кунгозина Павлодар қаласы №21 ЖОМ



Бүгінгі танда, ғылымның барлық саласында білім мазмұны мен сапасы көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі әлемдік жаһандану кезіндегі осы мақсат, болашақ мамандардың ғылыми іс-әрекетін өздігінен тиімді ұйымдастыруға да тікелей байланысты. Осыған орай, болашақ мамандардың шығармашылық қабілеттірімен дағадыларын қалыптастыруға ықпал етуші, оқу процессі барысындаға берілген білім деңгейін жоғарлату мақсатында студенттердің өздігінен орындайтын ғылыми зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастырудың оңтайлы әдістері мен тәсілдерін, олардың түрлерін, нысандарын іздестіру мен жүйелеу, мақсат мідеттерін айқындау өзекті ғылыми мәселеге айналып отыр. Сондықтан біздің пікірімізше, болашақ мамандардың өздігінен орындайтын ғылыми зерттеушілік іс-әрекеттерінің педагогикалық жүйесін оқу процессінен тыс оның мақсат міндеттеріне сай арнайы ұйымдастыру мен бағдарлау – студеттердің шығармашылық бағыт ұстануын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады деп тұжырымдауымызға болады. Себебі, біздің зерттеу жұмысымыздың аясындағы көп жылдық және күнделікті тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, жоғары оқу орнын бітірген жас маман заман талабына сай теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік даярлығымен қатар, шығармашылық бағыт ұстануына бағытталған өзіндік ғылыми зерттеушілік іс-әрекетін жаңа жағдайға байланысты оңтайлы ұйымдастыра білуі тиіс, әрине ол үшін ғалым педагоготардың ғылыми және әдістемелік басшылығы үлкен себепші болады. Қазақстанның қазіргі уақыттағы білім беру жүйесі дүниежүзілік білім кеңістігіне енудің күрделі мәселесін шеше отырып, қайта құрылып өзгеру үрдісі үстінде. Осыған орай білім берудің «қолдаушы» немесе «ағартушы» парадигмасының орнына «өмір бойы білім алу» немесе үздіксіз білім беру идеясы маңызды орын алатын білім берудің жаңа парадигмасы келді.

Ғылым мен технологияның қазіргі жағдайын бейнелейтін іргелі білім беру болашақ мамандардың тек тәжірибені белсенді қабылдауды ғана емес, сонымен бірге интеллектуалдық шығармашылық қабілеттілігін анықтайды. Білім берудің осындай түріне қазіргі жоғары оқу орындары бағытталған. Болашақ мамандардың, яғни студенттердің зерттеу біліктерін меңгеру қажеттілігі, бір жағынан, Мемлекеттік стандарттың талаптарымен айқындалады, онда бітірушің осы кәсіби аспектісі нақты анықталған; екінші жағынан, қазіргі мамандардың кәсіби іс-әрекетімен айқындалады. Мысалы, педагогтардан болашақ маман тұлғасын қалыптастыруда іс-әрекеттің шығармашылық табиғатына сәйкес соның ішінде оны ұйымдастырудың мәселесіне ғылыми тұрғыдан қарауға білім беру үрдісін зерттеу білігін талап етеді. Аталған біліктердің қалыптастыру мен зерттеу жұмысына қызығушылықты тудыру шарасына түрлі кәсіби жағдайларды талдау мен диагностикалауды өткізу, жоғары курс студенттерімен орындалатын тапсырмалардың зерттеушілік сипаты және т.б. басқа әдістері жатады. Сонымен қажетті білімдер жүйесі және қалыптасқан зерттеу біліктерімен бірге зерттеу іс-әрекетіне оң көзқарастың болуы болашақ маманның тиімді кәсіби іс-әрекетке дайындығын қалыптастырады.

Екінші шарты жоғары оқу орындарындағы студенттердің кәсіби-тұлғалық мәдениетін қалыптастыру болады. Болашақ маманның кәсіби дайындаудың тиімділігі сонымен бірге жүйелілік-құндылық көзқарасы тұрғысынан қарамақайшылықтардың талдауын жоғары білім берудің қазіргі жүйесінің талдауын талап етеді. Маманның кәсіби-тұлғалық мәдениеті оның іс-әрекетінің бүкіл жүйесін қамту керек. Осыған орай жоғары оқу орындары студенттерінің білім беру мазмұнын қалыптастыруда жүйелілік-құндылықтық көзқарасы өзекті болады. Болашақ маманның мәдениетін қалыптастыру проблемаларын тиімді шешу, оның әлеуметтік қасиеттерін дамыту, оқу-тәрбие және ұйымдастырушылық жұмысты талдау, теориялық және нақты-әлеуметтік зерттеулердің, тұлғалық және мәдениет теориясы нәтижесін жалпылау негізінде анықтаймыз. Мысалы, Ә. Табылдының пікірінше: «Ұлттық мәдениеттің қайнар бастау – оның (ұлттың) рухани азығының асылдық қасиеттеріне байланысты. Халықтың рухани қуатын арттыратын қозғаушы күш – оның әдебиеті, өнері, әдебі мен эстетикалық болмысы. «Әдеп-мәдениет негізі», «әдет-ғұрып, салт –дәстүрлер – халық мәдениетінің көрсеткіштері» т.б. тақырыптар бойынша оқылатын лекцияларда ұлттық мәдениеттің негіздері, оның бұрынғысы мен қазіргісі және болашағы ғылыми дәлелдемелермен айқын көрсетіледі». Осы анықтамаға сүйене айтатынымыз, мәдениет білімберушілік құндылық ретінде студенттерді дамыту мен тәрбиелеуде тұрмыстың, ойлаудың, сауықтырудың мәдениетінде, қатынасында, қарым-қатынасында, дүниетанымдық мәдениетінде, эстетикалық іс-әрекетінде көрініс береді. Бұл жерде маңыздысы – болашақ маман тұлғасының мәдениеті қалыптасуының механизмдерін зерттеу мақсатты түрде ұйымдастырылған жоқ, бірақ дамытушылық білім беру мен мәдениеттің аспектілері қаралады. Олардың өзара байланысы мен өзараауысуы қаралады. Осыған орай болашақ маманды дайындау жүйесінде студенттердің үнемі өз кәсіби дәрежесін көтеру қабілетін дамыту шеңберінде жүйелілік-құндылық көзқарасының маңыздылығы оқу-тәрбие процесі барысында анықталады. Осыған байланысты жоғары кәсіби білім беру іс-әрекет ретінде қарастырылады, оның мақсаты – болашақ маманның интеллектуалдық-адамгершілік тұлғасын дамыту, тұлғалық өсуінің қамтамасыз ету ретінде анықтаймыз. Болашақ маманды дайындаудағы жүйелілік-құндылықтық көзқарасы жүйе ретінде түсініледі, ол жаңа ғасырдың мәдени және субъектілік, диалогиялық, дамытушы бағыттылық, кіріктірушілік, іргелілік, үздіксіздік секілді гуманистік құндылықтарды есепке алу негізінде құрылады. Қазіргі білім беру парадигмасын әлеуметтік-тұлғалық, тұлғаға-бағдарлаушылық, гуманистік білім беру анықталады. Университеттік білім беруде әдетте парадигманың келесі өзгермелі түрлері айтылады: мәдени-құндылықтылық парадигмасы, академиялық парадигмасы, кәсіби парадигмасы, технократиялық парадигмасы, гуманистік парадигмасы. Жетекші білім берушілік парадигмасының әсерімен университеттік білім берудің басқа моделдері қалыптасады: а) дәстүрлі немесе классикалық; б) рационалистік.

Мәдени-құндылықтылық парадигмасына сәйкес кәсіби мәдениетті қалыптастырудың басты мақсаты жоғары білім берудің құндылығы ретінде студенттердің әлеуметтік маңызы бар қасиеттерін дамыту болып табылады. Кәсіби білім берудің әлеуметтік-тұлғалық аспектісін іске асырудың негізгі тәсілі ретінде білім берудің проблемалық, сараптамалық, рефлексивтілік, диалогтік оқытудың және тәрбиелеудің, ұжымдық мәдени-шығармашылық іс-әрекеті технологияларын пайдалану деп түсінеміз.

Болашақ маман шығармашылық ізденіс барысында өзі үшін маңызды жаңалықтар ашады, адамтану мен құрметтеу аумағындағы коммуникативтік мәдениет көрсеткіші ретіндегі гуманистік құндылықтарымен танысады. Болашақ маманды дайындау жүйесіндегі жүйелілік-құндылықтық көзқарасы маман біліктілігінің жоғары көрінісі және кәсіби құзырлылығы болып табылады. Осы кәсіби-тұлғалық мәдениеті деңгейінде толығынан маманның адами жеке даралығы көрініс беруі мүмкін. Болашақ маманның тұлғалық және кәсіби мәдениеті жүйесіндегі құрылымында басты компоненттері ретінде құрастырушылық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік аймақтарын анықтадық. Студенттер іс-әрекетінің құрастырушылық аймағы ұйымдастырушылық іс-әрекетімен нәтиже шығарады, өйткені әрбір кәсіби әрекет соңғы нәтижесінде кешенді ұйымдастырушылық іс ретінде қаралады. Өз кезегінде құрастырушылық және ұйымдастырушылық іс-әрекеттері оқытушының студенттермен дұрыс өзара қатынастарын орната білуінен күрделене түседі.

Білім берудің жүйелілік-құндылықтық парадигмасы шеңберінде болашақ маманның тұлғалық жаңа құрылымдары пайда болуы мен дамудың тенденциялары мен кәсіби білім берушілік жағдайларын анықтау мен зерттеуінің іске асуымен түсінеміз, олар мынадай ғылыми көзқарастар жүйесіне негізделеді:

- акмеологиялық - кәсіби дайындық барысындағы табиғи және әлеуметтік-мәдени факторлар интеграциясын анықтауға мүмкіндік беретін сыртқы басқарудан ішкі басқаруға өту негізіндегі көзқарастар жүйесі;

- мәдениеттілік - маманның интеллектуалдық-адами қабілеттерін дамытуға бағытталған іс-әрекеттің мазмұндық компонентінің бағытталу негізіндегі, мәдени-білімберу іс-әрекеті дамуының сыртқы қалыптасуы мен ішкі дамуының мақсаты мен мазмұнын, тәсілдері мен нәтижелерін өзіндік анықтауына бағытталу негізіндегі көзқарастар жүйесі.

- тұлғалық – мәдени және кәсіби аспектіде өзіндік ұғыну субъективтілігіне қарай мамандықты игеру барысындағы болашақ мамандыққа қатынасын бейнеленуі негізіндегі көзқарастар жүйесі;

- аксиологиялық - осыған сәйкес мәдени- білімдердің пайда болу процесі негізінде кәсіби іс-әрекетке болашақ маманның құндылық қатынастары жүйесімен анықталуы негізіндегі көзқарастар жүйесі;

- іс-әрекеттік - студенттердің кәсіби білігін қалыптастыру мақсатында студенттерді кәсіби ойлау мен әрекет етуге тарту негізіндегі көзқарастар жүйесі.

Осы моделдің негізінде студенттерді дайындау барысында кәсіби-тұлғалық мәдениет қалыптасуының құрылымдылық компоненттерін анықтаймыз: мотивациялық - болашақ мамандардың жоғары оқу орындарының білім беру үрдісіне кіруді қамтамасыз ететін қажеттіліктерді, мотивтерді, қызығушылықтарды қамтиды; бағдарлаушылық - іс-әрекеттің танымдылық және өзінің адамгершілік-интеллектуалдық жетілуінің жоспарлау мен жобалаудың мақсатын анықтауды қамтиды; мазмұндық-операционалдық - екі өзара байланысты бөлімдерден тұрады: жетекші білімдер жүйесі (теория, заңдылықтар, фактілер, көзқарастар) және оқудың тәсілдері (ақпарат алудың құралдары мен білімдерді қолдану); еріктілік, зейінді ерікті түрде назар аудару тұрғысынан мәдени құндылықтарды игеру бойынша әрекеттердің эмоционалдық жағын қамтиды.

Жоғарыда айтылған барлық көзқарастар кәсіби-тұлғалық мәдениетті білімдер, біліктер мен тұлғалық қасиеттер жиынтығы ретінде анықтауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде маман мәдениетінің негізгі компоненттері ретінде білімдер, біліктер мен дағдылар, тұлғалық қасиеттерді; кәсіби-шығармашылық іс-әрекет тәжірибені; кәсіби этиканы анықтаймыз.

Әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. // -Астана. 2004. 3-4б.

2.В.А. Хуторской. Ключевые компетенции как компонент личностно-ориентированной парадигмы образования. // Народные образования. №2, 2003.

3.Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе // -Aлматы, 2005.

4.К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерийі // Білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі. 2008. 30- 32-б.






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 08.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров444
Номер материала ДВ-427363
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх